- •К1. Көлік техникасын өндіру бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •К2. Көлік техникасын жөндеу технологиясы бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •1.1. Бұйым, машина жасаудағы өндірістік және технологиялық үдерістер
- •1.2. Машиналар конструкцияларының технологиялылығы, детальдарды дайындаудың сапасы мен дәлдігі
- •1.3. Машина жасаудағы базалар және детальдарды базалау; технологиялық құрал-саймандар классификациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Айналу денелері типіндегі дайындамаларды өңдеу
- •2.2. Тесіктерді тесіп-кеңейту және ішкі беттерді өңдеу
- •2.3. Бұранданы кесу
- •2.4. Дайындамаларды фрезерлеу
- •2.5. Беттерді ажарлау
- •2.6. Металдарды кесіп өңдеуде қолданылатын майлау-салқындату сұйықтары
- •2.7. Өңдеу режимдері мен уақыт нормаларын есептеу
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Термиялық және химия-термиялық өңдеу
- •3.2. Детальдардың беттік қабаттарын механикалық беріктендіру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Білік және ось типтес детальдарды дайындау
- •4.2. Тежегіш шкивтерді механикалық өңдеу
- •4.3. Таспалы конвейерлердің барабандарын механикалық өңдеу
- •4.4. Жүріс дөңгелектерін механикалық және термиялық өңдеу
- •4.5. Жүк ілгіштерін механикалық өңдеу
- •4.6. Тісті дөңгелектерді механикалық және термиялық өңдеу
- •4.7. Пластмассалардан жасалған детальдарды дайындау
- •4.8. Базалық және корпустық детальдарды механикалық өңдеу
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Жинақтық өлшемдік тізбектер құру, жинау операцияларын нормалау
- •5.2. Детальдарды, тораптар мен агрегаттарды теңдестіру
- •5.3. Жинақтың технологиялық процестерін жобалау
- •5.4. Механизмдерді жинауға қойылатын жалпы талаптар
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Тербелу және сырғанау мойынтіректі машина детальдарын жинау
- •6.2. Көлік техникасының жүріс дөңгелектері, теңгергіштері және қозғалу механизмдері тораптарын жинау
- •6.3. Тісті, шынжырлы берілістерді, редукторлар мен беріліс қорабын жинау
- •6.4. Автоматты желілерде таспалы конвейерлердің аунақшаларын жинау
- •6.5. Крандар мен экскаваторлардың тіректік-бұрылу құрылғыларын жинау
- •6.6. Жинақ бірліктерінің технологиялық сынақтары
- •6.7. Машиналарды жинақтан соң сынау
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1 Жалпы мағлұматтар
- •7.2. Өндірістік роботтардың жіктелуі
- •7.3. Роботтарды аспаппен жабдықтау және олардың қолданылуы
- •7.4. Өнеркәсіп және құрылыс нысандарында аппаттарды жою бойынша жұмыстарды орындауға арналған мобильді роботтар
- •Бақылау сұрақтары
- •1.1. Машиналарды пайдалану сипаттамалары
- •1. 2. Машиналардың физикалық және моральдік тозуы
- •1.3. Детальдар тозуы
- •1.4. Детальдар тозуына әсер ететін факторлар
- •1.5. Детальдар тозуын анықтау әдістері
- •1.6. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылату әдістері
- •1.6.1. Үйкеліс жұптарының үйкелетін беттерінің материалдары
- •1.6.2.Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың конструктивті әдістері
- •1.6.3. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың технологиялық әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесінің жалпы қағидалары
- •2.2. Машиналарды техникалық күту мен жөндеу бойынша жоспарлау және материалды-техникалық қамтамасыз ету
- •2.3. Жөндеу өндірісін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары (стратегиялары)
- •2.4. Көлік техникасын жөндеу және өндірісті ұйымдастыру әдістерін талдау
- •2.6. Көлік техникасын техникалық күту мен жөндеу жұмыстарының негізгі нормативтік-техникалық құжаттары
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1. Көлік техникасын жөндеудің өндірістік процесінің жалпы сұлбасы
- •3.2.Көлік техникасын жуу-тазалау және майлау жұмыстарын ұйымдастыру
- •3.2.1.Тазалау-жуу (тжж) жұмыстарының технологиясы және жабдықтары
- •3.2.2. Тазалаудың физика-химиялық әдістері
- •3.2.3. Тазалаудың термиялық әдістері
- •3.2.4. Майлау жұмыстары
- •3.3. Машиналарды бөлшектеу мен детальдарды дефектациялауды ұйымдастыру
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Механикалық өңдеу арқылы жөндеу
- •4.2. Темірұсталық - механикалық және қысыммен өңдеу арқылы жөндеу
- •4.3. Балқыту және балқытып қаптастыру
