1.5 Жетек қуатын есептеу және қозғалтқыш таңдау
Көтерім машинасы қозғалтқышының шамалы куаты келесідей анықталады.
(21)
мұндағы - динамикалық кесте сипаттамасы;
- аударылмалы скипті бірарқанды қондырғылар үшін - 1,4-1,8;
- аударылмайтын скипті бірарқанды қондырғылар үшін 1,3-1,4;
- көпарқанды қондырғылар үшін 1,2-1,3;
-
көтерімнің бір цикліндегі қозғалыс
уақыты, с;
- редуктор ПӘК-і (0,85-0,93).
(22)
мұндағы
- сағаттағы көтерім циклдерінің саны;
- үзіліс, с.
2,5-кесте. Скиптерді тиеуге және түсіруге үзіліс ұзақтығы
Скип көлемі, м3 |
Үзіліс, с |
2-3 |
7 |
4-5 |
8 |
7-8 |
11 |
9-11 |
12 |
15-18 |
15 |
Жетектік эл.қозғалтқыш көтерім ыдысының қажетті жылдамдығын қамтамасыз етуге тиісті. Сондықтанда эл.қозғалтқышты қажетті қуаты және айналу жиілігі бойынша таңдау келесі ретте атқарылады.
Көтермнің болжамды ең жоғары жылдамдығы анықталады.
(25)
2. Редуктордың беріліс қатынастарының i 2 – 3 мәндері үшін эл.қозғалтқыштың қажетті айналу жиілігі анықталады.
айн/мин
(26)
мұндағы i1, i2, i3 – таңдалған көтерім машинасы редукторының мүмкін беріліс қатынастары;
Dб – таңдалған көтерім машинасының барабан диаметрі (үйкеліс шкивінің), м.
3. Есептік қуаты бойынша есептік айналу жиілігіне жуық эл,қозғалтқыш таңдалады.
4. Көтерімнің нақтылы ең жоғары жылдамдығы анықталады.
(27)
Қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сай скитік көтерім үшін ең үлкен жылдамдық келесіден аспауға тиісті.
(28)
Жетек түрі келесілерді ескере қабылданады. Қуат 1000 кВт-қа дейін болғанда фазалы роторлы асинхронды қозғалтқыштар пайдаланылады. Қуат 1000 нан 2000 кВт-қа дейін болғанда айнымалы тоқты екіқозғалтқышты жетек немесе тұрақты тоқ жетегі қолданылады. Қуат 2000 кВт-тан асқанда басымдылық тұрақты тоқ қозғалтқыштарына беріледі.
АРНАЙЫ БӨЛІМ
Қыстырғыш құрылғылғылар
Қыстырғыш құрылғылар арқанды көтерім ыдысымен жалғастыруға арналған және реттелмейтін, реттелетін етіліп шығарылады, соңғылары көпарқанды көтерім ыдыстары үшін. Құрылғы қыстырғыш тораптан (коуштан) және қыстыру элемент терінен тұрады. Коуш арқанды өз бойымен орап өткізіп, қыстырғышпен жалғау үшін керек, ол көтерім ыдысының ажыратылмайтын конструкциясымен жалғанады. Клеть КРГ тектес сыналы коушты П тәріздес қыстырғыш құрылғымен жабдықталған. Қыстырғыш құрылғының тіректері клеттің жоғарғы белдеуімен топсалы жалғасқан, бұл қыстырғыш құрылғыға клеттің ұзындығы және ені бойынша ауытқуға мүмкіндік береді. Негізгі қыстырғыш үзілген жағдайда клеть көмекші қыстырғышпен ұсталып тұрады, оған коуш, тұтқалар 10 және иін мен парашют кіреді.
Қыстырғыш құрылғыларға қысқышсыз тұтқалы-сыналы коуштар және арқанды бір жағынан қысатын сыналы қысқыштар коштар, сондай-ақ алмұрт тәріздес қысқышты коштар жатады.
