Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УП ЦБЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.27 Mб
Скачать

1.3 Сурет. Жеке аим тракттың функционалды сұлбасы

Сұлба жұмысы келесідей жүреді. АИМ тракттың кірісіне біріншілік (қатысты түрде кең жолақты) сигналы түседі. ТЖА тиімді берілетін жиілік жолағын құру үшін және Найквист – Котельников теоремасының шарттарын қанағаттандыру үшін біріншщілік сигналдың жиілік жолағы төменгі жиілікті фильтрмен (ТЖФ) шектеледі. Одан ары спектры бойынша шектелген сигнал төменгі жиілікті күшейткішке (ТЖК) түседі, ТЖК сигнал қуатының оның спектр шектелуінен кейін, дискретизация процессінен кейін және АИМ-1, АИМ-2 түрлендірулерден кейін пайда болған әлсіреуін толықтырады. ТЖК шығысында сигналын аламыз, бұл сигналдың параметрлері оның берудегі дискретизация және қабылдаудағы демодуляция талаптарын қанағаттандырады. ТЖК шығысынан сигналы арналық амплитудалы-импульсты модуляторға (ААИМ) немесе дискретизаторға түседі, дискретизатьордың басқа кірісіне арналық импульстар таратқышынан (АИТ) ТИПК түседі, ТИПК тактылы жиілігімен немесе периодымен жүреді. ААИМ шығысында дискретті сигналды аламыз (1.1 - сурет). Одан кейін жеке арналық АИМ сигналдар жалпы топтық (көп арналы) АИМ сигналға біріктіріледі және ЦБЖ беру трактысына түседі. ЦБЖ беру трактысының шығысында топтық АИМ сигналдан, АИТ түсетін, ТИПК басқарылатын арналық селектордың АС көмегімен әр арнаға сәйкес келетін, жеке АИМ сигнал бөлінеді. ТЖФ көмегімен оның демодуляциясы іске асады (1.2 - сурет). ТЖФ шығысынан үздіксіз сигнал ТЖК түседі, ол арнаның шығысында сигналының номиналды мағынасын қамтамасыз етеді.

Дискретизация, демодуляция және арналардың уақыт бойынша бөліну процесстерін 1.4 - сурет бейнеледі.

Түсінуге оңай болу үшін, тек қана үш арна көрсетілегн, оларға сигналдары түседі. Төменгі жиілікті фильтрдан ТЖФ және төменгі жиілікті күшейткіштен ТЖК өткеннен кейін бұл сигналдар сигналдарына түрленеді, олар Найквист – Котельников теоремасының талаптарына толықтай жауап береді (1.3 - сурет).

1.4 Сурет. Жеке аим тракттың жұмыс істеуінің уақыттық диаграммалары

Әр арнаның амплитудалы-импульсты модуляторларына (ААИМ) арналық импульс таратқышынан АИТ дискретизация жиілігінің импульстарының периодты кезектілігі түседі (1.5 - сурет).

1.5 Сурет Генераторлық жабдықтың жұмысының уақыттық диаграммасы

Арналық амплитудалы-импульсты модуляторлардың және арналық селекторлардың жұмысын басқаратын, импульстардың периодты кезектілігі берудің және қабылдаудың генераторлық жабдығымен құрылады. ГЖ құрамына келесі элементтер кіреді: беруші генератор БГ, ол импульстардың периодты кезектілігін құрайды (сурет 1.5); арналық импульстардың таратқышы (АИТ), ол 1-ші, 2-ші және т.б. N-шы арналардың импульстардың периодты кезектілігін құрайды, олар бір біріне қатысты қорғаныс интервалына жылжыған, бұл қорғаныс интервалы арналық амплитудалы-импульсты модуляторларды және арналық селекторларды басқаруға қажет (1.4 - сурет).

Әр арнаның ААИМ шығысында (1.3 - сурет) АИМ-1 сигналдары құрылады, олар АИМ-2 сигналдарына түрлендіріледі және топтық (көп арналы) АИМ сигналға біріктіріледі, біріктірілген сигнал топтық АИМ тракт бойынша беріледі. Арналық амплитудалы-импульсты модуляторлардың және арналық селекторлардың синхронды жұмысын қамтамасыз ету үшін берудің топтық трактына синхроимпульстар СИ енгізіледі. СИ құру, яғни оған сәйкес белгілер беру (амплитуда, ұзақтық) синхросигналды берушімен Бер.СС іске асады. Қабылдау бөлімінде синхросигналды топтық АИМ сигналдан бөліп алуды синхросигналды қабылдаушы Қаб.СС іске асырады. Қаб.СС шығысындағы сигнал берудегі генераторлық жабдықты ГЖбер қабылдаудағы генераторлық жабдықпен ГЖқаб синхрондайды.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1. Цифлық беру жүйесі дегеніміз не?

2. Цифрлық типті тракт

3. Цифрлық желілі тракт

4. Цифлық беру жүйесінің классификациясы

5. Арналардың бөліну принципі бойынша цифрлық беру жүйелері

6. Арналық сигналдарды құру әдісі бойынша цифрлық беру жүйелері

7. Цифрлық ағындарды біріктіру әдісі бойынша цифрлық беру жүйелері

8. Электробайланыс сигналдарын тарату ортасы бойынша цифрлық беру жүйелері

9. Біріншілік торап құрамында цифрлық беру жүйесінің алатын орны бойынша

10. Негізгі цифрлық арна саны бойынша