- •К1. Көлік техникасын өндіру бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •К2. Көлік техникасын жөндеу технологиясы бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •1.1. Бұйым, машина жасаудағы өндірістік және технологиялық үдерістер
- •1.2. Машиналар конструкцияларының технологиялылығы, детальдарды дайындаудың сапасы мен дәлдігі
- •1.3. Машина жасаудағы базалар және детальдарды базалау; технологиялық құрал-саймандар классификациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Айналу денелері типіндегі дайындамаларды өңдеу
- •2.2. Тесіктерді тесіп-кеңейту және ішкі беттерді өңдеу
- •2.3. Бұранданы кесу
- •2.4. Дайындамаларды фрезерлеу
- •2.5. Беттерді ажарлау
- •2.6. Металдарды кесіп өңдеуде қолданылатын майлау-салқындату сұйықтары
- •2.7. Өңдеу режимдері мен уақыт нормаларын есептеу
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Термиялық және химия-термиялық өңдеу
- •3.2. Детальдардың беттік қабаттарын механикалық беріктендіру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Білік және ось типтес детальдарды дайындау
- •4.2. Тежегіш шкивтерді механикалық өңдеу
- •4.3. Таспалы конвейерлердің барабандарын механикалық өңдеу
- •4.4. Жүріс дөңгелектерін механикалық және термиялық өңдеу
- •4.5. Жүк ілгіштерін механикалық өңдеу
- •4.6. Тісті дөңгелектерді механикалық және термиялық өңдеу
- •4.7. Пластмассалардан жасалған детальдарды дайындау
- •4.8. Базалық және корпустық детальдарды механикалық өңдеу
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Жинақтық өлшемдік тізбектер құру, жинау операцияларын нормалау
- •5.2. Детальдарды, тораптар мен агрегаттарды теңдестіру
- •5.3. Жинақтың технологиялық процестерін жобалау
- •5.4. Механизмдерді жинауға қойылатын жалпы талаптар
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Тербелу және сырғанау мойынтіректі машина детальдарын жинау
- •6.2. Көлік техникасының жүріс дөңгелектері, теңгергіштері және қозғалу механизмдері тораптарын жинау
- •6.3. Тісті, шынжырлы берілістерді, редукторлар мен беріліс қорабын жинау
- •6.4. Автоматты желілерде таспалы конвейерлердің аунақшаларын жинау
- •6.5. Крандар мен экскаваторлардың тіректік-бұрылу құрылғыларын жинау
- •6.6. Жинақ бірліктерінің технологиялық сынақтары
- •6.7. Машиналарды жинақтан соң сынау
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1 Жалпы мағлұматтар
- •7.2. Өндірістік роботтардың жіктелуі
- •7.3. Роботтарды аспаппен жабдықтау және олардың қолданылуы
- •7.4. Өнеркәсіп және құрылыс нысандарында аппаттарды жою бойынша жұмыстарды орындауға арналған мобильді роботтар
- •Бақылау сұрақтары
- •1.1. Машиналарды пайдалану сипаттамалары
- •1. 2. Машиналардың физикалық және моральдік тозуы
- •1.3. Детальдар тозуы
- •1.4. Детальдар тозуына әсер ететін факторлар
- •1.5. Детальдар тозуын анықтау әдістері
- •1.6. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылату әдістері
- •1.6.1. Үйкеліс жұптарының үйкелетін беттерінің материалдары
- •1.6.2.Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың конструктивті әдістері
- •1.6.3. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың технологиялық әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесінің жалпы қағидалары
- •2.2. Машиналарды техникалық күту мен жөндеу бойынша жоспарлау және материалды-техникалық қамтамасыз ету
- •2.3. Жөндеу өндірісін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары (стратегиялары)
- •2.4. Көлік техникасын жөндеу және өндірісті ұйымдастыру әдістерін талдау
- •2.6. Көлік техникасын техникалық күту мен жөндеу жұмыстарының негізгі нормативтік-техникалық құжаттары
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1. Көлік техникасын жөндеудің өндірістік процесінің жалпы сұлбасы
- •3.2.Көлік техникасын жуу-тазалау және майлау жұмыстарын ұйымдастыру
- •3.2.1.Тазалау-жуу (тжж) жұмыстарының технологиясы және жабдықтары
- •3.2.2. Тазалаудың физика-химиялық әдістері
- •3.2.3. Тазалаудың термиялық әдістері
- •3.2.4. Майлау жұмыстары
- •3.3. Машиналарды бөлшектеу мен детальдарды дефектациялауды ұйымдастыру
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Механикалық өңдеу арқылы жөндеу
- •4.2. Темірұсталық - механикалық және қысыммен өңдеу арқылы жөндеу
- •4.3. Балқыту және балқытып қаптастыру
- •4.4. Металдандыру арқылы жөндеу
- •4.5. Пайдалану орындарындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи пісіру жабдықтары
- •4.6. Детальдарды қалпына келтіруді ұйымдастыру
- •4.7. Детальдарды полимерлік материалдармен жөндеу
- •4.8. Детальдар мен жинақ бірліктерді дәнекерлеп қалпына келтіру
- •4.9. Детальдарды қалыпқа келтірудің оңтайлы әдісін таңдау
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Біліктер мен осьтерді жөндеу (топтық әдіспен)
- •5.2.Тісті дөңгелектерді, барабандарды және шығыршықтарды жөндеу
- •5.3. Жүріс дөңгелектерін, мойынтіректерді, тежегіштер мен муфталарды жөндеу
- •5.4. Конвейер таспаларын жөндеу
- •5.5. Шынжыртабан жүрісінің детальдарын жөндеу
- •5.6. Гидраликалық және пневматикалық жүйелердің детальдары мен тораптарын жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Көлік техникасының базалық детальдарын жөндеу
- •6.2. Машиналардың жұмыс және жүкқармағыш органдарын жөндеу
- •6.3. Металқұрылымдарды жөндеудің технологиялық үдерістері
- •6.4. Тойтармалық және болттық қосылыстарды жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
4.4. Жүріс дөңгелектерін механикалық және термиялық өңдеу
Крандар мен арбашалардың жүріс дөңгелектерін соғылмадан немесе қалыптамадан (65Г, 60Г, 40Г және т.б.), құймадан (55Л-11) және болаттан біртұтас дайындамалар түрінде жасайды.