КРГ тұтқалы-сыналы коушта ыдыс өз массасымен тұтқаларға әсер етеді, олар тік және жазық саналардың көмегімен тегеурінді кері сыналарға береді, ал олар көтерім арқанын ұстап тұрады.
Қорап төменгі жағынан втулкамен жабылған, ол арқан босаған кезде қысқыштың босаңсуын болдырмайды. Втулка арқан ұзындығын реттеген кезде қысқышты босаңсытуға мүмкіндік береді. Втулкадан төмен 40 мм арақашықтықта бақылау өысөышын орнатады, ол арқан коуш бойымен кездейсоқ сырғыған жағдайда втулкаға тіреліп қалады.
Суреттелген коушта қатты сыналармен арқанды күштеп қысу арқанның кошқа кірер орнында үлкен иілу кернеуі мен түйісу кернеулерін шақырады, соған байланысты арқандардың жұмысқа қабілеттілігі және шыдаммерзімділігі төмендейді.
Бұл кемшіліктер ККБ қысқышсыз сыналы арқанды бір жағынан қысатын коуштарда жоқ. ККБ коушының қорабы өзара болттармен жалғанған. Сынада төнкерілген қаптама қарастырылған. Арқан сына өзекшесін қамтып, тірек арқылы өтеді және бекітіледі. Арқанда бақылау қысқышы бар, арқан кіретін жақтан көлденең тербелістерді өшіргіш орнатылған цилиндр втулка, кошқа бекітілген, әртүрлі қаттылықты резеңке сақиналары топтамасы бар.
Бұрандалы тартқыш құрылғы сыналы қысылған күйде тіркеу үшін қажет. Көтерім ыдысымен коуш саусақша арқылы жалғанады.
ККБ коушы (1 сурет) қорап 6 іспектес орындалған, оның ішінде жылжымалы қақпақша 1 бар. Коуш қорабы екі жақтардан 7 және төсемелерден 2 тұрады, олар өзара болттармен жалғанған. Қораптың арғы жағында накладка 3 тербеліс шектегіш цилиндар стакан түрінде орындалған, ішінде резеңке втулкалар топтамасы бар.
Жылжымалы
сынанынң көлбеу және дөңгелек тұтқылдық
беттерінде арқанға арналған өзекше
орындалған, сондай-ақ тік төсемемен
жанасатын тіректік беті жылтыр, сыналау
бұрышы
.
Сынаның жоғарғы бөлігінде бұрандалы
кергіш құрылғы 4 орнатылған.
Көпарқанды көтерімнің қыстырғыш құрылғыларының бірарқанды көтерім құрылғыларынан айырмашылығы-арқандар арасындағы салмақтарды теңестіруші саймандармен болуы тиіс.
1-сурет ККБ коушы
Салмақтарды теңестірудің екі әдісін қолданады. Олардың бірі арқандарды көтерім ысдысына қатты бекітіп, арқандар керілісін кезеңді реттеуге негізделген. Екінші әдіс арнайы теңестіруші құрылғылар қолдануға негізделген, олар ыдыс пен көтерім арқандарды арасына орнатылады.
2-сурет Теңестірілмейтін реттелген құрылғы
Теңестірілмейтін қыстырғыш құрылғылар
Теңестірілмейтін қыстырғыш құрылғылардығы келесі артықшылықтар бар: қарапаймдылығы және аз салмағы; арқандарды барынша жақындату мүмкіндігі; көтерім арқандарының кез келген сандары үшін пайдалану мүмкіндігі.
