Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-9 шыгару енбек.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.39 Mб
Скачать

Сабақ 18

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс практикалық жұмыс №9 Тігін машинасында орындалатын жұмыстар. Тігін машинасын жұмысқа дайындау (астыңғы, үстіңгі жіпті сабақтау)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тігін машиналарының түрлері, тарихын, жұмыс істеу ережелерімен таныстыру. Машина тігісінің түрлері мен терминологиясы туралы білім беру. Оқушылардың машинатанудағы танымдарын, түсініктерін қалыптастыру.

Еңбек мәдениетіне, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: «Тігін машинасаның түрлері»,» Тігін машинасы тігісінің түрлері», «Тігін машинасына дұрыс отыру тртібі» суретті-плакаттар.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, ой-бөліс.

Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру бөлімі;

Жаңа сабақты меңгеру;

Сабақты бекіту; қорытынды, үйге тапсырма

Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу.

Оқушылардың назарын тақырыпқа аударып, суретті көрнекіліктерді ұсыну.

Сұрақ: Кім қандай тігін машинасын біледі?

Жаңа сабақ: Қазіргі заманғы тігін мәшинелерінде мата қиықтарын сырып тігу ғана емес, сонымен қатар сетінеп кеткен қиықтарды торлауға түйме қадауға, түймеге ілмек дайындауға, жамауға, кестелеуге және одан да басқа да көптеген операцияларды орындауға болады. Тұрмыстық тігін мәшинесі. Тігін мәшинесінің бөлшектік құрамы: 1- материал қозалтқышы ,2- жіп жіберуші , 3- жөргемді керіліс түйіні, 4- орауышқа арналған өзек , 5- жөргем, 6- сермер доңғалақ, 7- инешаншым ұзындығының көрсеткіші, 8- кері жіберу тетігі , 9- инешаншым ұзындығының реттегіш тұтқа, 10-түтік , 11- платформа ,12- жіп жіберуші ,13- ысырмалы тілімше, 14- қайықты құрылғы, 15- ықпалды табан ,16- жіптартқыш

«Тігін машинасы тігістері», «Тігін машинасымен жұмыс кезінде қолданылатын терминдер» кестесін оқи отырып талдау жасау. Альбом жинағынан үлгілерді алып, ажырату және салыстыру:

- Инешаншым- матада жіптердің айқасуы арқылы аяқталған процесс.

-Тігім- бірнеше рет қайталанған инешаншым орны.

-Тігіс бөлшектердің біріккен орны.

Тігін машинасында орындалатын жұмыстарға қойылатын талаптармен танысу, мысал келтіру.

Сабақты бекіту: -тігін машинасын алғаш рет кім ойлап тапты?

-тұрмыстық тігін машинасының түрлерін атаңдар;

-қол тігісі мен машина тігісінің айырмашылығы?

-тігін машинасымен жұмыс кезіндегі талаптар;

Бағалау: Сабаққа белсене араласқан оқушылдарды атап, бағалау.

Үйге тапсырма: өтілген материалды оқу, схеманы жаттау. Сөзжұмбақ құрастыру.

Сабақ 19

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №9. Тігін машинасында орындалатын жұмыстар. Тігін машинасын жұмысқа дайындау. (астыңғы, үстіңгі жіпті сабақтау)

Сабақтың мақсаты: Тігін машинасын жұмысқа даярлау, іске қосу техникасын үйрету. Тігін машинасының жүйесін, принципін дұрыс қолдана білуге дағдаландыру. Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас;

Сабақтың әдісі: теория мен практиканы ұштастыру, үйрету, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суретті плакат

Сабақтың құрылысы: І. Ұйымдастыру бөлімі;

Өткен сабаққа шолу;

ІІ. Жаңа сабақты меңгеру;

Практикалық кезең;

ІІІ. Қорытынды бөлім.

І. Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды түгелдеу.

ІІ. Өткен сабақ бойынша сұрақ:

  • Тігін машинасы қай ғасырда пайда болды? ( ХV ғасырда)

  • Тігін машинасында орындалатын операциялар? ( сырып тігу, торлау, түйме қадау, кестелеу, түймеге ілмек дайындау т.б )

ІІІ. Алдымен оқушылар тігін машинасына жақындап келіп, оның жалпы құрылымына үңіліп қарайды, танысады:

  • Машинаның жіп орайтын құрылғысы;

  • Астыңғы жіптің орналасатын жері;

  • Шарық, шөрнек туралы;

  • Шарық қақпақшасы, т.б

Жоғарыдағыларды рет-ретімен айта отырып, жіпті орау, шарықты орналастыру, астыңғы жіп пен үстіңгі жіпті жоғарыға шығаруды көрсету. Оқушылар мұғалім көмегінсіз бірден алып кете алмайды. Сондықтан мұқият көрсете отырып, зейіндерін аудару.

Практикалық кезең: Еңбектің қауіпсіздік ережесін талап ете отырып, тапсырма беру. Оқушылар тігін машинасына кезек-кезек отырып, жұмысты қайталап орындайды.

Жұмыс барысында қажетті құрал-жабдықтардың, тігін бұйымының дұрыс орналасуын әңгімелеу. Өткен материал бойынша ережелерді еске түсіру.

Сабақты қорытындылау: пысықтау сұрақтары:

  • Тігін машинасына жарық қай жақтан түсу керек?

  • Тігін машинасында жіпті сабақтай білудің маңызы қандай?

Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалау, кабинет ішін жинау.

Үйге тапсырма: оқу материалын қайталау.

Сабақ 19

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №10. Тігін машинасын жұмысқа дайындау.

Тігін машинасында жұмыс жасау.

Сабақтың мақсаты: тігін машинасында барлық талаптар мен ережелерді сақтай отырып, сауатты жүмыс жасауды меңгерту. Техникалық шараларды қолдана білуге, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға дағдыландыру. Ұқыптылыққа, нәтижелі жұмыс істеуге баулу.

Сабақтың түрі: практикалық;

Сабақтың әдісі: үйрету, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: суретті плакаттар

Сабақтың құрылысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:

ІІ. Негізгі бөлім,

ІІІ. Қорытынды бөлім.

І. Оқушылырмен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу;

ІІ. Бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсат-міндетін айту;

Ағымдағы нұсқаулық:

  • Тігін машинасын іске қосуға даярлау;

  • Тігін машинасында жіпсіз бос тігіс жүргізу;

  • Алдыңғы жіпті тексеру;

  • Астыңғы жіп пен үстіңгі жіпті сабақтау;

  • Алдымен қағаз бетіне, сонан соң мата қиындысына тігіс түсіру;

Практикалық кезең: Еңбектің қауіпсіздік ережесі мен талаптарды сақтауды ескерте отырып, тігін машинасын іске қосу, жеке жұмыс жасау. Оқушылар бір-біріне көмектесе отырып, тігін машинасында жаттығу жұмыстарын жасайды. Сабақ соңында өз кемшіліктері мен қыншылықтарын бөліседі. Өз-өзіне баға береді.

Сабақты бекіту: тігіс дегеніміз не?

  • Тігін машинасының тұрмыста қажеттілігі қаншалықты?

  • Өз тігін машинаңның болғанын қалайсың ба?

Соңғы нұсқаулық:

  • Тігін машинасын жұмыстан ажырату,

  • Кабинет ішін жинастыру; Күнделіктеріне баға қою.

Үйге тапсырма: оқу материалын қайталау: ережелер мен талаптарды жаттау. Тігін машинасы тігісінің түрлерін, терминологиясын жатқа білу.

Сабақ 20

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №11. «Машина тігістерінің орындалу технологиясы» (қарапайым тігістер)

Сабақтың мақсаты: Тігіс түрлері және оның орындалу технологиясымен таныстыру және қарапайым тігістерді үйрету. Оқушылардың іскерлік-дағдысын қалыптастыру.

Еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық;

Сабақтың әдісі: үлгімен жұмыс, түсіндіру; сергіту-ойыны;

Сабақтың құрылысы: І. Ұйымдастыру бөлімі;

ІІ. Негізгі бөлім;

ІІІ. Қорытынды бөлім: ойын арқылы білім тексеру;

І. Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру;

Өткен сабаққа шолу: оқушылар бір-біріне сұрақ қоюға болады.

ІІ. Оқушылар назарына үлгі ұсынылады: Тігіс түрлері:

  • Сырып тігу;

  • Бүгіп тігу;

Оқушылардан тігістің орындалу жолын қалай орындалғанын, және қай жерде қолданылатынын сұрау арқылы білімдерін тексеру.

Сырып тігу- көлемі бірдей бөлшектерді соңғы тігімдермен қосып тігу.

Бүгіп тігу- бөлшектердің бүгілген шеттерін тігіммен бекіту.

Практикалық кезең: оқушылар тігін машинасында берілген тапсырманы жеке және өз бетімен орындайды. Оқушының жұмысын бақылау: ережелер мен талаптарды сақтауы,

дұрыс отыру тәртібі, тапсырманы толық және дұрыс орындауы;

Бақылау негізін басшылыққа ала отырып, жұмыстарын тексеру, бағалау. Ескерту, кеңес беру. Қатемен жұмыс жасау. Кезекшінің міндетін белгілеу. Күнделіктеріне баға қою.

Сөзжұмбақ шешу: әрі ойын, әрі сабақ:

и

н

Е

ж

ү

н

і

л

г

е

к

қ

а

й

ш

ы

т

а

с

П

а

е

н

і

ө

л

ш

е

М

С

ы

з

ғ

ы

ш

о

й

м

а

қ

1) Жіптің серігі

2) табиғи талшық;

3) киімге қажетті, әрі сәнді фурнитура;

4) онсыз пішу мүмкін емес;

5) өлшем алу құралы;

6) мата жиектерінің арасы;

7) киім тікпес бұрын нені білу керек?

8) құрастырушының негізгі құралы;

9) тігіншінің қорғауыш құралы.

Үйге тапсырма: өткен материалды қайталау; талаптар мен терминологияны жатқа білу.

Сабақ 21

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 12. «Машина тігістерінің орындалу технологиясы. Ашық және жабық қиықты бүгіп тігу»

Сабақтың мақсаты: машина тігісінің орындалу жолы, ашық және жабық қиықты тігу технологиясын үйрету. Тігіс операциясын орындауда іскерлік-дағдысын қалыптастыру. Ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сарамандық;

Сабақтың әдісі: нұсқаулық-үлгімен жұмыс, әңгімелеу.

Сабақтың құрылысы: І. Ұйымдастыру бөлімі;

Өткен сабаққа шолу;

ІІ. Жаңа сабақты меңгеру;

ІІІ. Қорытынды бөлім

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Өткен сабаққа шолу;

  • Тігіс түрлерінің қолданылуы бойынша топқа бөлінуі?

  • Тігіс дегеніміз не?

Жаңа сабақ: Ашық және жабық қиықты тігістің түрінен үлгі көрсету. Бұл тігістердің қолданылатын жері туралы мысалдар келтіру. Тігістердің шартты белгілерін табу.

-Бұл тігістер шеткі тігіс түрлеріне жатады. Бұйымның шетін өңдеуде қолданылады. Операция бастырып тігу деп аталады.(застрачивание).

