- •9 Класс - ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің технология пән мұғалімі
- •Аннотация
- •Сабақ 11
- •Сабақ13
- •Сабақ 14
- •Сабақ 15
- •Сабақ16
- •Сабақ 17
- •Сабақ 18
- •Матаның құрылымын салыстыру
- •Үшкіл орамал сызбасын салу
- •Алжапқыштың нұсқау картасы
- •Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 4 «Алжапқышты негізгі сызбасы бойынша модельдеу»
- •Нұсқау карта
- •Нұсқау карта Қалтаны өңдеу
- •Нұсқау карта Қалтаны алжапқыштың төменгі бөлігіне қосу
- •Алжапқыштың етек және жан тігістерін жабық қиықты тігіспен өңдеу
- •Алжапқыштың төменгі бөлігінбелбеумен қосып тігу және өңдеу.
- •Жүн және жібек матадан тігілген киімдерге күтім жасау.
- •Аяқ киімге күтім жасау
- •10. Мата қай жіп бойына қарай көбірек созылады?
- •5 Класқа арналған бақылау сұрақтары:
- •Тест сұрақтары 6-класс Мататану тарауы.
- •Бақылау жұмысы 6-класс Тамақ әзірлеу технологиясы
- •7 Класс Сабақ 1
- •Сабақ 3
- •«Жигсо» немесе «Зигзаг» әдісі
- •Сабақ 5
- •«Жигсо» немесе «Зигзаг» әдісі
- •2.Кубизм стратегиясы
- •Сабақ 7
- •2.Кубизм стратегиясы
- •Бағдарлау – мотивациялық кезең
- •2. Операциялық - орындаушылық кезең
- •3. Рефлексиялық – бағалау кезеңі
- •2. «Жуан – жіңішке сұрақтар»
- •Сабақ 10
- •1.Ұйымдастыру бөлімі:
- •«Қазақтың ұлттық киімдері»
- •Сабақ 14
- •Ұйымдастыру бөлімі
- •Мойын, жаға туралы айту
- •Қызығушылықты ояту.
- •2. Өткен сабақты қайталау:
- •3. Жаңа сабақ
- •4.Сабақты беіту
- •2. Өткен сабақты қайталау:
- •1. «Жуан – жіңішке сұрақтар»
- •Бағдарлау – мотивациялық кезең
- •2. Операциялық - орындаушылық кезең
- •3. Рефлексиялық – бағалау кезеңі
- •Қызығушылықты ояту.
- •2.Жұмысты бастамас бұрын құрал-жабдықты реттеп алу.
- •3.Жұмыс барысы. (оқушы ойы)
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •8 Класс - ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің технология пән мұғалімі
- •9 Класс - ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің технология пән мұғалімі
- •10 Класс - №24 лингвистикалық мектебінің технология пән мұғалімі
- •8 Класс
- •Ұйымдастыру кезеңі:
- •2.Тамақтанудың негізгі ережелері
- •3.Тамақтану процесінің принциптері
- •Дайындау тәсілі:
- •Дайындау тәсілі
- •Сабақ № 4
- •I. Ұйымдастыру кезені
- •II. Үй тапсырмасын тексеру.
- •III. Жаңа сабақ.
- •Бисквит қамыры
- •Үгілген бисквит қамыры
- •Үгілмелі қамыр (песочное тесто)
- •Ашытқысыз тәсіл
- •Ашыған қамырдан жасалған самса
- •Қабаттама қамыр (Слоеное тесто)
- •Әзірлеудің бірінші тәсілі
- •Әзірлеудің екінші тәсілі
- •III. Сарамандық жұмыс
- •Ыдыс және құрал-жабдық
- •Консервілерді стерилдеу
- •III. Сарамандық жұмыс (мүмкіндіктеріне қарай)
- •III. Сарамандық жұмыс (мүмкіндіктеріне қарай)
- •Сабақ № 9
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Жоспар-үлгісі
- •I .Ұйымдастыру кезеңі
- •Сабақ № 12
- •I .Ұйымдастыру кезеңі
- •Сабақ № 13
- •Сабақ № 14
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 15
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 16
- •I .Ұйымдастыру кезеңі
- •Сабақ № 17
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 19
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 20 /
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйдің интерьері. Үйді жиһаздау. Қазақ халқының киіз және тоқылған кілемдер. Жарнамалық уәде. Арзан баға.