- •4.4. Металдандыру арқылы жөндеу
- •4.5. Пайдалану орындарындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи пісіру жабдықтары
- •4.6. Детальдарды қалпына келтіруді ұйымдастыру
- •4.7. Детальдарды полимерлік материалдармен жөндеу
- •4.8. Детальдар мен жинақ бірліктерді дәнекерлеп қалпына келтіру
- •4.9. Детальдарды қалыпқа келтірудің оңтайлы әдісін таңдау
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Біліктер мен осьтерді жөндеу (топтық әдіспен)
- •5.2.Тісті дөңгелектерді, барабандарды және шығыршықтарды жөндеу
- •5.3. Жүріс дөңгелектерін, мойынтіректерді, тежегіштер мен муфталарды жөндеу
- •5.4. Конвейер таспаларын жөндеу
- •5.5. Шынжыртабан жүрісінің детальдарын жөндеу
- •5.6. Гидраликалық және пневматикалық жүйелердің детальдары мен тораптарын жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Көлік техникасының базалық детальдарын жөндеу
- •6.2. Машиналардың жұмыс және жүкқармағыш органдарын жөндеу
- •6.3. Металқұрылымдарды жөндеудің технологиялық үдерістері
- •6.4. Тойтармалық және болттық қосылыстарды жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
4.3. Балқыту және балқытып қаптастыру
Балқытумен әртүрлі ақаулары бар детальдар мен металқұрылымдар жөнделсе, балқытып қаптастыру арқылы тозған детальдарды қалпына келтіреді. Балқытып қаптастыру арқылы кез келген қалыңдықтағы металл қабатын өсіруге болады. Балқытудың ең көп тараған түрлері – доғалық және газдық болса, балқытып қаптастырудың түрлері – электрдоғалы, газдық, дірілдоғалы, индукциялы, электр жанамалы, плазмалы және электршлакті.
Электрлік доғаның жану кезінде металды балқытуға негізделген электрдоғалық балқыту мен балқытып қаптастырудың бірнеше түрлері бар. Олардың негізгілеріне қолмен және механикаландырылған, ашық доғамен, флюспен және қорғау газы ортасында өңдеу жатады.
Қолдық доғалы балқытуды жөндеу жұмыстарын орындау кезінде тұрақты (балқыту агрегатынан) және айнымалы (балқыту трансформаторынан) токпен жүргізеді, тұрақты ток кезінде балқыту процесі орнықты болады да, жақсы сапамен қамтамасыз етіледі, ал айнымалы токпен жұмыс кезінде пайдалану шығындары төмен және П.Ә.К-і жоғары болады да, қарапайым да арзан жабдықтар қолданылады.
Газдық балқыту, яғни жанғышта газ-оттекті жалынмен металды балқыту әдісінің ашық доғалы балқытумен салыстырғанда сапасы жоғары болады, себебі газдық орта қорғау функциясын атқарады. Сонымен бірге газдық балқыту кезінде детальдың қыздыру температурасын кең көлемде реттеуге, отырғызу материалын қыздыруға болады. Сондықтан да жауапты детальдарды жөндеу барысында газдық бақылау кең көлемде қолданылады. Алайда олардың өзіндік кемшіліктері де болады: табылуы қиын газдарды (оттегі мен ацетилен) пайдалану; доғалық балқытумен салыстырғанда термиялық әсер ету аймағының үлкендігі; балқытушының жоғары біліктілігінің болуы. Орталықтандырылған жөндеу кезінде автоматтық балқыту процестері кеңінен қолданылады: флюспен автоматтық балқыту, электримпульстік балқыту және т.б.
Флюспен автоматтық балқыту және балқытып қаптастыру кезінде (4.9-сурет) [8] электрлік доға мен сұйық металл ауаның кіруінен балқытылған флюстің эластикалық қабатымен қорғалады.
4.9-сурет. Флюс қабаты арқылы автоматты пісіру (балқытып қаптастыру):
а – автоматты пісіру бастиегінің сұлбасы; ә – пісіру аймағының бойлық тілімі; б – жазық бетті пісіру сұлбасы; в – цилиндрлік бетті балқытып қаптастыру сұлбасы; 1 – балқытылатын (пісірілетін) деталь; 2 – флюсті шанап; 3 – мүштік; 4 – серіппе; 5 – қыспалы аунақша; 6 – сым тазалағыш; 7 – электродты сымды кассета; 8 – беру аунақшасы; 9 – беру механизмі; 10 – электрқозғалтқыш; 11 – аппарат жәшігі; 12 – ток көзі; 13 – электродты сым; 14 – газдық шар; 15 – балқытылған металл; 16 – төгілгіш флюс; 17 – құбырша; 18 – шлак қабаты; 19 – пісіру генераторы; 20 – сұйық флюсті қабықша; 21 – электр доғасы; 22 – балқытылған қабат
Сондықтан жоғары сапалы электродты доғалық және газдық балқытып қаптастырумен салыстырғанда балқытылған металда оттегі мен азот үлесі едәуір төмен болады. Бұл процесс жазық бетті және цилиндрлік детальдарды балқыту мен балқытып қаптастыруға жарамды. Қорғау газдары ортасындағы балқытып қаптастырудың бірқатар артықшылықтары бар: қарапайымдылығы; жану аймағының ашық көрінуі; барынша жұқа қабаттарды алу мүмкіндігі.
