- •К1. Көлік техникасын өндіру бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •К2. Көлік техникасын жөндеу технологиясы бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •1.1. Бұйым, машина жасаудағы өндірістік және технологиялық үдерістер
- •1.2. Машиналар конструкцияларының технологиялылығы, детальдарды дайындаудың сапасы мен дәлдігі
- •1.3. Машина жасаудағы базалар және детальдарды базалау; технологиялық құрал-саймандар классификациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Айналу денелері типіндегі дайындамаларды өңдеу
- •2.2. Тесіктерді тесіп-кеңейту және ішкі беттерді өңдеу
- •2.3. Бұранданы кесу
- •2.4. Дайындамаларды фрезерлеу
- •2.5. Беттерді ажарлау
- •2.6. Металдарды кесіп өңдеуде қолданылатын майлау-салқындату сұйықтары
- •2.7. Өңдеу режимдері мен уақыт нормаларын есептеу
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Термиялық және химия-термиялық өңдеу
- •3.2. Детальдардың беттік қабаттарын механикалық беріктендіру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Білік және ось типтес детальдарды дайындау
- •4.2. Тежегіш шкивтерді механикалық өңдеу
- •4.3. Таспалы конвейерлердің барабандарын механикалық өңдеу
- •4.4. Жүріс дөңгелектерін механикалық және термиялық өңдеу
- •4.5. Жүк ілгіштерін механикалық өңдеу
- •4.6. Тісті дөңгелектерді механикалық және термиялық өңдеу
- •4.7. Пластмассалардан жасалған детальдарды дайындау
- •4.8. Базалық және корпустық детальдарды механикалық өңдеу
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Жинақтық өлшемдік тізбектер құру, жинау операцияларын нормалау
- •5.2. Детальдарды, тораптар мен агрегаттарды теңдестіру
- •5.3. Жинақтың технологиялық процестерін жобалау
- •5.4. Механизмдерді жинауға қойылатын жалпы талаптар
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Тербелу және сырғанау мойынтіректі машина детальдарын жинау
- •6.2. Көлік техникасының жүріс дөңгелектері, теңгергіштері және қозғалу механизмдері тораптарын жинау
- •6.3. Тісті, шынжырлы берілістерді, редукторлар мен беріліс қорабын жинау
- •6.4. Автоматты желілерде таспалы конвейерлердің аунақшаларын жинау
- •6.5. Крандар мен экскаваторлардың тіректік-бұрылу құрылғыларын жинау
- •6.6. Жинақ бірліктерінің технологиялық сынақтары
- •6.7. Машиналарды жинақтан соң сынау
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1 Жалпы мағлұматтар
- •7.2. Өндірістік роботтардың жіктелуі
- •7.3. Роботтарды аспаппен жабдықтау және олардың қолданылуы
- •7.4. Өнеркәсіп және құрылыс нысандарында аппаттарды жою бойынша жұмыстарды орындауға арналған мобильді роботтар
- •Бақылау сұрақтары
- •1.1. Машиналарды пайдалану сипаттамалары
- •1. 2. Машиналардың физикалық және моральдік тозуы
- •1.3. Детальдар тозуы
- •1.4. Детальдар тозуына әсер ететін факторлар
- •1.5. Детальдар тозуын анықтау әдістері
- •1.6. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылату әдістері
- •1.6.1. Үйкеліс жұптарының үйкелетін беттерінің материалдары
- •1.6.2.Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың конструктивті әдістері
- •1.6.3. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың технологиялық әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесінің жалпы қағидалары
- •2.2. Машиналарды техникалық күту мен жөндеу бойынша жоспарлау және материалды-техникалық қамтамасыз ету