Практикалық кезең: жұмысты орындау бірізділігімен таныстыру:

  1. Бөлік немесе бұйым шеті ең алдымен, торлау тігісімен тігіліп, 5мм қайырылып тігіледі.

  2. Бөлік немесе бұйым шеті 4-5мм бүктеліп, сонан-соң 10мм-ге қайырылып, көктеу тігісі жүргізіліп, машина тігісімен тігу, қол тігісін сөгу. Ы.Ж.Ө.

Оқушылар мұғалімнің басшылығымен жұмыс жасайды. Тігін машинасына отырады. Еңбектің қауіпсіздік ережесін сақтауларын ескерту. Оқушылардың жұмысын бақылау.

Жұмыстарын тексеріп, кеңес беру. Қатемен жұмыс.

ІІІ. Қорытынды: Шет тігістері не үшін қолданылады?

Шеттіктеу не үшін қажет?

Оқушыларды бағалау. Кабинет ішін жинастыру.

Үйге тапсырма: өткен материалды қайталау

Сабақ 22

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №3. «Жапсырма өрнекті ирек тігіммен өңдеу»

Сабақтың мақсаты: Бұйымды әшекейлеуге жапсырма өрнектің түрін таңдау, орналастыру,

тігу. Тігіс техникасын қалыпты меңгеруге дағдыландыру, икемділігін қалыптастыру. Іскрлікке, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық;

Сабақтың әдісі: үлгімен жұмыс, әңгімелеу;

Сабақтың көрнекілігі: үлгі бұйымдар, түпкиіз үлгісі

Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру бөлімі;

Өткен сабаққа шолу;

Жаңа сабақты меңгеру;

Практикалық бөлім;

Сабақты бекіту, үйге тапсырма.

І. Оқушылармен амндасу, жоқ оқушыларды белгілеу.

ІІ. Өткен сабаққа шолу: үй тапсырмасын тексеру;

ІІІ. Жаңа сабақ: Жапсырма өрнекті торлау. Сабақтың мақсат- міндетін түсіндіру;

Жұмыстың жоспары:

  • дайындалатын бұйымның көлемін анықтау;

  • матадан ою ойып алу;

  • оюды желімдік қатырмамен жапсыру, үтіктеу;

  • оюды мата бетіне уақытша тігіспен бекіту;

  • тігін машинасына бұйымның жиегін торлау тігісімен тігу;

  • Оюдың сағақтары мен иірімдерін торлап тігу.

  • Уақытша тігістерді сөгіту.

Практикалық бөлім: Оқушылар жоспар бойынша өз бетімен жұмыс жасайды. Оқушылардың жұмысын бақылау. Желімдік қатырмамен жұмыс кезінде еңбектің қауіпсіздік ережесін сақтауды ескерту, тігін машинасында дұрыс отыруын қадағалау.

Сабақты қорытындылау: оюлы бұйымның дұрыс тігілуі үшін қандай әдістерді қолданамыз?

Үйге тапсырма: қатемен жұмыс

Сабақ 23

Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйдің ерекшелік сипаттары. Дизайнер мамандығымен танысу.

Ақша тарихы. Ақша қызметі.

Сабақтың мақсаты: Жалпы тұрғын үйге сипаттама беру арқылы, дизайнер мамандығымен таныстыру. Ақша тарихы, қызметі туралы қысқаша түсінік беру.

Оқушылардың таным-түсінігін қалыптастырып, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: суреттеу, баяндау, пікірталас

Сабақтың құрылысы: І. Кіріспе бөлім;

ІІ. Негізгі бөлім;

ІІІ. Қорытынды бөлім.

І. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру, жоқ оқушыларды белгілеу;

Қызығушылығын ояту: Тұрғын үй дегеніміз не? Қандай түрлері болады және бір-бірінен ерекшелігі қандай?

Оқушылар «тұрғын үйге» ассосиация жасап, өз білетіндерін айтады.

ІІ. Қаламыздағы тұрғын үйлер және олардың ерекшелігі туралы әңгімелесу. Оқушылар өз айналасындағы үйлер туралы әңгімелейді.

Мұғалім үйдің ішкі бөлмесінің макетін назарларына ұсына отырып, қандай бөлменің жабдықталғандығы туралы сұрайды. Оқушылармен бірге әр бөлменің өзіндік жабдықталу тәртібіне тоқтала отырып сұхбат жүргізеді.

«интерьер», «дизайн», «дизайнер» сөзінің анықтамасын оқу, талдау.

Дизайн- ағылшын тілінен аударғанда-«сурет салу» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөзден туынды түсініктер пайда болады: дизайнер-суретші-конструктор, дизайн-форма-заттың сырт көрінісі.

Дизайнерлер заттар мен нәрселерді, өнімдер мен материалдарды тек негізгі мақсатқа арнап қана емес, эстетикалық әдемі және пайдаланғанда қолайлы болатындай етіп жобалайды.

Дизайнердің міндеті- бізді қоршаған заттарды сәнді және әдемі етіп үйлестіру.

Дизайнер шығармашылығы көптеген салаларда қолданылады. Мысалы, өнеркәсіптік бұйымдар, киім, интерьер, қоршаған орта дизайнері.

Оқушылар өз бөлмесі және бөлменің ішкі тәртібі туралы қағазға суреттеп береді.

Сабақты бекіту:

  • Ас үй және оған қойылатын талаптар;

  • Ұйықтайтын бөлме қандай болу керек?

  • Балалар бөлмесі қандай болу керек?

ІІІ. Қорытынды бөлім: сабаққа жақсы қатысып, белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Макет жасауға арналған құрал-жабдықтар, материалдар жинастыру.

Экономика бөлімі: Ақша тарихы. Ақша қызметі.

Ақша экономиканың даму тарихында ерекше тауар болып табылады. Әр уақыттарда және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әртүрлі тауарларды –астық, мал, қымбат тастар және металдарды пайдаланды. Ұзақ уақыт бойы ақша есебінде алтын мен күміс жүрді.

Қымбат металдардың физикалық қасиеттері ( біртектілігі, мықтылығы, әдемілігі) ақша атқаруға тиісті талаптарды толық ақтады.Сондай-ақ, металл ақшалардың маңызды қасиеттерінің бірі оларды бөлуге болатын еді. Қымбат металдар, көлемі қандай болсада, өзінің пайдалы қасиеттері мен құндылығын жоймайды. Құнды металдың белгілі бір көлемінің сақталуына мемлекет кепілдік ететін алтын және күміс теңгелер пайда болды.

Кейінірек алтын және күміс теңгелердің орнына қағаз ақшалар жүре бастады. Қағаз ақшаның құны алтынмен кепілденді және олар алтынмен еркін айырбасталды. Біздің ғасырымызда қағаз ақшалардың алтынмен байланысы үзілді.

Сонымен, ақша дегеніміз- жалпыға бірдей балама ретінде қолданылатын ерекше тауар. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметінен көрініс береді. Ақша негізінен, үш түрлі қызмет атқарады:

  1. Айналыс құралы ретінде қолданылады, ақшаға кез-келген тауарды сатып алуға болады;

  2. Құн өлшемі ретінде қолданылады, ақшамен нарыққа ұсынылған кез келген тауардың құны өлшенеді;

  3. Қорлану қоры қызметін атқарады, егер тауар өндіруші тауарды сатқаннан түскен ақшаны өзге тауарларды сатып алуға ұзақ пайдаланбаса, ондай ақша қазына құрау қызметін атқарады.

Сабақ 24

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 1. ״Ас үй және балаларға арналған бөлменің интерьерін жасау״. Банктер.

Сабақтың мақсаты: ♦ Бөлме интерьерін жасауда оқушылардың теориялық мағлұматқа сүйене отырып, практика жүзінде меңгерту.♦Тұрғын үйдің интерьерін жасауда оқушылардың шығармашылық қабілетін ояту.♦ Эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: практикалық;

Сабақтың әдісі: машықтану, әңгімелеу, суретпен жұмыс;

Сабақтың көрнекілігі: суретті жинақтар, үлгі-макет;

Пәнаралық байланыс: сурет, математика, сызу,

Сабақтың құрылысы: І. Ұйымдастыру бөлімі;

ІІ. Негізгі бөлім;

ІІІ. Қорытынды бөлім;

І. Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Практикалық кезең: Бөлменің жабдықталуын 2 түрлі жолмен жасауға болады:

  1. Жазықтыққа орналастыру;

  2. Макет дайындау.

Біріншісінде, суретті көрінісін жасау. Оқушылар сурет дәптері бетіне өзі таңдаған бөлмесін, түрлі-түсті карандаштарды қолдана отырып, суреттейді.

Екіншісінде, бөлменің жартылай нұсқасын қатырма (картон) қағаздан жасап шығарады.

Бөлме ішін қолдан жасалған немесе әр түрлі материалдан құрастырылған ( тіпті, ойыншық бөліктерінен де) үй жиһаздарын, тұтынатын заттарды жасап шығаруға болады.

Оқушылар өз бетімен немесе жұппен жұмыс жасауға болады.

Жұмыс барысында оқушыларға еңбектің қауіпсіздік ережесін және зиянда заттарды қолданбауын ескерту.

Сабақ үстінде оқушылармен өз бөлмелері туралы, әр түрлі стильдегі интерьер туралы әңгімелер жүргізу оқушылардың қиялына ықпал етеді.

Сабақты қорытындылау: Оқушылардың жұмысын тексеру, аяқталмаған жұмысты үйге беру.

Оқушылардың бір-бірін бағалауы, пікір білдіру.

Үйге тапсырма: ас үй және балалар бөлмесінің сүретті-көркем кітапшасын жасау.

Сабақ 25

Сабақтың тақырыбы: Киім және қойлатын талаптар.

Сабақтың мақсаты: Қыз балаларды киімді күту және қайта жөндеу ісіне үйрету. Пайдалы кеңестермен таныстыру. Үй шаруасына деген іскерлігі мен бейімділігін қалыптастыру.

Ұқыптылыққа, үнемшілдікке, еңбекқорлыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас;

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының стратегиясын қолдану,әңгімелеу, пайдалы кеңестер оқу, талқылау;

Сабақтың көрнекілігі: маусымдық киім түрі, крем, щетка, спирт сұйығы, т.б

Сабақтың құрылысы: І. Ұйымдастыру бөлімі;

ІІ. Өткен сабаққа шолу;

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру;

ІV. Сабақты бекіту;

V. қорытынды.

І. Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Өткен сабақ бойынша оқушылардын үй тапсырмасын сұрау:

  • Дизайнер деген кім?

  • Ұлттық нақыштағы жиһаздың қандай түрін білесіңдер?

Оқушылардың үй жұмысын тексеріп, өз жұмыстарын баяндауын тыңдап, бағалау.

ІІІ. Жаңа сабақ:

- Киім жіне аяқ киім гигиенасы дегенді қалай түсінесің?

- маусымдық киімдерді қалай сақтайсың?

Оқушылардан ой шақыру. ББҮ кестесін сызу. 1 және 2 графаны оқушылар толтырады, мәтін таратылады.

  • Киім және аяқ киім гигиенасы

  • Аяккиімге қойылатын гигиеналық талаптар

  • Киім және аяккиімді күту

  • Пайдалы кеңестер

Мәтін оқылып, өзара талдайды. Жуан және жіңішке сұрақтар қою.

