- •К1. Көлік техникасын өндіру бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •К2. Көлік техникасын жөндеу технологиясы бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •1.1. Бұйым, машина жасаудағы өндірістік және технологиялық үдерістер
- •1.2. Машиналар конструкцияларының технологиялылығы, детальдарды дайындаудың сапасы мен дәлдігі
- •1.3. Машина жасаудағы базалар және детальдарды базалау; технологиялық құрал-саймандар классификациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Айналу денелері типіндегі дайындамаларды өңдеу
- •2.2. Тесіктерді тесіп-кеңейту және ішкі беттерді өңдеу
- •2.3. Бұранданы кесу
- •2.4. Дайындамаларды фрезерлеу
- •2.5. Беттерді ажарлау
- •2.6. Металдарды кесіп өңдеуде қолданылатын майлау-салқындату сұйықтары
- •2.7. Өңдеу режимдері мен уақыт нормаларын есептеу
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Термиялық және химия-термиялық өңдеу
- •3.2. Детальдардың беттік қабаттарын механикалық беріктендіру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Білік және ось типтес детальдарды дайындау
- •4.2. Тежегіш шкивтерді механикалық өңдеу
- •4.3. Таспалы конвейерлердің барабандарын механикалық өңдеу
- •4.4. Жүріс дөңгелектерін механикалық және термиялық өңдеу
- •4.5. Жүк ілгіштерін механикалық өңдеу
- •4.6. Тісті дөңгелектерді механикалық және термиялық өңдеу
- •4.7. Пластмассалардан жасалған детальдарды дайындау
- •4.8. Базалық және корпустық детальдарды механикалық өңдеу
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Жинақтық өлшемдік тізбектер құру, жинау операцияларын нормалау
- •5.2. Детальдарды, тораптар мен агрегаттарды теңдестіру
- •5.3. Жинақтың технологиялық процестерін жобалау
- •5.4. Механизмдерді жинауға қойылатын жалпы талаптар
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Тербелу және сырғанау мойынтіректі машина детальдарын жинау
- •6.2. Көлік техникасының жүріс дөңгелектері, теңгергіштері және қозғалу механизмдері тораптарын жинау
- •6.3. Тісті, шынжырлы берілістерді, редукторлар мен беріліс қорабын жинау
- •6.4. Автоматты желілерде таспалы конвейерлердің аунақшаларын жинау
- •6.5. Крандар мен экскаваторлардың тіректік-бұрылу құрылғыларын жинау
- •6.6. Жинақ бірліктерінің технологиялық сынақтары
- •6.7. Машиналарды жинақтан соң сынау
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1 Жалпы мағлұматтар
- •7.2. Өндірістік роботтардың жіктелуі
- •7.3. Роботтарды аспаппен жабдықтау және олардың қолданылуы
- •7.4. Өнеркәсіп және құрылыс нысандарында аппаттарды жою бойынша жұмыстарды орындауға арналған мобильді роботтар
- •Бақылау сұрақтары
- •1.1. Машиналарды пайдалану сипаттамалары
- •1. 2. Машиналардың физикалық және моральдік тозуы
- •1.3. Детальдар тозуы
- •1.4. Детальдар тозуына әсер ететін факторлар
- •1.5. Детальдар тозуын анықтау әдістері
- •1.6. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылату әдістері
- •1.6.1. Үйкеліс жұптарының үйкелетін беттерінің материалдары
- •1.6.2.Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың конструктивті әдістері
- •1.6.3. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың технологиялық әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесінің жалпы қағидалары
- •2.2. Машиналарды техникалық күту мен жөндеу бойынша жоспарлау және материалды-техникалық қамтамасыз ету
- •2.3. Жөндеу өндірісін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары (стратегиялары)
- •2.4. Көлік техникасын жөндеу және өндірісті ұйымдастыру әдістерін талдау
- •2.6. Көлік техникасын техникалық күту мен жөндеу жұмыстарының негізгі нормативтік-техникалық құжаттары
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1. Көлік техникасын жөндеудің өндірістік процесінің жалпы сұлбасы
- •3.2.Көлік техникасын жуу-тазалау және майлау жұмыстарын ұйымдастыру
- •3.2.1.Тазалау-жуу (тжж) жұмыстарының технологиясы және жабдықтары
- •3.2.2. Тазалаудың физика-химиялық әдістері
- •3.2.3. Тазалаудың термиялық әдістері
- •3.2.4. Майлау жұмыстары