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 24
- •Сабақ № 25 / 26
- •Сабақ № 27 / 28
- •III. Практикалық жұмыс (мүмкіндіктеріне қарай)
- •Сабақ № 29
- •Қызығушылықты ояту
- •Шығармашылық тапсырма
- •6 Қалпақтың ой-әдісі.
- •Мағынаны ашу
- •6 Қалпақтың ой-әдісі.
- •Ой толғаныс
- •І Ұйымдастыру кезеңі
- •Шалбар тігу үшін матаны пішу.
- •Шалбардың алдыңғы жартысын өңдеу
- •Шалбардың артқы жартысын өңдеу
- •Шалбарды көктеу.
- •І Ұйымдастыру кезеңі
- •Іі Ағымды нұсқау.
- •І Ұйымдастыру кезеңі
- •Сабақты бекіту:
Матаның құрылымын салыстыру
Матаның құрылымы |
|
Жүн Жібек |
|
1. Физикалық-механикалық қасиеті Беріктігі
Қыртыстануы |
Мақта матадан жоғары төмен орташа жоғары |
2. Гигиеналық қасиеті Ылғал өткізгіштігі Шаң өткізгіштігі Жылу сақтағыштығы |
айтарлықтай айтарлықтай жоғары төмен жоғары мақта матадан сәл жоғары |
3. Технологиялық қасиеті Отыруы (шууы) Сетінеуі Жіптердің тігістер ыдырауы |
айтарлықтан айтарлықтай орташа орташа орташа орташа |
Уақыты болған соң, жанұяларына таратып, әр оқушы өздерінің оқып келген ақпараттарын жұппен - 2минут , топпен –5 минут ақпарат алмастырады,талдайды.
Дәптерлеріне кесте толтырады
Негізгі түсінік |
Қосымша түсінік |
|
|
|
|
Негізгі түсінікке - өздері алған білімдерінің негізгілерін жазады.Қосымшаға – топтан алған ақпараттарын жазады.
Ортадан 1 оқушы шығып түсіндіреді.Алған мәліметтерін бекіту негізінде төрт топ бір-біріне жіңішке ( оңай), жуан ( қиын )сұрақтар қояды.
Келесі « Ой толғаныс» этапында « Кластер» стратегиясын қолданудағы мақсат , жаңа сабақты бекіту.
Түрлері
Құрамы
Қасиеттері Құрылымы
Оқушыларды бағалап ,үйге тапсырма беру.Сабақ аяқталды.
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 1 «Матаны талдау белгілері»
Сабақтың мақсаты:- Оқушыларға матаның түрлерін ажырата және талдай білугеүйрету.
Ойлау қабілетін,дүниетанымын қалыптастыру.
Шеберлікке,ептілікке баулу.
Сабақтың түрі:практикалық сабақ
Сабақтың әдісі:талдау,практикалық
Құрал-жабдықтар: жүн және жібек маталардың үлгілері, ақ беттер, сызғыш, қарындаш, желім, скотч, плакат «Матаның қасиеттері» т.б.
Орындалу реті:
- Оқушының аты-жөні:
1. Матаның аталуы_(матаны жапсырамыз)_______________________________________________________
2. Талшығы ______________________________________________________________
3. Матаның қай жерде қолданылуы ___________________________________________________
4. Матаның оң мен теріс жағын анықтау.Ол үшін 4x4см төртбұрыштың ішіне матаны
жапсыру.
5. Матаның негізі мен арқау жіптерін анықтау.(айқаспаларды ескеріп,
Негізгі және арқау жіптің орналасуын анықтап, жапсырып көрсету.
Матаның қасиеттерін анықтау.1. Беріктігі- «орташа»
2.
3.
Жұмысты аяқтау, орнын жинау.
Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасының құрылымы, қызметі, жұмыс істеу принципі. Машина инесінің құрылысы.
