- •К1. Көлік техникасын өндіру бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •К2. Көлік техникасын жөндеу технологиясы бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •1.1. Бұйым, машина жасаудағы өндірістік және технологиялық үдерістер
- •1.2. Машиналар конструкцияларының технологиялылығы, детальдарды дайындаудың сапасы мен дәлдігі
- •1.3. Машина жасаудағы базалар және детальдарды базалау; технологиялық құрал-саймандар классификациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Айналу денелері типіндегі дайындамаларды өңдеу
- •2.2. Тесіктерді тесіп-кеңейту және ішкі беттерді өңдеу
- •2.3. Бұранданы кесу
- •2.4. Дайындамаларды фрезерлеу
- •2.5. Беттерді ажарлау
- •2.6. Металдарды кесіп өңдеуде қолданылатын майлау-салқындату сұйықтары
- •2.7. Өңдеу режимдері мен уақыт нормаларын есептеу
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Термиялық және химия-термиялық өңдеу
- •3.2. Детальдардың беттік қабаттарын механикалық беріктендіру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Білік және ось типтес детальдарды дайындау
- •4.2. Тежегіш шкивтерді механикалық өңдеу
- •4.3. Таспалы конвейерлердің барабандарын механикалық өңдеу
- •4.4. Жүріс дөңгелектерін механикалық және термиялық өңдеу
- •4.5. Жүк ілгіштерін механикалық өңдеу
- •4.6. Тісті дөңгелектерді механикалық және термиялық өңдеу
- •4.7. Пластмассалардан жасалған детальдарды дайындау
- •4.8. Базалық және корпустық детальдарды механикалық өңдеу
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Жинақтық өлшемдік тізбектер құру, жинау операцияларын нормалау
- •5.2. Детальдарды, тораптар мен агрегаттарды теңдестіру
- •5.3. Жинақтың технологиялық процестерін жобалау
- •5.4. Механизмдерді жинауға қойылатын жалпы талаптар
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Тербелу және сырғанау мойынтіректі машина детальдарын жинау
- •6.2. Көлік техникасының жүріс дөңгелектері, теңгергіштері және қозғалу механизмдері тораптарын жинау
- •6.3. Тісті, шынжырлы берілістерді, редукторлар мен беріліс қорабын жинау
- •6.4. Автоматты желілерде таспалы конвейерлердің аунақшаларын жинау
- •6.5. Крандар мен экскаваторлардың тіректік-бұрылу құрылғыларын жинау
- •6.6. Жинақ бірліктерінің технологиялық сынақтары
- •6.7. Машиналарды жинақтан соң сынау
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1 Жалпы мағлұматтар
- •7.2. Өндірістік роботтардың жіктелуі
- •7.3. Роботтарды аспаппен жабдықтау және олардың қолданылуы
- •7.4. Өнеркәсіп және құрылыс нысандарында аппаттарды жою бойынша жұмыстарды орындауға арналған мобильді роботтар
- •Бақылау сұрақтары
- •1.1. Машиналарды пайдалану сипаттамалары
- •1. 2. Машиналардың физикалық және моральдік тозуы
- •1.3. Детальдар тозуы
- •1.4. Детальдар тозуына әсер ететін факторлар
- •1.5. Детальдар тозуын анықтау әдістері
- •1.6. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылату әдістері
- •1.6.1. Үйкеліс жұптарының үйкелетін беттерінің материалдары
- •1.6.2.Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың конструктивті әдістері
- •1.6.3. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың технологиялық әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесінің жалпы қағидалары
- •2.2. Машиналарды техникалық күту мен жөндеу бойынша жоспарлау және материалды-техникалық қамтамасыз ету
- •2.3. Жөндеу өндірісін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары (стратегиялары)
- •2.4. Көлік техникасын жөндеу және өндірісті ұйымдастыру әдістерін талдау
- •2.6. Көлік техникасын техникалық күту мен жөндеу жұмыстарының негізгі нормативтік-техникалық құжаттары
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1. Көлік техникасын жөндеудің өндірістік процесінің жалпы сұлбасы
- •3.2.Көлік техникасын жуу-тазалау және майлау жұмыстарын ұйымдастыру
