Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГМ Шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
336.38 Кб
Скачать

«Бактериалдық шаймалау» ұғымын қалай түсінесіз?

«Геотехнологиялық процестер химиясы» ұғымын қалай түсінесіз? Геотехнологиялық процестер химиясы. Жер қыртысына өндірудің технологиялық процесін енгізу кезінде өтетін химиялық процестердің өзара байланысы өте күрделі және тәжірибелік тұрғыда біріккен шешімін табу мүмкін емес теңдеулер жүйесімен сипатталады. Сондықтан, процестің негізгі химиялық реакциямен және оның ерекшеліктерімен анықталатын жеке жақтары қарастырылады.Бір заттың басқа затқа түрленуі өтетін химиялық реакциялар қарапайым және күрделі, қайтымды және қайтымсыз болады. Кинетика тұрғысынан реакциялар моекулярлығы бойынша жіктеледі (моно-, би-, үшмолекулярлы). Реакция тәртібі өзара әрекеттесуші молекулалар санымен анықталады. Геотехнологиялық процестер реакциялары – гетерогенді, өйткені реакцияға түсетін заттар әртүрлі фазада болады.

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы туралы не білесіз?

ҰАК «Қазатомөнеркәсіп». 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ұлттық атомдық компания «Қазатомөнеркәсіп» құрылды. Бұл компанияның мақсаты – республиканың бүкіл атомдық кешенін жандандыру, Батыс елдерімен арадағы экономикалық, технологиялық және ғылыми байланыстарды ары қарай беріктендіру және ТМД елдерімен байланыстарды тұрақтандыру болды.

«Қозғалысты күйге өткізу» термині нені білдіреді?

«Потенциал – рН» (Пурбэ) диаграммалары не үшін қолданылады?

«Потенциал – рН» (Пурбэ) диаграммаларын қолданумен жүйелерді термодинамикалық талдау: «Потенциал – рН» диаграммалары гидрометаллургиялық жүйелерді термодинамикалық талдау кезінде үлкен мүмкіндікті және оңтайлы болады. Олар сулы ерітінділердегі тотықтыру-тотықсыздандыру реакцияларының термодинамикасын көрнекі графикалық түрде көруге мүмкіндік береді. Диаграммалар қандай да бір жүйе күйінің тұрақтылық жағдайын шешу кезінде немесе жүйенің басқаша күйінің химия-термодинамикалық талдауын және қандай да реакцияның өту мүмкіндігін көрсетеді. Коррозиялық процестерді термодинамикалық талдауға арналған Eh-рН диаграммалары, қазіргі кезде күрделі оксидтік, сульфидтік және интерметалдық жүйелерді термодинамикалық бағалау үшін химияда, металлургияда және геологияда кеңінен қолданылады.

Ақаба суларды тазарту әдістерінің сыныптамасы.

Ақаба суларды тазарту әдістерінің әртүрлі сыныптамасы бар: механикалық, химиялық, коагуляциялық-флотациялық, электрохимиялық, сорбциялық, мембрандық, деминералдау мен биологиялық тазарту.

Алмасу типті реакциялар бойынша ерітуді түсіндіріңіз.алмасу типті реакциялар бойынша еріту. Шаймалау процесінің бұл түрі үш нұсқада кездеседі:– металл оксиді оттегімен әрекеттеседі, бұл кезде еритін тұз бен су түзіледі: MeO + H24 = MeSO4 + H2О. (3)Мысалы, мырыш концентратын тотықтырып күйдіруден кейінгі өртендіні шаймалау осы типті реакцияға жатады;– шаймалауға суда қиын еритін MeS , МеСО3, және т. б. типті қосылыстар түседі. Мұндай қосылыстардың қышқылмен әрекеттесуі кезінде қосылыс анионы реакция бойынша газдық фазаға шығады:

MeS + H24 = MeSО4 + H2S (4)

Немесе келесі реакциямен:

МеСО3 + H24 = MeSО4 + H23, (5)

Н2СО3 = Н2О + СО2. (6)

– бөлініп алынатын металдың Ме суда қиын еритін қосылыстары (сульфидтері, тұздары), екінші металдың Me' еритін тұзымен өзара әрекеттесіп, келесі реакция бойынша екінші металдың одан да аз еритін және бірінші металдың еритін тұзын түзеді:MeSқатты + Me'SО4 = Me'Sқатты + MeSО4. (7)Мұндай реакцияның типтік мысалы шеелиттің сода ерітіндісімен автоклавты еру процесі бола алады:

CaWО4 қат + Na23 = CaCО3 қат + Na24.

Анионның тотығуымен байланысты, металдың тотықсыздануымен, кешендер түзеп еру процестері сипаттама беріңіз.

Гальваникалық бөліп алу процесінің цементациядан айырмашылығы.