Сабақтың мақсаты: -Оқушыларға тігін машинасының құрылымы,қызметі,жұмыс істеу принциптері,.машина инесінің құрылысы туралы мағлұматтар беру.
-Жұмыс істеу кезінде жадының,зейінінің, дербестік қасиеттерінің дамуына жағдай жасау.
-Тігім жүргізу кезінде ұқыптылыққа,зейінділікке,тігін машиналарын күтіп ұстауға, жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі:СТО жобасы бойынша
Сабақтың барысы:І Қызығушылығын ояту этапындаББҮ стратегиясын қолдану.
-М. Оқушылар біз биылғы оқу жылында еңбекке баулу сабағында қандай тарауларды өттік?
-О. Тамақ әзірлеу технологиясы, үй мәдениеті,мататану тарауларын және қол тігістері туралы өттік.
-М. Жақсы.Ендеше сіздер үстеріңіздегі киімнің қалай дайындалатынын білесіңдер ме?
- О. білеміз.
-М.Матаның қалай дайындалатынын,қол тігістері туралы білсек, енді сіздердің алдарыңыздағы қағаздағы 2 графаны толтырыңыздар.
Білемін |
Білгім келеді? |
Үйрендім |
|
|
|
Бүгін тағы бір үлкен тарау машинатану тарауына тоқталамыз.
ІІ.Мағынаны тану этапындаЖиГСО стратегиясын қолдану.
К
ласс
төрт топқа жетон арқылы бөлінеді.
І топ –Қолжетекті машина тобына «Тігін машинасының жетегі» мәтіні беріледі.
Т
ігін
машинасы- тоқыма материалдары мен тері
киім,аяқ киім, төсек-орын тысы, орамал
және т.б.тігін бұйымдарын тігуге арналған
құрылғы. Олар тұрмыстық және өнеркәсіптік
болып екіге бөлінеді.Машинасының
тетіктерін – бұл материалдарды,
энергияны өңдеуге арналған, механикалық
жасайтын құрылғы.Алдымен қолмен тігетін
машиналар,
кейіннен аяқ жетегіндегі машиналар пайда болды.
Т
ігін
машинасының жетегі- тігін машинасының
тетіктерін қозғалысқа келтіретін құрылғы.Қол жетегіндегі машинамен тігіс тігудің жылдамдығы жоғары болмады. Аяқ жетегіндегі машиналарда басқышқа (аяқпен) қысымды күшейту арқылы тігістің жылдамдығын жоғарлатады.Ал қазіргі машиналардың
ерекшеліктері:
матаны жылдам(автоматты) түрде жиырады;
ілмектерді өңдейді;
түймелерді қадайды;
кестелейді;
түрлі-түсті жіп сабақталған екі инемен қатар тіге алады.
ІІ топ-Электржетекті машина тобына
«
Электржетегінің
құрылысы, жұмыс механизмдері» мәтіні
беріледі.
Э
лектр
жетегі электр қозғалтқыштан(3),тегершіктен
(4), белдіктен(5), қосқыш табаннан
тұрадыМашина аяқпен қосқыш табанды
басқан кезде жұмыс істей бастайды.
Айналма дөңгелек (маховоеколесо) машина
корпусының ішінде орналасқан бас
білікпен қосылған.Жұмысшы механизмдер
мен ине механизмі бас біліктің айналуы
есебінен қозғалады. Машинамен жұмыс
істеу кезінде қосқыш табанды жайымен
басу керек. Электр жетекті машина тез
жүрісті және оңай басқарылады.
Тұрмыстық тігін машинасының негізгі міндеті- матадан бөлшектер тігу. Машиналық тігісті жұмысшы органдар-ине,табанша(лапка), мата жылжытқыш,шөрнек,жіптартқыш орындайды.Олардың әрқайсысы әлдебір жұмысшы механизмнің бөлігі болып табылады. Басқыш табанша мата жылжытқыш механизмінің бөлігі болып табылады.Барлық механизмдер жетекші құрылғыға жалғасатын бас білікпен қосылған.
