Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лабораториялық практикум.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.89 Mб
Скачать

Кесте 1.

Бірінші екі октет (16 бит) желі аралық адресті білдіреді. Себебі, бірінші 16 бит әрбір сегіз желі аралық үшін бірегей, маршрутизатор сегіз бірегей желіні көріп, кестеде әрбір осы желі аралық желі үшін жол жазуы керек.

Алайда бұл сегіз адресті желі аралықтардың ортақ бөлігі бар: бірінші 13 бит бірдей. CIDR – үйлесімді маршрутизатор осы сегіз желі аралыққа, келесі адрестеді 13 битті префиксті қолданып, маршруттарды қоса алады: 00101100 00011. Осы префиксті ондық формада қарастыру үшін оң жағына нөлдер қосайық

10101100 00011000 00000000 00000000=172.24.0.0.

13битті ішкі желі маскісінің түрі

11111111 11111000 00000000 00000000=255.248.0.0

Сәйкесінше, бір адрес пен бір маска сегіз желі аралық 172.224.0.0/13 маршрутқа қосылатын классыз префиксті анықтайды.

Supernetting

Supernetting – бұл бір желілі адрес түрінде бірнеше топтардың класстық желілерде битті маскілер қолдану практикасы болып табылады. Supernetting және маршруттарды агрегарциялау дегеніміз бір процесс атаулары. Алайда агрегатталған желілер үлкен администраторлық басқару кезінде, supernetting термині көбірек қолданылады. Supernetting желілік маскадан биттерді алса, ал subnetting биттерді хостқа жататын маска порцияларынан алады. Supernetting және маршруттарды агрегациялау subnetting процесіне инверсті мағына болып келеді.

А және В классты желілер бос болмағандықтан, ұйымдар провайдерлерден С классты желілерді сұратуға мәжбүр. С классында ұйым ажыратылмас адрестерді алып жатса, онда supernetting және басқа адрестер үлкен бір желіде немесе желі астында (надсети) жатады.

400 хостқа адрес қажет ететін АБВ компаниясын қарастырайық. Класстық адресация кезінде компания центрлік интернет InterNIC – тен В классты желісін сұратуы қажет. Компания осы желіні алған жағдайда, ондаған мың адрестер қолданылмайды. Альтернатива болып С классынан екі желінің алынуы, нәтижесінде хосттар үшін 254*2= 504 адрестер. Бұл тәсілдің кемшілігі болып бір уақытта екі желіні қолдау қажеттілігі.

Supernetting классыз адрестік жүесінде АБВ компаниясына қажетті аз қолданылмаған адресте, адрестік аумақ және көлемі үлкейтілмеген кестелер алады. CIDR – ді қолдана отырып, АБВ блок адрестерді орталық Интернет InterNIC – тен емес, өзінің Интернет провайдерінен сұратады. Провайдер АБВ қажеттілігін анықтайды және өзінің адрестер аумағынан адрестерді бөледі. Провайдер ішкі классыз жүйеде өзіне адрестік аумақта басқару қызметін алады. Барлық ішкі Интернет маршрутизаторлар провайдер желісіне біріктірілген маршруттардан ғана тұрады. Провайдер өзінің клиенттеріне жақын оның ішіне АБВ -ге кіретін маршруттарды қолдайды. Бұл тәсіл біршама Интернеттегі маршрут кестелерінің көлемін азайтады.

АБВ провайдерден С классты екі желі алсын, олардың адрестері үзіліссіз: 207.21.54.0 және 207.21.55.0

207.21.54.0

110001111

00010101

00110110

00000000

207.21.54.0

110001111

00010101

00110111

00000000