- •3.3. Машиналарды бөлшектеу мен детальдарды дефектациялауды ұйымдастыру
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Механикалық өңдеу арқылы жөндеу
- •4.2. Темірұсталық - механикалық және қысыммен өңдеу арқылы жөндеу
- •4.3. Балқыту және балқытып қаптастыру
- •4.4. Металдандыру арқылы жөндеу
- •4.5. Пайдалану орындарындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи пісіру жабдықтары
- •4.6. Детальдарды қалпына келтіруді ұйымдастыру
- •4.7. Детальдарды полимерлік материалдармен жөндеу
- •4.8. Детальдар мен жинақ бірліктерді дәнекерлеп қалпына келтіру
- •4.9. Детальдарды қалыпқа келтірудің оңтайлы әдісін таңдау
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Біліктер мен осьтерді жөндеу (топтық әдіспен)
- •5.2.Тісті дөңгелектерді, барабандарды және шығыршықтарды жөндеу
- •5.3. Жүріс дөңгелектерін, мойынтіректерді, тежегіштер мен муфталарды жөндеу
- •5.4. Конвейер таспаларын жөндеу
- •5.5. Шынжыртабан жүрісінің детальдарын жөндеу
- •5.6. Гидраликалық және пневматикалық жүйелердің детальдары мен тораптарын жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Көлік техникасының базалық детальдарын жөндеу
- •6.2. Машиналардың жұмыс және жүкқармағыш органдарын жөндеу
- •6.3. Металқұрылымдарды жөндеудің технологиялық үдерістері
- •6.4. Тойтармалық және болттық қосылыстарды жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Бақылау сұрақтары
1.Өнеркәсіптік роботқа сипаттама беріңіз.
2.Өнеркәсіптік роботтың құрылымдық сұлбасын түсіндіріңіз.
3.Өнеркәсіптік роботтың негізгі техникалық көрсеткіштері қандай?
4.Өнеркәсіптік робот, қолмен басқарудағы манипулятор және автооператор арасында қандай айырмашылықтар бар?
5.Орындайтын функцияларына қарай өнеркәсіптік роботтар қалай бөлінеді?
6.Роботтарды аспаптармен қамтамасыз ету үлгілерін келтіріңіз және олардың қоланылуы жайлы айтыңыз.
7.ММТУ-да ойлап табылған роботтардың негізгі көрсеткіштерін келтіріңіз.
8.СМ-100 машинасында қандай жұмыс жабдықтары қолданылады?
9.Мобильді роботталған кешеннің техникалық сипаттамалары қандай?
10.Аспалы жабдықты мобильді роботтың құрылысы қандай?
11.Механикалық қолдың негізгі артықшылықтарын атаңыз.
12. Робот қармауының қандай негізгі үш типі өндірісте қолданылады?
2-БӨЛІМ. КӨЛІК ТЕХНИКАСЫН ЖӨНДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗДЕРІ
1-тарау. МАШИНАЛАРДЫ ЖӨНДЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Машиналарды пайдалану сипаттамалары
Кез келген көлік техникасында пайдаланудың нақты жағдайларында оларды тиімді қолданудың мүмкіндігін анықтайтын сапалар жиынтығы мен пайдалану сипаттамалары болады. Машиналардың пайдалану сапасының саны өте көп, алайда оларды іс жүзінде қолдану үшін жалпылама үш сипаттамасын ерекше бөліп алуға болады: машиналардың жұмысқабілеттілігі, сенімділігі және ұзақмерзімділігі.
Жұмысқабілеттілік терминіне машинаның төмендегідей негізгі техникалық көрсеткіштері кіреді: қозғалтқыш қуаты, тартым күші, жүккөтерімділік немесе сыйымдылық, қозғалыс жылдамдығы, отын үнемділігі, пайдалы әсер коэффициенті және т.б.
Машинаның жұмысқабілеттілігі сан жағынан оның орындаған жұмысының тиімділігі, яғни белгіленген сапаны сақтай отырып, сол жұмыстың өнімділігі және өзіндік құны арқылы бағаланады.
Сонымен егер машинаның өнімділігі белгіленген нормаларға сәйкес болса, машинаны күтуге жұмсалған шығын шекті шамадан аспаса, ал жұмыс сапасы бекітілген талаптарды қанағаттандыра алса, онда машина жұмысқа қабілетті деп есептеледі. Осыған сәйкес «жұмысқабілеттілік» түсінігі машина қандай техникалық көрсеткіштерге ие бола алады, пайдалану барысында бұл көрсеткіштерде қандай ауытқулар болуы мүмкін деген сұрақтарға жауап беруі тиіс, яғни машинаны пайдалануға бергеннен соң қандай да бір уақыт өткеннен кейінгі оның сапалық жағдайын көрсетеді. Белгіленген талаптарға сәйкес анықталатын қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жұмысқа жарамдылығын білдіретін машинаның қасиеттері жиынтығы оның сапасы болып табылады.
