Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник ОП и РТТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.97 Mб
Скачать

2.2. Машиналарды техникалық күту мен жөндеу бойынша жоспарлау және материалды-техникалық қамтамасыз ету

Машина баланста тұрған мекеме өндірістік жыл басталмай тұрып машиналарды техникалық күту мен жөндеу жоспарын (2.1-кесте) жасауы тиіс, бұл оған жұмыс күшіне, технологиялық жабдыққа, қосалқы бөлшектер мен материалдарға деген қажеттілікті анықтау үшін негіз болып табылады. Жылдық жоспарды жасауға бастапқы деректер есебінде машинаның нақты жұмыс істеуі (жыл басына дейін, пайдалана бастағаннан бергі немесе ТК және Ж-ң сәйкес түрлерін өткізген уақыттан бастап), бір жылға жоспарланған жұмыс уақыты, ТК-ң түрлері, периодтылығы, еңбексыйымдылығы және ұзақтығы алынады.

Жоспарланған жылы әр машина үшін орындалатын ТК және Ж санының әр түрі Кр мына формуламен анықталады:

; (2.2)

мұндағы, пайдалана бастағаннан бергі немесе ТК мен Ж-ң сәйкес түрінің өткізілген уақытынан жоспарланатын жыл басына дейінгі машинаның нақты жұмыс уақыты, сағ; жоспарланатын жылдағы жұмыс уақыты, сағ; жүргізіліп отырған есеп бойынша ТК мен Ж-ң сәйкес түрлерінің орындалу периодтылығы, сағ; жүргізіліп отырған есеп бойынша ТК мен Ж-ң түрінің периодтылығынан үлкен периодтылықтағы олардың түрлерінің барлық саны (күрделі жөндеу үшін деп есептеледі).

2.1-кесте

Ағымдағы жылғы арналған машиналарды ТК мен Ж жоспарының үлгісі

_______________________________________________________________

(мекеме атауы)

Машинаның атауы және маркасы

Машина

ның заводтық (инвентарлы) номері

Нақты жұмыс істеуі, сағ

Жоспардағы жылғы жұмыс істеуі, сағ.

Жоспардағы жылғы ТК және Ж саны

Пайдалану

дан бастап

Өткізу уақытынан бастап

Күрделі жөндеуді

Ағымдағы жөндеуді және ТК-3

Күрделі жөндеу

Аығмдағы жөндеу ТК-3

ТК-2

ТК-1

Жөндеу саны

Өткізу айы

Басинженер (бас механик) ____________________________________

Есептеулер мынадай ретпен жүргізілуі тиіс: күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу, ТК-3, ТК-2, ТК-1.

Сәйкес ТК немесе Ж-ден соңғы нақты жұмыс істеу уақыты машинаның жоспарланатын жыл басындағы жалпы жұмыс уақыты мен жоспарланатын жыл алдындағы жылдағы ТК немесе Ж-ді өткізген күнге дейінгі жұмыс уақыты арасындағы айырма есебінде анықталады. Есептеулер нәтежелерін азаю жағына қарай бүтін санға дейін дөңгелектейді.

ТК кезіндегі әрбір машинаның тоқтау уақыты және оның тұрып қалу ұзақтығы айлық жоспар-графикпен бекітіледі. Машиналарды техникалық күту ауысымнан тыс уақытта немесе машина қарамағына кіретін нысанның жұмыс істемейтін күндері жүргізіледі.

Көлік техникасын техникалық күту оны тасымалдау, қолдану және сақтау кездерінде жүргізілуі тиіс (2.3-сурет).

2.3-сурет. Машиналарды техникалық күтудің жіктелуі

МЕСТ 20793-81-ге сәйкес машиналарды пайдаланған кезде ТК-ң төмендегі түрлері жүргізіледі:

- жаңа немесе күрделі жөндеуден өткен машинаны пайдалану жаттықтыруына дайындау кезінде:

- пайдалану жаттықтыруы кезінде;

- ауысымдық (АК);

- бірінші ТК-1

- екінші ТК-2

- үшінші ТК-3

- пайдаланудың көктемгі-қысқы периодына өтер кездегі маусымдық (МК-КЖ);

- пайдаланудың ерекше жағдайларында.

ТК түрлері, оларды орындау периодтылығы, бір циклдағы ТК және Ж саны машинаны пайдалану бойынша нұсқауларда беріледі.

Пайдалану жаттықтыруына дайындау кезіндегі, пайдалану жаттықтыруы кезіндегі және ол біткен соңғы машиналарды техникалық күту пайдалану бойынша нұсқаулық және техникалық сипаттамаға сәйкестендіріп жүргізіледі.

Ауысымдық ТК-ді жұмыс ауысымының басында және соңында өткізу қажет. Машиналарды ТК-дің әр түрінде оның барлық құрамдас бөлігіне арналған жуу, тазалау, бақылау, диагностикалық, реттеу, майлау, май құю, бекіту және монтаждау жұмыстары жүргізілуі тиіс. Машиналарды ТК-3 ереже бойынша ағымдық жөндеумен біріктіріледі. Маусымдық ТК жылына 2 рет өткізілуі қажет (күздік-қысқы күтуді өткізерде ауа температурасы плюс бес градустан төмен болмауы керек). Маусымдық күтуді кезектегі ТК-1, ТК-2 немесе ТК-3-пен біріктіріп өткізуге болады. Мұның барлығы да нұсқаулықтар мен нормативті-техникалық құжаттарға сай жүргізілуі тиіс.

Машиналардың кейбір түрлерінің периодтылық, еңбексыйымдылық және ТК-ң ұзақтылық көрсеткіштері 2.2-кестеде берілген. Бұл деректерді ТК жұмыстарын жоспарлау мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсаттарында қолдануға болады.

