Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник ОП и РТТ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.97 Mб
Скачать

4.9. Детальдарды қалыпқа келтірудің оңтайлы әдісін таңдау

Детальдарды немесе жинақ бірліктерін немесе қосылыстарды қалпына келтіруге кіріспестен бұрын техникалықпен қатар экономикалық сұрақтарды да шешіп алуға тура келеді. Техникалық сұрақтарға жөнделетін нысанның құрылымдық және технологиялық ерекшеліктері жатады, ал экономикалық сұрақтарға қалыпқа келтірудің тиімділігін жатқызуға болады.

Бөлшектер мен жинамалы бірліктердің құрылымдық-технологиялық ерекшеліктері былай бөлінеді: құрылымдық сипаттамаларына – формалары, мөлшерлері, материалдары, термиялық өңделуі, дайындау дәлдігі, беттердің қаттылығы мен кедір-бұдырлығы, ілінісу сипаты кіретін болса, жұмыс жағдайына - жүктеменің сипаты мен шамасы, үйкеліс түрі, тозу сипаты мен шамасы жатады.

Жөндеу практикасында бөлшектердің тозған беттерінің дұрыс формасы мен өлшемін номинальді қалыпқа келтіру үшін металл жамылғыны дұрыс көреді. Қалыпқа келтіру үшін металл жамылғыны дұрыс көреді. Қалыпқа келтіру құны жөндеу кәсіпорнының мамандандырылғанына, қуатына, технологиясының жетілгендігіне, өндірісті ұйымдастыруына және технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуіне байланысты болады. Бөлшектерді тұтастай етіп қалыпқа келтіру үшін төменде берілген негізгі байланысты пайдаланады:

,

мұндағы, – бөлшектерді – қалпына келтіруде толықтай өз құнының пайызындағы жөндеу материалдарының шығыны; – бөлшектерді – қалпына келтіруде толықтай өз құнының пайызындағы материалдарының шығыны; – бөлшектерді – қалпына келтіруде толықтай өз құнының пайызындағы төлемақы шығындары; – аталған бөлшектерді қалпына келтіру мен өндіріс кезіндегі шығындарға байланысты коэффициент.

Бөлшектердің ақауларын жоюдағы әдісті таңдау кезінде қолдану критерийі мен техникалық экономикалық критериін басшылыққа алуға болады [18].

Қолдану критерийі төменде берілген функциямен беріледі:

,

мұндағы: – бөлшек материалы;

; ; – бөлшек бетінің қалыпқа келтірілетін формасы мен диаметрі;

; – қалыпқа келтіруге жататын бөлшектің тозуы;

; – жүктемені бөлшектің қабылдауындағы шамасы мен сипаты;

– рациональды қолданудың аймағын анықтайтын әдістің технологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.

Қолдану критерийі аталған бөлшектерді қалыпқа келтіру үшін ақауларды жойып жіберетіндей әдісті таңдауға мүмкіндік береді.

Ұзаққа жарамдылық критерийі төмендегі функциямен белгіленеді:

,

мұндағы, – ілінісудің, шыдамдылықтың, тозуға төзімділіктің коэффициенттері.

Ұзаққа жарамдылық критериі қалпына келтірілген бөлшектердің жұмысқа жарамдылығын анықтайды.

Техникалық-экономикалық критерий екі аргументтің функциясы түрінде анықталады:

мұндағы, – өнімділік әдісінің коэффициенті; – әдіс үнемділігінің көрсеткіші.

Бақылау сұрақтары

1.Механикалық өңдеумен жөндеудің қандай түрлерін білесіз? Оларды сипаттаңыз, қолдану аясын айтып беріңіз.

2.Жөндеу өлшемдері бойынша жөндеу әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

3.Қысыммен өңдеп жөндеу әдістерінің қандай түрлерін білесіз? Оларды қандай жағдайларда қолданады?

4.Газдық, электрдоғалық және дірілдоғалық балқытудың мәні неде? Бұл әдістермен бұзылулардың қандай түрлерін жоюға болады?

5.Пісіру және балқыту кезінде материалдардың қандай түрлері қолданылады?

6.Флюстер не үшін қажет?

7.Құбырлы электродтың құрылысы қандай?

8.Металдандыру процесінің мәні неде? Осы процестің түрлерін атаңыз және сипаттаңыз.

9.Металдандыру процесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін атап көрсетіңіз.

10.Электролиттік өсіру процесінің мәні неде?

11.Электролиттік өсіру процесінің түрлерін атаңыз және жөндеу тәжірибесінде не үшін қолданылады?

12.Детальдар мен жинақ бірліктерді дәнекерлеп қалпына келтіру қалай жүргізіледі?

5-тарау. МАШИНА ДЕТАЛЬДАРЫ МЕН ТОРАПТАРЫН ЖӨНДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