Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
astma_diplom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83.33 Кб
Скачать

1 Саты: Интермиттирлеуші бд симптомдары:

аптасына 1 реттен сирек пайда болады өршуі қысқа түнгі симптомдар айына 2 реттен жиі емес

2 Саты: Жеңіл перситирлеуші бд симптомдары:

аптасына 1 рет пайда болады, бірақ сирек күніне 1 реттен өршу физикалық белсенділікпен ұйқыға әсер етеді. түнгі симптомдар жиі айына 2 реттен

3 саты: Персистирлеуші БД орта дәрежелі ауырлықта симптомдары: күнделікті пайда болады өршу физикалық белсенділікпен ұйқыға әсер етеді. түнгі симптомдар аптасынан 1 реттен көп қысқа уақытты ингаляциялық бета 2-адреностимуляторларды күнделікті қолдану

4 Сатысы: ауыр персистирлеуші бд симптомдары:

күнделікті пайда болады ,өршуі жиі жиі түнгі симптомдар ,физикалық белсенділіктің шектелуі .

Этиологиясы:

А) Бейімдеуші факторлар:

1.Тұқымқуалаушылық;

2.Атопия;

3. Бронхтардыңгиперактивтілігі;

Тұқымқуалаушылық-бұл туралы ір түрлі түрі бар,бірақ нақты анықталмаған.Қазіргі кезде негізгі түрі полигендік тұқымқуалаушылық болып есептеледі.

Атопия-бұл аллергендерге ағзаның IgE-ні(иммуноглобулин Е)көп мөлшерде бөлу қасиеті.Және бұл науқас балалардың 70-80 %-ында диагностикаланады.

Бронхтардың жоғары реактивтілігі -бронх демікпесі бар науқастарда бронхтардың күшейтілген жауабы.

Б) Астма дамуына әкелетін факторлар:

-тұрмыстық аллергендер

-паразиттік аллерген,

- саңырауқұлақтық аллерген,

- тағамдық аллерген,

- дәрі-дәрмектер,

- химиялық заттар.

Тұрмыстық аллергендер- Тұрмыстық аллергендердің ішінде ең басты рөлді шаң кенелері алады.Кенедегі аллергендер терісінде сақталады.Кенелер кілемде,маталарда,төсек жаймаларда,үй аяқ-киімінде,плинтус астында,жұмсақ ойыншықтарда болады.Олар 22-26°C температурада өсіп өнеді.Аллергиялық тексерулер барысында бронхиалды астмамен ауыратын балалардың 73,5-91,0%ы осы кенелер түрлерінен болатындығы анықталған.Кенелер әсерінен болған астма күз-көктем айларында ,әсіресе түнде жағдайдың нашарлауымен сипатталады.Себебі:осы уақытта үйдегі шаң кенелер мөлшері де көп болады.

Паразиттік аллерген- негізгі көздері жүн, қауырсындар, қайызғақ, ұлы дәретті, сілекей түрлі жануарлар (мысықтар, иттер, шошқа, атжалмандар және басқа да кеміргіштердің, құстар, қоян, жылқы, қой, т.б.) және жәндіктер (болуы мүмкін тарақандар). Балалардағы астманы қоздыратын жиі фактор аквариумдағы балыққа(дафнииге) арналған құрғақ азық болып табылады.

Саңырауқұлақтық аллерген- зең және ашытқы саңырауқұлақтарынан балалардың 2/3бронх демікпесі шалдығады. Бронхиалды астма осы түрден пайда болған балаларды ауасы дұрыс желдетілмеген бөлмеде немесе ылғалды жерде ұстаса жағдайының нашарлауы байқалады.

Дәрі-дәрмектер:

Астмамен ауыратын балаларда аллергия туғызатын дәрілік препараттардың әсерінен тұншығу ұстамалары болуы мүмкін.Олардың ішіне:пенициллин тобының антибиотиктері, сульфаниламидтер, витаминдер, аспирин және басқа да қабынуға қарсы препараттар жатады.

Химиялық заттар:

Аллергия туғызатын химиялық заттар: хром, никель, марганец, формальдегид болып табылады.Атмосфераның техногенді әсерінен шаң-тозаңтың құрылымы өзгеріп отырады.

