Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11-15 срс су.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.9 Кб
Скачать

2010 Жылы республика бойынша 25896 су құбырлары апаты тіркелген. Ең көп апат Қарағанды (5944 немесе 22,9%), Алматы (3263 немесе 12,6%), Солтүстік Қазақстан (2428 немесе 9,4%) облыстарында тіркелді.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар өнеркәсіп объектілерін кеңейту кезінде олардың қоршаған ортаға тигізетін ластау деңгейін ескермейді, осылайша сарқынды суларға төгінділер көлемінің ұлғаюына жол беріледі.

Мысалы, 2010 жылы Атырау облысында өнеркәсіптік сарқынды сулар төгінділерінің жалпы көлемі 52,2 мың тоннаны құрады, ал 2009 жылы бұл көрсеткіш 5,3 есе төмен болатын. Үстіміздегі жылы «АТЭЦ» АҚ-да оның екінші кезегі іске қосылып электр энергиясы ұлғайды, сөйтіп өнеркәсіптің су тұтыну және су бұру мөлшері өсе түскен. Негізінен, Атырау облысындағы өнеркәсіптік сарқынды сулар сол себептен ұлғайып отыр.

Қызылорда облыстық Арал-Сырдария экология департаментінің  деректері бойынша, 2010 жылы өнеркәсіптік сарқынды су төгінділерінің жалпы көлемі 406,8 мың тоннаны құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 2,0%-ға ұлғайған.

Өңірлердегі келеңсіз әлеуметтік және экономикалық зардаптарға әкелетін экологиялық ахуалды ескере отырып, Есеп комитеті Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне бақылау іс-шараларын жүргізді.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталып отырғандай, Министрлік өңірлерде табиғат қорғау объектілерін салуға және жаңғыртуға бөлінген республикалық бюджеттің нысаналы трансферттерінің тиімді игерілуін қамтамасыз ету саласындағы жүйелі проблемаларды шешуге жеткілікті назар аудармаған.

Су тазарту  құрылыстарын салу және жаңғырту техникалық-экономикалық негіздемесіз жүргізілген. Жергілікті атқарушы органдар мердігерлерге орындамаған жұмыс көлемдері үшін ақы төлеген. Өңірлердегі жекелеген тапсырыс берушілер сапасыз жұмыстарды қабылдап, табиғат қорғау объектілерін салу және жаңғырту бойынша бастапқы бекітілген сомаларды асырып көрсетуге жол беріп отырған. Кейбір тазарту нысандарының жұмыс істемей тұрған оқиғалары анықталды.

Мәселен, Қазақстан  Республикасының 2008 жылғы Бюджет кодексінің 157-бабын бұза отырып, Ақтөбе қаласында Елек өзеніндегі жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгені құрайтын тазарту құрылыстары кешенін (арынды кәріз коллекторы және реттеуші сыйымдылық торабы) жаңғырту техникалық-экономикалық негіздемесіз жүзеге асырылып отыр.

Ақтөбе облыстық құрылыс басқармасы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабын  бұза отырып, 2005 жылы әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде мердігер - «Мас-Так» ЖШС-мен Ақтөбе қаласындағы Елек өзенінде кәріз-тазарту құрылыстарын жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгеге жаңарту жөнінде шарт жасасқан. Бұл ретте 2010 жылы «Мас-Так» ЖШС орындалмаған жұмыс көлемі үшін тапсырыс берушіден 33,1 млн. теңге алған. Бақылау барысында мердігердің шартта қарастырылған 4,8 млн. теңге көлеміндегі жұмыстарды сапасыз орындағаны анықталды.

Атырау облыстық құрылыс басқармасы мен «СнабОйлСтрой» ЖШС арасында кәріз-тазарту құрылыстарын салу туралы жасасқан шарттың сомасы бекітілген сметадан 286,2 млн. теңгеге асып кеткен.

 Сонымен  қатар, Атырау облыстық құрылыс  басқармасы электрмен жабдықтаудың  алаңнан тыс желілері бойынша  орындалмаған жұмыс көлемі үшін  «СнабОйлСтрой» ЖШС-не 103,4 млн. теңге  аударған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]