Бірақ бұл құрылғылардың бірқатар кемшіліктері бар: көтерім арқандары керілісінің тұрақты теңдігі қамтамасыз етілмейді, олардың тек кезеңмен теңесуіне ғана қол жетеді, соған байланысты реттеулер арасында жекелеген арқандарға едәуір артық салмақ түсу мүмкіндігі сақталады; үйкеліс шкивтеріндегі қаптамалар желінісі өседі, себебі ондағы өзекшелер бір диаметрге жонылады; арқандардың керілісі мен үйкеліс шкивтері өзекшелерінің желінісін тұрақты түрде және ұқыпты қадағалау қажет; арқандардағы керілістерді реттеу үрдісі үлкен уақыт шығынын қажет етеді; көтерім арқандары өлшемдеріне көтеріңкі талаптар қояды.
Жекелеген арқандардың әртүрлі механикалық қасиеттері де олардың арасындағы тегеуріндерді бөлуге әсерін тигізеді. Арқандардағы тегеурін бұл ретте олардың қаттылығына пропорциялы бөлінеді. Теңестірілмейтін қыстырғыш құрылғылар реттейтін буынмен және онсыз болуы мүмкін.
Бұл қыстырғыш құрылғының констукциясы қарапайым, бірақ айтарлықтай кемшілігі бар – арқан ұзындығын реттеу күрделі, ал ол еңбек сыйымды әрекет болып саналады. Реттейтін буыны бар қыстырғыш құрылғыларда арқан ұзындығын реттеуді сондай-ақ реттеуші бұрандалар, төсемелер және гидравликалық домкраттар көмегімен де атқарылады. Арқандар ұзындығы бұрандалармен реттеледі. Бұл қыстырғыш құрылғының негізгі тораптары болып коуш және бұрандалы керу құрылғысы саналады. Бұрандалы реттегіш құрылғылар сол немесе оң бұрандалы болып келеді. Арқандар ұзындығын реттеу бұранданы бұрған кезде атқарылады.
Қыстырғыш құрылғыны көтерім ыдысымен жалғау топсалы, тікелей көтерім ыдысында атқарылған. Бұл жалғау ортақ көшпелі иінмен орындалуы мүмкін, ол көтерім ыдысына бекітіледі.
Бұрандалы құрылғылардың айтарлыұтай артықшылығы – арқандар ұзындығын салмақ астында жоғары дәлдік дәрежесімен реттеу мүмкіндігі, ал кемшілігі – даттану салдарынан бұрандалардың тістесіп қалу мүмкіндігі. Бұл кемшілікті арнайы қорғаушы қап қою арқылы жоюға болады.
Саусақшалы реттегіш құрылғы арқандарды бұрандалыға қарағанда үлкен шектерде реттеуге мүмкіндік береді. Арқан ұзындығын төменгі және жоғары буындар арақашықтығын өзгерте, тіреуші саусақшаларды және ортаңғы буынның басқа тесіктерін қайта қойып реттейді. Сауақшалы қыстырғыш құрылғының негізгі кемшілігі: тесіктерді сәйкестендіру қиындығына байланысты реттеу күрделілігі.
Теңестірілмейтін реттелген құрылғы
Теңестіруші қыстырғыш құрылғылардың негізгі артықшылығы – олар теңестірілмейтін қыстырғыш құрылғылардың кемшіліктерін болдырмайды, арқандар арасындағы тегеуріндер автоматты түрде теңестіріледі және тек тоқтаған сәтте емес, көтерім жұмысы кезінде де, соның арқасында көп арқанды көтерім қондырғыларын пайдалану айтарлықтай қарапаймдалады, ал арқандардың және үйкеліс шкивтері қаптамаларының жұмыс мерзімі ұзарады. Сондықтан да көпарқанды көтерім арқандары арасында тегеурінді теңестірудің барлық тәсілдерінің ішінен тәжірибеде кең қолданылатыны теңестіруші қыстырғыш құрылғылар, қыстырғыш құрылғылардың бұл түрі бірнеше орындалулармен болады, атап айтқанда серіппелі, гидравликалық, роликті, барабанды, балансирлі және тұтқалы.