І
ІІ
топ -Аяқжетекті машина тобына
«Тігін машина реттегіштері» мәтіні беріледі.Өте жұқа маталарды майда тігіспен,ал тығыз әрі қалың маталарды ірі тігіспен тігеді.Сонымен қатар сәндік тігістерді,матаны бүрмелеу тігісін жүргізгенде реттеуіштің көмегімен қалаған тігіс ұзындығын таңдап аламыз.
1
-
тігін машинның тірегінде орналасқан,оның
көмегімен тігіс ұзындығын 0-ден 6 мм-ге
дейін ауыстыруға болады.
2-жоғарғы жіптің тартылуын күшейтеді немесе төмендетеді.
Тігіс ұзындығы мата қалыңдығы мен тігіс түріне байланысты.
Жіптің тартылуын реттеу. Тігін машинасында тігіс үстіңгі (ине) және астыңғы(шөлмек) жіптердің айқасуынан пайда болады. Үстіңгі жіпті өткізгенде, жіп екі дөңгелектің,яғни үстіңгі жіпті тартып тұратын шайбаның арасынан өткізіледі,ал астыңғы жіпті шөлмектің қақпағындағы жіпті тартып тұратын серіппеден өткізеді.
Ү
стіңгі
жіп реттеуіш
тігін машинасының жеңінде орналасқан.сурет
Реттеуіштің көмегімен жіпті босатып
немесе қатты тартып, реттеуге болады.
81 сурет1- винтті тығырық;2-теңгермелі
серіппе;3-жіп тартқыш шайба; 4-тарту
шайбалары;5-қалпақ;6- тарту серіппесі;
7-бұрандалық.
Астыңғы жіп реттеуіштегі,шөлмек қалпағынан бос шығып тұрған жіпті тартып көру арқылы жіптің бос немесе тығыз тартылуын байқауға болады.
Астыңғы жіпті реттеу.Үстіңгі және астыңғы жіптерді дұрыстап реттемесе,тігіс сапалы болмайды. Жіп жақсы реттелмеген жағдайда. Тігістің үсті немесе саты ілмектеле береді,ол,әрине ,тігіс сапасын төмендетеді.
ІV топ-Машина инесі тобына тігін машина инесінің құрылысы туралы мәтін беріледі.
Машина инесінің де қол инесі сияқты әр түрлі нөмірі бар.Басты міндеті –тігіс жүргізу.1-ине басы;2-жалпақ жоны;3-ұзын науашасы;4-жүзі;5-көзі;6-ұшы;7-ойығы;8-қысқа науаша.
Ине жылтыр болат темірден жасалады,оның жуандығы біркелкі болмайды.Ұшы жіңішке,үшкір де,жоғарғы жағы жуан,бір беті тегіс келеді.Иненің жуан бөлігін колба деп атайды. Колбадан төменұшы үшкір стержень жалғасқан. Стерженьнің ең үшкір ұшында иненің көзі орналасқан. Стержень ұзын және қысқа ойықтардан тұрады. Ұзын ойықта жіп тұрады,ол иненің жүрісі кезінде жіпті үйкелеуден сақтайды. Жіпті ұзын ойық жағынан сабақтайды.Иненің конструкциясын Америкада ХІХ ғасырдың 30 жылдарында ойлап тапқан.Иненің нөмірін мата түріне қарай таңдайды.Жұқа маталар жіңішке инемен,яғни 70-80-90 нөмірлі,ал қалың маталарды жуан,100-120 нөмірлі инелермен тігеді.
Матаның түрі |
Иненің нөмірі |
Мақта жіптің нөмірі |
Жібек жіптің нөмірі |
Жұқа бәтес,жібек |
70 |
80 |
75 |
Сәтен,шыт,жібек |
80-90 |
60-80 |
65 |
Қалың мақта мата,бәмәзи,бөз,жұқа жәнеқалың жүн маталар |
90-100 |
50-60 |
65 |
Костюмдік жүн маталар,тик. |
100 |
40 |
65 |
Қалың жүн маталар,драп |
110-120 |
30 |
33 |
- М.Мәтінді оқу үшін 7минут беремін. Осы уақытта алдарыңыздағы мәтінді жақсылап оқып,қазір жанұяларыңызға барғанда осы ақпаратты жақсылап жеткізе алуларыңыз керек.