Автоматтық электримпульстік балқытып қаптастыру, оны дірілдоғалы және дірілжанамалы деп те атайды, флюс қабатында немесе электролит ағынында металды дірілді электродпен өсіруден тұрады. Дірілдегіш элемент арқылы өткізілген электрод балқытылатын детальға қатысты 100 Гц жиілікпен тербелістер жасайды.
Машина детальдарын қалпына келтіру әдістерінің алдыңғы қатарында тозған беттерді таспамен және сыммен электржанамалық балқытып қаптастыру тұр. Бұл әдістің мәні детальдың тозған бетіне жанамалы балқытумен электродты сымдарды балқытудан тұрады. Бірмезгілде отырғызу сымына бағыттаушы аунақша арқылы қысым беріледі. Электржанамалы балқытып қаптастырудың артықшылықтары: жоғары өнімділік, отырғызу материалының минимал шығындары, детальдің минимал қызуы, қара және түсті детальдарды болат пен шойынның әр түрлі маркаларына балқытып қаптастыру жасау мүмкіндігі, еңбек жағдайының едәуір жақсаруы.
Индукциялық (жоғары жиілікті) балқытып қаптастыру (4.10-сурет) кезінде материалды балқыту үшін қыздыратын детальді қамтитын өткізгіш-индуктор бойынша өткізілетін жоғары жиілікті токты пайдаланады [8,12].
4.10-сурет. Цилиндрлік (а) және жазық (ә) детальдарды индукциялы (жоғары жиілікті) балқытып қаптастыру сұлбалары:
1 – балқытылған деталь; 2 – мөлшерлегіш; 3 – индуктор; 4 – трансформатор; 5 – бағыттағыштар; 6 – индукторды салқындатуға арналған су; 7 – шихта (балқытылатын материал) қабаты
Индукциялы балқытып қаптастыруды цилиндрлік және жазық беттерді қалпына келтіру үшін қолданады.
Плазмалық балқытып қаптастыру қыздыру көзі ретінде жанып тұрған электр доғалы арнадана плазма тәріздес газды (аргон, гелий) өткізетін плазмалық ағынды қолдануға негізделген. Плазмалық ағынды балқыту, кесу, дәнекерлеу кезінде де пайдаланады.
Электршлакты балқытып қаптастыруды үлкен массалы металды балқыту кезінде қолданады (4.11-сурет) [12]. Оны алдын ала флюсті (шлакты) шомылғыда балқытады да, сонан соң деталь бетіне құяды.
4.11-сурет. Қысқышты кранның нүктебелгісін электршлакті балқытып қаптастыру әдісімен жөндеу сұлбасы:
1 – отырғызылатын металл; 2 – шлакті шомылғы; 3 – балқытылған металл; 4 – кокиль; 5 – нүктебелгі
Балқыту мен балқытып қаптастырудың технологиялық процестерінің параметрлері әр түрлі сипатталады. Флюстегі электрдоғалы балқытып қаптастыру мен дірілді доғалы балқытып қаптастырудың режимдері параметрлерінің жобалық шамалары 4.1 және 4.2-кестелерде берілген [8].
