Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УП ЦБЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.27 Mб
Скачать

1.4.4 Жиілік бөлгіштері

Әр түрлі тағайындалуы бар (разрядты, арналық, циклдық және аса циклдық) бөлгіштердің сұлбасы есептеуіш, регистрлер, дешифраторлар және т.б. логикалық сұлбалардың негізінде оңай іске асады.

триггерлеріндегі үш разрядты екілік есептеушіні қолданатын разряд бөлгішінің РБ (для ) функционалды сұлбасы 1.19,а суретте көрсетілген.

Бұндай РБ сегіз триггерден тұратын сақиналы есептеуші қолдану арқылы да іске асыруға болады 1.19,б сурет. Ұқсас әдістермен басқа да бөлгіштерді іске асыруға болады. Іс жүзінде бірінші нұсқа ең көп қолданысқа ие, өйткені бұл нұсқада аз триггерлер қолданылады.

1.19 Сурет. Разряд бөлгіштерінің функционалды сұлбасы

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Кодалық қашықтық түсінігі

2. Кода артықтығы

3. Кодалық комбинацияның диспаритеттігі

4. Қателіктерді анықтау

5. Қателіктерді түзету

6. Цикл деп нені айтады?

7. Топтық ИКМ сигнал деп нені айтады?

8. Дискретизация периоды деген не?

9. Аналогты цифрлық жабдық

10. Уақыттық топ құрушы жабдық

2. АУБ-ИКМ ЦБЖ УАҚЫТТЫҚ ТОП ҚҰРУ НЕМЕСЕ МУЛЬТИПЛЕКСОРЛАУ

2.1 Pdh цифрлық ағындарды біріктіру әдістері

2.1.1 АУБ-ИКМ ЦБЖ иерархиялары және стандарттары

Телекоммуникациялық тораптарда қолданылатын, цифрлық беру жүйелері белігілі бір иерархия негізінде құрылады. Бұл иерархиялар келесі талаптарға сай болу керек:

- ЦБЖ тракттары және арналары бойынша аналогты, дискретті және цифрлық сигналдардың барлық түрлерін беру;

- иерархияның әр түрлі сатыларында сигналдарды беру және өңдеу жылдамдықтарының еселілігі;

- берілетін цифрлық ағындарды біріктірудің, бөлудің, бөліп алудың және транзитін қарапайым ету мүмкіндігі;

- ЦБЖ параметрлерін қолданыстағы және перспективті бағыттаушы жүйелерлің сипаттамаларына байланысты таңдау;

- ЦБЖ аналогты беру жүйелерімен және басқа да коммутация жүйелерімен өзара әрекеттесу мүмкіндігі.

ЦБЖ құрылуы компонентті деп аталатын, төменгі қатарлы цифрлық ағындардың агрегатты немесе топтық деп аталатын бірегей цифрлық ағынға біріктірілу негізінде іске асады. ЦБЖ рационалды құрылуы үшін, олар есептелген, тоналды жиілік арналарының саны стандартты санға еселі болуы тиіс. Кез келген біріктірудің мағынасы мынада, компонентті ағындардың құрамындағы ақпарат есте сақтау құрылғысына жазылады, содан кейін агрегатты ағында берілген, мезеттерде кезекпен есептеледі.

Біріктірудің келесі түрлері бар:

- цифрлық сигналдардың синфазды-синхрондық немесе изохронды біріктірілуі, сигналдар бірдей тактылы жиілікке және бірдей фазаға ие;

- цифрлық сигналдардың синхронды немесе мезохронды біріктірілуі, сигналдардың тактылы жиілігі бірдей, бірақ фазалары әр түрлі;

- цифрлық сигналдардың плезиохронды немесе асинхронды біріктірілуі, сигналдардың жиілігі бірдей, бірақ кейбір шектерде тактылы жиілікте өзгерістер болуы мүмкін.

Изохронды ағындарды біріктіру аса қиындықтар тудырмайды. Бұндай біріктірудің мысалы, біріншілік цифрлық ағындардың құрылуы, мұнда компонентті цифрлық ағындар негізгі цифрлық арнаның ағыны болып табылады. Жылдамдықтары бірдей, бірақ олардың санауларының бастары бір біріне қатысты кездейсоқ жылжыған, синхронды ағындарды біріктіргенде агрегатты ағынға арнайы синхросигнал енгізу қажет, бұл синхросигнал біріктіру ретін көрсетеді: синхросигналдан кейін бірінші компонентті ағынның ақпараты беріледі, одан соң – екіншінікі және т.б.

Жалпы жағдайда асинхронды (плезиохронды) компонентті ағындарды агрегатты ағынға біріктіруде біріктіру ретін көрсететін, синхросигналдан басқа, қызметтік ақпарат енгізіледі, бұл қызметтік ақпарат біріктірілетін ағындардың келісілуін қамтамасыз етеді.

Ағындарды бөлу операциясы біріктіру опрециясының кері операциясы болып табылады: агрегатты ағынның ақпараты, компонентті ағындарға сәйкес есте сақтау құрылғысына жазылады, содан кейін компонентті ағындардың жылдамдықтарымен есептеледі. Біріктірілген агрегатты - цифрлық сигналдарды құру кезінде цифрлық ағындарды біріктірудің келесі әдістері болуы мүмкін:

- символ немесе разряд бойынша: ең басында бірінші компонентті ағынның бірінші разряды есептеледі және беріледі, одан кейін - екінші және т.б; соңғы компонентті ағынның бірінші разряды есептелгеннен кейін бірінші ағынның екінші разряды есептеледі, яғни цикл қайталанады (сурет 2.1);

- символдар тобы бойынша, мысалы агрегатты ағында ең басында бірінші ағынның арнасына (арна бойынша біріктіру) немесе беру циклына (жүйе бойынша біріктіру) қатысты барлық символдарды беруге болады, содан кейін – екінші ағынның сондай символ тобын және т.б. (сурет 2.2).