- •Су ресурстары ластануының негізгі көздері
- •Су ресурстарының ағызылымды сулармен ластануы
- •Су ресурстарының ластануы
- •2010 Жылы республика бойынша 25896 су құбырлары апаты тіркелген. Ең көп апат Қарағанды (5944 немесе 22,9%), Алматы (3263 немесе 12,6%), Солтүстік Қазақстан (2428 немесе 9,4%) облыстарында тіркелді.
- •2010 Жылы Ақтау қаласында № 2 кәріз-тазарту құрылысы салынады деп қарастырылғанымен, ол аяқталмаған, соның салдарынан 281,7 млн. Теңгеге бюджет қаражаты игерілмей қалған.
- •Ағызылымды суларды тазартудың негізгі әдістері
- •25% Құрайды. Ағызынды суларды тазарту қондырғыларының
- •Iстейдi.
- •Жерасты және грунтты суларлың маңызы
Су ресурстары ластануының негізгі көздері
Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар
химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер
физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
өнеркәсіп орындары;
ауыл шаруашылығын химияландыру:
халық шаруашылығының басқа да салалары.
Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер),
лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.
Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. Оның негізгі ластану көздері мыналар:
өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
химиялық заттар және тыңайтқыштар;
тұрмыстық қалдықтар;
жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;
ірі құрылыс учаскелері;
күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады.'
Жер асты суларында әртүрлі жұқпалы аурулар тарататын микробтар, вирустар кездеседі. Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбіне өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.
Республикамызда бүгінгі күні 2174 үлкенді-кішілі өзеннен жылына 120 миллиард текше метр су ағады. Бұлар суын 65 оңаша алқаптарға құйып жатады. Мұның ішінде Ертіс, Сыр, Жайық т.б. Республика халқының жан басына шақсақ, күніне әр адамға 20 литрден келеді. Бұл өте көп мөлшерКөкшетау облысынан басталатын мидай жазықтың бір шеті Мұзды мұхитқа барып бірақ тіреледі. Ол мұхиттан шығып қазақ даласына үш-ақ күнде жететін ауаның ылғалы аз. Басқа жақтардан там-тұмдап келетін ауа да ылғалсыз. Ол жазда аңызақ түрінде келіп оған күн қызуы қосылып, жердегі артық суды буландырып жібереді. Бұл республикамызда су қорының азаюының бір себебі. Екінші себебі республика жерінен өтетін негізгі өзендердің ішінде Ертіс, Есіл, Тобыл Мұзды мұхитқа кететіндігінде; үшінші себебі — Сыр, Іле, Тентек, Ақсу, Қаратал, Нұра техникалық мұқтажды, не ауызсулық мұқтажды өтей алмайтын Каспий, Арал, Балқаш, Қорғалжын сияқты тұзды айдындарға құйылып жатуында; төртінші және ең негізгі себептердің бірі — әлгі айтқан өзен суларының шаруашылық мақсатта көп бөгеліп, қайрылмастан жоқ болуында. Бүгінгі күні республикамызды сумен қамтамасыз етумен бірге Арал, Балқаш, Каспий сияқты ірі су айдындарын құрып кетуден сақтап қалу проблемасы тұр. Республика далаларын су мұқтаждығынан құтқару мақсатында айтарлықтай жұмыстар істелді. Қазақстан картасына сыйымдылығы миллиардтаған текше метр су жиналатын және ГЭС-і бар Шардара, Қапшағай су тораптары, Сырдария бойында Қазалы торабы, Бөген, Бадам, Тасөткел қоймалары мен Ертіс — Қарағанды каналы пайдалануға беріліп, жүздеген мың гектардан астам қолдан суарылатын жер игерілді. Ол жерлерде пайда болған мыңдаған жаңа шаруашылықтар қыруар пайда беріп отыр. Алайда мұның бәрі ірі су айдындарының күннен-күнге тартылуына себепші болып отыр. Сондықтан жерді суландыру мәселесін қоймалар жасау арқылы шеше отырып, су қорын қорғауды да естен шығаруға болмайды. Каспий, Арал, Балқаш сияқты табиғи айдындарды да жоғалтып алмау керек. Алайда жер асты суын көп пайдаланатын жерлерде бос воронкалар пайда болып, оларға бактериялар, кейбір химиялық элементтер еніп кететіндігі анықталды. Бұл табиғат қорғаудың ережелерін бұлжытпай сақтауды талап етеді. Су қорына аса қауіп-қатер туғызатындар: мұнай, пестицидтер, түсті металдардың, күрделі химиялық қосылыстары. Әсіресе, оның құрамында әртурлі зиянды заттар көп. Өнеркәсіптік өндіріс орындарымен қатар ауыл шаруашылығы өндіріс орындарының су қорына тигізетін әсері де молшылық. Ал лас суларды ауыл шаруашылығына пайдаланудыңда зияны өте көп.
Каспий теңізі
Соңғы кездерде республикада суды ластандырудан қорғауды күшейтуге байланысты біршама маңызды шаралар қабылданды. Еліміздің көптеген ірі қалаларында ірі-ірі су тазалайтын құрылыстар салынады. өнеркәсіп салаларында суларды екінші қайтара пайдалану жұмыстарына көңіл бөліне бастады және өнеркәсіп мұқтаждарын қанағаттандыру үшін таза суларды жұмсау азайды. Алайда бұл мәселелер жөнінде кемшілік баршылық. Сондықтанда тұщы ауыз суларды таза ұстау, оларды ластамау, орынды пайдалану, үнемдеп жұмсау жұмыстары бүкіл халықтық көкейтесті мәселеге, актуалды проблемаға айналып отыр.