3- графаны толтыру. Оқушылар алған ақпарат бойынша бос графаны толтырып шығады.

«Сен маусымдық киіміңді қалай күтіп, сақтайсың»? ой-бөліс. Оқушылар қыстық, күздік киімдерді қалай тазалап, күтім жасайтынындарын өзара бөліседі.(үлкендердің көмегімен немесе өз бетімен күтім жасай ма?).

Пайдалы кеңестерді дәптерлеріне жазу.

Сабақты қорыту:

Оқушылар алған ақпараты мен өз білгендерін жазып сабақты тұжырымдайды.

Үйге тапсырма: пайдалы кеңестер жинағын жасау.

Сабақ 26

Сабақтың тақырыбы: Маңызды көкөніс дақылдары. Ауыл шаруашылығы терминдерінің сөздігі. Отбасылық бюджет құру.

Сабақтың мақсаты: ♦ Көкөніс дақылдары мен оның тағамдық құндылығы туралы білім беру. ♦ Көкөністің пайдасы мен көптүрлілігі туралы оқушылардың түсінігін, танымын қалыптастыру. ♦ Еңбек мәдениетіне, асханалық көкөніс дақылдарын өңдей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, мәтінмен танысу, талдау, ойын түрін қолдану.

Сабақтың түрі: аралас, жаңа білімді меңгеру;

Сабақтың көрнекілігі: дақылдардың суреті, слайд

Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру бөлімі; Қызығушылығын ояту;

Мағынаны тану;

Ой-бөліс.

І. Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу.

Оқушылардың назарына суретті көрнекілік ұсыну: көкөніс дақылдары.

Бұл көкөніс дақылдарының маңызы? Тағамда алатын орны?

ІІ. Оқушыларға мәтін таратылып, оқуға уақыт беріледі.

  • Баданалы дақылдар

  • Асқабақтар тұқымдасы

  • Асханалық тұқымдастар

  • Алқа тұқымдас өсімдіктер

Мәтінді түсініп оқу, өзара талқылау: алдымен жұптасып, сонан-соң топта талқылайды.

Баданалы дақылдар. Баданалы дақылдардың ішінде екпе жуа мен сарымсақтың маңызы зор. Пияз бен сарымсақты ерте кезден бастап өсірілетін мәдени өсімдіктерге жатқызуға болады. Оларды ғалымдар 6 мың жыл бұрын салынған Египет пирамидаларындағы саркофагтан тапқан. Хеопс пирамидасының бірінде құрылысшыларға осы көкөністерді сатып алуға жұмсалған күміс мөлшері туралы жазба сақталған.

Пияз бен сарымсақ көмірсулар мен азотты заттарға бай. Жуашығы мен жасыл жапырақтарында адам денмаулығына қажетті дәрумендер, органикалық қышқылдар, кальций, фосфор, темір, калий және басқа элементтер бар.

Адам пияз бен сарымсақтың ағзаға пайдалы әсерін ерте кезден бастап білген. Ежелгі Грекия мен Римде дәрігерлер бірқатар ауруларға жуашық пайдалануға кеңес беріп, олрды дәрі жасауда қолданған. Қазіргі кезде де пияз тамаққа ғана емес, дәрі ретінде де қолданылады. Қазіргі медицина пияз бен сарымсақты авитаминоз, әртүрлі қабыну процестері, жұқпалы аурулардың алдын алу және емдеу үшін пайдалануды ұсынады.

Асқабақтар тұқымдасы. Бұл топқа қияр, қарбыз, қауын, кәді және табақша асқабақтары кіреді.

Асқабақтар тұқымдасына негізінен, тропиктік және субтропиктік өсімдіктердің шамамен 1100 түрі жатады.

Қияр- 6 мың жылдан астам уақыттан бері өсіріліп келе жатқан ежелгі көкөніс дақылдарының бірі. Оның отаны- Солтүстік Батыс Үндістан.

Қияр жемісінің дәмдік маңызы зор. Оның жасуша шырыны әртүрлі пайдалы заттарға ( С дәрумені, қант, минералды тұздар, каротин, йод) бай. Қиярдың емдік қасиеті де бар. Қияр жемісіндегі тұздар асқазан сөлінің қышқылдығын төмендетуге септігін тигізеді. Ағзадан судың шығарылуына әсер етеді, жүрек және бүйрек қызметін реттейді.

Қиярды көшетінен және тұқымынан өсіреді. Көшетті жылыжайда және көшетханада өсіреді. Қатар арақашықтығы -50-70 см, қатардағы көшет арақашықтығы 12-20 см болу керек. Қиярды Қазақстанның оңтүстігінде сәуір айының басында, ал солтүстігінде сәуірдің соңына қарай отырғызады. Қиярды уақытында отап, қатар аралықтарын қопсытып, түбін көміп, үстеп қоректендіріп отыру керек. Түйней бастағанда жиі-жиі суарады.

Асханалық тамыржемістілер. Асханалық тамыржемістілер көкөніс дақылдарының үлкен тобын құрайды. Мысалы, сәбіз, ақжелкен, балдыркөк, қызылша, шалғам, шомыр т.б

Асханалық сәбіз- осы топтағы едәуір кең таралған өсімдік. Отаны-Орта Азия. Сәбіз суыққа төзімді өсімдік. Тұқымы 4-5οС температурада өне бастайды. Сәбіз үшін тиімді температура 20-21οС. Өсіп-өну кезеңінде бірқалыпты ылғал қажет етеді. Қопсытылған, жеңіл, құнарлы топырақта жақсы өседі. Бірқалыпты суару керек.

Асхана қызылшасы. Мәдени қызылша Оңтүстік және Батыс Еуропада өсетін жабайы қызылшадан шыққан. Қызылшаны алғашында дәрілік өсімдік, кейін көкөніс дақылдары ретінде пайдаланды.

Қызылша- жылусүйгіш өсімдік, бірақ шамалы төмен температураға төзе алады. Артық ылғалға төзбейді.

Қызылша көмірсулар, минералды тұздар, органикалық қышқылдар мен дәрумендерге бай, сондай-ақ құрамында нәруыз болады. Қызылшаның емдік қасиеті бар. Оны қаны аз, қан қысымы жоғары, гипертония, бүйректегі тас ауруымен ауыратын аадамдардың емдік тамақтануы үшін пайдаланады.

Қызылша егетін үлескіні сәбіз егетін үлескі сияқты дайындайды. Қызылшаны топырақ 10-15οС-қа дейін қызған кезде егуге болады. Қызылша егілген үлескіні мерзімінде,әсіресе жауын-шашын мен суарудан кейін тез қопсыту керек. Қызылшаны жертөледе немесе жерөоймада жәшікке салып сақтайды.

Шомыр. Шомыр бірінші жылы тамыржеміс пен жертаған жапырақ түзіп, екінші жылы тұқым береді. Суыққа төзімді өсімдік. Тұқымы 1-3οС-та өнеді. Өнген өсімдікке 18-20οС температура қажет. Жарықты қалайды және ылғалсүйгіш, құрғақшылыққа төзбейді. Шомырдың көптеген түрі бар. Қазақстанда сары, ақ және қызыл тамыржемісті «Петров», «Наманган», және «Самарқан» сұрыптары көп тараған.

Алқа тұқымдас өсімдіктер. Бұл топқа маңызды көкөністер- картоп, қызанақ, бұрыш, баклажан жатады. Қызанақ фрацузша «поммид۱оро״, итальянша ״помодʼора״ деген сөзден шыққан, яғни «алтын алма» деген мағынаны білдіреді. Отаны- Орталық Америка елдері. Бұл-сабағы тік, жапырақтары түкті өсімдік. Жемісі –шырынды жидек. Тұқымы сұр түсті, түкті. Жылусүйгіш, 23-24οС-та жақсы өсетін өсімдік. Жарықты қалайды, ылғалсүйгіш, жеңіл топырақта жақсы өседі.

ІІІ. Семантикалық карта

Көкөніс дақылдары

Емдік қасиеті бар

Суыққа төзімді

Жылу сүйгіш

Ылғал сүйгіш

Жарық сүйгіш

Жуа

Сарымсақ

Қияр

Сәбіз

Қызылша

Шомыр

қызанақ

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

Оқушылар кестені толтырып, ақпаратты қорытады.

Дәптермен жұмыс: қысқаша мағлұмат жазу. Ауылшаруашылығы терминдерінің сөздігі.

Тұқымдық өсімдік-қыстай сақталған, тұқым алу үшін егілген ауылшаруашылық өсімдіктерінің тұқымдық дақылы (қырыққабат, сәбіз, қызылша).

Қарашірік (гумус)- топырақтың құнарлы қабаты.

Тырма- жыртылған жерді қопсыту, тырмалау үшін қолданылатын ауылшаруашылық құралы.

Қопсытқыш-арамшөптерді жойып, қатар аралықты өңдеу үшін топырақтың беткі қабатын қопсытуға арналған ауылшаруашылық құралы.

Мелиорация- топырақ құнарлылығын арттыру мақсатында топырақ жағдайының қолайсыздығын жақсарту жөніндегі шаралар (құрғату, суару, сусымалы жерді бекіту) жүйесі.

Үйге тапсырма: қосымша материал жинау, өз бетімен жұмыс.

Сабақ 27

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 1. «Бөлме жағдайында көшет өсіру» Мемлекет және экономика.

Сабақтың мақсаты: ♦ Көшет отырғызу және күтімі туралы мағлұмат беру. ♦ Ақпарат туралы оқушылардың ой-өрісін, танымын қалыптастыру. ♦ Еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық,

Сабақтың әдісі: талдау, түсіндіру, теорияны практикамен ұштастыру

Сабақтың көрнекілігі: суретті нұсқалар, бөлмедегі құмыра өсімдіктері.

Сабақтың құрылысы: І. Ұйымдастыру бөлімі;

ІІ. Өткен сабаққа шолу;

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру;

ІV. Практикалық бөлім;

V. сабақты бекіту;

VІ. Үйге тапсырма.

І. Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Өткен сабақ бойынша сұрақтар қою:

  • Көкөністердің адам ағзасына пайдасы қандай?

  • Тамыр жемістілерге қандай көкөністер жатады?

ІІІ. Жаңа сабақ: оқушылардың назарына суретті көрініс ұсыну. Оқушыларға сұрақ: Бұл бейнелер нені білдіреді және бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ? Оқушылардың ойын тыңдау.

Көшет өсірудің реті:

  • Тұқым өнгіштігін тексеру.

  • Арнайы ыдыста өсіру.

  • Тұқымды жәшікке немесе құмыраға егу.

  • Температураны өлшеу. Ылғалдылығын тексеру.

  • Көшетті суару.

  • Өсімдікті (көшетті) көшіріп отырғызу.

  • Көшетті топыраққа отырғызу.

Көкөніс өсімдіктерін бөлме жағдайында бірнеше тәсілмен өсіруге болады. Тұқымды

тұрақты орынға себу арқылы, көшет отырғызу арқылы, әрі қарай аяғына дейін өсіру арқылы. Бұдан бөлек бақша учаскесі үшін көкөніс дақылдары көшеттерін өсіруге де болады.

Практикалық кезең: Бөлме жағдайында көшет өсіру (жәшікте немесе құмырада өсіру әдісі)

Керекті құрал-жабдықтар: жәшіктер, құмыралар, қызанақ, пияз тұқымдары, жұмсақ мата, терең тостаған, қалақ, жұмыс дәптері, сызғыш.