- •2.3. Жөндеу өндірісін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары (стратегиялары)
- •2.4. Көлік техникасын жөндеу және өндірісті ұйымдастыру әдістерін талдау
- •2.6. Көлік техникасын техникалық күту мен жөндеу жұмыстарының негізгі нормативтік-техникалық құжаттары
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1. Көлік техникасын жөндеудің өндірістік процесінің жалпы сұлбасы
- •3.2.Көлік техникасын жуу-тазалау және майлау жұмыстарын ұйымдастыру
- •3.2.1.Тазалау-жуу (тжж) жұмыстарының технологиясы және жабдықтары
- •3.2.2. Тазалаудың физика-химиялық әдістері
- •3.2.3. Тазалаудың термиялық әдістері
- •3.2.4. Майлау жұмыстары
- •3.3. Машиналарды бөлшектеу мен детальдарды дефектациялауды ұйымдастыру
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Механикалық өңдеу арқылы жөндеу
- •4.2. Темірұсталық - механикалық және қысыммен өңдеу арқылы жөндеу
- •4.3. Балқыту және балқытып қаптастыру
- •4.4. Металдандыру арқылы жөндеу
- •4.5. Пайдалану орындарындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи пісіру жабдықтары
- •4.6. Детальдарды қалпына келтіруді ұйымдастыру
- •4.7. Детальдарды полимерлік материалдармен жөндеу
- •4.8. Детальдар мен жинақ бірліктерді дәнекерлеп қалпына келтіру
- •4.9. Детальдарды қалыпқа келтірудің оңтайлы әдісін таңдау
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Біліктер мен осьтерді жөндеу (топтық әдіспен)
- •5.2.Тісті дөңгелектерді, барабандарды және шығыршықтарды жөндеу
- •5.3. Жүріс дөңгелектерін, мойынтіректерді, тежегіштер мен муфталарды жөндеу
- •5.4. Конвейер таспаларын жөндеу
- •5.5. Шынжыртабан жүрісінің детальдарын жөндеу
- •5.6. Гидраликалық және пневматикалық жүйелердің детальдары мен тораптарын жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Көлік техникасының базалық детальдарын жөндеу
- •6.2. Машиналардың жұмыс және жүкқармағыш органдарын жөндеу
- •6.3. Металқұрылымдарды жөндеудің технологиялық үдерістері
- •6.4. Тойтармалық және болттық қосылыстарды жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Бақылау сұрақтары
Машина детальдарының ұзақмерзімділігін көтерудің қандай әдістерін білесіз?
Машина детальдарының ТВ4 беттік шынықтырудың принциптерін түсіндіріңіз?
Қатты карбюратизаторлармен көміртектендіру процесі қалай жүргізіледі?
Детальдарды азоттау процесі жайлы айтыңыз. Азоттауға түсетін детальдарға мысал келтіріңіз.
Циандаудың көміртектендірумен сылыстырғандағы артықшылықтары қандай?
Машина детальдарын бытыра ағындарымен беріктендіру процесі қалай жүргізіледі?
Аунақшалармен аунату әдісі қандай детальдарды беріктеуге арналған?
Аунатуға арналған аунақшалар қандай материалдардан жасалады?
Қатты қорытпалармен балқыту дегеніміз не?
10.Термиялық (беттік шынықтыру) және химия-термиялық (көміртектендіру, азоттау) өңдеу жайлы айтып беріңіз.
11.Жоңқасыз механикалық өңдеудің (аунақшалармен таптау) мәні неде?
12.Бринель бойынша қаттылық санын қалай анықтайды?
4-тарау. ТИПТІК ДЕТАЛЬДАРДЫ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
4.1. Білік және ось типтес детальдарды дайындау
Көлік техникасы конструкцияларында негізінен сатылы біліктер мен осьтер қолданылады, олардың дайындамалары ретінде дөңгелек прокат, еркін созумен алынатын соғылмалар және қалыптамалар пайдаланылады (4.1-сурет).
