- •К1. Көлік техникасын өндіру бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •К2. Көлік техникасын жөндеу технологиясы бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •1.1. Бұйым, машина жасаудағы өндірістік және технологиялық үдерістер
- •1.2. Машиналар конструкцияларының технологиялылығы, детальдарды дайындаудың сапасы мен дәлдігі
- •1.3. Машина жасаудағы базалар және детальдарды базалау; технологиялық құрал-саймандар классификациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Айналу денелері типіндегі дайындамаларды өңдеу
- •2.2. Тесіктерді тесіп-кеңейту және ішкі беттерді өңдеу
- •2.3. Бұранданы кесу
- •2.4. Дайындамаларды фрезерлеу
- •2.5. Беттерді ажарлау
- •2.6. Металдарды кесіп өңдеуде қолданылатын майлау-салқындату сұйықтары
- •2.7. Өңдеу режимдері мен уақыт нормаларын есептеу
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Термиялық және химия-термиялық өңдеу
- •3.2. Детальдардың беттік қабаттарын механикалық беріктендіру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Білік және ось типтес детальдарды дайындау
- •4.2. Тежегіш шкивтерді механикалық өңдеу
- •4.3. Таспалы конвейерлердің барабандарын механикалық өңдеу
- •4.4. Жүріс дөңгелектерін механикалық және термиялық өңдеу
- •4.5. Жүк ілгіштерін механикалық өңдеу
- •4.6. Тісті дөңгелектерді механикалық және термиялық өңдеу
- •4.7. Пластмассалардан жасалған детальдарды дайындау
- •4.8. Базалық және корпустық детальдарды механикалық өңдеу
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Жинақтық өлшемдік тізбектер құру, жинау операцияларын нормалау
- •5.2. Детальдарды, тораптар мен агрегаттарды теңдестіру
- •5.3. Жинақтың технологиялық процестерін жобалау
- •5.4. Механизмдерді жинауға қойылатын жалпы талаптар
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Тербелу және сырғанау мойынтіректі машина детальдарын жинау
- •6.2. Көлік техникасының жүріс дөңгелектері, теңгергіштері және қозғалу механизмдері тораптарын жинау
- •6.3. Тісті, шынжырлы берілістерді, редукторлар мен беріліс қорабын жинау
- •6.4. Автоматты желілерде таспалы конвейерлердің аунақшаларын жинау
- •6.5. Крандар мен экскаваторлардың тіректік-бұрылу құрылғыларын жинау
- •6.6. Жинақ бірліктерінің технологиялық сынақтары
- •6.7. Машиналарды жинақтан соң сынау
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1 Жалпы мағлұматтар
- •7.2. Өндірістік роботтардың жіктелуі
- •7.3. Роботтарды аспаппен жабдықтау және олардың қолданылуы
- •7.4. Өнеркәсіп және құрылыс нысандарында аппаттарды жою бойынша жұмыстарды орындауға арналған мобильді роботтар
- •Бақылау сұрақтары
- •1.1. Машиналарды пайдалану сипаттамалары
- •1. 2. Машиналардың физикалық және моральдік тозуы
- •1.3. Детальдар тозуы
- •1.4. Детальдар тозуына әсер ететін факторлар
- •1.5. Детальдар тозуын анықтау әдістері
- •1.6. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылату әдістері
- •1.6.1. Үйкеліс жұптарының үйкелетін беттерінің материалдары
- •1.6.2.Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың конструктивті әдістері
- •1.6.3. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың технологиялық әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесінің жалпы қағидалары
- •2.2. Машиналарды техникалық күту мен жөндеу бойынша жоспарлау және материалды-техникалық қамтамасыз ету
- •2.3. Жөндеу өндірісін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары (стратегиялары)
- •2.4. Көлік техникасын жөндеу және өндірісті ұйымдастыру әдістерін талдау
- •2.6. Көлік техникасын техникалық күту мен жөндеу жұмыстарының негізгі нормативтік-техникалық құжаттары
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1. Көлік техникасын жөндеудің өндірістік процесінің жалпы сұлбасы