- •3.2.1.Тазалау-жуу (тжж) жұмыстарының технологиясы және жабдықтары
- •3.2.2. Тазалаудың физика-химиялық әдістері
- •3.2.3. Тазалаудың термиялық әдістері
- •3.2.4. Майлау жұмыстары
- •3.3. Машиналарды бөлшектеу мен детальдарды дефектациялауды ұйымдастыру
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Механикалық өңдеу арқылы жөндеу
- •4.2. Темірұсталық - механикалық және қысыммен өңдеу арқылы жөндеу
- •4.3. Балқыту және балқытып қаптастыру
- •4.4. Металдандыру арқылы жөндеу
- •4.5. Пайдалану орындарындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи пісіру жабдықтары
- •4.6. Детальдарды қалпына келтіруді ұйымдастыру
- •4.7. Детальдарды полимерлік материалдармен жөндеу
- •4.8. Детальдар мен жинақ бірліктерді дәнекерлеп қалпына келтіру
- •4.9. Детальдарды қалыпқа келтірудің оңтайлы әдісін таңдау
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Біліктер мен осьтерді жөндеу (топтық әдіспен)
- •5.2.Тісті дөңгелектерді, барабандарды және шығыршықтарды жөндеу
- •5.3. Жүріс дөңгелектерін, мойынтіректерді, тежегіштер мен муфталарды жөндеу
- •5.4. Конвейер таспаларын жөндеу
- •5.5. Шынжыртабан жүрісінің детальдарын жөндеу
- •5.6. Гидраликалық және пневматикалық жүйелердің детальдары мен тораптарын жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Көлік техникасының базалық детальдарын жөндеу
- •6.2. Машиналардың жұмыс және жүкқармағыш органдарын жөндеу
- •6.3. Металқұрылымдарды жөндеудің технологиялық үдерістері
- •6.4. Тойтармалық және болттық қосылыстарды жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Бақылау сұрақтары
1. Цилиндрлік беттерді өңдеудің қандай әдістерін білесіз?
2. Лимбті қолдану арқылы цилиндрлік беттерді өңдеудің қандай дәлдігіне қол жеткізуге болады?
3. Цилиндрлік беттерді қаралтым өңдеуде кескіштердің қандай типтері қолданылады, ал таза өңдеуде ше?
4. Сатылы біліктерді контуры бойынша жону әдісінің кішісериялы өндірісте қандай артықшылықтары бар?
5. Бұрғылардың негізгі геометриялық параметрлерін атаңыз.
6. Мойынсыз бұрғылардың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
7. Құйылған детальдарды өңдеу барысында үңгіні алып кету қашықтығын азайту мақсатында қандай шаралар орындалуы қажет?
8. Тесіктерді екі рет кеңейтіп тесу не үшін жасалады?
9. Кішісериялы өндірісте бұрандаларды жасау үшін қолданылатын кескіштер типтерін сипаттаңыз.
10. Фрезерлеудің негізгі түрлері мен сұлбаларының сипаттамаларын келтіріңіз.
11. Қисықсызықты ойықтар мен кемерлерді фрезерлеу қалай жүргізіледі?
12. Ажарлаудың қандай түрлерін білесіз? Олардың сипаттамаларын келтіріңіз.
13. Сыртқы және ішкі беттерді ажарлау қандай станоктарда жүргізіледі?
14. Металдарды кесіп өңдеуде МСС-тің рөлі қандай?
15. Операцияларды орындау уақыты қандай факторларға байланысты болады?
16. Даналық уақыт пен аспаптар саны аралығындағы байланыс қандай?
3-тарау. МАШИНА ДЕТАЛЬДАРЫН БЕРІКТЕНДІРЕТІН ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӘДІСТЕРІ
3.1.Термиялық және химия-термиялық өңдеу
Жалпы мағлұматтар. Машина детальдарының ұзақ мерзімді жұмыс істеуінің есептік мәндерін сақтау және оны жоғарылату мақсатында әртүрлі әдістер қолданылады: конструктивтік, технологиялық және пайдалану-жөндеу.
Конструктивтік әдістерге детальдардың қажетті қаттылығы мен серпімді қатаңдылығын, машина конструкциясына негізгі элементтердің тозуын компенсациялайтын құрылғыларды енгізуді, үйкеліс торабын сыртқы абразивті ортадан жасыруды қамтамасыз ететін әдістер жатады.
Технологиялық әдістер төмендегі тәсілдердің бірімен орындалуы мүмкін:
- қатты қорытпалармен балқыту;
- термиялық (беттік шынықтыру) және химия-термиялық (көміртектендіру, азоттау) өңдеу:
- жоңқасыз механикалық өңдеу (аунақшалармен таптау).
Болатты термиялық өңдеу. Термиялық өңдеуді құрылымды өзгерту және қажетті қасиеттер мен механикалық сипаттамаларды алу үшін жүргізеді.