Кітаппен жұмыс: көшет өсірудің реті бойынша, №1 практикалық жұмыстың жоспарына сүйене отырып, тапсырманы орындау немесе көшет отырғызудың басқа тәсілін де қолдануға болады. (жоғарыда айтылғандай)

Оқушылар жұптасып жұмыс жасайды. Кабинеттің ішкі тәртібін сақтай отырып, берілген тапсырманы орындап, бөлме ішіне орналастырады.

Оқушылардың жұмысын бақылау, тиісті жерінде кеңес, ескертулер беру.

Сабақты бекіту:

  • Бөлме жағдайында көшет отырғызудың мақсаты не?

  • Оны күтіп-баптауда қандай ұстанымдар бар?

  • Жарық сүйгіш өсімдіктерді ата?

Үйге тапсырма: көшет отырғызу жайлы үлкендердің тәжірибесі туралы әңгімелеу.

Экономика бөлімі:

  • Мемелекет- өз алдына жер-суы бөлек, дербес, тәуелсіз, елдік рәміздері, басқару құрылымдары, барлық азаматтарына ортақ Ата Заңы, т.б. бар біртұтас жұрт.

Сен тұратын мемелекет бұрын Қазақ Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы деп аталған. 1991 жылдан бастап сен Қазақстан Республикасында тұрасың.

Ол біздің Тәуелсздік алған жылдарымыз.

Ал, экономика ұғымын сендер білесіңдер, материалдық игіліктер өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үдерісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды сипаттайды.

Мемлекет қоғамның экономикасын дамытуға мүмкіндік туғызу үші кәсіпкерлікті және жекеменшіктің қорлануын қуаттайды, ел азаматтарының басым көпшілігінің меншік иесі болуын қалайды. Кез-келген азамат өзіне ұнаған кәсібімен айналысып, жақсы киініп, тойымды тамақ ішіп, жайлы пәтерде тұрып, мәдениетті демалып, балаларын қалаған мамандығы бойынша оқытып, келешегіне алаңдамай өмір сүруге тиіс. Материалдық-тұрмыстық деңгейі осындай адамдарды орта тап өкілі деп атауға болады. Мемлекет саяси-әлуметтік жағдайдың орнықтылығы мен адамдардың жақсы тұрмысының негізі болып табылатын орта тапты қоғам құруды мақсат етіп қойып отыр.

Экономиканы қоғамнан бөліп қарастыруға болмайды. Экономикалық және әлеуметтік мәселелер өзара тығыз байланысты болғандықтан, аз уақытта оны қамту мүмкін емес.

Дегенмен, мемелекет және экономика дегенде, мемелекеттік әлеуметтік- экономикалық міндеттерін білсек те болады. Бұл –алға қойылған негізгі әлеуметтік-экономикалық міндеттерді, мақсаттарды шешу, яғни, адамдардың әл-ауқатын, еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсартуға, денсаулығын сақтауға, білім алуына, жеке адамның жан-жақты дамуына, өмір дағдысын жетілдіруіне жағдай жасау.

Алдағы уақытта, яғни жоғарғы класқа барған сайын, мемелекеттің эконмикасы мен экономикалық саясаты туралы тереңірек білетін боласыңдар.

Сабақ 28

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 2. «Қызанақ және қырыққабат тұқымдарын егу». « Жанұяны қалай үнемді асырауға болады?» ойыны

Сабақтың мақсаты: ♦ көкөністің тұқымдарын егу және оның күтімі туралы мағлұмат беру.

♦ Оқушылардың қызығушылығын, байқағыштығын дамыту. ♦ Еңбексүйгіштікке, белсенділікке, қоршаған отаны қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың әдісі: үйрету, қызығушылығын ояту, ойын

Сабақтың құрылысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Негізгі бөлім;

ІІІ. Қорытынды бөлім.

І. Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу. Өткен сабақ бойынша үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Жаңа сабақ: көшет өсіру. Қырыққабат, қызанақ, бұрыш, баклажан мен кәділерді көшетінен өсіреді. Кітаппен жұмыс: §2 Көшет өсіру тақырыбын түсініп оқу.

Көшет өсірудің ретін еске түсіру, қайталау.

Практикалық кезең: оқушылар өнген тұқымды арнайы жәшікке отырғызады. Ол үшін арақашықтығы 3-4 см, тереңдігі 2 см кішкентай қарық жасайды. Оған арасын 1- см-ден қалдырып өнген тұқымды салады. Бетін топырақпен жауып, сусепкішпен жылы су құяды. Жәшіктерді терезе алдына қойып, дақыл атауы, сорты, егілген күні жазылған затбелгіні жапсырады. Бөлме температурасын күнде өлшейді. Әрі қарай оқушыларға көшет өсірудің реті мен нұсқаулығы беріледі.

Оқушылардың жұмысын бақылау. Сабақ соңында кабинет ішін жинастырып, сабағымызды бекіту:

- өсімдіктің төзімділігін арттыру дегеніміз не? ( көшетті суықтау жерге бірнеше сағат қойып, қайтадан жылы жерге қою)

- тұқымды марганцовканың әлсіз ерітіндісіне не үшін салып алады? ( зиянкестер мен аурулардан сақтау үшін).

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма: практиканы үй жағдайында қолдану, қайталау.

Сабақ 29

Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жоба

Сабақтың мақсаты: ♦ Шығармашылық жоба және оның құрылымы туралы мағлұмат беру.

♦ Оқушылардың таным-түйсігін, ой-қиялын қштап жоба құруда шығармашылық қабілетін ояту, белсенділігін арттыру. ♦ Ізденімпаздыққа, өз бетімен тәжірибе жасай білуге, еңбекқорлыққа, іскерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, іздену әрекетін ұйымдастыру, ой шақыру.

Сабақтың көрнекілігі: шығармашылық жоба жинақтары, үлгілер т.б.

Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру бөлімі;

І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім;

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымы мен дайындығын тексеру.

І. Оқушыларға үлгі жинақтар беріп, қызығушылығын ояту, ой шақыру.

ІІ. Негізгі бөлім:

  • Жоба- өз бетінше жеке немесе топпен орындалатын жұмыс. Яғни – бұл оқушылардың өз білімдерін практика жүзінде қолдануға, қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін өз бетімен атқаратын қорытынды жұмысы. Сондай-ақ, жоба жаңа қолданысқа ыңғайлы, бәсекеге қабілетті бұйым жасап шығаруға бағытталған.

Жобаны орындау кезеңдерге бөлінеді:

  1. Іздену кезеңі;

  2. Технологиялық кезең;

  3. Қорытынды кезең.

Енді осы кезеңдерге тоқтала кететін болсақ:

1-кезеңге: 1. Жобаның тақырыбын таңдау және проблеманы іздеу;

  1. Жоба тақырыбы туралы ақпарат жинау. Идеялар және орындалуы.

  2. Таңдалған идеяны оқып-үйрену:

  • Экономикалық бағалау;

  • Экологиялық бағалау;

  • Модельдеу;

  • Эскиз жасау.

  1. Жоба идеясы мен тақырыбы туралы кластастарымен, мұғалімімен бірге талқылау.

  2. Жобаның тақырыбы мен идеясын бекіту.

2-кезеңге: 1. Жұмысты жоспарлау;

2. Сызба немесе технологиялық картаны жасақтау.

3. Бұйым дайындауға материал құрал-сайман және жабдықтар таңдау.

4. Бұйым дайындау.

5. Бұйымды сынау.

6. Мұғаліммен ақылдасу қажет болса өзгеріс енгізу.

7. Көркем безендіру.

3-кезеңге: 1. Жобаны алдын-ала қорғауға дайындау және кемшіліктерін түзеу.

2. Жобаны қорғау.

3. Жобаны бағалау.

4. Ұсыныстар: технология бойынша көрмеге қатысу, материалды оқу кабинетінде көрнекі құрал ретінде қолдану, жеке портфолиосына салу, т.б.

Оқушыларға әрбір кезең талдап, тарқатып айтылады. Оқу кабинетіндегі жоба нұсқаларына деген өздерінің көзқарастары, пікірлері тыңдалып, бағыт-бағдар беріледі. Оқушылар әрі қарай жоспар және жұмыстың реттілігі бойынша жобаға кіріседі. Үйге әрбір кезеңдер бойынша нұсқаулар мен тапсырмалар белгіленіп, беріліп отырады.

6-класс

С абақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар. Тамақтану физиологиясы. Қазіргі ас үй бөлмесі. Дастарқан жабдықтау. Қазақ дастарқан жабдықтау ерекшелігі. Экономикаға кіріспе.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қауіпсіздік ережесі мен гигиеналық талаптар туралы

мағлұмат беру.

Дастархан жабдығының ерекшеліктері туралы және экономика туралы

қысқаша білім беру.

Сабақтың түрі: Кіріспе

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ой-бөлісу

Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру бөлімі,

жаңа сабақты хабарлау,

жаңа сабақты түсіндіру,

дәптермен жұмыс,

сабақты қорытындылау.

1.Оқушылармен амандасу, танысу, жоқ оқушыларды белгілеу.

2. Жалпы технология пәні туралы түсінік.

Технология сөзі нені білдіреді. Технология сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда – техно –өнер, шеберлік, іскерлік, -логос-уйрену, ғылым, сөз деген мағынаны білдіреді.

Технология пәні неге үйретеді:

Бұл пән қандай мүмкіншілікке жеткізеді?

Дәптерлеріне ережелер жаздыру.

Барлық елдің өзіне тән дастархан жабдықтау ерекшеліктері бар. Сондай-ақ? Біздің еліміздің де дастархан жабдығы ерекше.

Қазақтың дастарханы ұлттық тағамдарының табиғилығымен ерекшеленген. Қонақ күту, әр-түрлі әдет-ғұрыптарды атап өту, ақ дастархансыз өтпеген. Дастарханда ішімдік атаулы болмаған,оның орнына саумал қымыз, тәтті шұбат, ақ айран болған.

Салқын тағамдар да, кептіріп қысқа сақталған сүт өнімдері, жаңа піскен бауырсақ та біздің қазақтың аспаздық өнерінің ерекшелігі болып саналады.

Негізгі асхана құралдары: жеңіл тамаққа арналған, тамақтануға, барлық, десерт және жеміс жеуге арналған құралдар болып бөлінеді.

Қосымша құралдар құрамына: күрекшеге ұқсас майға арналған пышақтар, салат салуға арналған қасық, сұйық тағамдар мен тәтті сусындарды (кисель, компот) бөліп құюға арналған қасық, уылдырыққа, балық және тағамдарға арналған күрекшелер кіреді. Дастарқан жасау үшін құрал-саймандардан басқа, ас үй ыдыс-аяқтары да қажет: шыныаяқ, шыны фарфор. Тарекелер қолданылуына қарай: тәттілерге, жеңіл тағам салуға арналған, асханалық кіші және шұңғыл тарелкелер болып бөлінеді.

Практикалық бөлімде оқушылар дастарқан жабдығын демонстрациялап көрсетеді. Салфеткаларды бүктеу әдісін бірлесіп жасау.