- •3.2.Көлік техникасын жуу-тазалау және майлау жұмыстарын ұйымдастыру
- •3.2.1.Тазалау-жуу (тжж) жұмыстарының технологиясы және жабдықтары
- •3.2.2. Тазалаудың физика-химиялық әдістері
- •3.2.3. Тазалаудың термиялық әдістері
- •3.2.4. Майлау жұмыстары
- •3.3. Машиналарды бөлшектеу мен детальдарды дефектациялауды ұйымдастыру
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Механикалық өңдеу арқылы жөндеу
- •4.2. Темірұсталық - механикалық және қысыммен өңдеу арқылы жөндеу
- •4.3. Балқыту және балқытып қаптастыру
- •4.4. Металдандыру арқылы жөндеу
- •4.5. Пайдалану орындарындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи пісіру жабдықтары
- •4.6. Детальдарды қалпына келтіруді ұйымдастыру
- •4.7. Детальдарды полимерлік материалдармен жөндеу
- •4.8. Детальдар мен жинақ бірліктерді дәнекерлеп қалпына келтіру
- •4.9. Детальдарды қалыпқа келтірудің оңтайлы әдісін таңдау
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Біліктер мен осьтерді жөндеу (топтық әдіспен)
- •5.2.Тісті дөңгелектерді, барабандарды және шығыршықтарды жөндеу
- •5.3. Жүріс дөңгелектерін, мойынтіректерді, тежегіштер мен муфталарды жөндеу
- •5.4. Конвейер таспаларын жөндеу
- •5.5. Шынжыртабан жүрісінің детальдарын жөндеу
- •5.6. Гидраликалық және пневматикалық жүйелердің детальдары мен тораптарын жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Көлік техникасының базалық детальдарын жөндеу
- •6.2. Машиналардың жұмыс және жүкқармағыш органдарын жөндеу
- •6.3. Металқұрылымдарды жөндеудің технологиялық үдерістері
- •6.4. Тойтармалық және болттық қосылыстарды жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Бақылау сұрақтары
1.Машиналардың пайдалану сипаттамаларына: жұмысқабілеттікке, сенімділікке және ұзақмерзімділікке анықтама беріңіз.
2.Машиналардың жөндеуге жарамдылық көрсеткіші нені сипаттайды?
3.Машиналардың физикалық тозуының экономикалық өлшемі қалай анықталады?
4.Машиналардың моральдік тозу критерийі қалай анықталады?
5.Машиналардың тозу түрлеріне сипаттама беріңіз.
6.Рұқсат етілген және шектік тозулар дегеніміз не?
7.Машиналардың негізгі детальдарының тозуына сипаттама беріңіз.
8.Детальдар тозуын анықтау әдістері жайлы айтып беріңіз.
9.Детальдар тозуына әсер ететін факторларды атаңыз.
10.Үйкелістің қандай түрлерін білесіз?
11.Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың қандай конструктивті әдістері бар?
12.Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың қандай технологиялық әдістері бар?
2-тарау. МАШИНАЛАРДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КҮТУ МЕН ЖӨНДЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1. Машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесінің жалпы қағидалары
Көлікте, өнеркәсіпте және құрылыста ескерту сипатындағы ұйымдастыру-техникалық шаралары жиынтығын жоспарлы түрде периодты өткізуді қарастыратын машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Жоспарлы-ескерту жүйесі (ЖЕЖ) жұмыстағы әрбір машинаның техникалық күту мен жөндеудің сәйкес түрлерін дайындаудың, өткізудің және орындалу сапасын бақылаудың міндетті жоспарлауын қарастырады. Көлік техникасы үшін техникалық күтудің (ТК) екі түрі: ай сайынғы ТК мен периодты ТК-1,ТК-2,ТК-3, сонымен бірге жөндеудің екі категориясы: ағымдағы және күрделі жүргізілуі тиіс.
Ағымдағы жөндеу пайдалану жөндеуіне жатады, ол ұйымдар мен кәсіпорындардың жөндеу-пайдалану базаларында орындалады, оған жекелеген тозған детальдар мен тораптарды жөндеу немесе алмастыру кіреді. Жоспарлы-ескерту жұмыстары нормативтері әсер ету көлемі мен периодтылықты және еңбек пен уақыттың қажетті шығындарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Осының негізінде жөндеу кәсіпорнының қуатын, алаңын, жабдықтар саны мен негізгі кәсіп бойынша жұмысшылар санын есептеп шығуға болады.