Астманың клиникалық белгілері:

1Құрғақ жөтел-жөтел көбіне түнгі уақытта болады.

2.Тыныс жетіспеушілік

3. Ысқырықты сырылдар,

4.Тыныс шығарудың қиындауы,

5. Қақырық тастау

Жөтел– түнгі уақытта басталып; кейін ұстамалыға айналады.

Қақырық тастау: тәңертенгі мезгілде, кілегейлі, кілегейлі-ірінді, ірінді, аз мөлшерде, қиын бөлінеді.

Ентігу ұсақ бронхтардың обструкциясы дамығанда пайда болады.

Балалардағы ерекшелігі:

  • Ерте жастағы балаларда ұстама көрінісі түнде және таңғы уақыттарда жөтелдің болуымен сипатталады.Бала осы жөтелден оянып кетеді.

  • Бронхолитиктер қайталана беретін бронхообструкция кезінде тиімді нәтиже береді.

  • Аллергиялық ринит және атопиялық дерматитпен қатар жүруі мүмкін.

  • Баланы қарағанда аускультативті белгілер болмауы да мүмкін.

  • Ұстама болмаған жағдайда сырылдар естілмейді.

Клиникалық классификациясы

Белгілері

Өршу кезеңдерінің дәрежелері

Жеңіл

Орташа ауыр

Ауыр

Өмірге қауіпті жағдай

Физикалық белсенділік

Сақталған

Шектелген

Төмен

Сақталмаған

Есі

Анық, кейде қозу болады

Қозу

Қозу, қорқу

Бұзылған, коматозды жағдай

Сөйлеу қабілеті

Сөйлемдермен жауап береді

Қысқа сөйлемдер

мен жауап береді

Сөздермен жауап береді

Сөйлемейді

Экспираторлы ентігу

Жүргенде

Сөйлегенде

Отырған кездеде, науқас мәжбүрлі жағдайда

Тынысы жоқ

ТАЖ

(1 минутта)

Тахипноэ 24 дейін

Тахипноэ 30 дейін

Тахипноэ 30 жиі

Брадипноэ

Қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуы

Қатыспайды

Қатысады

Айқын көрінеді

Парадоксальды торакодиафрагмалды тыныс (іш қуысының алдыңғы қабырғасының ішке тартылуы)

Өкпе аускультациясы

Ысқырықты тыныс тыныс шығару сонында

Ысқырықты тыныс тыныс шығаруда естіледі

Ысқырықты тыныс тыныс алу да тыныс шығару фазаларында

Тынысы жоқ

ЖСЖ

(1 минутта)

100- ге дейін

100 – 120

120-дан жиі

<55

Тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы % (ПСВ)(қалыпты жағдайдан)

>80%

60 – 80%

< 60 %

<33%

Ауыр ұстама кезінде балада көрініс беретін белгілер:

  • Айқын ентігу-бала әзер сөйлейді,тамақ жей алмайды.

  • ТАЖ минутына 50 реттен көп-\5 жастан асқан балаларда минутына 40 тан көп\

  • ЖСЖ минутына 140 реттен көп-\5 жастан асқан балаларда 120 реттен көп.

  • Парадоксальды пульс

  • Тыныс алғанда қосымша бұлшық еттердің жұмысқа кірісуі.Балаларда ол тыныс алғанда мұрын қанатшаларының керілуімен көрініс береді.

  • Ортопноэ жағдайы,бала жатқысы келмейді.

  • Мойын веналарының ісінуі.

  • Тері жамылғысы боз.

  • Мұрын-ерін үшбұрыштарында цианоз жіне акроцианоз анықталады.

  • Аускультацияда:өкпенің барлық аймақтарында құрғақ сырылдар естіледі.Ерте жастағы балаларда әртүрлі калибердегі ылғалды сырылдар естіледі.

Оны ылғалды астма деп атайды.

Тыныс шығарудың көлемдік жылдамдығының шыңы жасқа сәйкес қалыпты нормадан 50% аз.

Диагностикасы

Бронх демікпесінің алдын ала диагнозы-мақсатты дұрыс жиналған анамнез болып табылады.