Экономика-Адамдар өзіне қажет игіліктердің барығын табиғаттан дайын күйінде ала алмайды,олар қажет игіліктердің көп бөлігін өзі өндіруіне тура келеді.Сондықтан ,әр мемлекетте адам еңбегінің арқасында зауыттар,фабрикалар,дүкендер,ауруханалар,мектептерт.б. қызмет етеді. Міне ,осындай және басқа да көптеген адам өмірін қамтамасыздандыру сұрақтарымен Экономика айналысады.

Экономика деген сөз гректің «эйкос» -үй, шаруашылық, «номос» -заң деген сөздерінен құралған, яғни «экономика» ертедегі грекше «үй шаруашылығын жүргізу заңдылығы» дегенді білдіреді.

Алғашқы мәнін сақтай отырып, «экономика» термині қазіргі кезде кең қолданылады. Қазір экономика деп тек үй шаруашылығын ғана емес, кәсіпорын шаруашылығын,мемлекет шаруашылығын және барлық әлемдік шаруашылықты атайды.

Үй шаруашылығы- бұл жанұя шаруашылығы, яғни үй,бақша, саяжай,жиһаз,ыдыс –аяқ және әр түрлі үй мүліктері.

Үй шаруашылығынан басқа да шаруашылықтар болады. Олар: кәсіпрын,қала, ауыл, және ел шаруашылықтары.

Кәсіпорыншаруашылығы - бұл ғимараттар,құралжабдықтар, машиналар т.б.

Елшаруашылығы - бұл жер қойнауындағы барлық байлықтар,дала мен орманда өсетін өсімдіктер,теңіз бен өзен байлықтары және адам қолымен жасалған ауыл, қала,зауыт, фабрика, шахта және әр түрлі машиналар.

Оқушылардың жұмысын бағалау, үйге тапсырма беру.

Сабақты қорытындылау. Оқушыларға қайталау сұрақтар бойынша сабақты бекіту.

Үйге тапсырма: Дастархан жабдығы. Суретті көрініс. Үлгі дайындау.

Сабақтың тақырыбы: Жарнамалар, бұршақ тұқымдас, макарон өнімдері, сүт өнімдері.

Экономиканың негізгі мәселесі.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға жарма, бұршақ, макарон, сүт өнімдері және дайындалатын

тағам түрінен мағлұмат беру.

Оқушылардың таным-түсінігін қалыптастыру.

Қыз балаларды еңбекке, үй-тұрмыс тіршілігіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: С.Т.О бағдарламасын қолдану

Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру бөлімі:

1. Қызығушылығын ояту

2. Машинаны ашу,

3. ой-толғаныс

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

1. Ассосиация: «Өнім» сөзін ассосиациялау; (ет,көкөніс,бұршақ,жарнамалар,ұн)

2. Мағынаны ашу. «ЖИГСО» стратегиясын қолдану.

І топ -Жарнамалар ;

ІІ топ -Бұршақ тұқымдастар;

ІІІ топ-Макарон және сүт өнімдері;

ІV топ-Экономиканың негізгі мәселесі.

Жетон арқылы орналастырып,мәтінді таратып оқуға 10-15 минут береміз.Жанұяға оралып,алған ақпараттарымен алмасып,алған білімдерін ортаға салу.Мына графаларды толтыру.

Негізгі түсінік

Қосымша түсінік

Негізгі түсінікке топтан балған ақпараттарын,ал қосымша түсінікке топтан алған ақпараттарын жазады. Жаңа сабақты бекітуге әр топтан бір-біріне жуан және жіңішке сұрақтар қою.

  • Өнімдердің адам ағзасына пайдасы?

  • Өнімдердің өзіндік ерекшеліктері?

  • Ең ұзақ сақталатын өнім?

Венн диаграммасы

Жарма және бұршақ өнімдерін венн диаграммасына салу. Жарма өнімінің, бұршақ өнімінің қасиеті, пайдасы, ерекшелігі. Диаграмманың ортаңғы бөлігіне екеуінің ортақ белгілері жазылады.

3. Ой-толғаныс: Біздің ұлттық тағамымызда кездесетін өнімдер. Оқушылар өзара пікірталасады.

1. Адамдардың өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін ресурстарды қалай бөлінетінін зерттейтін ғылым.

2.Өмір үшін материалдық жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін адамдардың жасаушы қызметінің барлық түрлері.

3. Елдің шаруашылық кешені-өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық салалары.

Экономика адамның қатысуымен, оның көмегімен және ол үшін дамитынын көріп отырмыз.Және оның ең басты мақсаты адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Экономика адамсыз дами алмайды.Өмір сүру, еңбек ету және даму үшін қажет.Яғни экономиканың міндеттері адамның тұрмыс жағдайын жасау,жалғастыру және жақсарту болып табылады.

Экономиканың негізгі принциптері- оның саналылығы және мақсатқа бағытталғандығы.

Экономиканың негізгі мақсаты – адамның тұрмыс жағдайының жақсаруы,табыстың әділ бөлінуі,экономикалық қамсыздандыру,қоршаған ортаны жақсарту,экономикалық бостандық, тұрғындарды жұмыспен толық қамту, баға деңгейінің тұрақтылығы және экономикалық тиімділік.

Адамдардың тұрмыс жағдайының жақсаруы- адамдарға қажет игіліктер мен қызмет көрсетулерді өндіруді көбейту,олардың сапасын арттыру.

Экономикалық қамсыздандыру дегеніміз – бұл еңбекке жарамсыз, қартайған және кәмелетке жасы толмаған азаматтарға қолдау көрсету,олардың адамға лайықты өмір сүруіне мүмкіндік жасау.

Экономикалық бостандық дегеніміз – барлық адамдар қалай ақша тауып, оны қалай жұмсауды өз қалауы бойынша еркін шешуі. Сонымен, әр азамат өз еңбегімен жасаған немесе тапқан ақшасына сатып алған игіліктері мен қызмет көрсетулерін өз қалауы бойынша жұмсап, пайдаланады.

Экономиканың қаншалықты жемісті дамуда екенін нәтижелер мен шығындардың қатынасы бойынша бағалайды. Бұл сәйкестікті экономикалық тиімділік деп атайды

Үйге тапсырма: Тақырып бойынша эссе.

Сабақтың тақырыбы:Практикалық жұмыс №1. Азық-түліктерді жылу арқылы өңдеу тәсілдерінің жіктемесі. Түскі, кешкі асқа дастархан әзірлеу.

Қазақстан – әлемдік ынтымақтастыққа қатысуы.

Сабақтың мақсаты: Азық-түлікті жылу арқылы өңдеу тәсілдерін үйрету. Білімдерін кеңейту.

Ас әзірлеудің түрінен талғамдарын, икем-дағдысын қалыптастыру.

Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың әдісі:оқу-үйрену;

Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру бөлімі,

өткен сабаққа шолу,

жаңа сабақты хабарлау,

жаңа сабақты түсіндіру,

ой-бөліс,

практикалық жұмыс,

қорытындылау

Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Өткен сабаққа шолу:

Өнім түрлері;

Өнім сапасын қалай анықтаймыз?

Сабақтың барысы: жаңа сабаққа оқушылар назарын аудару.

-Алғашқы жылулық өңдеу деп нені түсінесіңдер?

Көптеген азық-түлік жеуге тек қыздырып өңдеуден кейін қолданылады. Оның 3 негізгі себебі бар: біріншіден, тағам жұмсарып, шайнауға жеңіл болды, негізгі тағамдық заттардың сіңімділігі артады: екіншіден, адам организміне зиянды микроорганизмдердің түспеуіне мүмкіндік жасайды; үшіншіден, азықтардың дәмдік сапасы артады. Алайда, азықтарды қыздырып өңдеу кезінде кейбір жағымсыз өзгерістер де пайда болады. Жоғары температурада кейбір тағамдық заттар, мин.тұздар, дәрумендер, жойылады, табиғи түсі өзгереді, иісі жоғалады.

Қыздырып өңдеу әдістері: негізгі-қайнатып қуыру, пісіру.

аралас-бұқтыру, қыздырып пісіру.

қосымша – шала қуыру, булау

Осы әдістерге жеке тоқталу.Практикалық бөлімде дастархан жабдығын жасау. Оқушылар өзі қалаған мезгіл дастарханын көрсетеді.

Қорытынды: топтағы оқушылардың бір-біріне пікірі бағасы. Топта талқылау.

ЭкономикаЭкспорт (латынша- шығарамын) – шетелдік рыноктарда сатуға немесе басқа елде өңдеуге арналған тауарларды шет жаққа шығару.

Импорт (латынша-енгіземін)-шет жақтан сатып алынған шетелдік тауарларды тұтыну, пайдалану үшін елге енгізу.

Қандай тауарларды шет жаққа шығару (экспорт), ал қандай тауарларды елге әкелу (импорт) керек? Шет елге отандық рынокқа қарағанда шетелдік рыноктарда басқа тауарлар түріне көбірек ауыстыруға болатын тауарларды шығару(экспорттау) өз елінде өндіргеннен гөрі сатып алу арзанырақ болатын тауарларды елге әкелу керек.

Еңбекті халықаралық бөлу –елдердің ең көбірек салыстырмалы басымдылығы бар жекелеген салаларды дамытуы.

Әлемдік рынок- өзара тиімділік және еңбекті халықаралық бөлу принципіне негізделген тауарлар мен қызмет көрсетулерді айырбастауды іске асыратын түрлі мемлекеттер қатысатын халықаралық рынок.

Әлемдік рынок – екі жаққа да тиімді және еңбекті халықаралық бөлу принципіне негізделген тауарлар мен қызмет көрсетулерді өзара айырбастайтын түрлі мемлекеттер қатынасатын рынок

Адамдар бірте –бірте тауар ретінде металдардан тиындар жасауға көшті. Мұндай қымбат металдардан жасалған тиындар желініп, жеңіл тартатын болды. Олар бастапқы құндылығымен жүрсе де, салмағы бұрынғысынан аз болды. Бұл жағдайды жалған ақша жасаушылар пайдаланды. Сондықтан қымбат металдармен қамтамасыз етілген қағаз ақшалар ойлап табылды.

Ақшаның пайда болуы тауар айырбасын, яғни сауданы жеңілдетті.

Ақша – барлық адамдар кез келген тауарлар мен қызмет көрсетулері үшін қабылдайтын ерекше тауар. Барлық басқа тауарлардың құны ақшамен анықталады.

Ақша –адамдарға тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға мүмкіндік беретін металл тиындар мен қағаз купюрлар.

Халықаралық экономикалық ынтымақтастық –өзара көптеген байланыстары ьар дүние жүзі мелекеттері: олар бір –бірімен сауда жасайды, табиғи ресурстарды бірге игереді, ғылыми зерттеулерді жүргізеді,туристермен алмасады.Халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың барлық мемлекеттері тәуелсіз және тең құқықты.

Үйге тапсырма: ас әзірлеуде жылулық өңдеудің түрлері мен әдістері. Өз бетімен жұмыс.

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №2. «Ботқа дайындау».

Өндіріс-экономикажемісінің көзі.

Сабақтың мақсаты:- Қыз балаларға тамақ әзірлеудің жолдарын түсіндіре отырып, ас мәзірінің ерекшелігі, тағамдық маңызын,өндірістер туралы түсініктер беру.