4.1-сурет. Біліктерге арналған дайындамалар:
а – жапсырмалы қалыпта қалыпталған; ә – көлденең-бұрмалы илемдеумен алынған (массалы өндіріс үшін); б – горизонтальді-соғу машиналарында қалыпталған (ернемекті біліктер үшін)
Әртүрлі біліктерді (тегіс, сатылы, біртұтас және құбырлы) конструкциялау кезінде негізгі белгілері ретінде олардың қаттылықтары алынады. Егер біліктің ұзындығының оның диаметріне қатынасы 15-тен аспаса, онда білік қатты деп есептеледі, осы қатынас 15-тен асқан біліктер қатты емеске жатады, оларды сүйеуіштердің көмегімен өңдейді. Біліктер көбінесе болат 45 немесе болат 40-тан жасалады, ал кей жағдайда 40Х, 18ХГТ маркалы легірленген болаттардан дайындалады. Кішісериялы өндірісте осьтер мен біліктер әмбебап токарлық-бұрандакескіш станоктарда, ал ірісериялы өндірісте көпкескішті және гидрокөшірмелі автоматтарда өңделеді.
Білік типтес детальды дайындаудың технологиялық жағдайларына төмендегі талаптар қойылады [20] :
- біліктер мен осьтер материалдарында жарықшақтар, сызаттар болмауы тиіс, аталған ақауларды пісіріп жөндеуге тыйым салынады;
- 500 мин-1-ден жоғары айналу жиілігінде жұмыс істейтін біліктердің статикалық жағдайда 1м ұзындыққа 0,1 мм-ге дейін, бірақ біліктің барлық ұзындығына 0,2 мм-ден аспайтын, ал 500 мин-1-ден төмен айналу жиілігінде жұмыс істейтін біліктердің 1 м ұзындыққа 0,15 мм-ге дейін, бірақ біліктің барлық ұзындығына 0,3 мм-ден аспайтын шамаға майысуына рұқсат етіледі;
- егер біліктің өз ұзындығынан 0,016-ден жоғары майысуы болса, онда оны салқын күйінде де түзетуге болады, үлкен майысуларда білікті қыздыру арқылы түзетеді;
- білік осінің кілтектік ойықтарының параллельдіктен ауытқуы 1:1000-ден аспауы тиіс.
Біліктер мен осьтерді механикалық өңдеу кезіндегі негізгі операциялар төмендегідей:
- кесу – дайындаманы кескіш станокта дискілі арамен кесу;
- фрезерлік-центрлеу – дайындаманы өлшемі бойынша кесу және центрлейтін тесіктерді бұрғылау. Біліктің ұзындығы үлкен болса, операцияны горизонталь-кескіш станоктарда орындайды;
- токарлық – припускімен ажарлайтын жерлерде шетмойын мен мойыншаларды өңдеу;
- фрезерлік – оймакілтектерді өңдеу горизонталь-фрезерлік станокта бөлгіш жабдықтар арқылы фрезерлеумен немесе оймакілтектік фрезерлік станокта кесумен жүргізіледі. Оймакілтектер, сонымен бірге тарту, суық таптау, жону тәсілдерімен де жасалады;
- ажарлау – шетмойын мен мойыншаларды айналдырып-ажарлау станоктарында ажарлайды, ал оймакілтектерді оймакілтектік фрезерлік немесе жазықажарлау станоктарында ажарлайды;
- бұрғылау – біліктер мен осьтердегі қасбеттік тесіктерді бұрғылау горизонталь-кескіш немесе радиалды-бұрғылау (детальдар ұзындығы өте ұзын болмаған жағдайда) станоктарында бұрғыланады.
Біліктер мен осьтердегі майлау тесіктері мен арналар жоңқалар мен кірден тазаланып тұруы тиіс.
Біліктердің
жанасқан цилиндрлік беттерін 6-шы немесе
8-ші квалитетке сәйкес дәлдікпен және
беттің кедір-бұдырлығының параметрлері
сәйкесінше
мкм және
мкм етіп орындалады.
Орташа көміртекті болаттан жасалған біліктерді 230...260 НВ қаттылыққа дейін термиялық өңдеуден өткізеді. Тозуға қарсылықты арттыру үшін төменкөміртекті болаттан жасалған біліктер мойыншаларын цементациядан, содан соң 50...60 НRC қаттылыққа дейін термиялық өңдеуден өткізеді.