Негізгі түсінік |
Қосымша түсінік |
|
|
Негізгі түсінікке өздеріңнің алған мәліметтерің, ал қосымша түсінікке алған мәліметтерің жазылады.Оқушыларды өз жанұяларына қайтарып,алған мәліметерін,жұппен, топпен бөлісуі керек. Орталарынан 1 оқушы сабақ айтады.Әр топ бір-біріне жіңішке және жуан сұрақтар қоюға дайындалуы керек.
ІІІ. Ой толғанысэтапында ББҮ стратегиясының 3 графасын толтырамыз.Ол «Үйрендім» оған бүгінгі сабақтан не үйренгендеріңді жазыңыздар.Енді сабаққа қатысқан оқушыларды бағалайық.
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 2 «Машина инесін орнату. Тігін машинасының ақаулары, оны жою тәсілдері. Күтім жасау»
Сабақтың мақсаты: -Оқушыларға машина инесін орналастыру,сонымен бірге тігін машинасының ақаулары,оны жою жолдарын таныстыру.
- Оқушылардың тігін машинасының инесі мен қол инесін салыстыра отырып, дүниетанымын,ой –өрісін қалыптастыру.
- Шеберлікке, ептілікке,пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: практикалық,әңгімелесу,түсіндіру,іздестіру-зерттеу,репродуктивті,нұсқаулық.
Сабақтың көрнекілігі: тігін машинасы,ине, суреттер,
Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақты баяндау.
ІV.Практикалық жұмыс.
V.Нұсқаулықтармен жұмыс.
VІ. Үйге тапсырма
Оқушылармен амандасып,сабаққа дайындықтарын тексерген соң,өткен сабақты пысықтау мақсатында сұрақтар қою:
Тұрмыстық тігін машинасының негізгі міндеті не?
Тігін машинасының жұмысшы механизмдерін ата және көрсет
Машина инесі неден жасалады?
Машина инесі мен қол инесінің айырмашылығы.
Жіпті қалай таңдайды?
1
.Айналма
доңғалақтың көмегімен
1-ине жүргізушіні жоғары қалыпқа көтеріп,бұраушының көмегімен ине ұстағыштың бұрамасын босату керек.Таңдалған инені ине ұстағыш арқылы ине жүргізгішке шегіне жеткізіп,оны бұраушының көмегімен бұрамаға бекіту.Инені орналастыру барысында жазықтық жағдайын және ұзын науашаның орнын ескеру керек.
Тігін машинасының ақаулары және жою жолдары.
Ақаулар |
Ақаудың белгісі. |
Қисық ине
Өтпейтін ине
Нашар өңделген ине
Ине дұрыс орналастырылмаған: Иненің қысқа тілігі жіптартқыш жаққа қарап орналастырылған. Ине орнына толық түспеген. Иненің қисық орналасуы.
|
Иненің сынуы,тігістің аттап тігілуі, жіптің үзілуі.
Тігістің аттап тігілуі, матадағы жіптің үзілуі
Жіптің үзілуі.
Тігістің тігілмеуі,жіптің үзілуі.
Иненің сынуы,тігістің тігілмеуі. Тігістің бос қалуы. |
Теориядан алған білімдерін практикада жалғастырып, тігін машинасымен жұмыс істеп көру.
Ол үшін кіріспе нұсқаулықты ескерту:
Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру;
Машина инесін орналастыру кезіндегі нұсқаулықты ескерту,
Ақаулар мен жою жолдары туралы түсініктер беру.
Ағымдағы нұсқаулықтар:
Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексер.
Практикалық жұмыстың дұрыс орындалуын тексеру.
Техника қауіпсіздігі ережесін сақтау.
Соңғы нұсқаулық .
Сабақты қорытындылау.
Қателіктермен жұмыс.Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Киім және оған қойылатын талаптар. Алжапқыш түрлері. Өлшем алу ережесі.
Сабақтың мақсаты: -Оқушыларғакиім , оның ішінде алжапқыштың түрлері,оларды қолдану жолдары туралы,өлшем алу ережесіне тоқтала отырып,мағлұматтар беру.