Серіппелі қыстырғыш құрылғының негізгі артықшылықтары келесілер: конструкциясының қарапайымдылығың конструкция арқандар санына тәуелсіз, оны кез келген арқандар санында пайдалану мүмкіндігі. Сонымен қатар олар көтерім машинасын қосып тоқтатуда пайда болатын, арқандардағы динамикалық кернеулерді азайтады.
Серіппелі қыстырғыш құрылғыларының айта кетерлік кемшілігі, оларды терең шахталарда пайдалану мүмкін емес, себебі көтерім биіктігі өскен сайын серіппе өлшемдері едәуір өседі. Сондықтан да олар негізінен лифтерде қолданылады.
Гидравликалық қыстырғыш құрылғылардың негізгі артықшылықтары: арқандар арасында тегеурінді толық теңестіруі; үлкен қадамы; арқандардың кез келген сандарында қолдану мүмкіндігі; арқандар арасының кез келген қашықтығында қолдану мүмкіндігі.
Олардың айта кетерлік кемшілігі, күрделілігі және едәуір салмағы, сондай-ақ жүйелі түрде жұмыстық сұйықпен толтырып отыру қажеттілігі.
Роликті қыстырғыш құрылғылар тегіс роликті, сондай-ақ ролик-жұлдызшалы болулары мүмкін. Бірінші жағдайда жұмыс органы арқан немесе таспа, екінші жағдайда – шынжыр болып табылады.
Роликтерді жұмыс органымен жалғау әртүрлі болуы мүмкін: тізбектей, үзілмелі және құрама болады. Роликтерді жұмыс органымен тізбектей жалғағанда арқандар арасында тегеурін толық теңестіріледі, үзілмелі де жұбымен теңестіріледі, құрама жалғауда тек ортадағы арқандар теңестіріледі. Бұл ретте шеткі арқандар көтерім ыдысымен қатты жалғасқан.
Балансирлі
қыстырғыш құрылғылар щахталық көпарқанды
қондырғыларда кең қолданыс тапты.
Тегеуріндердің арқандар арасында бқліну
заңдылығын теориялық және тәжірибелік
зерттеулер, бұл жағдайда жекелеген
арқандардың артық салмақтануы 10-15
-дан
аспайтындығын көрсетті.
Мұндай қыстырғыш құрылғылардың басқа артықшылығы – констукциясының қарапайымдылығы және аз салмағы.
Балансирлі қыстырғыш құрылғыларының кемшіліктерінің бірі, әсірісе оларды үлкен тереңдікті көтерімде қолданғанда олардың салыстырмалы аз қадамы, ол арқандардың артықшылығымен белгіленеді. Бірақ арқан артықшылығын сақтай отырып балансирлер қадамын екі еселеуге болады:
Егер жоғары ббалансирлерді әртүрлі жазықтықтарда орналастырып, олармен арқандарды алалап жалғаса
Балансирлер ұзындығын арқандар арақашықтығынан артық етіп қабылдап, бірақ көтерім арқанының жоғарғы қалпында девиация бұрыштарын асырмай.
Балансирлі қыстырғыш құрылғылардың екіншікемшілігі – балансирлер қадамы толық пайдаланылмайды.
Теңестіруші арқандарға арналған қыстырғыш құрылғылар конструктивті орындалуы бойынша қарапайым жағдайлармен анықталады, себебі мұнда арқандар ұзындығын ретттеу қажет емес.
ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
Технико-экономикалық көрсеткіштерге күрделі шығындар, еңбекақы мен пайдаланудағы материалдарға, энергияға шығындар, сондай-ақ көтерім қондырғысы жұмысының, үлестік көрсеткіштері кіреді. Жобалаған қондырғыны пайдалануға байланысты жұмысшылардың еңбекақысының жылдық қоры анықталады. Жабдықтарды сатыпалуға, тасымалдауға және құрастыруға және негіз құюға немесе басқада ғимараттар тұрғызуға шығындар, электр энергиясы мен материалдардың құны есептелінеді.