Машина қолданыста болған сайын бұл сапа сипаттамалары өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Машина конструкциясы және өндірілуі бойынша қаншама жетілдірілген болса да, уақыт өтуімен ол алғашқы сапаларын жоғалтады, бірқатар техникалық көрсеткіштері төмендейді: қозғалтқыш қуаты азаяды, отын мен майлау материалдарының шығыны өседі, жұмыс сапасы да нашарлайды. Мұның бәрі машинада ақаулар пайда болуымен түсіндіріледі.
Егер машинаның тоқтаусыз және бұзылмай жұмыс істеу барысында жұмыс сапасы мен үнемділігінің өзгеруі рұқсат етілген аралықта болса, онда мұны қалыпты жағдай деп атайды. Осы қалыпты жағдайдағы жұмыстың бұзылуы машинаның ақаулығы болып саналады.
Машинаның торабы немесе агрегаты жұмысының бұзылуы оның детальдарында ақаудың пайда болуына септігін тигізеді. Ал ақау дегеніміз нормативті құжаттамалар бекіткен талаптардан рұқсат етілмеген ауытқу болып табылады.
Кез келген техниканың сенімділігі дегеніміз – берілген режимдер мен пайдалану жағдайына, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарына, сонымен бірге сақтау мен тасымалдау жұмыстарына сәйкес келетін берілген шамадағы бекітілген пайдалану көрсеткіштерінің мәнін уақтылы сақтай отырып, берілген міндеттерді орындаудағы машинаның қасиеті. Машинаның (оның жиналмалы бөлшектері мен бірліктерінің) сенімділігі олардың ұзақ уақыт қызмет етуімен, тоқтаусыз жұмыс істейтіндігімен, жөндеуге жарамдылығымен және сақталатындығымен ерекшеленеді.
Машинаның сенімділігі жоғары болған сайын оның өнімділігі де өседі.
Сан
жағынан сенімділік төмендегі формуламен
анықталатын сенімділік коэффициентімен
өрнектеледі:
,
(1.1)
мұндағы, А – машина жұмысының толық жоспарланған көлемі, сағ; В – жоспарланған жұмыс көлемін А-ны орындау барысында машинаның техникалық ақауларға байланысты тоқтап қалуы, сағ.
Сонымен бірге сенімділік сан жағынан ақау салдарынан тоқтап қалған екі мерзім арасындағы қалыпты жұмыстың орташа уақытымен де сипатталады. Машина сенімділігі оның детальдарының, тораптары мен агрегаттарының сенімділігіне тығыз байланысты.
Әртүрлі маркадағы машиналардың сенімділігін анықтау барысында оларды пайдаланудағы белгілі бір период аралығындағы тоқтап қалу мерзімінің барлығын есепке алу қажет. Алайда сенімділік маңызды сапаларды анықтағанымен, машинаны пайдаланудың экономикалық тиімділігіне толық баға бере алмайды. Сондықтан машина сапасына толық баға беру үшін сенімділікпен бірге машинаның ұзақмерзімділігін анықтау қажет болады.
Сонымен ұзақмерзімділік дегеніміз – машинаны пайдаланудан бастап оны тізімнен шығарып тастағанға дейінгі сағатпен немесе километр жүріспен көрсетілген машинаның жалпы жұмыс істеу мерзімі, бұл мерзім сонымен бірге машинаның сенімділігі мен жұмысқабілеттілігін қалпына келтіру үшін экономикалық тұрғыдан алғанда қажет болуы тиіс.
Машинаның ұзақмерзімділігі оның детальдарының ұзақмерзімділігіне тікелей байланысты.
Машина жағдайына баға беру үшін оның жөндеуге жарамдылығы мен физикалық және моральді тозуын да анықтау қажет болады.
Жөндеуге жарамдылық дегеніміз – техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын өткізу арқылы машинаның тоқтап қалуы мен ақауларын байқауға немесе ескеруге бейімделу қасиеті. Жөндеуге жарамдылық – сапа көрсеткіштерінің бірі. Оның сандық көрсеткіштеріне техникалық күту мен жөндеуді орындауға арналған құралдар мен еңбек шығындарының орташа мәндері жатады.
