Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УП ЦБЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.27 Mб
Скачать

4.7 Сурет. Екі талшықты бір жолақты бір кабельді тобж құрылу принципі

4.8 Сурет. Бір талшықты бір жолақты бір кабельді тобж құрылу принципі

б) бір талшықты бір жолақты бір кабельді ТОБЖ (сурет 4.8), еркшелігі бір оптикалық талшықты бір толқын ұзындығында екі бағытта сигналдарды беру үшін қолдануы.

4.8 суретте жоғарыда қабылданған қысқартуларға келесі қосылды: ОШҚ – оптикалық шешуші құрылғы, ол жарықтық толқындардың поляризациясын немесе оптикалық сәулелендіру бағытталатын толқын типтері бойынша бөлуді іске асырады.

в) бір талшықты екі жолақты ТОБЖ, мұнда беру бір бағытта оптикалық сәулелену толқының ұзындығында жүргізіледі, ал басқа бағытта ; беру бағыттарының бөлінуі бағыттаушы оптикалық фильтрлердің (ОФ) көмегімен іске асады, олар опткиалық сәуелену толқынының сәйкес ұзындығына реттелген.

Мұндай әдіспен екі жақты байланыс ұйымдастырудың жалпы сұлбасы 4.9 суретте көрсетілген, мұндағы - бағыттаушы оптикалық фильтрлер.

5) тағайындалуы және беру қашықтығы бойынша ТОБЖ келесідей бөлінеді:

а) магистралдық ТОБЖ, олар хабарларды мың килосетрге беру үшін арналған және олар республика орталықтарын өзара және республиканың шеткі аймақтарын жалғайды;

б) аймақтық ТОБЖ, олар республиканың, аймақтың, облыстың әкімшілік шегінде байланыс ұйымдастыруға арналған және олардың қашықтығы 600 км. шейін болуы қажет;

в) жергілікті торап үшін ТОБЖ, олар қалалық және ауылдық телефондық тораптарда станция аралық жалғау желілірен ұйымдастыруға арналған;

г) ақпарат таратуға арналған ТОБЖ, олар есептеуші машиналар арасындағы байланысты ұйымдастыруды, локальды компьютерлік тораптарды және кабельдік теледидар тораптарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

д) оптикалық талшықты тығыздау әдістері бойынша, оның негізінде мультиплексорлау процессі жатыр, яғни жарықтық сәулеленудің бірнеше ағынын бір уақытта беру, олар спектральды тығыздайтын ТОБЖ немесе толқын ұзақтығын (wavelength - division multiplexing, WDМ), бұл кезде бір оптикалық талшықпен бір уақытта бірнеше спектральды таралған оптиалық тасымалдаушылар беріледі, олардың әр қайсы сәйкес арна құрушы жабдықпен құрылған көп арналы сигналмен модуляцияланады.

4.9 Сурет. Бір талшықты екі жолақты бір кабельді тобж құрылу принципі

Бұндай жүйелердің құрылу мүмкіндігі ОТ өшу коэффициентінің оптикалық тасымалдаушыдан тәуелдігінде негізделеді.

ЦТОБЖ беру жүйесінің соңғы жабдығының жалпы құрылымдық сұлбасы 4.10 суретте көрсетілген. Аталған сұлбада әр түрлі жалпы цифрлық ТОБЖ негізгі құрылғылары көрсетілген, бұл құрылғылар желімен берілетін сигналдың құрылуын, берілуін және қабылдануын қамтамасыз етеді. Басқару және бақылау жабдықтары блок – сұлбаға кірмеген.