- Ботқаның тағамдық құндылығы туралы түсінігін, дүниетанымын қалыптастыру.

- Оқушыларға икемділікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:сарамандық;

Сабақтың әдісі: аралас, топпен жұмыс;

Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру бөлімі;

өткен сабаққа шолу;

жаңа сабақты хабарлау;

жаңа сабақты түсіндіру;

практикалық бөлім.

Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушылардың сабаққа назарын аудара отырып, өткен сабаққа шолу жасау:

қыздырып өңдеудің әдісі?

жоғарғы температураның тағамға әсері?

Сабақтың барысы:

Оқушыларға тақырып хабарланып, қысқаша мағлұмат беріледі.

-Жармадан су,сүт,сорпа қосып ботқалар дайындайды. Ботқалар үгілмелі, қою, сұйық, болып бөлінеді. Үгілмелі ботқаларды күріштен, қарақұмықтан, арпа, жармасынан жасайды. Қою және сұйық ботқаларды кез келген жармадан пісіреді. Жармаларды, бұршатылар мен макарондық бұйымдарды пісіргенде олардың салмағы мен көлемі ұлғаяды. Мысалы, бұршақтылар мен макарондардың салмағы 2.5-3 есе өседі.

Практикалық бөлім: Күріш ботқасын дайындау. Дайындалу жолын түсіндіру. Оқушыларға нұсқау беру.

Оқушылардың жұмысын тексеру, өзара талқылау.

Экономика бөлімі. Экономика адамның жеңіл, қызықты өмір сүруіне бағытталған. Бізге керекті нәрсенің барлығын (азық –түлікті,үйлерді,тұрмыстық заттарды) қайдан аламыз? Әрине мұның барлығын жасау керек,яғни өндіру керек.Қажет заттарсыз,азық –түліксіз адам өмір сүре алмайды. Материалдық игілік қайдан шығады?Өндірістен. Қолмен ұстауға болатын игіліктер зауыттарда,фабрикаларда, фермерлік шаруашылықтарда өндіріледі. Бұлар – материалдық өндіріс.

Бірақ көптеген адамдар денсаулық сақтау,ағарту,сауда салаларында жұмыс істеп,бізді емдейді,оқытады,бізге қажетті тамақ, киім сатады. Бұл –қызмет көрсету.

Экономистер қазіргі кезде қызмет көрсетулерді материалдық емес өндіріс деп есептейді.

Адам тек жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар,демалы, емделуі, өзін –өзі дамытуы керек. Бұл үшін театрлар,мұражайлар,кітаптар, көркемөнер, ғылыми еңбектер және көптеген тағы басқалар керек. Бұлардың барлығы рухани байлықты құрайды.

Рухани орта материалдық өндірістің дамуы үшін де маңызды. Білім, ақыл –ой, қиял адам игілігі үшін жаңалықтыа іздеп, туғызады.

Өндіріс-материалдық игілік пен қызмет көрсетулер жасау процесі.

Өндіріс –адамдардың қажеттілігін өндіруге қажет материалдық игіліктерді құру процесі.

Өндіруші- өнім өндіріп,қызмет көрсететін адам.

Бағалау.

Сабақтың қорытындылау: оқушыларға ботқаның балалар тағамы ғана емес, диеталық ас ретінде әр түрлі ауруларға ұсынылатыны айтылады. Үйге тапсырма: ботқа түрлерінен рецепт.

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №3 «Сүттен жасалған тағам дайындау».

Нарықтың дамуы үшін не қажет?

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сүт және сүт тағамдары туралы мағлұмат беру.

Нарық және нарықтың дамуы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сүттен дайындалған тағамның құнарлығы,оқушылардың өз бетінше

шығармашылықты түрде орындауға үйрету.

Пәнге қызығушылығын арттыру; қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:практикалық

Сабақтың әдісі: мәтінмен жұмыс, нұсқаулықты ескеру.

Сабақтың құрылымы: Ұйымдастыру бөлімі;

өткен сабаққа шолу;

жаңа сабақты хабарлау;

оқу материалын түсіндіру;

практикалық жұмыс;

қорытындылау

үйге тапсырма

Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,

2. Өткенсабаққа шолу:

Ботқаның қандай түрін білесіңдер. Ботқаны алғашқы өңдеу дегеніміз не?

3. Жаңа сабақ хабарланып, дәптеріне ақырып жауылады.

4. Тақырыпқа оқушылардың назарын аудартып қысқаша түсінік беру.

-Сүтдәрумендердің көзі.Сүт пен сүт тағамдары арқылы адам организмін А дәруменімен, В тобындағы дәрумендер, С және Д дәрумендерімен толық қанағаттандыруға болады.

Біздің ұлттық тағамымыз- қаймақ, кілегей, май, сүзбе, ірімшік, құрт, айран т.б көптеген дәмді тағам түрлері сүттен әзірленген.

Қазірде бұл тағамдар үлкен сұранысқа ие. Олардың өзіндік дайындау ерекшеліктері мен адам ағзасына пайдасы зор.

Сондай-ақ сүттен ботқа сорпа, тұздық, тәтті дайындайды.

Практикалық кезең:

Оқушылардың жас ерекшелігіне және өз мүмкіділігімізге қарай, сүттен әзірленетін жеңіл тағам түрін таңдаймыз.

Оқушыларға 2 рецепт ұсынылады: 1. Сүзбеден әзірленген тәтті шарлар. 2. Сүзбеден әзірленген тәтті қуырылған шарлар.

Оқушылар 2 топқа бөлініп нұсқаулықпен жұмыс жасайды.

Экономика. Меншік –адам,кәсіпорын немесе мемлекет пайдаланатын немесе иелік ететін нәрсе.

Жеке меншік – мүлік жеке адам иелігінде болатын меншік.

Бәсеке- тұтынушылар ақшасы үшін тауар өндірушілер(сатушылар) арасындағы жарыс, бәсекелестік.Азаматтар,фирмалар немесе елдер арасындағы өз иелігіне көп шектеулі ресурстарды алуға және оларды пайдаланудан жоғары пайда түсіруге жеткізуге бағытталған экономикалық бәсекелестік.

Бәсекелестікдегеніміз- ол сатушылар арасында және сатып алушылар арасындағы бақталастық. Саушылардың бәсекесінде, олар сатып алушыға қажетті тауарды мүмкіндігінше төмен бағада өндіруге тырысаыды. Сатып алушыларды өзіне қарату үшін бағасын төмендеткісі келмейтіндер немесе төмендете алмайтындар өздерінің тауарларын өткізе алмайды.Әрине, мұндай бақталастық барлығымызға тиімді.

Оның бізге тиімділігі –біз қалаған тауарлар керекті жерде,керек мөлшерде болып тұрады.

Және өндірушілердің білетіні, егер олар тұтынушылардың сұранымын қанағаттандырмаса, оны олардың бәсекелестері орындайды.

Оның бізге тиімділігі- тауар өндірушілер әрқашанда мүмкіндігінше тиімді жұмыс істеуге ұмтылатындығында. Сондықтан, ресурстар үнемделіп,өндіріс өнімнің мөлшері көбейіп, бағаның арзандауынан өмір сүру деңгейі жоғарлайды.

Сатып алушыларда өзара бәсекелеседі. Олардың кейбіреуі қалаған қымбат нәрсені сатып алады. Әрине, бұл бәсекеде бағалы затқа жоғары баға төлей алмағаны ұтылады.

Жұмыс процесінде оқушыларды бақылау, өзара тексеру, бағалау.

Үйге тапсырма: нұсқау карта дайындау.

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 4 «Макарон өнімдері. Олардан жасалатын

тағамдар» .Рыноктық экономика әлемі.

Сабақтың мақсаты:- Оқушылардың теориядан алған білімдерін практикада ұластыруына мән беру.Қауіпсіздік ережелермен,санитарлық –гигиеналық талаптармен таныстыру.

  • Дүниетанымын ,ой-өрісін қалыптастыру.

  • Шеберлікке,ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: практикалық жұмыс.

Сабақтың барысы: Оқушылармен амандасып,түгелдеп,жұмыс құралдарын түгендеп,кіріспе нұсқауды ескерту керек.Оқушыларды топқа бөліп,нұсқау картаны таратып,түсіндіру. Макарон өнімдерінен жасалатын тағамдаржәне рыноктық экономика әлемінің маңызына тоқталу.

Макароннан дайыдалған тамақтарға қойылатын талаптарға тоқталу.

Ағымдағы нұсқаулық :

  • Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру;

  • Практикалық жұмыстың дұрыс орындалуын тексеру;

  • Техника қауіпсіздігі ережесін сақтау;

  • Жұмыс сапасы;

  • Технологиялық құжаттарды қолданудың дұрыстығы

Практикалық жұмыс«Макарон дайындау»

Макарон бұйымдарды екі тәсілмен қайнатады:

1- көп суға: Азық –түлік мөлшері: 100 г. макарон

600мл. су

қажетінше тұз.

Кереті құрал-жабдықтар:кепсер(дуршлаг),кастрюл

Дайындалу реті: дайын болғанша қайнату.

2-аз суға:Азық –түлік мөлшері: 100 г. макарон

220-250 мл. су

қажетінше тұз.

Кереті құрал-жабдықтар:кастрюл

Дайындалу реті: тұздық дайындау( жуа,сәбіз, бұрыш,т.б.),су құйып қайнаған соң макаронды салу.Бір қайнаған соң, астындағы отты жайлату.Дайын болғаннан кейін дастарқанға тарелкеге жасылмен безендіріп әкелу.

Соңғы нұсқаулық :

Практикалық жұмысты талдау:

  • Эстетикалық жағынан ең жақсы орындалған жұмысты көрсету;

  • Топ немесе жеке жұмыс жасаған кездегі жіберілген қателерге талдау жасау;

  • Бағалау.

Бәсеке – рыноктық экономикадағы басты реттеуші жүйе.

Бәсеке азаматтар, фирмалар мен елдерді шектеулі ресурстардың барлық түрлерін алу және пайдаланудың ең ұтымды тәсілдерін іздеуге итереді.

Бәсеке жоғары болған сайын, ел азаматтары –тұтынушыларға жақсырақ болады. Бәсеке бүкіл қоғам мүддесіне қызмет етеді.Егер кәсіпкерлер рынокты өзара бөлісіп алып, жоғары баға орнатып,өздерін монополистер ретінде көрсетсе,онда тұтынушылар ғана емес, жалпы экономика ұтылыста болады. Монополистер әрекетін шектейтін заң болмаса,онда өндіруші монополистпен күресе ала ма?

Сондықтан мемлекеттің экономикалық қызметінің бірі- бәсекені қорғау және қолдау. Мемлекет монополияға қарсы заңдар шығарып, олардың орындалуын қадағалайды.

Бәсекелестік, сонымен бірге, өндірушілерді тауардың сапасын жақсартып, ұсынылатын тауар мен қызмет көрсету түрлерін тұрақты тауар мен қызмет көрсету түрлерін тұрақты көбейтіп отыруға итермелейді.

