Салық құқығы Жоспар:
1.Кіріспе
1.Салық дегеніміз не?
2.Негізгі бөлім
А) Салықтың түрлері
В) Қазақстан Республикасындағы салық түрлері
С) Қазақстан Республикасындағы алым түрлері
Д) Басқада мемлекеттік төлемақылар
3.Қорытынды
Қазақстан салық жүйесі
Кіріспе
Салық дегеніміз не?
Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтың түрлері
Салықтар салық салу объектісіне қарай тікелей және жанама салықтар болып бөлінеді. Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:
Заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
Мүлік салығы;
Жер салығы;
Бағалы қағаздар мен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі;
Көлік құралдарына салынатын салық;
Әлеуметтік салық;
Жанама салықтарға салықтар жатады:
Қосылған құн салығы;
Акциздер;
Баж салығы;
Яғни бұлар тікелей, жанама түрде тауар немесе қызмет құны арқылы алынады.
Жанама салықты сатушы емес, сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді.
Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.
Бюджетке түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгісіне қарай салықтар:
1) Жалпы
2)Арнайы болып бөлінеді.
Жалпы салықтар бюджетке түскен соң ешқандай дербессіз жалпы мақсатқа жұмсалады. Бұған жататын салықтар: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздер және т.б.
Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын ала белгіленген міндеттер бойынша нақтылы шараларға жұмсалады. Мысалы: көлік құралдарына салынатын салық. Бұлар жол қорын құруға жұмсалады.
Салықты алатын және оған иелік ететін органдардың ерекшелігіне қарай салықтар 2 бөлінеді:
1) Жалпы мемлекеттік
2) Жергілікті.
Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады:
Заңды және жеке тұлғалардың алынатын табыс салығы;
Қосылған құн салығы;
Акциздер;
Бағалы қағаздар мен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі;
Жергілікті салықтар мен алымдар;
Жер салығы;
Көлік құралдарына салынатын салық;
Заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым;
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқы үшін алынатын алым;
Аукционда сатудан алынатын алым;
Табысқа салынатын салықтар салық төлемінің кез келген салық салатын объектісінен түсетін табысынан алынады. Олардың қатарына мыналар жатады: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, жер салығы мүлік салығы, т.б.
Тұтынуға салынатын салықты салық төлеуші тұтынушы ретінде тауар немесе қызмет ақысын төлеген кезде өзінің шығынынан төлейді. Бұдан қосылған салығы мен акциздер жатады.
Салық салу объектісіне бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақтылы және дербес салықтар болып бөлінеді.
Нақты салықтар — салық төлеушінің салық салу объектісінен алынатын табысының мөлшеріне байланысты емес, яғни салық төлеушінің мүлкінің сыртқы белгісіне қарай алынады. Бұған жер салығы, мүлік салығы, бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салықтар жатады.
Дербес салықтар- салық төлеушінің салық төлейтін объектісіне салынатын табысының мөлшеріне байланысты алынады. Оларға заңды және жеке тұлғалардан табыс салығы жатады.
Қазақстандағы жаңа салық кодексіне сәйкес 2002 жылдан бастап келесідей салықтар, алымдар және міндетті төлемдердің түрлері бар:
Салықтар:
Коорпорациялық төлем салығы;
Жеке табыс салығы;
Қосылған құн салығы;
Акциздер;
Жер пайдаланушылардың әлеуметтік төлемдері және салықтары;
Әлеуметтік салық;
Жер салығы;
Көлік құралдарына салынатын салық;
Мүлік салығы;