Шағымдар мен анамнез:  - жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялық аурулары фонында:  «үй кенесі» секілді аллергендермен немесе жануар тектес аллергендермен қатынаста,  таңертеңгі немесе түнгі уақытта физикалық жүктемелерден кейін (əсіресе суық мезгілде); - эпизодтық экспираторлық ентікпе; - ысқырықтық сырылдар; - көкіректегі қысылулар; - құрғақ жөтел болуы мүмкін, бірақ жиірек сілемейлі қақырық болады; - қиындаған ысқырмалы тыныс ұстамалары; - тұншығу ұстамалары, əсіресе түнде, ентікпемен қоса құрғақ сырылдар. - аллергиялық ауруларға тұқымқуалаушылық бейімділік; - тұқымқуалаушылықты анықтау;

- науқас нəрестеде аллергиялық генездегі қосарланған аурулар анықталады (атопиялық дерматит,  есекжем,  Квинке ісінуі жəне т.б).  

Физикалық тексеру:  

1. Демікпенің белгілері немесе демікпемен үйлесетін белгілер:

• қайталанатын (ең азы 3 рет) экспираторлық ентігу;

• экспираторлы ысқырықты дем немесе ұзақ мерзімді (> 6 недель) рекуррентті жөтелі. Диспноэсіз жөтелу ажыратпалы нақтама қою үшін мұқият нақтамалануы керек;

• гистамин немесе метахолинге бронхиалды гиперсезімталдыққа провакациялық тесті;

• кішкентай балаларда тыныс алу жолдарының қабыну кезінде, аллергендер немесе жүктеме кезінде экспираторлы ысқырықты дем;

• Е иммуноглобулинін анықтау.  

2. Басқа себептердің (синусит, бронхит, бронхиолит, көкжөтел, трахеялар, бронхтар, көмейдің констрикциясы немесе маляциясы, эзофагеалды рефлюкс, бөгде дене, бронхоэкстаздары, несеп қуығының фиброзы, психогендік этиология) балалар жөтелінің немесе респираторлық аурулардың болмауы.  

Егер аталған критерийлер кездессе, демікпе диагнозы қойыла алады.  

Инструменталдық зерттеулер:  Аурудың ұзақ ағымы кезінде тыныс алу жүйесі\ тарапынан пневмосклероз, эмфизема жəне басқа секілді асқынулар болуы мүмкін, бұл асқынуларды анықтау мақсатында көкірек клеткасының рентгенографиясы көрсетілген (рентгенологиялық сурет - өкпелік суртеттің күшеюі; сирек жағдайда оң өкпенің орта бөлігіндегі ателектаздар немесе кейде пневмониямен шатастыратын кішірек сегментарлық ателектаздар). Өршу кезеңінде өкпелік тіннің эмфиземалық ісіну белгілері, көкеттің қалыңдауы, қабырғалардың горизонтаольді орналасуы жəне өзге бронх обструкциясының белгілері тəн. Ішкі тыныс алу функциясын зерттеу – спирометрия бронх демікпесі кезіндегі аса маңызды обструкция дəрежесін жəне обструкция қайтымдылығын анықтайды. Пикфлоуметрия – тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығының мониторингі, бронх демікпесінің жағдайы жəне ауырлық ағымының тұрақтылық көрсеткіші.

 

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: ЛОР, стоматолог – инфекция ошағын санациялау үшін.  

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. Педиатрдың қабылдауы.

2. Жалпы қан анализі (6 параметр ).

3. Пикфлоуметрия.

4. Сыртқы дем алу қыземтін өлшеу.

5. Аллерголог консультациясы.

6.  Спецификалық иммундық емдеумен (аллергендермен) спецификалық нақтамалау.  

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

1. Кеуде клеткасының рентгенографиясы.

2. Бронхоскопия.

3. Бронхография.

4. Кеуде клеткасы ағзаларының компьютерлік томографиясы.

ЛАБОРАТОРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Лабораторлық зерттеулер:  - аздаған эозинофилия, қанда тромбоцитопения;

- лейкопения болуы мүмкін; - қақырық цитологиясы – аллергиялық қабынба:  эозинофил, лейкоциттер, сілемей, флора деңгейінің артуы; Бронх демікпесі туындауында бактериалды сенсибилизация мүмкіндігін ескеріп, бірқатар науқастарда   антибиотиктерге сезімталдықты ескеріп, себептік маңызды агенттерді анықтау қажет – қақырықтың бак. себіндісі – бактериалды флора; қан сарысуындағы жалпы Ig Е деңгейінің жоғарылауы.

Мейірбике рөлі

Тыныс алу қызметі бұзылуының көріністері: демікпе, тұншығу, жөтел (құрғақ, қақырық бөлінуімен), кеуде сарайының ауруы, қан қақыру, өкпеден қан кету жағдайлары туралы түсінік. Науқас жағдайын бақылауды қамтамасыз ету;

1) Кеуде торының ауруы -

Кеудедегі ауырсыну пайда болғанда:

·Дәрігерге айту

·Науқасты тыныштандырып, ыңғайлы қалыпқа жатуға көмектесу

·Науқасқа үстірт демалуды тағайындаңыз

·Дәрігердің нұсқауы бойынша жөтелуге қарсы және ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді беру

·Жөтелуді басу үшін кодеин 0,015 г, дионин 0,02 беру керек

·Ауырсынуды басу үшін диклофенак, пипольфен, баралгин егу керек.

2) Ентігу деп дем алу жиілігінің, ырғағының, тереңдігінің бұзылуын атаймыз.

Ентігудің 3 түрі бар:

- инспирациялық ентігу кезінде - дем алу, Бұл ауа жолында бөгде зат болғанда, дифтерия немесе көмей тұсында ісік болғанда кездеседі.

- экспирациялық ентігу кезінде - дем шығару, (демікпе, эмфизема, созылмалы бронхиттер).

- аралас ентігу кезінде - дем алу да, дем шығару да қиындайды. пневмония, пневмоторакс).

·Көмек: Науқасты төсекке отырғызып жатқызыңыз

·Қысып тұрған киімдерді босатыңыз

·Палатада тыныштық орнатыңыз

·Науқасты тыныштандырыңыз

·Оттегін беріңіз: мұрын каттері мен аппарат Боброва арқылы

3) Демігу - бұл өте күшті ентігудің ең биік шыңы, бірден басталады. Ұстама түрінде жүретін ентігуді астма деп атайды.

Астманың бірнеше түрі бар:

А) өкпе ауруына байланысты дамитын демігу (бронхты демікпе)

Бронх демікпесі экспирациялық ентігумен қатарласа көрінеді.

Бронх демікпесімен ауыратын пациентке аса назар аудару қажет, олардың бронхтары жиырылуынан тұншығуы мүмкін. Мұндай кезде пациент тұншығады, көгереді, жан ұшырып, өз күйін жеңілдетуге тырысады. Мейірбике алғашқы дәрігерге дейінгі жәрдемді көрсете отырып, пациенттің бас жағы көтерілген төсекке ыңғайлы етіп отырғызуы, палатаға таза ауа жіберуі, пациентті жауратып алмай, оттегін жұтқызуы тиіс. Кеуде қуысына қыша қою, сондай-ақ аяғын қыша ваннаға салу жақсы әсер етеді.

Дәрігер келгенше:

·Науқасты төсекке отырғызып жатқызыңыз

·Қысып тұрған киімдерді босатыңыз

·Палатада тыныштық орнатыңыз

·Науқасты тыныштандырыңыз

·Оттегін беріңіз: мұрын каттері мен аппарат Боброва арқылы

·Егерде бронх демікпесі болса қалта ингаляторын қолданыңыз (алупент, сальбутамол, беротек)

·Келесі іс-әрекеттерді дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізіңіз: көк тамырға эуфиллин 2,4, преднизалон, дексаметазон т.б. дәрілерді енгізу керек.

4) Жөтелу - тыныс алу жолдарында секрет жиналғанда немесе тыныс алу жолдарына бөтен заттар түскенде пайда болады. Жөтелу құрғақ немесе қақырық бөлетін болып екіге бөлінеді.

Бірден басталаған ұстама тәріздес құрғақ жөтел тыныс алу жолдарына бөтен зат түскенде пайда болады.