Жасыту
– кіші дәнді перлитті құрылымды алу,
илемділікті жоғарылату, ішкі кернеулер
мен қақталманы жою үшін қолданылатын
термиялық өңдеу. Босаңдату кезінде,
мысалы,
болаттарды 9000-қа
шейін,
болаттарды 8400
С-қа
дейін қыздырады, одан соң біраз ұстап
тұрып, біртіндеп салқындату процесі
жүреді. Дәнді перлит болатты 680...7000
С-та
ұзақ уақыт қыздырып, сонан соң біртіндеп
салқындату жолымен алынуы мүмкін.
Қалыптандыру – болатты босаңдату температурасына дейін қыздыру және кіші дән алудағы босаңдатуға қарағанда жоғары беріктікті әрі қаттылықты болатты алу үшін ауада салқындату.
Шынықтыру
– 950
С-қа
дейін
қыздыру, беріктікті, қаттылықты, тозуға
төзімділікті жоғарылату үшін суда
немесе майда салқындату арқылы біраз
ұстап тұру. Ереже бойынша шынықтырудан
соң болатты босаңдату жүреді. Болаттың
әрбір типі мен маркасының өзінің
шынықтыру температурасы мен салқындату
сұйығы болады. Кейбір легірленген
детальдарды ауада да шынықтыра береді
Шынығу қабатының тереңдігі жоғары
температурада болатты ұстап тұру уақыты
мен оның шынығуына байланысты болады.
Шынықтыруда қаттылықтың жетіспеуі, жұмсақ орындар, қатты қызып кету, бұжырлану, сызаттар, пештің қышқылдану нәтижесінде көміртектің жетіспеуі секілді ақаулардың барлығы да технологияны дұрыс сақтамаудан және өңдеу ретін бұзудан келіп шығады.
Жұмсарту – шынықтырылған болатты 7230 С-қа дейін қыздырып, сонан соң ішкі шынықтыру кернеулерін азайту және созымдылық пен иілімділік қасиеттерін жоғарылату үшін жайлап салқындату, төменгі жұмсартуды 150-2500 С-та жүргізіп, сонан соң жайлап босатады. Бұл өңдеу болаттың қаттылығын кемітпестен тұтқырлығын жоғарылатады. Орташа жұмсарту жеткілікті тұтқырлық бола тұра жоғары серпімді қасиеттерді қамтамасыз ету мақсатында 350...4500 С температурада жүргізіледі, мысалы, серіппелер үшін.
Жоғары жұмсарту – 450...6500 С температурада жүргізіледі де, ол шынықтыру кернеулерін төмендетеді, беріктік пен тұтқырлықты жоғарылатады.
Беттік шынықтыру – қатты тозуға түскен көлік техникасы детальдары жоғары беттік қаттылыққа ие болуы тиіс. Осы қасиеттерді беру үшін детальдардың беттік шынықтыруын жоғары жиілікті токтар (ЖЖТ) арқылы жүргізу әдісі қолданылады. Ол детальдарды индуктор-катушка көмегімен жасалатын магнит өрісінде қыздырып, содан соң жайлап салқындату арқылы жүргізіледі.
Деталь конструкциясына байланысты ЖЖТ-мен шынықтыру төмендегі тәсілдің бірімен жүзеге асырылады:
- деталь қозғалмайтын немесе айналып тұрған жағдайда олардың барлық беттерін (үлкен емес беттер үшін) бір мезгілде қыздыру және шынықтыру.
- детальдің жекелеген участоктарын біртіндеп қыздыру және шынықтыру
- жылжытып отыру арқылы үздіксіз-тізбектей қыздыру және шынықтыру (ұзын өлшемді біліктер мен осьтер үшін қолданылады).
Берілген тереңдіктегі шыныққан қабатты алуға қажетті қыздыру режимі меншікті қуат пен қыздыру ұзақтығы арқылы келетін ток жиілігімен анықталады.
Қажетті жалпы ток қуаты (ЖЖТ генераторының) мына формуламен анықталады:
;
(3.1)
мұндағы,
- меншікті қуат, кВт/см2,
арнайы номограммалар көмегімен
анықталады;
-
шынығуға түсетін деталь бетінің ауданы;
- генератордың П.Ә.К-і.
Беттік шынықтыруға арналған детальдарды қыздыру температурасы болат маркасына тікелей байланысты болады. Көлік техникасын жасауда кеңінен қолданылатын болаттар үшін детальдардың қыздыру температурасы мен қыздыру жылдамдықтары 3.1-кестеде келтірілген.
