Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пиелонефрит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.36 Кб
Скачать

«Пиелонефрит ауруының алдын - алу» тақырыбындағы диплом жұмысы

І. Тақырыпты неге таңдадым: Халық арасында пиелонефрит ауруы өршіп тұр. ДДҰ мәліметтері бойынша оның кездесу жиілігі жоғарғы тыныс жолдарының жедел инфекциялық ауруларынан кейін екінші орында, ал бүйрек ауруларының арасында – бірінші орында. Статистика бойынша әр он адамның біреуі пиелонефритпен зардап шегеді. Сол себепті осы тақырыпты таңдап, пиелонефрит ауруы туралы халыққа насихат жұмыстарын жүргізу.

ІІ.Тақырыптың өзектілігі:

Статистикалық мәлімет бойынша ТМД елдерінде 100 000 халыққа шаққанда 15-16 жағдайы жедел пиелонефрит,ал 18 жағдай созылмалы пиелонефрит ауруымен ауырады.

Ресейде жыл сайын халық арасында 0,9-1,3 млн адам жедел пиелонефритпен тіркеледі.Жыл сайын емханаға тіркелгендер 300 000 адам. Зәр шығару жүйесінің инфекциялық ауруларында созылмалы пиелонефритпен 53%, ал жедел 13,1% жаңа жағдай тіркеледі.

АҚШ мемлекетінде зәр шығару жолының инфекциялық ауруларында 7 млн пациент дәрігерге қаралады. Соның ішінде 1 млн адам ауруханаға жату қажет.Жыл сайын АҚШ-та 250 мың жағдай жедел пиелонефритпен тіркеледі.

Жыл сайын Оңтүстік –Шығыс- Азия мемлекеттерінде пиелонефрит ауруына шалдығу 0,5-3% дейін тарлса, Еуропа елдерінде 1%-ке жуық тіркелді. Созылмалы пиелонефриттен қайтыс болғандар саны 100 000 адамға шаққанда 2,4-2,8 жағдаймен тіркеледі.50 жасқа дейінгі ер адамға қарағанда 40 жастағы әйелдер 3 есе ауырады.

Ііі.Зерттеудің мақсаты:

Халық арасында пиелонефрит ауруы туралы насихаттау жұмыстарын жүргізу, аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану, сонымен қатар пиелонефрит ауруымен ауыратын адамдардың санын азайту, денсаулықтарын жақсарту.

IV.Зерттеудің міндеті:

-Әдебиеттер оқу; -Әдіс таңдау,сипаттама беру; -Зерттеу жүргізу объектісі; -Анализдеу; -Зерттеу қорытындысы; -Ақпарат көздері. Med-Tutorial.ru\\, \\invalidnost.com\\

V. Теориялық негізі

Жоспар:

І. Кіріспе

Бүйректің анатомиясы және физиологиясы

ІІ. Негізгі бөлім

а)«Пиелонефрит ауруы» туралы

  • Этиологиясы

  • Патогенезі

  • Клиникалық белгілері

  • Диагностикасы

б) Пиелонефрит ауруының алдын алу және мейірбикелік күтім жүргізу

ІІІ. Қорытынды

Зәр шығару мүшелеріне бүйрек, несепағар, қуық және зәр шығару түтігі жатады.

Бүйрек- құрсақ қуысының артқы жағында, іш перденің сыртында, ХІІ көкірек, І-ІІ бел омыртқалар тұсында орналасқан. Оң бүйрек сол бүйрекке қарағанда 1-2 см төмен орналасқан. Бүйректер артқы жағынан диафрагмаға, белдің құрсақ қуысына, алдыңғы жағынан тоқ ішектің өрлеу және төмендеу бөліктеріне қараған. Бүйректердің алдыңғы және артқы беті, медиальді және латеральді жиегі, жоғарғы және төменгі полюстері бар. Бүйректің орналасуы жас және жыныс ерекшеліктеріне байланысты келеді. Әйелдерде төмендеу, жас нәрестеде одан да төмен жамбас ішінде жатады. Сыртқы пішіні бұршақ тәрізді, ересек адамда ұзындығы 12 см, ені 6 см, салмағы 120 грамға дейін жетеді. Сырт жағынан тығыз фиброзды, оңай сыпырылатын дәнекер тінді қабықшамен қапталған. Медиальді жиегінде бүйрек қақпасы орналасады, ол арқылы артерия тамыры еніп, вена тамыры мен мен несепағар шығады. Бүйрек қақпасы бүйрек ішінде бүйрек қойнауына жалғасады. Бүйрек қойнауында кіші және үлкен тостағаншалар мен бүйрек түбегі орналасады.

