Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УП ЦБЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.27 Mб
Скачать

2.1 Сурет. Цифрлық беру жүйелерінде цифрлық ағындарды символ бойынша

біріктіретін циклды беру құрылымы

Символ бойынша біріктіруде біріктірілетін ағындардың цифрлық сигналдарының импульстері қысқартылады және босаған интервалдарда басқа енгізілетін ағындардың импульстері орналасатындай етіп уақыт бойынша таратылады.

2.2 Сурет. Цифрлық беру жүйелерінде цифрлық ағындарды арна бойынша

біріктіретін циклдың құрылымы

Цифрлық ағындарды арна бойынша немесе жүйе бойынша біріктіру кезінде кодалық топтарға немесе циклдарға бөлінетін, уақыт бойында интервалдар тарылады және таратылады. Синхросигнал қабылдау соңындағы цифрлық ағындардың дұрыс таралуы үшін қажет. Қазіргі кезде ЦБЖ иерархиясының екі түрі қабылданған:

- плезиохронды цифрлық иерархия (ПЦИ) немесе Plesiochronous Digital Hierarchy (PDH), мұнда цифрлық ағындардың символ бойынша біріктірілуі қабылданған;

- синхронды цифрлық иерархия (СЦИ) немесе Synchronous Digital Hierarchy (SDH), мұнда байт бойынша біріктіру қолданылады (агрегатты цифрлық ағында кезекпен байттар беріледі – біріктірілетін ағыындардың сегіз разрядты символ топтары). Біріктірудің бұндай әдісін қолдану, СЦИ беру жүйелері үлкен жылдамдықты ЕЭМ бірдей жалпы элементтік база қолданылуымен анықталады. Өйткені ЕЭМ ақпаратты өңдеу байт бойынша іске асады.

ЦБЖ иерархиялық құру принципі арна құрушы жабдықты сәйкестендіруге; өндіру процессін жеңілдетуге; сәйкес жабдықты енгізуді және оның техникалық пайдалануын жеңілдетуге және жалпы телекоммуникациялық тораптардың және жүйелердің техникалық – экономикалық көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік береді.

ЦБЖ құруда бастапқы ретінде жылдамдығы 64 кбит/с негізгі цифрлық арнаның НЦА (немесе DSO - Digital Signal of level 0) сигналы қолданылады.

2.1.2 Pdh цифрлық ағындарды біріктіру

Плезиохронды цифрлық иерархияға, өткен ғасырдың 80-шы жылдарында пайда болған жылдамдықтың үш стандарты кіреді.

Бірінші стандарт, солтүстік америкалық деп аталады (АҚШта және Канадада қабылданған), мұндағы біріншілік цифрлық ағынның БЦА (немесен DS1 -Digital Signal of level 1) жылдамдығы 1544 кбит/с тең болып таңдалған, ол 24 DS0 (НЦА) сәйкес келеді.

Екінші стандарт, Жапонияда қабылданған, солтүстік америкалық стандарттағы біріншілік цифрлық ағынның жылдамдығын қолданады, яғни DS1.

Үшінші стандартта, Европада және оңтүстік Америкада қабылданған, біріншілік цифрлық ағынның БЦА жылдамдығы 2048 кбит/с тең болып таңдалған, бұл 32 НЦА сәйкес келеді. Іс жүзінде 30 НЦА плюс жылдамдығы 64 кбит/с тең екі арна (БӘС және циклдық синхрондау) қолданылады.

ПЦИ бірінші стандартына жылдамдықтардың келесі кезектілігі кіреді: 1544 (немесе DS1) - 6312 (немесе DS2) - 44736 (немесе DS3) -274176 (немесе DS4) кбит/с (дөңгелектегенде: 1,5-6-45-274 Мбит/с). Бұндай кезектілік мультиплексорлау коэффициентінің келесі қатарына сай келеді: п — 24 - DS0 24 сигналынан DS1 сигналын құру үшін, т - 4 - төрт DS1 сигналынан DS2 сигналын құру үшін, 1 = 7 – төрт DS2 сигналынан DS3 сигналын құрцу үшін және к = 6 – алты DS3 сигналынан DS4 сигналын құру үшін. Берілген ПЦИ стандарты 24, 96, 672 және 4032 - DS0 (немесе НЦА) арналарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. DS1 - DS2 - DS3 - DS4 цифрлық сигналдардың деңгейлері сәйкесінше біріншілік цифрлық арна (ағын) – БЦА(Ағ), екіншілік цифрлың арна - ЕЦА(Ағ), үшіншілік цифрлық арна - ҮЦА(Ағ) және төртіншілік цифрлық арна – ТЦА(Ағ) деп аталады.