3.1-кесте
Жоғары жиілікті токпен шынықтыру кезінде болат детальдарды қыздыру жылдамдығы және ұсынылатын температура
Болаттар маркалары |
Қыздыру температурасы, С |
Қыздыру жылдамдығы С /С |
40 |
900...940 |
380...400 |
45, Ст6 |
880...920 |
380...400 |
40Х |
940...980 |
380...400 |
Болат құрылымы мен қасиеттеріне жақсы әсер етуімен қатар, ЖЖТ-мен шынықтыру толықтай автоматтандыруға мүмкіншіліктері бар жоғары өнімділікті процесс болып саналады.
Болатты химия-термиялық өңдеу. Беріктендірудің химия-термиялық тәсілдерінің мақсаты детальдардың беттік қабаттарының қасиеттері мен химиялық құрамын өзгерту болып табылады. Химия-термиялық өңдеудің түрлері: газдық көміртектендіру, азоттау, циандау, алюминийлеу, хромдау, мырыштау, кадмийлеу және т.б.
Машина детальдарының беттік қабаттарының беріктігі мен тозуға төзімділігін арттыру өте маңызды, өйткені, біріншіден, тозудың барлық процестері беттік қабаттарда жүреді және деталь металдарының терең қабаттарын қамтымайды; екіншіден, беттік қабаттарда механикалық өңдеудің іздері қалып қояды (микросызаттар, күйіктер). Мысалы, абразивті ортада жұмыс істейтін детальдарды борлау мен азоттау олардың жұмыс істеу мерзімін 6-10 есе өсіреді.
Көміртектендіру дегеніміз болат детальдардың беттік қабаттарын көміртекпен қанықтыру болып табылады, бұл металдың қаттылығын, тозуға төзімділігін және қажу шегін жоғарылатады. Көміртектендіруге құрамындағы көміртектің үлесі 0,35%-ды құрайтын детальдар түседі. Көміртектендіру түрлері: қатты карбюратормен, газдық және сұйықтық көміртектендіру.
Көміртектендіру процесі аяқталған соң пештегі температураны біртіндеп 5000С-қа дейін төмендетіп, жәшіктерді шығарып, ауада салқындатады, детальдардың құрылымын жақсарту үшін (көміртектендіру кезінде дәндері іріленуі мүмкін) шынықтыру мен жұмсартуға жібереді.
Газдық көміртектендіру – құрамында көміртек (мысалы, СН4) немесе азот бар газдардың көмегімен беттік қабаттың өзгеруі, процестің өнімділігі тез өседі, механикаландыру мен автоматтандыру мүмкіндігі жоғары болады.
Азоттау – детальдің беттік қаттылығын, тозуға және тат басуға төзімділігін жоғарылату мақсатында беттік қабатты азотпен қанықтыру процесі.
Азоттауға құрамында хром, алюминий, вольфрам, молибден және басқа азотпен тез әрекеттесіп бірігетін элементтері бар легірленген болаттан жасалған детальдар қатысады (мысалы, қозғалтқыш цилиндрлерінің гильзалары, тістегеріштер, клапандар және т.б.). Азоттау 6500С-қа дейін қыздырылған электрпештерінде жүргізіледі.
Циандау – болат детальдар беттерін көміртек және азотпен бір мезгілде қанықтыру процесі. Азкөміртекті болаттарды көміртектендіру орнына қолданылады да, онымен салыстырғанда едәуір артықшылықтары бар: тозуға төзімділігінің, соққы жүктерге қарсылығының және процесс жылдамдығының жоғарылығы, т.б.
Алюминийлеу – іштен жану қозғалтқышының клапандары типтес детальдарды алюминийлеу процесі.
Хромдау – агрессивті ортада тозуға жұмыс істейтін детальдарды 900...11000С температурада хроммен қанықтыру процесі.
Мырыштау – атмосферада тот басуға төзімділікті жоғарылату мақсатында жүргізілетін процесс. Мырыш қабатының қалыңдығына байланысты мырыштауды әртүрлі тәсілмен жүзеге асырады:
- 0,02...0,03 мм қабатты алу үшін 440...4800С температурады 15...20 сек тоқтата тұрып, мырышқа қорытпа құю арқылы мырыштау;
- 0,03...0,06 мм қабатты алу үшін 350...4300С температурада 1...10 сағатта мырыш ұнтағында мырыштау;
- гальваникалық тәсілмен мырыштау. Бет қабатын мырышпен диффузиялық қанықтыру жүргізілетін алғашқы екі тәсілмен салыстырғанда, гальваникалық тәсіл жоғары берік қабат пен төменгі тот басуға төзімділік береді.
Кадмиймен жабу әдісі өзінің қорғаныс қасиеттері бойынша мырыштауға жақын болады. Бұл әдіс бұрандалық қосылыстар үшін ұсынылады. Кадмий қабатының қалыңдығы 0,003...0,015 мм құрайды.
