- •Материялық нүкте. Санақ жүйесі. Траектория. Жол ұзындығы. Орын ауыстыру векторы.
- •Қисық сызықты қозғалыс. Жылдамдық. Үдеу және оның құраушылары.
- •Айнымалы қозғалыс. Бұрыштық жылдамдық және үдеу.
- •Нүкте қозғалысының сызықтық және бұрыштық кинематикалық сипаттамаларының арасындағы байланыс.
- •Ньютон заңдары. Масса. Күш.
- •Механикадағы күштердің түрлері: үйкеліс күші, тартылыс күші.
- •Механикадағы импульстің сақталу заңы
- •8. Энергия, күш жұмысы, қуат
- •Кинетикалық және потенциалдық энергия
- •Толық механикалық энергия. Механикадағы энергияның сақталу жане түрлену заңы.
- •Қаттыдененің және материялық нүктенің инерция моменті
- •46. Серіппелі маятник
- •47. Математикалык маятник
- •48. Физикалык маятник. Физикалык маятникт1н келт1р1лген узындыктары
- •49. Көлденең жане бойлық толқындар. Қума толқындар теңдеуі. Толқын ұзындығы
- •50. Элементар электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.
- •51. Кулон заңы. Электр тұрақтысы. Ортаның диэлектрлік өтімділігі. Кулон заңы
- •52. Электростатикалық өріс. Элстат.Өріс кернеулігі. Кернеуліктің күш сызықтары.
- •Электрстатикалықөріс кернеулігі
- •53. Электростатикалық өріс кернеулік вектрының ағыны. Вакуумдағы электростатикалық өріс үшін Остроградский Гаусс теоремасы.
- •Нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулік векторының ағынын табайық.
- •N зарядтан тұратын электрлік жүйенің электр өрісінің кернеулік векторының ағыны табайық.
- •54.Остроградский Гаусс теоремасын аттас зарядталған шексіз жазық бет және аттас емес зарядтаған екі жазық бет арасныдағы өріс кернеуліктерін есептеу үшін қолдану.
- •55. Электростатикалық өріс кернеулік векторының циркуляциясы. Электростатикалық өрістің потенциалдық шарты.
- •56. Электростатикалық өріс потенциалы. Потенциалдар айырымы. Эквиопотенциал беттер.
- •57. Потенциал мен кернеу арасныда5ы байланыс
- •58. Электр ор1с1ндег1 диэлектриктер
- •59. Диэлектриктердің поляризациясы. Поляризациялану.
- •60. Конденсаторлар. Жазық, цилиндрлік, сфералық конденсаторлардың эл сыйымдылығы
- •61. Конденсаторларды қосу
- •62. Зарядталған өткізгіш, зарядталған конденсатор, электростатикалық өріс энергиясы. Электростатикалық өріс энергиясының көлемдік тығыздығы. Зарядталған өткізгіштің энергиясы
- •Зарядталған конденсатордың энергиясы
- •63. Тұрақты электр тоғы. Ток күші, ток тығыздығы және олардың өлшем бірліктері
- •64. Бөгде күштер және олардың электр тізбектеріндегі рөлі. Электр қозғаушы күші және оның физикалық мағынасы. Электр кернеуі.
- •65. Ом заңының дифференциалдық және интегралдық түрі. Өткізгіш кедергісі, меншікті кедергі. Кедергінің температураға тәуелділігі.
- •66. Тоқ жұмысы мен қуаты. Джоул Ленц заңының дифференциалдық және интегралдық түрлері.
- •67. Тармақталған тізбектерге арналған Кирхгоф ережелері.
Материялық нүкте. Санақ жүйесі. Траектория. Жол ұзындығы. Орын ауыстыру векторы.
материялық нукте деп қозғалыстың қарастырылып отырган жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.Шындығына келгенде, табиғатта ешқандай материялық нүкте жоқ. Ол нақты дененің ойдан алынған үлгісі болып табылады. Бұл ұғым механикадағы кейбір мәселелерді шешудін ыңғайлы әрі карапайым болуы үшін ғана енгізілген.
Санақ жүйесі, механикада — материалдық денелер мен нүктелердің қозғалысын (немесе тепе-теңдігін) салыстырып зерттеуге арналған бір не бірнеше денелерге орналасқан координаттар жү йесі мен сағаттар жиынтығы; әртүрлі уақытта қозғалыстағы денелердің (немесе механикалық жүйенің) салыстырмалы орнын анықтайтын нақты немесе шартты алынған қатты дене
Траектория (кейінгі лат. 'trajectorіus' – ығысу немесе орын ауыстыруға қатысты) – материялық нүктенің өз қозғалысы кезінде сызатын біртұтас сызығы.Егер траектория түзу болса нүктенің қозғалысы түзу сызықты, басқа жағдайда қисық сызықты қозғалыс’’ деп аталады. Еркін материялық нүктенің траекториясы оған әсер ететін күштерге, бастапқы қозғалыс жағдайларына, қандай санақ жүйесіне қатысты қозғалуына және айналасындағы денелермен байланысына тәуелді.
Қандай да бір уакыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уакыт ішінде жүрілген жол деп аталады. Нүктенің бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын радиус векторын орын ауыстыру векторы дейді.
Қисық сызықты қозғалыс. Жылдамдық. Үдеу және оның құраушылары.
Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, Жердің Күндіайнала қозғалысы кисықсызықты болып табылады. Велосипед немесеавтомобиль доңғалақтарындағы нүктелер де кисық сызық бойымен қозғалады , т.с.с.
Дененің қисық траектория бойымен қозғалысы қисықсызықты қозғалыс деп аталады. Дененің қисықсызықты қозғалысы, оның түзусызықты қозғалысы кезіндегі орын ауыстыру, жылдамдық және үдеу сиякты кинематикалық шамалар арқылы сипатталады.
Жылдамдық – нүктенің берілген уақыт мезетінде қозғалыс бағыты мен жол өзгерісін өзгерісін анықтайтын векторлық шама. Жылдамдықтың сан мәні бірлік уақыт ішінде жолдың өзгерісіне тең.
Үдеу
— нүктенің жылдамдығының мәні мен
бағытының өзгеруін сипаттайтын векторлық
шама.
Жанама үдеу - нүкте үдеуін қүрайтын жанама аркылы траекторияға бағытталған.
Нормаль үдеу траекторияға оның қисықтық центріне қарай жүргізілген нормаль бойымен бағытталып, жылдамдық векторының бағыты өзгерісінің тездігін сипаттайды.
Айнымалы қозғалыс. Бұрыштық жылдамдық және үдеу.
Айнымалы қозғалыс - нүкте жылдамдығының сандық мәні уақыт функциясы болған кездегі нүктенің түзу сызықты қозғалысы. Айналмалы қозғалыс (Движение вращательное) — центрлері бір түзудің бойында жататын, барлық нүктелері шеңберлер сызатын дененің қозғалысы
Бұрыштық жылдамдық — қатты дененің айналу шапшаңдығын сипаттайтын векторлық шама; дененің айналмалы қозғалысының кинематикалық мөлшері, модулі өте аз уақыт ішінде айналу бұрышының сол уақытқа қатынасымен, ал бағыты айналу осінің бойымен дененің айналуы сағат тілінің бағытына қарсы бағытта көрінетін бағытымен бағыттас вектор. Модулі айналу бұрышының модулінен уақыт бойынша алынған туындыға тең
,
Бұрыштық үдеу — бұрыштық жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын векторлық шама; - бұрыштық жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс өткен уақыт аралығына қатынасымен анықталатын бұрыштық жылдамдықтың өзгеруінің лездігі