Бүйректің негізгі морфофункциялық құрылымы- нефрон, ол мальпиги шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады. Әрбір бүйректе 1 млн-ға жуық нефрон бар. Олар қан, лимфа тамырларымен жиі торланған сжәне арларында интерстициальдық сұйықтық болады. Әрбір нефронда бір-біріне тәуелді аса күрделі үрдістер жүріп жатады. Соның нәтижесінде бүйректе несеп түзіледі.Бүйректе түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа жиналып,зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады. Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады.Бұл дегеніміз - әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз.Осы кезде организм ұлпаларында үнемі түзілетін, тіршілік әрекетінің зиянды заттары қаннан бөлінеді

Бүйректің негізгі қызметі- несеп түзу. Несеп түзілуі, оны сыртқа шығару үрдісі диурез (несеп шығару ) деп аталады. Қалыпты жағдайда тәуліктік диурез мөлшері сыртқы қоршаған ортаның температурасына, желінген тамақтың құрамына, мөлшеріне және ішкен судың мөлшеріне байланысты.Әдетте, ересек адамда тәулігіне 1000-1800 (орта есеппен 1500мл) несеп түзіледі. Ауруға шалдыққан кезде кейде тіпті сау адамда да диурез өзгеріп отырады. Физиологиялық жағдайда оның үш түрін байқауға болады: олигурия- тәуліктің диурездің азаюы, полиурия- тәуліктік диурездің көбеюі, анурия-несеп түзілуінің тоқтауы. Ауруға шалдыққан кездерде туатын өзгерістер-энурез (шыжың немесе түнде несебін ұстай алмау), никтурия (түнде несептің шектен тыс көп болып түзілуі).

Бүйрек аурулары адамда аса жиі кездесетін аурулар қатарына жатады. Бүйректердің организм үшін маңызы өте зор. Олар: біріншіден, азот зат алмасуының ең соңғы өнімдерін бөліп шығарушы негізгі ағзалар болып есептеледі, екіншіден, ішкі орта тұрақтылығын, әсіресе қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттеуге тікелей қатынасады; үшіншіден бүйрек шумақтарында қан қысымын реттейтін ренин бөліп шығарылады.

Жедел пиелонефрит- бүйректің тостағанша-түбек жүйесінің жедел бейспецификалық бактериальды қабыну ауруы. Микробтардың бүйрек түбектеріне және бүйрек тініне тікелей енуіне байланысты дамиды. Этиологиясы: ішек таяқшасы, стафилококк, стрептококк, вирустар, протеилер, энтерекокк.Бейімдеуші факторлар: зәр шығару жолдарының даму аномалиялары, конкременттері, қуық асты безінің аденомасы, уродинамиканың бұзылуына әкелетін патологиялық рефлюкстер, қантты диабет, туберкулез, гиповитаминоз, жүктілік, оральды контрацептивтерді ұзақ уақыт қабылдау.

Патогенезі: Инфекция зәр шығару жолдарына 3 түрлі енеді: 1.      Гематогендік (әр түрлі іріңді ауруларда қан арқылы өту). 2.      Уриногендік (зәр шығару жолдары арқылы төменнен жоғары қарай тарау) 3.      Лимфогендік (ірің ошақтарынан лимфа арқылы өту).

Клиникалық айқындалуы: ауру жедел немесе еппен басталады. 1.Пациенттің ыстығы көтеріледі, шаршағыш болады, белі ауырады, тәбеті төмендейді, терісі бозарып кетеді.

 2.Дизуриялық бұзылыстар пайда болады-зәр бөлінгенде шаншу, ашып ауыру, зәр шығару жиі немесе өте сирек болады, кейбір жағдайда түнде зәрді ұстамау-энурез пайда болуы мүмкін. Бүйректің тұсын аздап ұрғыласа ауырсынады.

 3.Зәр анализіндегі өзгерістер-лейкоцитурия, бактериурия .