цементация дегеніміз зарядталған иондардың кейбір зарядталған металдар беттігінде (темірдің, мырыштың, мыстың, магнийдің, алюминийдің және т.б.) шөгуі екен; гальванохимиялық бөліп алуды цементация десек те болады, бірақ бұл процесс гальваножұптарды қолданумен орындалады (темір-кокс, алюминий-кокс, темір-мыс);

Геологиялық барлау жұмыстары кезінде не айқындалады?Геологиялық барлау жұмыстары кезінде келесі мәселелер айқындалуы қажет: – шоғырдың нысаны, мөлшерлері және құрылымы, шоғырлану тереңдігі, тектоникалық ерешеліктері, пайдалы қазбалардың мөлшерлері, оның қоры, қуаттылығы, минералдар құрамы, сапалық және мөлшерлік сипаттамалардың өзгермешілігі; – жабынды және төселетін жыныстардың ерекшеліктері; – сулы горизонттардың гидрогеологиялық параметрлері;

–шоғырдың газдылығы, газдардың химиялық құрамы, олардың жарылыстығы;

– кен орыны ауданының экономикасы мен табиғи жағдайлары.

Геотехнологиялық әдістер негізі қандай процестерге сүйенеді? Олардың маңызы. Тау жынысына электрлік, магниттік және радиациялық өрістерді түсіру кезінде химиялық және физикалық процестердің қарқындауы туындайды. Зерттеулердің көптеген геофизикалық әдістері осы әрекетке негізделеді.

Геотехнологиялық әдістердің тау-кен ортасының сипатына тәуелділігі. Геотехнологиялық әдістер үшін тау кен массивінің гидравликалық, жылулық және электромагниттік қасиеттері маңызды. Тау кен массивінің фильтрациялық (немесе коллекторлық) қасиеттері оның қуыстығымен, өткізгіштігімен және әртүрлі сұйықтармен сулану қабілеттілігімен байланысты. Жалпы кеуектік қуыстар мен кеуектердің көлемінің тау кен жыныстарының көлеміне қатынасымен анықталады.

Геотехнологиялық процестердің даму келешегі.

Кен орынын геотехнологиялық әдістермен әзірлеу мәселесін шешу, оның геологиялық құрылымын және гидрогеологиялық жағдайын, массивтің қасиеттерін, яғни тау-кенді ортаның физика-геологиялық сипатын жан-жақты зерттемейінше мүмкін емес. Бұл кен орынын әзірлеу кезіндегі процестер, режимдерді орнықтыру туралы ғылыми тұжырымдар жасау үшін де қажет. Бұл бағытта кен орыны барланғаннан кейін, жобалау алдындағы геологиялық, гидрогеологиялық және геофизикалық зерттеулер шешуші роль атқарады.

Геотехнологияның пайда болуы мен дамуының қысқаша тарихы.

Гиббс энергиясы не үшін анықталады?

Реакцияның өту мүмкіндігін айқындау үшін, есептеу және эмпирикалық әдіспен осы реакцияның Гиббс энергиясы анықталады (изобаралық-изотермиялық потенциалдың өзгерісі).

Гидратация дегеніміз не? Оның еру процесіндегі маңызы.

Гидратация деп газ тәріздес күйдегі иондар мен судың белгілі бір құрамынан иондық ерітіндінің түзілуімен байланысты өзгерістер жиынтығы түсіндіріледі. Гидратация процесінде негізгі роль атқарарушы – судың қасиеттері, молекулалар құрылымының ерекшеліктері және құрылысы. Су молекулалары сызықты емес екені белгілі, сутегі атомдары оттегі атомдарынан 0,97*10-12 м қашықтықта орналасқан және өзара 1,54 10-12 м, Н-О-Н байланысының бұрышы 105 о03' тең.

Гидрометаллургияда жиі қолданылатын металл-цементаторлар. Мысал келтіріңіз.

Десорбция процесінің маңызы неде?

десорбция – сорбцияға кері процесс, яғни сорбентті қышқылдармен немесе сілтілермен шаю арқылы мақсатты металды бөліп алу;

Диффузиялық режимнің кинетикалықтан ерекшелігі.

Шаймалау процесінің кинетикалық режимде өтуінің белгілері:

1) кинетикалық ре­жимде жылдамдық реагент концентрациясына сызықтық тәуелділікте болады;

2) шаймалау жылдамдығы араластыру қарқындылығына тәуелді емес;

3) процесс жылдамдығы беттік және реагенттер мен реакция өнімдері концентрациясы тұрақты кезде процесс ұзақтығына (уақытына) тәуелсіз;

4) реакция жылдамдығы, яғни шаймалау жылдамдығы, температураға тәуелді. Заң бойынша, температураның артуымен химиялық өзара әрекеттесу жылдамдығы күрт жоғарылайды. Активтену энергиясы, диффузиялық режиммен салыстырғанда біршама үлкен және 50-300 кДж/моль құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]