Көмек:

Құрғақ жөтел кезінде науқасқа оңқаны, қышаны, сілтілі ингаляцияларды және ыстық ішуді тағайындаймыз.

Ылғалды жөтел кезінде науқасқа қақырық жақсы бөлінетін қалыпқа жатқызу керек. (оны дренаж дейміз). Қақырықты жинауға науқасқа қалта түкіргішін беру және оны қолдану үйрету.

Қалта түкіргішін қолдану ережелері:

Материальды жабдықталуы: қалта түкіргіші, зарарсыздандырушы ерітінді.

Іс -әрекеттер кезектілігі:

1.Науқасқа қалта түкіргішін берер алдында оны қолдану ережелерін түсіндіру

2.Науқасқа таза құрғақ түкіргішті беру

3.Қақырықты зарарсыздандыру мақсатында оның ¼-не зарарсыздандырушы ерітіндіні қую.

4.Зарарсыздандырылған қақырықты канализацияға төгіп тастау керек, ал түберкулез ауруында – опилкаға араластырып, арнайы пеште жағып жіберу керек.

5.Қолданып болған соң, қалта түкіргішті зарарсыздандыру керек (60 мин).

6.Қалта түкіргішті ағын судың астында жуып, кептіріп сақтау.

5). Қақырық бұл жөтелгенде бөлінетін, тыныс алу жолдарының патологиялық секреті. Қақырықтың мөлшері әр ауруда әртүрлі болады. Катаралды бронхит және пневмониялық кейбір формасында тәулік бойында қақырық 1-2 рет ғана бөлінеді. Демікпе ұстамасы кезінде мөлдір, түссіз, шыны тәріздес, әрең бөлінетін қақырық бөлінеді. Қақырық көбінесе иіссіз болады. 

Цианоз - терілер мен кілегей қабаттардың көк түске боялуы. Ол акроционоз және диффузды цианоз болып екіге бөлінеді.

Оксигенотерапия туралы түсінік. Көрсеткіштері

Оксигенотерапия (оттегімен емдеу)—емдеу мақсатында оттегін қолдану. Ол организмде оттегі жетіспейтін жағдайда өте тиімді. 40—50% оттегі бар газ қоспасын жұту қан тамырындағы қанды біршама тез толтырып қалыпқа келтіреді. Оттегімен жүргізген емнен кейін сырқаттың көңіл-күйі көтеріліп, көгеруін азайтады, тыныс алуы неғұрлым сирек әрі тереңдей түседі, ентікпесі кетіп, жақсарады. Оттегі ылғалдануы тиіс. Оттегімен емдеу ұзақ та үздіксіз болуы тиіс. Оттегін тиімді және үнемді пайдалану қажет. Оттегін көп беруден қашық болу керек, себебі жоғарғы концентрациядағы (70% жоғары) оттегі жүрек-қан тамыры жүйесіне және дем алуға теріс әсер етеді.

Оттегін мұрын катетрлері арқылы оттегі жастығынан, оттегі палаталарының көмегімен, Боброва аппараты арқылы, тікелей баллоннан немесе орталық оттегі станциясынан беруге болады.

1. Оттегін ингаляциялық әдіспен енгізу. Оттегін қолданудың алдында тыныс жолдарының өткізгіштігіне, онда қақырықтың немесе құсық массасының жиналмағанына көз жеткізу қажет.

Оттегін ингаляциялық жолмен енгізу үшін мынадай аппаратуралар: редуктормен қамтамасыз етілген оттегі бар баллон, оттегі жастығы шүмегі және мундштукті резеңке түтік болуы қажет. Оттегін жастыққа былайша толтырады: мундштугын шығарып, резеңке түтікті оттегі баллонының редукторына қосады, вентильді баяу ашады да жастықты толтырады. Жастықты толтырған кезде редуктордың вентилі мен жастықтың шүмегін жабады, ауызды құрғатпау және оттегін ылғалдау үшін - дымқыл дәкемен ораған мундштук кигізеді. Мундштукты сырқат аузынан 4—5 см қашықтау ұстап, резеңке түтікке жіберетін клапанды біртіндеп ашу керек. Жоғары қысымның салдарынан оттегі шығады да, дем алған кезде тыныс алу жолына түседі. Оттегінің түсу жылдамдығын түтік-тегі шүмекісі, әрі оттегі түгел шыққанша жастықтың бұрыш-бұрышын басу жолымен реттейді. Әдетте сырқаттар минутына 4—5 л берілетін оттегін жақсы қабылдайды. Жастықтағы оттегі 4—7 минутқа жетеді, ал содан соң оны артық сақталған жастықпен ауыстырады немесе қайтадан оттегімен толтырады.