Тұтынушылар қандай фирманың өнімі жоғары сапалы екенін жылдам анықтайды және осының нәтижесінде бұл фирмалар көп пайда түсіреді. Сондықтан, нарықтың көп бөлігін жеңіп алу үшін бәсекелестік нарықтағы өндірушілер жаңа тауарлар мен қызмет көрсетулерді тұрақты түрде ойлап шығарады. Өндірушілер сату нарығында сатып алушылар үшін бәсекелестерімен әрқашанда күрес жүргізуі керек. Дамыған экономика жағдайында мұндай күрес мейлінше төмен бағамен ұсынылған жоғары сапалы тауарлар мен қызмер көрсетулердің түрлерін тек жақсарту және кеңейту арқылы жүргізілуі мүмкін. Осының нәтижесінде тұтынушылар,олармен бірге бүкіл қоғам ұтады.

Жаңа сабақты бекіту

  1. Макрон неше минутта піседі ?

  2. ТҚЕ ?

  3. Бәсеке дегеніміз не ?

Бағалау: Сабаққа белсене араласқан оқушыларды атап, бағалау.

Үйге тапсырма: рецептер жазып келу.

Сабақтың тақырыбы: Жеміс-жидек өсімдіктеріне жалпы сипаттама. Жеміс ағаштарын отырғызу ережелері. Экономикадағы кәсіпкер. Пайда

Сабақтың мақсаты: - Оқушыларға жеміс шаруашылығы жұмыстары туралы мағлұматтар беру.Жеміс ағаштарын отырғызу ерекшеліктеріне және экономикасына тоқталу.Жемістердің әр түрлігін анықтау туралы білімді толықтыру.

  • Оқушыларға жеміс өсімдіктерінің топтары және олардың биологиялық ерекшеліктері туралы таным –түйсіктерін,дүниетанымдарын дамыту.

  • Еңбекқорлыққа, үнемдей білуге үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: әңгімелесу,қарапайымнан күрделіге .

Сабақтың көрнекілігі:жеміс –жидек суреттерінен жинақтамалар( буклеттер), таблицалар.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі;

өткен сабаққа шолу;

жаңа сабақты хабарлау;

оқу материалын түсіндіру;

практикалық жұмыс;

қорытындылау,

үйге тапсырма

Оқушылармен амандасып,сабаққа дайындықтарын тексеріп,өткен тарауды пысықтағаннан кейін,жаңа сабақты бастаймыз.

Жеміс шаруашылығы- халықты жеміс –жидектермен қамтамасыз ететін өсімдік шаруашылығының ең ежелгі салаларының бірі. Жемістер жоғары дәмдік қасиетерге ие, оларда көміртектерге,ақуыздарға,майларға,дәрумендерге,минералдық заттарға бай.

Биологиялық ерекшеліктері,шаруашылықта қолданылуы және жемістерінің түрі бойынша жеміс-жидек өсімдіктері топтарға бөлінеді.

Топ

Жеміс –жидек өсімдіктері

Дәнекті

Алма,алмұрт,айва және т.б.

Сүйекті

Шие,қара өрік,қызыл шие,алша,өрік,шабдалы, қызылтал және т.б.

Жидекті

Қойбүлдірген,таңқурай,қарақат және т.б.

Жаңғақ жемісті

Фундук,грек жаңғағы,пісте және т.б.

Субтропикалық

Зәйтүн,құрма,інжір,анар, цитрустар(мандарин,лимон,апельсин)

Тропикалық

Банан,нан ағашы және т.б.

Алма ағашы- жеміс ағаш.Жеміс дақылдары ішінде ол өте кең тараған. Сұрыбына және түріне орай алма ағашы 20-100 жыл өмір сүре алады,ал,отырғызғаннан 3-6 жылдан кейін жемісін бере бастайды.Әдетте,1 га бақ алаңынан 15-20 т. Жеміс береді,тіпті, 100 тоннаға дейін жетеді. Ағаштың жер бетіндегі бөлігі діңгектен және бұтақтан тұрады.

Жидек бұталарын отырғызу.

Топырақты дайындау. Жидек бұталары мен қойбүлдіргенді отырғызар алдында топырақты мұқият өңдейді және органикалық, минералдық тыңайтқыштармен тыңайтады.Егер топырақ қышқыл болса,онда оны міндетті түрде әктейді. Таңқурайдың,қара қарқаттың және қойбүлдіргеннің астына көп мөлшерде көң қосады:1 га жерге 50-60 –тан 100-120 тоннаға дейін.Егер шаруашылықта мұндай мөлшердегі көң болмаса,онда оны бүкіл алаңға емес,тек бұталар отырғызылатын траншеяларға немесе атыздарға төсейді. Қарақаттың,қарағанның және таңқурайдың астына 40-45 см тереңдікте плантаждық жер жырту жүргізіледі. Бұл өсімдіктерді күзде отырғызған жақсы.

Қойбүлдіргенді отырғызу

Отырғызудың ең жақсы мерзімі-тамыздың екінші жартысы.Қазіргі уақытта отырғызудың тәсілі ең көп тараған. Бір қатардағы өсімдіктер арасында 75-80 см, қашықтық қалдырып отырады.

Жасаң дайындалған көшеттерді отырғызады.Оларды ересек өсімдіктермен байланысқан мұрттарын қырқа отырып,істік күрекпен қазып алады. Егер өсімдіктің қысқа сабақтарында үш жапырақтан кем болмаса,тамырлары 6-7 см-ден кем емес,жақсы дамыған және төбесінде мықты бүршігі –жүрекшесі болса, онда ол жақсы саналады.

Экономика. Кәсіпкер –коммерциялық фирманы ұйымдастырып,пайда алу үмітімен оның жұмысын басқаратын адам.Кәсіпкерлік бұл-адамдардың тауарлар мен қызметтерге деген қажеттіліктерін өтеуге және пайда алуға бағытталған ынталы дербес қызметі.

Әркімнің жеке ісін ашқысы келетіндігінің көптеген себептері бар. Жеке басының тәуелсіздігі, пайда табудың шексіз мүмкіндігі және өзіне ыңғайлы уақытта, сүйікті ісімен шұғылдану –мүмкіндігі адамдарды бизнеске ұмтылдыратын себептердің кейбірі ғана.

Серіктестік . Бұл кәсіпорынның екі немесе бірнеше ортақтас иелері болады. Оның алдыңғы бизнес түріне қарағанда келесі артықшылықтары бар :

  • Бірнеше кісінің серіктес болуы қосымша қаржы көзін ашады.

  • Серіктес кісілердің әрқайсысы ортақ іске өз идеяларын және таланттарын салады.

  • Жекебасты иелік сияқты, бизнестің бұл түрін құру қарапайым және арзанға түседі.

Пайда – тауарды немесе көрсетілетін қызметті өндіруге жұмсалған шығын мен табыс арасындағы айырмашылық.

Пайда табуға тырысу( пайдалылық сылтауы) американың жүйесінің қозғаушы күші болып табылады. Кез келген экономикалық жүйенің негізгі мақсаты ресурстарды тауар өндіру және қызмет көрсету үшін біріктіру болады.

Пайда жұмыс күшінің таралуына да әсерін тигізеді.Бұл жағдайда кәсіпорынның пайда түсіре алмағандығы,өзінің қызметкерлерін жұмыстан шығаруға мәжбүр етіп отыр. Пайда капиталдың қолданылуына да әсерін тигізеді. Пайданың соңына түсу кәсіпкерді өзінің капиталымен (ақшасымен) тәуекелге баруға мәжбүр етеді. Пайда өндірілетін өнімнің сапасын жақсартуға, өзіндік құнын төмендетуге және бәсекелестеріне қарағанда, мүмкіндігінш көп тауар сатуға ынталандырып отырады.

Жаңа сабақтан сұрақтар қою арқылы сабақты бекітужәне оқушыларды бағалау.Үйге: қосымша мәліметтер жинақтау.

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 1 «Көкөніс дақылдарының көшеттерін өсіру, оны көктемде отырғызу. Арамшөптер мен зиянкес жәндіктерден өсімдіктерді қорғау». Бизнес жоспарымен танысу.

Сабақтың мақсаты: -Оқушыларға көкөніс дақылдарының көшеттерін өсіру және отырғызу ,оларды зиянкестерден қорғау жолдары туралы түсінік беру. Бизнес жоспармен таныстыру.

- Көкөніс дақылдары туралы оқушылардың білімін қорытып,жүйелеу. Көкөніс дақылдарының негізгі зиянкестері және олармен күресу шараларына тоқталу.

- Шеберлікке,ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-суретті(әңгімелесу,сұхбаттасу,дидактикалық материалдармен жұмыс),нұсқаулық.

Сабақтың барысы:І .Ұйымдастыру бөлімі

ІІ .Өткен материалды пысықтау.

ІІІ.Жаңа тақырыпты баяндау.

Мұғалімнің түсіндіруі.

1.Оқушыларға «Өсімдіктерді бақша ауруларынан,зиянкестестерден қорғау шаралары» жазылған кестелер таратылады.

Жұмыстарды жүргізу мерзімдері

Қорғау шаралары

Бүршік жарғанға дейін

Бақшадан қырқылған бұтақтарды шығарып тастайды. Қантамшы көбелек пен алтын қоңыз ұяларын өртеп,көзін жояды.ағаштардан кепкен жемістерді алып тастайды.

Бүршіктердің ісіну кезеңінде

Таңертең ертемен ірі бұтақтарды ағаш балғамен ұрғылап, бізтұмсық-қоңыздарды қанарларға немемесе брезентке түсіріп алады.

Бүршік жару кезеңінде

Ағаштарға және бұталарға сабын ерітіндісін(10 л суға 200 г сабын қосады) немесе пияз тұнбасын(10л суға 200г пиязды қосады,пиязды еттурағыштан өткізіп,суға араластырады да, сүзіп алады) себелейді.

Бутонизация кезеңінде гүлденуден кейін

Бұтақтардан жеміс аралағыштарды түсіріп алады(бұлыңғыр күні) Жібек құртының жұлдызқұрттарын жояды.Бұтақтардың қиылысқанжерлерінен олардың ұяларын ұзын таяқпен түсіріп алады.

Гүлденуден кейін 2-3 аптадан соң

Жеміс жегісінің жұлдызқұрыттарымен күресу үшін ағаш қуыстарына тұзақ белбеулер құрады. Ұдайы шіріктерді жинайды.

2. Зиянкестер мен аурудан қорғау үшін өсімдік тұнбасын қолдану кеіндегі жұмыс қауіпсіздігі ережелерін қадағалау.

Оқулықта 30 бетте.

Практикалық жұмысты орындау үшінкіріспе нұсқаулық:

  • Тапсырманы орындау

  • Өзіндік және практикалық жұмысты ұйымдастыруға арналған нұсқаулық.

Ағымдағы нұсқаулық.

  • Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексер.

  • Практикалық жұмыстың дұрыс орындалуын тексеру.

  • Техника қауіпсіздігі ережесін сақтау.

Соңғы нұсқаулық .

  • Сабақты қорытындылау.

  • Қателіктермен жұмыс.

  • Бағалау.

Экономика. Бизнес жоспар туралы әр оқушы ойын,өз жоспарын жасай білуге үйрету.

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 2 «Жидек дақылдарын вегетативті жолмен көбейту, отырғызу әдістері». Акционерлік қоғам

Сабақтың мақсаты:- Оқушылардың жидек дақылдары туралы, оларды вегатативтік көбеюі туралы білімді меңгеруін қамтамасыз ету,теориядан алған білімдерін практикамен ұштастыру.