1544 кбит/с жылдамдығынан туындаған, ПЦИ екінші стандарты 1544 (немесе DS1) - 6312 (немесе DS2) - 32064 (немесе DSJ3) -97728 (немесе DSJ4) кбит/с (шамалардың жақындатылған қатары мынаны құрайды 1,5 - 6 -32 - 98 Мбит/с) кезектіліктерін береді. Берілген стандарт үшін мультиплексорлау коэффициенті сәйкесінше мыналарға тең п = 24, т = 4,1 = 5,к = 3. Аталған иерархия 24, 96, 480 және 1440 - DS0 арналарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұндағы DSJ3 және DSJ4 сигналдары жапондық ПЦИ 3-ші және 4-деңгейлерінің цифрлық арналары (немесе ағындары) деп аталады.

2048 кбит/с жылдамдығына негізделген ПЦИ үшінші стандарты, 2048 кезектілігін туындатады (немесе Е1: біріншілік цифрлық арна (ағын) -8448 (немесе Е2: екіншілік цифрлық арна (ағын) - 34368 (немесе ЕЗ: үшіншілік цифрлық арна - ағын) - 139264 (немесе Е4: төртіншілік цифрлық арна (ағын) - 564992 (немес Е5: бесіншілік цифрлық арна (ағын) кбит/с немесе жақындатылған шамамен 2 - 8 - 34 - 140 - 565 Мбит/с, бұл келесі мультиплексорлау коэффициенттеріне сәйкес келеді п = 30, т = 1 және к = 4. Бұл стандарт европалық деп аталады және сәйкесінше 30, 120, 480, 1920 және 7680 НЦА беруге мүмкіндік береді, әдетте бұл цифрлық беру жүйелерінің аттарына саә келеді: ИКМ-30 (немесе Е1 ағыны), ИКМ-120 (Е2 ағыны), ИКМ-480 (ЕЗ ағыны) және ИКМ-1920 (Е4 ағыны). ПЦИ әр түрлі стандарты үшін цифрлық ағындарды мультиплексорлау сұлбасы 5.3 суретте көрстілген.

ПЦИ үш әр түрлі стандартының параллельді дамуы жаһандық телекоммуникациялық тораптардың дамуын баяулатты, сондықтан телекоммуникация бойынша Электробайланыстың Халықаралық Кеңесінде (ЭХК-Т) оларды сәйкестендіру және біріктірілу мүмкіндігі жайында қадамдар жасалды. Нәтижесінде стандарт әзірленді, оған сәйкес:

1) ИКМ және арналары уақыт бойынша бөліну әдістерін құруда негізгі ретінде ПЦИ бірінші стандартының үш бірінші деңгейлері (DS1-DS2-DS3), екінші стандарттың төрт деңгейі (DS1-DS2-DSJ3-DSJ4) және үшінші стандарттың төрт деңгейі (Е1-Е2-ЕЗ-Е-4) стандартталды;

2) стандарттардың кросс – мультиплексорлау сұлбалары ұсынылды, мысалы үшінші стандарттан біріншіге (бірінші деңгейден екіншіге) және кері (үшінші деңгейден төртіншіге), бұл 2.3 суретте көрсетілген (мультиплексорлау коэффициенттері беру жылдамдығын көрсетітін, блоктарды байланыстыратын сызықтарда көрсетілген);

3) екінші стандартта 32064...97728 кбит/с (дөңгелектегенде 32...98 Мбит/с) өзектері сақталған, яғни DSJ3 және DSJ4 деңгейлері, олар бірінші стандарттың DS3 деңгейіне және үшінші стандарттың Е4 деңгейіне параллель болады.