Ағымдағы жөндеу жекелеген жинақ бірліктер мен детальдарды ауыстыру және қалпына келтіруді есепке ала отырып, машинаның келесі жөндеуге дейінгі жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс. Машинаның ағымдық жөндеу жұмыстарына жататындар: тазалау, жуу, бөлшектеу, ақаулар тізімін жасау, тозған детальдар мен агрегаттарды жаңа немесе жөнделгендерімен ауыстыру, машина тораптары мен агрегаттарын жинау, жөнделген бөлшектерді стендтік және жүрістік сынақтардан өткізу. Машиналарды бояу технологиялық талаптарға сай жүргізілуі тиіс. Жөндеу жұмыстарына сонымен бірге детальдарды өңдеудің әр түрлері кіреді: пісіру, темірұсталық және станоктік, балқыту, металдау, электролиттік жабулар және т.б.

2.2-кесте

Кейбір машиналардың периодтылығының, еңбексыйымдылығының және ТК мен Ж-ң ұзақтылығының типтік нормалары

Машина түрлері

ТК және Ж түрлері

ТК және Ж орындау периодтылығы, сағ

ТК және Ж біреуінің орындалу еңбексыйымдылығы, адам . сағат

Орындау ұзақтығы, сағ

Пневмодөңгелекті трактор базасындағы біршөмішті гидравликалық экскаваторлар, шөміш сыйымдылығы 0,25...0,4 м3, 2-ші размерлік топ

ТК-1

50

3

0,5

2,5

-

1,5

ТК-2

250

6

1,5

4,5

-

3

АК

Жылына 2 рет

20

-

20

-

8

Ағымдық жөндеу

1000

400

4

296

100

40

ТК-3

-

20

4

16

-

-

Күрделі жөндеу

6000

570

-

400

170

80

Жүккөтерімділігі 25 т. пневмодөңгелекті крандар

ТК-1

50

7

0,8

6,2

-

3

ТК-2

250

27

1,8

25,2

-

13

АК

Жылына 2 рет

28

-

28

-

9

Ағымдық жөндеу

1000

820

4,5

620,5

195

80

ТК-3

-

36

4,5

31,5

-

-

Күрделі жөндеу

6000

1650

-

1240

410

160

Жүккөтерімділігі 16 т. жебелі автомобильдік крандар

ТК-1

50

8

1,0

7

-

4

ТК-2

250

27

2,2

24,8

-

14

АК

Жылына 2 рет

14

-

14

-

5

Ағымдық жөндеу

1000

630

5,2

474,8

150

65

Күрделі жөндеу

5000

1200

-

800

400

140

Тарту класы 15т шынжыр табанды трактор базасындағы бульдозерлер

ТК-1

100

6

0,6

5,4

-

5

ТК-2

500

17

2,3

14,7

-

3

АК

Жылына 2 рет

41

-

41

-

6

Ағымдық жөндеу

1000

610

5,3

449,7

155

12

ТК-3

-

33

5,3

27,7

-

60

Күрделі жөндеу

6000

1370

-

1050

320

-

Шөміш сыйымдылығы 25 м3 өздігінен жүретін скрепер

ТК-1

100

8

0,6

7,4

-

5

ТК-2

500

34

2,5

31,5

-

10

АК

Жылына 2 рет

10

-

10

-

3

Ағымдық жөндеу

1000

550

515

394,5

150

50

Күрделі жөндеу

6000

1500

-

1000

500

150

250 кластағы автогрейдер

ТК-1

100

10

0,7

9,3

-

5

ТК-2

500

25

2,4

22,6

-

8

АК

Жылына 2 рет

50

-

50

-

15

Ағымдық жөндеу

1000

400

5,4

270

114,6

47

ТК-3

-

40

5,4

34,6

-

-

Күрделі жөндеу

8000

900

-

670

230

80

Машиналарды ағымды жөндеуге қою жоспар-кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс. Машинаның ағымды жөндеуді жүргізген күндегі жұмыс уақыты, сипаты, ақауларды жою себептері мен қабылданған шаралар ТК және Ж журналына жазылады. Ағымдық жөндеуді машинаның жұмыс орнында да, жөндеу базаларында да орындауға болады. Бұл жұмыстың орындалу барысын бақылау бас механик қызметіне жүктелген.

Машина балансына бекітілген мекеме өткізілген ТК, ағымдағы жөндеудің және машина формулярында көрсетілген деректердің жүйелі есебін жүргізіп отыруы тиіс. Есептегіштермен қамтылған машиналардың жұмыс уақыты олардың көрсеткіштерімен анықталады.

ТК және Ж өткізілген соң машинаны қабылдау машинистке және пайдалану участогінің механигіне міндеттелген. Қабылдау кезінде оның сырт көрінісі мен оның бос жүрістегі және жүктеме әсеріндегі жұмыстары тексеріледі. Мұнан соң ақауларды есепке алу журналына сәйкес жазулар жазылып, жұмысты қабылдап алған жауапты адамның қолы қойылады.

ТК және Ж жұмыстарынан басқа машинаны жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жаңғыртуды ғылыми-техникалық прогрестің жаңа жетістері негізінде жасайды.

Жаңғыртуды жүргізудің әдістері мен тиімділігі оның мазмұны мен арналуына байланысты болады. Осыған сәйкес жаңғыртудың екі түрі қолданылады:

  • бөлшектеп, яғни машинаның әмбебаптығын жоғарылататын қосымша ауыспалы жабдықтарды қосуды немесе оның пайдалану көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ету:

  • толық, яғни базалық машинаның конструкциясын техникалық тұрғыдан жетілдіру және оның қолдану аясын кеңейту;

Машиналарды күрделі жөндеу мен жаңғырту пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.