ЖЕЖ-ы жүйесіндегі әсер ету құрылымы еселік және қайталау принципі бойынша құрастырылып, мына қатынаспен анықталады:
(2.1)
мұндағы,
–
әсер етудің еселік коэффициенті
(ауыстырым саны);
–
жөндеу циклінің уақыты;
–
детальдің берілген тобының ауыстырғанға
дейінгі орташа жұмыс мерзімі.
Детальдардың ауыстырым мерзімін анықтау үшін оларды жалпы белгілері бойынша жіктеу қажет. Көлік техникасының барлық детальдары орташа жұмыс мерзіміне, жұмыс циклі ұзақтығының еселігіне байланысты бес топқа бөлінеді.
Жөндеу циклы – нормативті құжаттар талаптарына сәйкес белгілі бір тәртіппен барлық белгіленген жөндеу түрлері орындалатын, қайталанатын уақыт интервалының немесе машина жұмысының ең аз мөлшері. Жөндеу циклы әрбір машина типіне оның конструкциясына байланысты бекітіледі де, әрбір машинаның жөндеудегі тоқтауы белгілі бір детальдар топтарының шектік тозуына жету уақытына сәйкестендіріп есептеледі.
Детальдардың жұмыс мерзімі бойынша жіктеу негізінде жөндеу циклы құрылымының кестесі тұрғызылады.
ЖЕЖ жүйесі машиналардың ТК мен жөндеуін бірыңғай нормативтік негізде құруға мүмкіндік береді.
Машинаны
жөндеу циклының жұмыс сағаттарымен
ұзақтығы былай анықталады:
;
мұндағы, r –
климаттық түзегіш коэффициенті, көбінесе
бірге тең;
–
жөндеу циклының нормативті ұзақтығы
(мысалы, ол құрылыс крандары үшін 4800
жұмыс сағатына тең болса, мұнаралы
крандар үшін 14400 –ге тең).
Жүк моменті 100 т.м болатын кранның жөндеуаралық циклының құрылымы 2.1-суретте көрсетілген.
2.1-сурет. Мұнаралы крандарды жөндеуаралық циклдің құрылымы:
пайдалану
басы немесе кезектегі күрделі жөндеу
уақыты;
ағымдағы
жөндеу;
сәйкесінше
бірінші және екінші техникалық күтудің
циклдары;
ағымдағы
жөндеу циклы;
жөндеу
циклы;
пайдалану
соңы
ЖЕЖ жүйесінде қарастырылған барлық профилактикалық және жөндеу жұмыстарын уақтылы өткізген жағдайда күрделі жөндеу машинаның жұмыс істеу мүмкіндігін бүкіл жөндеу циклына қайта қалпына келтіруі қажет.
Техникалық тұрғыдан алғанда күрделі жөндеу машина пайдалану нәтижесінде шығарылған машина ресурсын қалпына келтіреді, яғни физикалық тозу салдарын жояды. Бұл үшін машиналар жөндеу заводтарында белгілі бір технологиялық процестердің әсеріне түседі. Ал экономикалық тұрғыдан қарағанда техника жөндеу негізгі қордың қайта өндіруі болып табылады.
2.2-сурет. Көлік техникасын өндіру және жөндеудің технологиялық процестерін салыстыру сұлбасы
Машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесі төмендегілерді жүзеге асырады:
машиналардың ТК және Ж жоспарын жасау;
машиналардың ТК және Ж жұмыстарын орындау бойынша ұйымдастыру-техникалық шараларды жасау;
ТК және Ж жоспарының орындалуын бақылау және машина жұмысын ұйымдастыруды жүйелі түрде есепке алу.
Модельдері бірдей машинаны шығару және жөндеу технологиялары ұқсас (2.2-сурет), олардың айырмашылығы негізінен дайындау процестерінде [17]. Сондықтан да машиналардың заводтағы жөнделуі «екінші машина жасауға» жатады, яғни ол қолданыстағы детальдар негізіндегі екінші өндіріс болып табылады.
