Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УП ЦБЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.27 Mб
Скачать

2.3 Сурет. Пци әр түрлі стандарты үшін

цифрлық ағындарды мультиплексорлау сұлбасы

Іс жүзінде DSJ3 деңгейі ЕЗ деңгейіне сәйкес келеді, бұл екінші деңгейден үшінші деңгейге кросс-мультиплексорлауды жеңілдетеді.

ПЦИ негізін Е1 және DS1 ағындары құрайтындықтан, олардың уақыттық құрылымы немесе уақыттық спектрі қарастырылады.

2.1.3 Е1 біріншілік цифрлық ағынынның циклының құрылуы

Біріншілік цифрлық ағын аса циклдардың, циклдардың, арналық интервалдардың (АИ) және тактылық интервалдардың (ТИ) негізінде құрылған. Арналық интервал – бір кодаланған санау берілетін, уақыт, тактылық интервал – коданың бір разряды – ноль және бір (0/1 белгісі берілген тактылық интервалды кездейсоқ сигналдың берілуіне сәйкес келеді) берілетін, уақыт.

Берудің аса циклы (АЦ) сигналдық арнаның (СА) және апаттық сигналдауды (аса циклдық немесе циклдық синхрондауды жоғалту) беру арнасының әр санауы берілетін уақыттың минималды интервалына сәйкес келеді.

32 арналық интервалдың жиынтығы беру циклын Ц құрайды, оның ұзақтығы 125 мкс тең және дискретизация периодына сәйкекс келеді. Біріншілік цифрлық ағынның отыз телефондық арнаның басқару және әрекеттесу сигналдары берілетін 16 циклы (Ц0 ден Ц15 дейін) аса циклды құрайды АЦ, оның ұзақтығы .

Жоғарыда айтылғандай, әр цикл ұзақтығы тең, 32 арналық интервалға бөлінеді. Оның ішінде 30 интервалдар (АИ1 - АИ15 және АИ17 АИ31) негізгі цифрлық арна бойынша (НЦА) сигналдарды беруге арналады. Әр арналық интервал АИ сегіз разрядты интервалдан тұрады - РИ-1, 2, 3, ..., 7, 8, ол разрядтардың ұзақтығы тең. Разрядты интервалдың жартысы бірлікті – ұзақтығы тең тік бұрышты импульсті берумен толықтырылады. Нольді бергенде разрядты интервалда импульс болмайды. Жұп циклдарда АИ0 интервалдары циклдық синхросигнал - ЦСС беруге арналады, ол мына түрде болады 0011011 және 2 – 8 разрядты интервалдарда орналасады. Барлық циклдардың X бірінші разрядты интервалдарында тұрақты жұмыс істейтін дискретті ақпарат беру (ДАБ) арнасының ақпараттары беріледі (2.4 сурет).

2.4 Сурет. Е1 біріншілік цифрлық ағынның циклының және аса циклының құрылымы

Циклдың тақ 3-ші (А) және 6-шы (З) разрядты интервалдары циклдық синхрондауды (ЦС апаты) жоғалту туралы ақпаратты беруді және арнаның қалдықтық өшулігін бақылауын қамтамасыз етеді. 4, 5, 7 және 8 разрядты интервалдары бос болады ), оларды тактылы жиілікті бөлгіштің жұмысын жақсартатын бірлік сигналдармен толтырады.

Нольдік циклдың (Ц0) АИ16 интервалында 0000 (1 – 4 - разрядты интервалдары) түрі бар синхрондаудың аса циклдық сигналы беріледі, және аса циклдық синхрондауды жоғалту (6-шы разрядты интервал У АЦС апаты) туралы сигнал беріледі. Басқа циклдардың 1 - Ц15) арналық интервалдарында АИ16 АТС аспаптарын басқару және әрекеттесу сигналдары (БӘС) беріледі, 1-ші және 2-ші разрядты интервалдардың Ц1 - Ц15 позицияларында 1 – 15 тоналды жиілік арналарының сигналдары беріледі, 5-ші және 6-шы интервалдардың позицияларында 17-31 арналарының сигналдары беріледі және т.б. 3, 4, 7 және 8 разрядтары бос болады, бірақ әр түрлі тағайындалудағы қызметтік арналарды ұйымдастыру үшін қолданылуы мүмкін.

Циклда симолдар немесе байт орналасады. Ең жалпы жағдайда цифрлық ағынның жылдамдығы, келесі формуламен есептелуі мүмкін:

(2.1)

Е1 ағыны үшін жылдамдық мынаған тең:

.