-Оқушылардың өлшем алу кезіндегі заңдылықтарын ескерту,ойлау қабілеттерін дамыту.
- Әсемділікке, әдемілікке, шеберлікке,тазалыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, іздестіру-зерттеу,СТО технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: алжапқыштың макеттері,суреттері,плакаттар,таблицалар.
Сабақтың барысы: І.Қызығушылықты оятуэтапындаАссоцациястратегиясын қолдану Мақсаты: Өткенді еске алу.Ойлауды белсендіру,жаңа мәліметті игеруге дайындық.
Сырт киім арнайы киім бас киім
жеңіл
киім
көйлек
пальто
а
яқ
киім
алжапқыш
санитарлық киімкостюмблузка
ІІ.Мағынаны тану этапындаЖиГСО стратегиясын қолдану.
Класс үш топқа жетон арқылы бөлінеді.
І топ- Киім адамды ауа райының қолайсыз жағдайларынан қорғайды.
Киім денеге қонымды және әдемі болуы керек. Сонымен қатар адам өзін сенімді әрі ыңғайлы сезінуі қажет. Мұның бәрі киім жобалауда ескеріледі.
Жобалау – бұл бұйымның жаңа үлгісін жасау. Әртүрлі жағдайларға арналған киімдерді жобалауда эстетикалық, гигиеналық, эксплуатациялық (белгілі мақсатта пайдалану) талаптар қойылады.
Киімді мақсатты пайдалануына қарай тұрмыстық (күнделікті, салтанатты, үйде киетін, спорттық, ұлттық) және өндірістік (арнайы, санитарлық, нысанды киім) деп бөледі.
Өндірістік киімдерді жобалауға дәрігерлер, гигенистер, физиологтар, суретші-модельер, дизайнерлер, конструкторлар, ғалымдар, тоқыма және тігін өнеркәсібі технологтары қатысады.
Сипатына қарай өндірістік киімдер мынадай болуы мүмкін:
арнайы – адамды қорщаған ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғауға (ыстықтан, суықтан, улы заттардан, оттан, металл ерітінділердің шашырауынан сақтауға) арналған;
жалпы – әртүрлі лас заттардан адамның денесін қорғауға (халат, алжапқыш,орамал, комбинезондар) арналған;
санитарлық – шикізат, өнім, азық-түлік, керек-жарақтарды тұрмыстық заттардан, адам денесінен оқшаулау.
Тігін киімдерін конструкциялау дегеніміз – бұл киім бөлшектерінің сызба құрылымын жасау.
Конструкциялық жұмыстарды орындау үшін масштабтық сызғыш (М1:4), 30 – 40 см-лік сызғыш, қалам, сызба тікбұрыштары, т.б. болуы керек.
ІІ топ - Алжапқыш түрлеріне тоқталсақ..
Денебітімнің негізгі өлшемдері.
Өлшемді дұрыс алу үшін адам денесіндегі негізгі өлшем сызықтардың орналасуын жақсы білу қажет және мына ережелерді сақтау керек. (30-сурет):
1. Өлшемді денебітімнің оң жағынан алған дұрыс.
2. Белді жіппен алдын ала өлшеп алады.
3. Өлшем алу кезінде денебітімді түзу және тік ұстау керек.
4. Өлшемді сантиметрлік таспамен өлшеп алады. Өлшеу барысында сантиметрлік таспаны созуға немесе бос ұстауға болмайды.
5. Ұзындық өлшемі түгел, ал ен өлшемі мен дене айналымының жарты өлшемі жазылады. Себебі, сызба құрастырғанда дененің жарты өлшемі алынады.