4.10 Сурет. Тобж жалпы құрылымдық сұлбасы

Сұлба құрамына келесі блоктар кіреді: 1 – кіріс сигналды ИКМ – кезектілікке түрлендіру блогы (арна құрушы блок), бұл блок барлық қажетті түрлендіруді іске асырады: дискреттеу, кванттау, желілі (немесе қажет болса желісіз) кодалау және қатеге тұрақты кодалау; 2 – талап етілетін PDH иерархиясының компонентті сигналдардың (фреймдар/трибтар) уақыттық топ құру жабдығының блогы; 3 – барлық қажетті функцияларды іске асыратын, SDH уақыттық мультиплексорлауға түсетін, компонентті (трибті) сигналдардың интерфейсті блогы; 4 - SDH мультиплексорлау блогы, бұл блок аталған иерархияда STM-N талап етілетін модулінің логикалық құрылуын іске асырады; 5 - оптикалық интерфейсті блок, бұл блок логикалық импульсті кезектілікті STM-N (заголовкалардың құрылуы үшін қажетті барлық түрлендірулерді іске асырады: секциялық, мультиплексті және жолдық (тракттық), және интерфейстік кодалау; 6 - беруші блок, барлық қажет түрленулерді іске асырады, сонымен қатар тасымалдаушы сәулеленудің (лазердің) бастауының модуляциясын және желілі кодалауды іске асырады; 7 – толқындық мультиплексорлау блогы WDM (міндетті емес блок), егер қажеттілік туындаса көп арналы толқындық кезектілік құрады; 8 – қуатты оптикалық күшейткіш (бустер) ҚК (міндетті емес блок), қажетті қуатты құруға мүмкінідк беретін, опткиалық цифрлық кезектіліктің қажетті деңгейге шейін күшейтілуін қамтамасыз етеді; 9 – оптикалық желілі күшейткіш ЖК (міндетті емес блок), ол регенерация телімінде сигналдың оптикалық күшеюін іске асырады; 10 – оптикалық күшейткіш алды (міндетті емес блок), ол қабылдау соңында кіріс сигналдың күшеюін іске асырады және қажет уақытта қосымша күшейткіш ретінде қолданылады; 11 - демультиплексор WDM, егер ТОБЖ сұлбасында толқындық мультиплексорлау қолданылса; 12 – оптикалық қабылдағыш – сигналдың қабылдануын, яғни берушіге кері функцияларды атқаратын блок, және қосыцмша функциялар атқарады, мысалы егер WDM технологиясы қолданылса, оптикалық тасымалдаушы фильтрленуін іске асырады; 13 - оптикалық интерфейстік блок, STM-N модуліне эквивалентті физикалық кезектілікті логикалық импульсті кезектілікке түрлендіреді (5 блокқа қатысты талап етілетін, интерфейсті коданың декодалануы бойынша барлық түрлендірулерді іске асырады; 14 - SDH демультиплексорлау блогы, ол STM-N модулінің импульстік кезектіліктерінің логикалық декомпозициясын және PDH иерархиясының талап етілетін деңгейінің компонентті сигналдарын (трибтарын) бөлуді іске асырады (яғни, 4 блокта болатын, түрлендірулерге кері түрлендірулерді іске асырады); 15 – компонентті (трибты) сигналдардың интерфейсті, 3 блокта іске асатын барлық қажетті функцияларға және түрлендірулерге кері операциялар іске асады; 16 – қабылданған PDH деңгейінің топтық сигналын (фрейм/триб) қажеттіге шейін бөлінуі, мысалы Е1, және қажетті тайм –слотты бөлу (яғни 2 блоктағы түрлендірулерге кері); 17 – ИКМ – кезектілігін шығыс сигналға түрлендіру блогы, ол барлық қажетті кері түрлендірулерді іске асырады: қатеге қарсы тұрақтылық және дискреттелген квантталған және кодаланған сигналды қалпына келтіру (яғни 1 блоктағы түрлендірулерге кері).

Дуплексті беру үшін екі соңда да қабылдау - беру операцияларын іске асыруға қажетті жабдықтың екі комплектісі болуы қажет.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. АУБ-ИКМ ЦБЖда қолданылатын, синхросигнал қабылдағыштарын, қандай белгілер бойынша бөлуге болады?

2. Қолданылатын элементтер сипатына байланысты синхросигнал қабылдағыштарының түрлері?

3. Синхросигналдың дискретті қабылдағыштарының сигнхронизм жағдайын іздеу алгоритмі бойынша түрлері?

4. Іздеу процессінде қателікті фиксациялауда жылжу тактыларының санына байланысты синхросигнал қабылдағыштарының түрлері?

5. Синхросигнал құрылымына байланысты синхросигнал қабылдағыштарының түрлері?

6. Жұмыс істеу принциптері ақпараттық және синхрондаушы сигналдардың статистикалық қасиеттерінің айырмашылығын табуда негізделген синхросигнал қабылдағыштарының түрлері?

7. Беру циклында символдарды тарату бойынша синхросигнал түрлерін атаңыз?

8. Циклды бір разрядқа бөгейтін және бір разрядты жылжуы бар қабылдағыштың құрылымдық сұлбасының жұмысын түсіндіріңіз?

9. Синхротопты анықтағыштың құрылымдық сұлбасының жұмысын түсіндіріңіз?

10. Синхротопты анықтағыштың құрылымдық сұлбасындағы анализатордың тағайындалуы