Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УП ЦБЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.27 Mб
Скачать

1.12 Сурет. Және болғанда икм сигналдың

энергетикалық спектрінің дискретті (а) және үздіксіз бөліктері (б)

Бұндай сигналдардың кемшіліктері:

1) жоғары жиілікті дискретті құраушылардың және спектрдың үздіксіз бөліктерінің үлкен қатысты қуаты. Бұл жекелеген тізбектер арасында байқалатын өтімді әсерлерге және символ аралық бұрмалануларға (бірінші жақты өтімді бөгеуілдер) әкеледі;

2) спектрдің үздіксіз бөлігіндегі төменгі жиілікті құраушыларының меншікті салмағының үлкендігі, бұл символ аралық бұрмалануларға және екінші жақты өтімді әсерлерге әкеледі.

Іс жүзінде жұмыс істейтін бағыттаушы орта (байланыс желісі), жолақты фильтрдың қасиетіне ие болады, яғни 0 ден дейін және - дан шексіздікке дейін төменгі жиіліктерді бермейді, бұл факт - аталған кемшіліктерді одан сайын тереңдете түседі. Байланыс желісімен сигналдарды бергенде, олардың жиілігінің спектрлерін шектеу символ аралық бұрмалануларды күшейтеді және ИКМ сигналды қабылдағанда және декодалағанда қателіктерге әкелуі мүмкін. Осы бұрмалануларды жою үшін ИКМ сигнал желілі цифрлық сигналға түрленеді, бұл сигналдың энергетикалық спектры байланыс желісінің беру параметрлерімен (сурет 1.10,б, 2 қисық сызық) ең тиімді түрде келісілген. Желілі цифрлық сигналдың құрылу процессі желілі кодалау деп аталады, ал цифрлық сигналдың ұсынылу формасы - желілі кода. ИКМ сигналдың кодасын желілі кодаға және кері түрлендіруді іске асыратын құрылғы беру трактысының (КТбер) және қабылдау трактысының (КТқаб) кода түрлендіргіші деп аталады.

1.3.1 ИКМ-АУБ цифрлық беру жүйесінің соңғы станциясының жалпы құрылымдық сұлбасы

Қарастырылған топтық ИКМ сигналдың құрылу кезеңдері (дискретизация, кванттау және кодалау) және оған сәйкес желілі цифрлық сигнал (желілі кодалау) соңғы станцияның жабдығымен іске асады.

Цифрлық арналар негізіндегі тоналды жиілік арналарын (ТЖА) құруға арналған ИКМ-АУБ цифрлық беру жүйесінің соңғы станциясының жалпы құрылымдық сұлбасы 1.13 суретінде көрсетілген. ИКМ-АУБ ЦБЖ негізгі функционалды түйіндері мыналар:

1) жеке АИМ тракт;

2) аналогты-цифрлық жабдық (АЦЖ);

3) уақыттық топ құрушы жабдық (УТЖ);

4) соңғы станциянығ желілі тракт жабдығы (СС-ЖТЖ).

АИМ жеке тракт аналогты сигналдың дискретизациясына немесе беруде сигналдың амплитудалы-импульсты модуляциясы және қабылдауда АИМ сигналдың демодуляциясы үшін арналған. АИМ жеке тракттың негізгі элементтері:

1) Ұзбер, Ұзқаб – сәйкесінше беру және қабылдау трактысының ұзартқыштары, олар арнаның және сигналдарды өңдеуде беру деңгейінің номиналды шамасын орнату үшін арналған;

2) ТЖКбер – беру трактысының төменгі жиілікті күшейткіші, ол кіріс аналогты сигналдың спектрі шектелгенде және оны дискретизациялағанда (амплитудалы-импульсты модуляция) болатын жоғалтуларын компенсациялау үшін арналған;

3) ТЖКқаб – қабылдау трактысының төменгі жиілікті күшейткіші, ол АИМ сигналдың демодуляциясы үшін арналған; Д-3,4 – беру трактысының төменгі жиілікті фильтры (ТЖФ), ол Найквист-Котельников теоремасының талаптарын орындау үшін және ТЖА тиімді берілетін жолағын құру үшін – кіріс аналогты сигналдың жиілік жолағын шектейді; Д-3,4 ТЖФ қабылдау трактысында АИМ сигналдың демодуляциясын іске асырады: АИМ сигналдың спектрінен бастапқы сигналдың спектрін бөліп алады; ААИМ – арналық амплитудалы-импульсты модулятор (дискретизатор) генераторлық жабдықтан ГЖ түсетін жүру периоды тең импульстардың периодты кезектілігімен аналогты сигналдың дискретизациясын іске асырады; АС - арналық селектор, көп арналы топтық АИМ сигналдан арналық жеке АИМ сигналды бөліп алуға арналған.

Беру трактысының аналогты-цифрлық жыбдығы - топтық ИКМ сигнал құру мақсатымен арналық сигналдарды (жеке АИМ-1 сигналдары) біріктіру құрылғысының АСБҚ шығысында пайда болған сигналдан топтық АИМ-1 сигналының цифрлық өңдеу процессін іске асырады.