Ауру ағымы бойынша келесі клиникалық түрлерін ажыратады:

  • Аса жедел- пациенттің жалпы қалпы өте ауыр,дене қызуы жоғары, қалтыраулар;

  • Жедел- жергілікті белгілер айқындау болады,қалтырау;

  • Жеделдеу- температура көтеріледі, баланың жалпы жағдайы бұзылады, белі, іші ашып ауырады, зәрде лейкоцитурия анықталады;

  • Латентті- дизуриялық белгілер және зәрде өзгерістер анықталады.

Созылмалы пиелонефрит- бүйректің қуыстық жүйесінің және тубулоинтерстициялық аймағының басым зақымдануымен сипатталатын созылмалы бейспецификалық инфекциялық қабыну процесі.

Этиологиясы. Даму тегінен – пиелонофрит инфекциялық ауру. Пиелонефриттің дамуында негізгі рөл атқаратын қоздырғыштар: 1. Ішектік аутоинфекция – ішек таяқшалары, энтерококктар, протей стафилококк, көк іріңді таяқшалар 2. Экзоинфекция – урология, акушерлік-гинекология, реанимация бөлімшелерінде жатқан науқастарға несептік инфекцияның құралдарымен жұғуы (көбіне іріңді кокктық инфекция); 3. Бактериялар және микоплазмалар 

Патогенезі: Созылмалы пиелонефрит дамуындағы негізгі патогенетикалық факторлар: инфекцияның урогенді, лимфогенді немесе гематогенді жолдармен енуі, бүйрек тінінің бактериялармен, эндотоксиндермен зақымданып,инфекциялық қабынудың дамуы. Инфекциялануға бейімдейтін жағдай- уродинамиканың бұзылуы. Оның себептері: несепағар моторикасының бұзылуы, рефлюкстер, несепағар стриктурасы, нефролитиаз, қуық асты безінің аденомасы.

Клиникасы: Созылмалы пиелонефриттің өршуі жедел пиелонефритке ұқсас болады: дене қызуы 38-39С дейін көтеріледі,қалтырау, бел тұсының ауырсынуы, зәр бөлінуінің жиіленуі, жалпы қалпының нашарлауы, тәбеттің төмендеуі, бастың ауруы,іштің ауруы, жүрек айну, құсу. Созылмалы пиелонефриттің бес негізгі клиникалық түрлерін ажыратады: латентті, гипертониялық, рецидивті,анемиялық, гематуриялық.

Латентті түрі- шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, арықтау кейде субфебрильді температура.

Гипертониялық түрі- бастың ауруы, бас айналу, демікпе, тұншығу, жүрек тұсының ауырсынуы.

Рецидивті түрі- бел тұсының ауырсынуы,дизуриялық өзгерістер күшейеді,дене қызуы көтеріледі, улану белгілері болады.

Анемиялық түрі- анемия белгілері, тәбеттің төмендеуі немесе бұрмалануы.

Гематуриялық түрі- еңбекке қабілеті төмендейді, кейде субфебрильді дене қызуы, бел тұсында ауырлық сезім болады.

Диагностика критерилері 

Шағымдар мен анамнез: - температураның жоғарылауы; - белдің ауыруы; - дизурия;

- макрогематурия эпизодтары; - полиурия; - əлсіздік;  - шаршау.в  

Физикалық тексеру: - бүйрек орналсқан ауданды сипалағанда ауыру; - артериалдық гипертония.

Инструменталдық зерттеулер:

- бүйректі УДЗ: зəрді іркілу белгілері, туа біткен даму аномалиясыА;

- цистография - қуық-зəрағарлық рефлюкс немесе антирефлюкстік операциядан кейінгі жағдайА;

- нефросцинтиграфия – бүйрек паренхимасының зақымдалу ошақтарыВ;

- диагноз түсініксіз болғанда - бүйректің диагностикалық пункциялы биопсиясыС.  

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:  - мұрын-жұтқыншақ, ауыз қуысы жəне сыртқы жыныс органдары инфекцияларын санациялау үшін ЛОР-дəрігер, стоматолог, гинеколог; - аллергия көріністері кезінде аллерголог; - микроқантамырлардағы өзгерістерді бағалау үшін окулист;  - айқын артериалды гипертензия, ЭКГ тарапынан бұзылулар кардиолог консультацясы үшін көрсетім болып табылады; - жүйелік процесс белгілері кезінде – ревматолог;  - вирустық гепатит, зоонозды жəне құрсақішілік жəне басқа инфекциялар кезінде – инфекционист.