Берілген тәсілмен ендіру кезінде оттегін ылғалдау жеткіліксіз, ол ауыз қуысы мен мұрынның шырышты қабатын кептіреді,сондықтан оттегін мұрын катетрлері арқылы енгізу дұрыс.

Пациентке өз ауруын бақылауда ұстау мақсатында пикфлоуметр,небулайзер,қалталы ингалятор қолдануды үйрету.

Бронхиальды астмамен ауыратын пациенттер міндетті түрде күнделік арнауы тиіс.Соны мейірбике пациентке үйретеді.

Бронхиалды астманы емдеуде астмамен ауыратын науқастың өзін бақылауға арналған күнделігі

Бронхиалды астманы емдеуде науқастардың өзін-өзі бақылауы және қажет жағдайда өзіне күтім жасауы өте маңызды.

Астма белгілерін бағалау:

Астма белгілері әр түрлі болады:ол жөтел,тыныс алудың қиындауы,ұйқының бұзылуы,әлсіздік.

Қандай белгілерге ерекше мән беруі керек? Ең бірінші мына белгілерді сараптау өте маңызды:жөтел,ентігу,тұншығу күніне неше рет болғаны,түнде дем жептеу салдарынан неше рет ұйқыңыздан тұрғаныңыз.

Симптомдарды 3 баллдық көрсеткішпен бағалау:

0-симптомдардың болмауы,1-симптомдардың әлсіз болуы,2-анық болған симптомдар.

Алынған мілңметті күнделікке белгілеу қажет.

Егер балл 0 мен 1-2 аралығында болса –онда жағдай жақсы, ал 3-4 және 7-8 болса жағдай көңіл аударарлық, 8 балдан жоғары болса тез арада көмек керек.

Пикфлоуметрия-адамның қандай жылдамдықта тыныс шығаратындығын анықтайтын тәсіл.Бұл көбінесе демікпемен ауыратын науқастарға қолданылады.Анықтау мақсатында пикфлоуметр қолданылады.

Пикфлоуметр қолданатын науқастраға нені үйрету маңызды?

  • Пикфлоуметрді қашан және қалай қолданатындығын;

  • Нәтижелерді күнделікке қалай белгілеу керектігін;

  • Нәтижелер өзгерісін қалай білуге болатындығын;

  • Қандай өзгерістерді дәрігерге хабарлау керектігін.

Пикфлоуметрді қолдану ережесі

Науқас отырған қалыпта бірнеше рет терең дем алып,дем шығарғаннан кейін,пикфлоуметр мундштугын горизонтальді бағытта ерінге тигізіп,тезірек демді шығару керек.

Нәтижелерін жазып алу керек.Күніне 2 реттен кем емес өлшеу қажет.

Пикфлоуметрдің нәтижелерін бақылағанда 3 түсті зона маңызды

Жасыл түсті зона

Жасыл түс барлығы дұрыс екенін көрсетеді.Астманың бақылауда екендігін көрсетеді.Бұл зонада науқастың ұйқысынң бұзылуы болмайды,симптомдар минимальды түрде болады.

Сары түсті зона

Сары түс сақ болу керектігін көрсетеді.Егер түнгі уақытта симптомдар күшейсе,жөтел,сырылдар,кеуде клеткасында ауырсыну болса ингаляциялық симптомды кұшейту керек.

Қызыл түсті зона

Қызыл түс қауіп-қатер белгісі болып табылады.Осы кезде науқасты тез арада бақылауда ұстап емді күшейту маңызды.

Пикфлоуметрияның күнделігі (науқастарға нұсқау).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]