Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УП ЦБЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.27 Mб
Скачать

1.4.1 Арналық амплитудалы-импульсты модуляторлар және селекторлар

Арналық амплитудалы-импульсты модуляторлар және селекторлар (ААИМ-АС) берудің және қабылдаудың жеке АИМ трактысының негізгі элементтері болып табылады. Олардың ұзақтығы дискретизацияның жүру периодынан кіші, (яғни скважності тең болады), дискретизация жиілігімен жүретін, басқарушы импульстардың ампплитудасынан жұмыс істейтін, электронды кілт болып табылады (сурет 1.14).

ААИМ-АС қойылатын негізгі талаптар:

- кіріс аналогты сигналдан (әдетте біріншілік) қысқа периодты импульс- санаулар құру;

- берілген уақыт аралығында осы сигналдардың мағыналарын сақтау;

- тұйықталған жағдайда аз кедергіге және ашық жағдайда үлкен кедергіге ие болу керек;

- импульсты басқарылатын кернеуді қажетті шамаға дейін басу. ААИМ шығыстарына дискретизация импульстарының өтуі кодер кірісінде импульс санауларының кездейсоқ өзгеруіне және кванттау, кодалау операциялары барысында бұрмаланулардың өсуіне әкеледі, бұл арналарда шудың өсуіне әкеледі;

- тез жұмыс істеуі, өйткені импульс санауларының алдыңғы және артқы фронттарының ұзақтығынан 1-ші және 2-ші жақты өтімді бұрмаланулардың шамасы тәуелді болады;

- АИМ сигналдың беру трактысына ААИМ – АС енгізетін, өшулік шамасы қатаң нормаланады, бұл дискретизацияның және демодуляцияның арнайы әдістерін қолдануын талап етеді;

- беру және қабылдау трактысына ААИМ – АС енгізетін, өтімді әсерлері және шулары, мүмкіндігінше минималды болу керек. Әдетте бұл шулардың және бұрмаланулардың тиімді кернеуінің суммарлы шамасы минималды кванттау қадамының минималды шамасы 0,1 аспау керек;

1.14 Сурет. Электронды кілт - ааим-ас аналогы

- ААИМ – АС амплитудалы сипаттамасы қажетті деңгейде желілі болуы қажет, өйткені амплитудалы сипаттаманың желісіздігі кең динамикалық диапазонда импульс санауларының формасының өзгеруіне әкеледі.

1.4.2 Кванттау шкаласы желілі және кванттау шкаласы желісіз кодерлер және декодерлер

ИКМ - АУБ цифрлық беру жүйелерінің кодерлері АИМ сигналдар квантталғаннан кейін, оларды цифрлық формаға түрлендіруге арналған. Қазіргі заманғы АУБ- ИКМ ЦБЖ да кванттау және кодалау операциялары біріктірілген. Егер кванттау тұрақты қадаммен (бір қалыпты) іске асса, онда ол кодерлер кванттау шкаласы желілі кодерлер деп аталады, егер кванттау қадамы өзгерсе (бір қалыпсыз), онда кодерлер кванттау шкаласы желісіз кодерлер деп аталады. ИКМ ЦБЖда кванттау шкаласы желісіз кодерлер қолданылады, бірақ олардың құрылуында кодалаудың бірінші баспалдағында кванттау шкаласы желілі кодерлер қолданылады.

1.4.3 Цифрлық беру жүйелерінің генераторлық жабдығы

Арналары уақыт бойынша бөлінетін ЦБЖ функционалдық блоктарының сигналдарды цифрлық өңдеу жұмыстарының барлық кезеңдерінде: цифрлық ағындарды мультиплексорлау және демультиплексорлау; желілі цифрлық сигналды құру; соңғы жабдықтың синхронды жұмысын қамтамасыз ету үшін, басқарушы сигналдардың белігілі түрі қажет, ол сигналдың параметрлері уақыт бойынша қатаң регламенттелген. Басқарушы сигналдарды құру генераторлық жабдықпен ГЖ іске асырылады, бұл сигналдарды соңғы станциялардың беру ГЖбер және қабылдау ГЖқаб бөлімдеріне бөлек жүргізіледі.

Генераторлық жабдық дискретизация, кодалау – декодалау, уақыттық топ құру, процесстерін басқаруға арналған, импульстік кезектілігін құруды және таратуды іске асырады. Бұдан басқа генераторлық жабдық беру циклының белгілі позицияларына қызметтік сигналдардың символдарын енгізу/шығаруды және т.б. іске асырады. ГЖ келесі жиіліктері бар, импульстік кезектіліктер алу қажет:

- дискретизация жиілігі (әдетте 8 кГц);

- біріншілік цифрлық ағынның БЦА тактылы жиілігі, мынаған тең:

,

мұндағы - кодалық комбинациядағы элементтер саны, - БЦА арналық интервалдар саны және мынаған тең:

,

- кодалық комбинациялардың (арналық интервалдар) жүру жиілігімен, ол тең;

- жоғары деңгейлі цифрлық ағындардың тактылы жиіліктерімен, ол жиіліктер төменгі жиілікті бірнеше цифрлық ағындардың біріктірілу нәтижесінде алынады.

Біріншілік цифрлық жүйенің генераторлық жабдығы қарастырылады, бұл генераторлық жабдыққа қажет импульстік кезектіліктерді автономды жоғары тұрақты беруші генераторлық БГ жабдықтан алынатын, тактылы жиілікті бөлу арқылы алады. Автономды жоғары тұрақты беруші генератордың қатысты тұрақсыздығы төмен болмау керек (сурет 1.15). БГ шығысында жоғары тұрақты гармоникалық сигнал құрылады, әдетте бұл сигнал тактылы жиілікке тең немесе еселі болады. Тактылы кезектілікті құрушы ТКҚ жүру жиілігі тең негізгі импульстар кезектілігін өндіреді. Тактылы кезектілік импульстары кодалау және декодалау операциялары, желілі цифрлық сигналдарды құру және өңдеу үшін қолданылады.