-Оқушыларды өсімдіктердің емдік қасиеттерін ашу,салауатты өмір салтына тәрбиелей отырып,жұмыс істеген уақытта тазалық пен мұқияттылық сақтау сияқты жалпыеңбектік және политехникалық біліктіліктерін дамыту.

-Өзін-өзі ұстай білу мәдениетіне,ауыл шаруашылығы еңбек адамдарын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:практикалық

Сабақтың әдісі: әңгімелесу,бақылау,практикалық жұмыс,өзін-өзі бақылау.

Сабақтың көрнекілігі:кестелер,тақырыпқа байланысты иллюстрациялар,суреттер.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі;

ІІ.Өткен материалдарды пысықтау. ІІІ.Жаңа материалды баяндау.

Жеміс дақылдарын вегетативті көбейту-бұл өсімдіктерді атпа тамырынан,өркенінен,бүршігінен,атпа бұтақшаларынан өсіру.Мұндай тәсілдерді екі үлкен топқа бөледі:

1.сабақ пен тамыр бөлшектерін өркендету;

2.ұластыру.

Біріншісінде- өсімдіктің өз тамыры өсіп-көбейсе,ал екіншісінде ол ұластырушы өсімдіктен қоректік заттар алып,өсіп көбейеді.Осы әдістің бірінші тобына жататын әдістердің ішінен көбірек тарағаны-өркеннен өсіріп көбейту;тікпе шыбықтарды қалемшеден(тамырдан және сабақтан) өсіру;атпа тамырдан және атпа бұтақшалардан көбейту.

Жеміс өсімдіктерінің тамырын дамытып,вегетативтік жолмен көбейтуге болмайтын түрлерін ұластыру арқылы көбейтеді. Оның кең тарағаны –бүршікпен ұластыру,қалемшемен не шағын бұтақшамен ұластыру,сонымен бірге бүтін өсімдіктерді біріктіру.Көбейтудің осы әдістері ұластыру мерзіміне қарай жүргізіледі.

ІV.Практикалық жұмыс . Жеміс ағаштары мен жидек бұталарын отырғызу.

Құрал-жабдықтар мен материалдар:күректер,тыңайтқыштар,өлшеуіш рейка,қазық,балта,отырғызатын материал.

Жұмыстың мақсаты:жеміс ағаштары мен бұталарын отырғызуға шұңқырлар даярлап,оларды отырғызуды үйрету.

Жұмыстың орындалу реті: Егер шұңқырлар дайын болса,олардың тік қабырғасындағы түсі мен құрылысы бойынша түрліше топырақ қабаттарының болатынын ескеру керек.Оның ені 100см ,тереңдігі 60-70 см болуы керек.Шұңқырдың түбін ішіндегі топырақты шығарып алмай,қосымша 10 смтереңдікке қопсытады.Шұңқырдың тереңдігін тексеру үшін, күректің сабына жай қарындашпен белгі соғып,оны шұңқырдың қабырғасына тигізіп,тереңдігін анықтау қиын емес.

Шұңқырдан қазып шығарылған үстіңгі қабаттағы топырақпен органикалық және минералды тыңайтқыштарды араластыру қажет.Бұдан кейін отырғызғыш тақтаны салып,оны қадалармен бекітеді. Тамырдың ұзындығын 35-40 см етіп қалдырып,қысқарту керек.тамырдың зақымданған бөлігін қиып тастау.

VАғымдағы нұсқаулық.

  • Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексер.

  • Практикалық жұмыстың дұрыс орындалуын тексеру.

  • Техника қауіпсіздігі ережесін сақтау.

Соңғы нұсқаулық .

  • Сабақты қорытындылау.

  • Қателіктермен жұмыс.

  • Бағалау.

.Экономика.Акция-қаржы көзі.Ірі корпорациялар өз фондылар халыққа акция сату арқылы жиі көбейтеді.Облигация ұстаушылар корпорация үшін кредит берушілер болса,акционерлер оның меншіктенушілері немесе иелері болады.Сондықтан да олар компанияның директорлар кеңесін сайлағанда дауыс беруге қатысып,егер табысты акция бойынша бөлуге шешім қабылданса,одан дивиденд алады.

Жай және артықшылықты акциялар.Барлық акционерлік қоғамдар жай акциялар шығарады,ал олардың кейбіреулері қосымша артықшылықты акциялар шығарады.

Жай акциялар өзінің иелеріне табыс алуға және корпорацияны басқаруға құқық береді.

Ал артықшылықты акция иелерінің акционерлер жиналысында дауыс беру құқы жоқ.

Алайда ,олар ерекше-артықшылықты-жағдайда:1) алдын-ала бекітілген дивидендті жай акциялар бойынша төленім жасалудан бұрын алады;2)корпорация тартылғанда олар активтен өз үлестерін бірінші кезекпен алатын құқы бар.

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардан алынатын табиғи талшықтар. Жүн және жібек маталар. Маталардың қасиеттері.

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Оқушыларға жібек және жүн маталары туралы түсінік беру,талшықтардың

құрамына тоқталу, құрылымын салыстыруға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік : Шеберлікке, ептілікке, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: СТО жобасы,интерактивті тақта

Сабақтың көрнекілігі : плакаттар, маталар

Пән аралық байланыс: биология, химия,физика .

Сабақтың құрылымы:

І.Қызығушылықты ояту. Ассоцация және топтастыру стратегияларын қолдану .Мақсаты: Өткенді еске алу.Ойлауды белсендіру,жаңа мәліметті игеруге дайындық.

табиғи жасанды зығыр

мақта жүн синтетика

ІІ. Мағынаны ашу. ЖИГСО стратегиясын қолданудағы мақсат : білімді кеңейту, ойымызды жүйелеу.

Класты 4-ке бөлемін.

І топ жүн.

ІІ топ жібек.

ІІІ топ талшықтың құрамы.

ІV топ талшықтың қасиеттері.

Оқушылар 4 топқа жетон арқылы бөлінеді.Топтарын тауып болған соң, мәтін таратылады.Мәтінді оқуға 7 мин. беріледі . Оқығанда мән беріп оқуы ескертіледі .

1-топ: Табиғи жүн талшықтарын алу үшін бұрын мал -шаруашылығымен шұғылданатын О рта Азия, Закавказье, Украина, Сібір және Волга жағалауы негізгі өңірлері саналатын.

Бұрынғы одақта пайдаланылатын жүннің 95-97%-і қойдың жүні.

Табиғи жүн қой ,ешкі, түйеден алынады. Жүн матаны көбінесе қой жүнінен жасайды,өйткені еліміздің барлық бөлігі қой шаруашылығымен шұғылданады.

Қой жүнін арнайы қайшымен немесе машинкамен қырқады.Мұндай жүн алғашында өте қатты,кір,ұйпалақтанған болады .Тоқыма фабрикасына жөнелтпей тұрып,жүнді алғашқы өңдеуден өткізеді.Өңдеу жұмыстары мыналардан тұрады: жүнді сорттайды- талшықтарды асапасы бойынша іріктейді; қоқымдарынан тазалап ,түтеді, қопсытады,ыстық сабын сумен жуады;арнайы машиналарда кептіреді.

Иіру фабрикаларында жүн талшықтарынан жіп иіреді.

Талшықтарды өңдеп , мата алу үшін,механикаландырылған жабдықтар ,автоматтандырылған станоктар мен машиналар қолданылады. Онда тегістеуші, иіруші, айналдырушы , ораушы, тоқымашы жұмыс істейді.

2 -топ: Табиғи жібектің –тұт, не еменнің жібек құртынан оралатын аса жіңішке жіп екендігі, бұл жіптердің ұзындығы 700-800 м,бірақ өте жіңішке болғандықтан 3-тен 8-ге дейін қабатталатыны ,қабатталған жіп «аршылмаған жібек »деп аталатыны түсіндіріледі. Мұнда да мүмкіншілігінше ,егер болса жібек құрты көрсетіледі, жібек те алғашқы өңдеуден өтеді, ерекшелігі, жібек құртының арам шөптерін өлтіру үшін жібек құрты буланады,ылғалын кетіру үшін ыстық ауадан өткізіліп,жібек желімін кетіру үшін және буланады. Бірнеше қабат жібі бірге қабатталып,жібек орайтын фабрикада оралады.

3-топ:Талшықтардың құрамы.

Матаның сапасы көбінесе талшықтардың құрамына байланысты. Матаның сапасына талшықтың ұзындығы , жуандығы(жіңішкелігі), мықтылығы, жұмсақтығы, иірілуі секілді қасиеттері әсер етеді.Ұзын және жіңішке талшықтан жіңішке ,мықты,біркелкі жіп алады. Мұндай жіптен тоқылған мата да жұқа , берік, тегіс әрі жұмсақ болып келеді. Ирек талшықтар жақсы жылу сақтағыш қасиетімен ерекшеленеді.

Матаның құрамы талшықтардың құрылысына, жіптерінің айқасуына және сәндік ерекшелігіне (бояу) байланысты.

4-топ:Матаның қасиеттері

Матаның негізгі құрамына физикалық-механикалық, гигениеналық және технологиялық қасиеттері кіреді.Бұл құрамдар бұйымның сәнін таңдағанда,өңдеуде ескеріледі.

Физикалық-механикалық құрамына мықтылығы,қыртыстануы,төзімділігі жатады.

Матаның беріктігі талшықтың мықтылығына , жіптің иірілуі мен тоқылуына байланысты.

Матаның қыртыстануы талшықтың серпімділігіне, саозылғыштығы мен жіптің иірілуіне байланысты.

Матаның гигиеналық құрамы ауа өткізгіштігімен, жылу сақтағыштығымен,ылғал мен шаң өткізгіштігімен ерекшеленеді. Мата қолдауына қарай тұрақты гигиеналық құрамдарға жауап беру керек.Мысалы,сырт киімге арналған маталардың әсіресе қыс мезгіліне жылу сақтағыш қасиеті жоғары болу керек.Іш киімдерге арналған маталар ауа мен ылғалды жақсы өткізеді.

Ылғал өткізгіштік –матаның қоршаған ортадан ылғалды қабылдау қабілеті.

Жылу сақтағыштық-адам денесінен бөлінген тұрақты жылуды сақтау,

Шаң өткізгіштік –матаның шаңды тез қабылдауы. Бұл қасиет көбінесе матаның оң бетінің тығыздығына байланысты. Егер матаның беті тегіс, тығыс болса, онда ол аз кірлейді. Неғұрлым бос,тесіктері көп болса, керісінше , кірлегіш келеді.

Матаның технологиялық құрамы тігін бұйымдарын дайындау кезінде байқалады.Ол матаның отыруы, тез сетінгіштігі, тігістерде жіптің ыдырауы және ылғалды-жылумен өңдеуде пішінінің өзгеруі арқылы білінеді.

Матаның отыруы (шууы) –ылғалды-жылу өңдеуде, жуған кезде матаның өлшемі кішірейеді.

Матаның сетінеуі мен жіптің ыдырауы- жіптің серпімділігі мен тегістігіне, жіптердің айқасуына байланысты. Мұндай қасиеттерді көбінесе денеге жабыстыра тігілетін киімдерде ескеру қажет.