Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УП ЦБЖ.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.27 Mб
Скачать

3.11 Сурет. Толық бейімделген синхросигнал қабылдағышының құрылымдық сұлбасы

Бұндай қабылдағыштар барлық жаңа АУБ ИКМ - ЦБЖ қолданылады.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары

1. Регенераторлардың тағайындалуы

2. Цифрлық желілі тракттың ЦЖТ құрылымдық сұлбасындағы трансформаторлардың тағайындалуы

3. Цифрлық ИКМ сигналдың энергетикалық спектрін сипаттаңыз

4. Цифрлық желілі сигналдардың кемшілігі

5. ЦЖТ символ аралық бұрмаланулардың пайда болу себебі

6. ЦЖТ 1-жақтың символ аралық бұрмаланулары деп қандай бұрмалануларды атайды?

7. ЦЖТ 2- жақтың символ аралық бұрамаланулардың пайда болу себебі?

8. ИКМ-АУБ ЦБЖ беруші және қабылдаушы станцияларының жұмысы келісулі болуы үшін, қандай жағдайларды қамтамасыз ету қажет?

9. ЦБЖ қандай синхрондау түрлері қолданылады?

10. Тактылы синхрондаудың тағайындалуы

4. Электрлік және оптикалық кабельдер бойынша цифрлық беру жйелерінің желілі трактысын ұйымдастыру

4.1 Негізігі түсініктер және анықтамалар. Желілі тракттың құрылымы және оның негізгі параметрлері

Бір АУБ-ИКМ ЦБЖ шегінде электробайланыс сигналдарының НЦА номиналды санымен анықталатын, жылдамдықпен берілуін қамтамасыз ететін техникалық құрылғылардың кешенін цифрлық беру жүйесінің желілі трактысы деп атайды (ары қарай цифрлық желілі тракт ЦЖТ).

ЦБЖ арна құрушы жабдығымен құрылған топтық цифрлық сигнал электрлік (симметриялы және коаксиалды) және талшықты - оптикалық кабельмен, радиорелелі және спутниктік беру жүйелерімен берілуі мүмкін. Электрлі және оптикалық кабельдермен жұмыс істейтін цифрлық желілі тракт, 4.1 суретте көрсетілген, құрылымдық сұлба бойынша құрылады.

4.1 Сурет. Цифрлық желілі тракттың цжт құрылымдық сұлбасы

Цифрлық желілі тракт соңғы пункттың беруші және қабылдаушы жабдығынан, бағыттаушы орта телімдерінен, регенерациялық пункттарда орналастырылатын, желілі регенераторлардан тұрады, олар қызмет көрсетілетін ҚКРП және қызмет көрсетілмейтін ҚКМРП болуы мүмкін. Қызмет көрсетілмейтін пункттардың электроқоректенуі қызмет көрсетілетін пункттардан дистанциялық іске асады, олар бұдан басқа ЦЖТ негізгі параметрлерінің бақылауын және ҚКМРП жабдығының жағадйының бақылауын іске асырады.

ҚКМРП арасындағы аралық регенерациялық телім деп аталады, ал ҚКРП арасындағы аралық дистанциялық қоректендіру секциясы деп аталады. Берудегі кода түрлендіргіші көмегімен желілі цифрлық сигналды ЖЦС құру үшін және қабылдаудағы кода түрлендіргішінің көмегімен қабылдау станциясында кері түрлендіруді іске асыру үшін желілі тракт жабдығы қолданылады.

Регенераторлар импульстердің бірінші формасын қалпына келтіруге арналған: олардың амплитудасын, ұзақтығын, уақыттық орналасуын. Импульстердің бұл параметрлері өшулікке, әр түрлі бұомалануларға және бөгеуілдердің әсеріне ұшырауы мүмкін. ЖЦС импульстерінің формасының өзгеру бастауы кабельдік желі және станциялық жабдықтың келістіру құрылғысының кіріс кедергісі және кабельдік жұптың толқындық кедергісі болуы мүмкін.

Регенерациялық телімді желілік төрт полюстік ретінде қарастыруға болады, оның амплитудалық – жиіліктік және фазалық – жиіліктік сипаттамалары кабельдің беру параметрлерімен және келістіру құрылғысының параметрлерімен анықталады. Кабельдің өшулігі жиілік ұлғайған сайын өседі, бұл өз кезегінде ЖЦС жоғарыдан энергетикалық спектрінің шектелуіне және бұрмалануына әкеледі. Бірақ әр регенерациялық телімнің өткізу жолағы жоғарыдан ғана емес төменнен де шектеледі. Жолақтың төмменнен шектелуі регенерациялық телім құрылымында трансформатор болуымен түсіндіріледі. Бұл трансформаторлар соңғы станцияның және регенераторлар аппаратураларының жерге қатысты теңдестірілмеген кіріс қысқыштарынан симметриялы кабельдік жұптарға өтуіі үшін арналған. Бұл трансформаторлар ЖЦС энергетикалық спектрінің тұрақты құраушыларын өткізбейді және төменгі жиілікті құраушыларын әлсіретеді.

Соңғы пункттың желілі тракт жабдығының шығысындағы цифрлық ИКМ сигнал c(t) амплитудасы және ұзақтығы тұрақты бір полярлы импульстердің және пробелдердің (нольдердің) кездейсоқ кезектілігін ұсынады. Бұндай сигналдың энергетикалық спектрін, кез келген кодалық топта бірлердің және нольдердің пайда болуының априорлы ықтималдығы жағдайында және жеке символдардың бір бірінен тәуелсіздік жағдайында келесі формада ұсынуға болады:

, (4.1)

мұндағы Т- периодты кезектілік үшін импульстердің жүру периоды; - импульс ұзақтығы; - энергетикалық спектрдің үздіксіз бөлігінің формасын анықтайтын, бірлі импульстің спектральды тығыздығының модулі; - импульс амплитудасының орташа мәні және - оның дисперсиясы. Тік бұрышты импульстердің кезектілігінің энергетикалық спектрі 4.2 суретте көрсетілген.