4.1- кесте
Флюстегі электрдоғалы балқытып қаптастырудың режимдері параметрлерінің жобалық шамалары
Диаметр, мм |
Балқыту тогы |
Сымды беру жылдамдығы Vб, м/мин |
Балқы тып қаптас тыру адымы S, м/айн |
Деталь дың айналу жиілігі n, мин-1 |
Балқытыл ған қабат қалыңдығы h. мм |
||
Деталь дың Д |
Электрод ты сымның d |
Ток күші I, A |
Кернеу U, B |
||||
50…80 |
1.2 |
100…140 |
25…30 |
1.6…2 |
2,5 |
2 |
1…2 |
90…110 |
1.6…1.8 |
140…200 |
25…30 |
1 |
3...5 |
2 |
1…2 |
200….350 |
2.5….3 |
270…400 |
25…30 |
2 |
3...5 |
1 |
1…2 |
400….600 |
4 |
500…1000 |
25…30 |
1 |
3...5 |
1 |
1…2 |
700….800 |
5 |
600…1000 |
25…30 |
2,3;2,5 |
3...5 |
1 |
1…2 |
4.2-кесте
Дірілді доғалы (электримульсиялы) балқытып қаптастырудың режимдері параметрлерінің жобалық шамалары
Балқытылатын қабаттың қалыңдығы h, мм |
Механикалық өңдеу припускі сі , мм |
Балқытылатын сым диаметрі d, мм |
Балқыту тогы |
Электрод ты
беру жылдамдығы
|
Балқы тып қаптас тыру дың адымы S, мм/ айн |
Диамет рі Д деталь дің айналу жиілігі n, мин-1 |
|
Ток күші I, A |
Кернеу U, B |
||||||
0.6…0.7 |
0.4 |
1.6…1.8 |
120…140 |
12…14 |
1.3 |
1.8…2.2 |
1200:ПД |
1.5 |
0.8 |
1.6…1.8 |
160...190 |
12...14(12...22) |
1,7 |
2,3...2,8 |
1000:ПД |
2,5...3 |
1 |
1.6…1.8 |
160...190 |
12...22 |
1,7 |
2,8...3,6 |
370: ПД |
2,5...3 |
1 |
2,5 |
300...350 |
12...14 |
1,7 |
3,3...3,4 |
200:ПД |
2,5...3 |
1 |
таспа 0,5х10 |
320...340 |
12...14 (12..22 |
1,7 |
7,9 |
200:ПД |
Жабу қалыңдығы, мм, мына формуламен анықталады:
,
(4.1)
мұндағы,
–
беттің тозған қабатының қалыңдығы;
– қалпына
келтіру операциясы алдындағы механикалық
өңдеу припускісі;
– қалпына
келтіру опрерациясы соңындағы қаралтым
өңдеу припускісі;
– соңғы
таза өңдеу припускісі.
Жабындыны жауып болған соңғы өңдеу припускілерінің жобалық мәндері 4.3-кестеде берілген. Дірілді доғалы балқытып қаптастыру кезінде ажарлаумен ғана шектелуге болады, ал флюстегі электрдоғалы балқытып қаптастыруда ажарлаудан бұрын көбінесе токарьлік өңдеу жүргізіледі.
4.3-кесте
Механикалық өңдеу припускілерінің (мм) жобалық шамалары
Деталь диаметрі Д |
Ажарлау алдындағы токарьлік өңдеу |
Тек ажарлаумен ғана өңдеу |
||
25 |
0,4 |
0,2 |
0,6 |
0,3 |
25...50 |
0,5 |
0,2 |
0,7 |
0,35 |
50...70 |
0,55 |
0,2 |
0,75 |
0,35 |
75...100 |
0,65 |
0,25 |
0,9 |
0,4 |
100...125 |
0,75 |
0,25 |
0,95 |
0,4 |
125...150 |
0,8 |
0,3 |
1,1 |
0,45 |
150...200 |
0,95 |
0,4 |
1,35 |
0,5 |
200...300 |
1,1 |
0,5 |
1,6 |
0,7 |
300...500 |
1,25 |
0,6 |
1,85 |
0,85 |
Жабынды
қалыңдығы h (мм) болғанда және 4.1,
4.2-кестелерден таңдап алынған электродты
сымның диаметрі d (мм), оны беру жылдамдығы
(м/мин),
балқытып қаптастыру адымы S (мм/айн)
берілген жағдайда бір өтпе ішінде жабуға
қажетті балқытып қаптастырудың жылдамдығы
былай анықталады [8]:
;
(4.2)
мұндағы, - балқытып қаптастыру коэффициенті (балқытылатын электродты сымды тиімді пайдалану), =0,85…0,9
Табылған балқытып қаптастыру жылдамдығы бойынша бал-қытылатын детальдің айналу жиілігі (мин-1) мына формуламен анықталады:
(4.3)
мұндағы, Д – деталь диаметрі, мм.
Қажетті қалыңдықты бір өтпеден ала алмаған жағдайда, жабындыны бірнеше өтпеден соң жабады. Олардың әрқайсысының қалыңдығы h1 болғанда қабаттың керекті қалыңдығын алу үшін өтпелердің қажетті санын төмендегі формуламен анықтайды:
Ал жабындыны жабу операциясына жұмсалатын негізгі уақыт келесі формуламен есептеледі:
,
мұндағы, – қалпына келтірілетін беттің ұзындығы.
4.1 және 4.2-кестелерде келтірілген балқытып қаптастыру режимдерін параметрлері жазық бетті балқытып қаптастыру кезінде де қолдануға болады.