ІІІ топ- Алжапқыш құрылымы сызбасының өлшемі
Өлшем атауы |
Әріптік белгілеу |
Өлшем алу ережесі |
Қолданылуы |
Көкірекше ұзындығы |
КҰ |
Бел сызығынан жоғары қарай қажетті ұзындыққа дейін. |
Алжапқыш көкірекшесінің ұзындығын анықтау. |
Төменгі бөлшек ұзындығы |
ТБҰ |
Бел сызығынан төмен қарай қажетті ұзындыққа дейін. |
Алжапқыштың төменгі бөлшегінің ұзындығын анықтау. |
Белдің жартыайналым |
Бжа |
Тұлғаның ең жіңішке бөлігі. |
Белбеудің ұзындығын анықтау |
Мықынның жартыайналым |
Мжа |
Көлденеңіненалғанда мықын айналымы. |
Алжапқыштың төменгі бөлшегінің енін анықтау |
- М.Мәтінді оқу үшін 7минут берілді. Осы уақытта алдарыңыздағы мәтінді жақсылап оқып,қазір жанұяларыңызға барғанда осы ақпаратты жақсылап жеткізе алуларыңыз керек.
Негізгі түсінік |
Қосымша түсінік |
|
|
Негізгі түсінікке өздеріңнің алған мәліметтерің, ал қосымша түсінікке алған мәліметтерің жазылады.Оқушыларды өз жанұяларына қайтарып,алған мәліметерін,жұппен, топпен бөлісуі керек. Орталарынан 1 оқушы сабақ айтады.Әр топ бір-біріне жіңішке және жуан сұрақтар қоюға дайындалуы керек.
ІІІ. Ой толғаныс этапында «Алжапқыштың қызметі» тақырыбына эссе жазу.
Топ басшылары мүшелеріне қойылған бағаларымен таныстыру. Үйге : алжапқыштың суретін салып келу.
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 3 «Алжапқыш пен орамалдың сызбасын тұрғызу» М1:4, М1:1
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Оқушыларға алжапқыш пен орамал туралы түсінік беру. Өлшем ала білуге, нұсқау
картаны оқи білуге, сызбаны сыза білуге үйрету арқылы түсінік беру.
Дамытушылық: Ой - өрістерін, ойлау қабілеттерін, икем – дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Шеберлікке, ұқыптылыққа, ептілікке, тазалыққа тәрбиелшеу.
Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдісі : С.Т.О. стратегиясы, көрнекілік.
І.Қызығушылығын ояту этапында
«ассоцация» стратегиясы қолданылады. Мақсаты: Оқушылардың сабаққа ынтасын , белсенділігін арттыру.
ш
апка
орамал
комбинизон
халат
а
лжапқыш
маска
бас киім
Ендеше,арнаулы санитарлық киімдер туралы білетін болсақ ,бүгін сол киімнің бірі-орамалдың ас үйдегі формаларына тоқталамыз.
Қане,кім айтады мына бас киімдерді қайдан көрдік?
Мейрамхананың , теңіздегі кемелердің, асхананың аспазшысынан.(сурет көрсетіледі.)
Енді,біз « ас тағамдарын дайындау технологиясы тарауында» басымызға тағатын орамалға және алжапқышқа өлшем алып, нұсқау карта дайындап, сызба сызамыз.
Алжапқыш пен орамал туралы түсінік, өлшем алу.
Үйде немесе мектепте аспаздық жұмыстармкен шұғылданған кезде, алжапқыш пен орамалдан тұратын комплектіні қолдануға болады. Алжапқыш көйлектің алдын ластанудан сақтайды,сондықтан оның алдыңғы түгел жауып тұрғаны жөн.Алжапқышқа арналған мата түксіз, жеңіл,тез жуылатын,тігісі мықты болуы керек.Ең бастысы –оларды шыттан,зығыр матадан,сәтеннен тіккен дұрыс.
Бұл маталардан тігілген бұйым тез жуылады,жақсы үтіктеледі және сырт көрінісі тартымды болады.
XX ғасырдың алғашқы ширегіне дейін қазақтың ұлт ретіндегі бір ерекшелігі бар.Ол – қазақтың ешқашан жалаң бас жүрмегені.Қазақта әйел болсын, ер кісі болсын бас киіммен жүрген. Тіпті балаларға дейін тақия кигізіп, үкілеп қоятын болған.Жалаң бас жүрмеудің экологиялық, эстетикалық негіздері бар.
Экологиялық – қыста суық, жазда күн өткізбейді.
Сызба сызу дегеніміз – шаблонын дайындау, яғни орамалдың көлемін анықтау.Ол үшін нұсқау картаны басшылыққа аламыз.

Маталар