Жүріс дөңгелектерін механикалық өңдеу кезінде басты операция токарлық-карусельдік станогында өңдеу болып табылады.
Кранның жүріс дөңгелегін дайындау кезінде төмендегі операциялар орындалады: токарлық-карусельді станокта тесіктер мен күпшек қасбеттерін, құрсау қасбетін, екі рет қондырғандағы таптау беттерін алдын ала өңдеу; термиялық өңдеу, таптау шеңбері бойынша дөңгелекті таза өңдеу; күпшек тесіктерін тазалап жону; тарту немесе ұрғыш станоктарда кілтек ойығын салу (4.4-сурет).
4.4-сурет. Кранның жүріс дөңгелегі
Механикалық өңдеу желісінде және жүріс дөңгелегін жинау бөлігінде ағымды өндіріс кезінде металкескіш станоктар мен престерде операцияларды орындаудың технологиялық тізбегін қатаң сақтау қажет.
Дөңгелектің жұмыс беттерінің (сырғанау шеңбері мен реборда бойынша) қаттылығын арттыру үшін термиялық өңдеу қолданылады. Термиялық өңдеу әдісі жүріс дөңгелектерінің ары қарайғы механикалық өңдеуіне, сонымен бірге рельс пен дөңгелек арасындағы тозу процесіне едәуір әсер етеді. Жүріс дөңгелектерін термиялық өңдеудің ішінде ең тиімдісі сорбитизация немесе үздікті шынықтыру әдісі болып табылады. Бұл жағдайда жұмыс беттерінің қаттылығы 320...400 НВ аралығында болады. Бұл тәсіл жүріс дөңгелектерінің жұмыс істеу мерзімін шынықпаған материалмен салыстырғанда 8-10 рет өсіреді.
4.5. Жүк ілгіштерін механикалық өңдеу
Крандарда жүк ілгіштерінің келесі түрлері қолданылады: құйылған бірмүйізді (кранның жүккөтерімділігі 75т дейін болғанда), қосмүйізді (жүккөтерімділік 5...75т болғанда), табақшалы бірмүйізді (жүккөтерімділік 37...300т болғанда) және табақшалы қосмүйізді (жүккөтерімділік 100...350т болғанда).
Құйылған ілгіштерді 20 немесе 20Г маркалы төмен көміртекті болаттардан жасайды. Ілгіштерді жасауға арналған болат маркалары металды шығарушы кәсіпорынның сертификатымен бекітілуі тиіс. Механикалық өңдеу алдында ілгіштер термиялық өңдеуден – толық күйдіруден өтеді, бұл металдағы ішкі кернеулерді түсіреді де, металл қаттылығы 95...135НВ дейін төмендейді.
Соғылған, қалыпталған және табақшалы ілгіштер МЕСТ талаптарына сәйкес дайындалуы тиіс. Ілгіш беті таза болуы қажет. Өңделген ілгіш ұштарында сызаттар, жарықшақтар, сүйір бұрыштар, кесінділердің болуына тыйым салынады.
Ілгіштерді механикалық өңдеудің технологиялық үдерістері дайындама түрлеріне байланысты болады (4.5-сурет) [11].
1-операция
– ілгіш дайындамасын таңбалау – ілгіштің
геометриялық осін анықтаудан басталады.
Айлабұйымдағы дайындама ілгіштің
радиусы
болатын өңделмейтін ішкі бетіне
базаланады.
мм шамасы
теңдеуімен анықталады, мұндағы, с –
базалық беттен бастап өлшеніп белгіленетін
размер. Таңбалаудың дұрыстығы әртүрлі
қималардағы h шамасы мәндерінің теңдігімен
анықталады.
4.5-сурет. Ірісериялы өндіріс кезінде соқпалы ілгіштің өңдеу операцияларының нобайлары:
1 – құралбілік; 2 – қысқыш; 3 – станоктың артқы бөлігінің центрі
2-операция – ілгіш өзекшесіндегі центрлік тесікті өңдеу – радиалды-бұрғылау (кіші және орташа размерлі ілгіштерді) немесе горизонталды-жону (үлкен размерлі ілгіштерді) станоктарында орындалады.
3-операция – өзекшені токарлық өңдеу және бұранда салу – токарлық-бұранда кескіш станоктарда жүргізіледі.
Бұл операцияларды орындап болған соң тозу жапсырмаларын орналастыру орындарын фрезерлеу үшін ілгішті таңбалау жүргізіледі, содан кейін горизонталды-фрезерлеу станогында ферезерлеу орындалады. Қорытынды операцияға слесарлық өңдеу жатады. Әрбір қабылданған ілгіште стандарт бойынша ілгіш номері, металл мен балқыту номері, шығарушы кәсіпорын атауы, дайындау уақыты көрсетілуі тиіс. Бұйым паспортында соғылма сертификаты, тексеру мен беріктікке сынау нәтижелері берілуі қажет.
