Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-9 шыгару енбек.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.39 Mб
Скачать

Сабақ № 29

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 5 «Киімді күту, ескі киімді жаңалау»

Сабақтың мақсаты: - оқушыларға салауатты өмір салты, киімдерді күту туралы түсінік беру; - оқушыларды жинақылыққа, жүйелілікке, ойды тұжырымдай білуге үйрету; - еңбек мәдениетіне, іскерлікке, ұқыптылыққа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, әңгімелесу. Сабақтың көрнекілігі: киім түрлері буклет, слайд Сабақ барысы I. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Жаңа сабақ. Киімді күту және пайдалы кеңестер. (оқулықпен жұмыс, пайдалы кеңестеді талқылау) Салауатты өмір салтының факторлары 1. Тамақтану (уақытымен). 2. Тазалық (шаш, тері, қол, аяқ), тазалық құралдары (жеке тіс щеткасы, тарақ, сүлгі). 3. Киім мен аяқкиім тазалығы. 4. Тұрғынжайдың тазалығы. 5. Физикалық белсенділік (спорт, ойын, суда жүзу, велосипед, коньки, ролик тебу, би, т. б.). 6. Шынығу. Серуендеу. Денсаулыққа зиянын келтіретін факторлар Ауру – ағза жұмысының белгілі бір зиянды факторлар кесірінен бұзылуы. Рухани денсаулық Этика – адамның мінез - құлық ережесі: әдептілік, адалдық, жауапкершілік, көмектесу, көпшілдік, ұнамды эмоция (күлкі, қуаныш). Өзіне үнемі қарап, сырт келбетін күту – әр адамның өзіне де, қоршаған ортасына да жағымды міндеті. Өз денсаулығыңды күтуді, табиғаттың табиғи факторларын ебін тауып пайдалануды үйрену керек. Стиль іздеуде даралық, ерекшелік дағды қалыптастыру қажет. Жеке бас гигиенасы Дені сау, сымбатты болу үшін тазалық ережелерін орындау маңызды. Тазалықты орындау аз ғана нәрседен басталады: сұлулық және қол, аяқ, тіс, шаш, тырнақ тазалығына қамқорлық жасаудан. Сырттан келгенде, тамақ жеу алдында қол жууды, ұйықтар алдында және таңертең тіс тазалауды, күнде кешкілік душ қабылдауды күнделікті әдетке айналдыру керек. Гигиена Гигиена қолдың, аяқтың, дененің, беттің, тістің, шаштың, тырнақтың тазалығы жөніндегі қамқорлықтан басталады. Денсаулық үшін жақсы ұйқының ережесін сақтан жөн:

1. Адам 11 - 12 жасында кемінде 10 сағат, ал 13 - 15 жасында 9 сағат ұйықтауы тиіс. Ұйқы қанбау шаршауға, ашушаңдыққа, жұмыс қабілетінің төмендеуіне алып келеді.

2. Кешкі ас жеңіл және ұйықтар алдында 2 сағат бұрын ішілуі тиіс.

3. Кешкі астан кейінгі уақыт тыныш жағдайда өтуі тиіс.

4. Іш киімді, шұлықты жиі, екі күнде бір ауыстырып тұру қажет. Түнгі көйлек немесе пижама киіп алып ұйықтау керек. Темекі түтінінің құрамындағы заттардың қатерлі ісік (рак) ауруларының дамуына икемдейтіні белгілі. Алкогольді ішімдіктер, сыра жүйке жүйесін бұзады. Есірткілер адам өміріне қауіп төндіреді. Шаш күтімі Әдемі және қалың шаш кісіні безендіріп қана қоймайды, оның денсаулығының жақсы екендігін де көрсетеді. Адам басында 80 мыңнан 150 мыңға дейін шаш болады. Олар бірыңғай болмайды. Күнделікті 100 тал шашқа дейін түсіп тұрады және сонша тал шаш жаңадан өседі. Әр жыл сайын олар 15 см шамасында ұзарады. Шаштың үш түрі болады: құрғақ, орташа майлы және майлы. Құрғақ шаш – шаштың аз дымқылдығы және май бездерінің майды аз шығаруына байланысты. Олар өте нәзік және сынғыш келеді. Орташа майлы шаш – майысқақ және жылтыр келеді, сирек сынады. Шашты уақытымен жуып тұру және бекіту шаштың майлылығы мен дымқылдығын сақтауға көмектеседі. Майлы шаш – шаш тез тері майымен майланады, ол жұмсақ және күңгірт болады. Майлы шашты жиі жуып тұру қажет. Шашты түріне және кірлеуіне байланысты аптасына 1 - 2 рет жуып тұру қажет. Киім күтімі Киім, аяқ киімді таза ұста, көйлек, костюм, шалбарлар әрқашанда үтіктелген болу керек. Киім ілгішті киім өлшеміне лайықтап таңдап, бір ілгішке екі киімнен артық ілмеу керек. Тоқыма бұйымдарды ұқыпты жинап, жәшікте, шкаф сөрелерінде сақта. Киімдегі кейбір дақтарды өзің кетіруіңе болады. Алдымен қылщықпен шаңын тазалап, сорғыш қағаз арқылы үтіктеу қажет. Туштың, сырдың дақтарын салқын сумен кез келген жуғыш ұнтағымен жуып кетіруге болады. Жуар алдында бұйымдарды мата түріне, түсіне және кірлеу дәрежесіне қарай бөлу қажет. Ақ бұйымдарды боялған бұйымдармен араластырып жууға болмайды. Бұйымның бояуы шығып, ақ бұйымдарды былғайды. Жуар алдында бұйымдардың қалталарын босат. Боялған мақта, кенеп маталарды 60ºС сумен жуу қажет. Аяқкиімге қойылатын гигиеналық талаптар 1. Аяқкиім қан айналуға кедергі келтірмейтіндей (табан пішімі және өлшемі) болуы қажет. 2. Аяқкиімде аяқты қыспайтындай, бас бармақ тірелмейтіндей кеңістік болуы керек. 3. Аяқкиім жеңіл, иілгіш, жұмсақ болғаны дұрыс. 4. Аяқкиім өте жіңішке немесе тар болмауы керек. ( Өкшесі тым биік болса, табанның пішіні өзгеріп, омыртқа жотасы қисаяды, т. б.). ІІІ. Практикалық жұмыс «Ескі киімді жаңалау»

- қауіпсіздік ережелерін сақтау;

- жаңалау әдіс-тәсілдерін айту;

- ескі киімді жаңаша қөру, өзгерту, жаңалыу;

- жамау түрлері

- жамауды үйрету (шұлық т.б.) Қорыту.

ІҮ. Сабақты бекіту. 1. Салауатты өмір салты дегеніміз не? 2. Салауатты өмір салтының факторлары қандай? 3. Жеке бас гигиенасы дегеніміз не? 4. Гигиена дегеніміз не? 5. Шаш күтімі дегеніміз не? 6. Киім күтімі дегеніміз не? Бағалау. Үйге тапсырма беру: №27 беті 97-101 оқу, қосымша пайдалы кеңестерді дәптерге жазу, құралдар.

Сабақ № 30 / 34

Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жоба. Жобаны таңдау және негіздеу. Тақырыпты таңдау. Іздену, технологиялық қорытынды кезеңдері.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жыл бойына алған теориялық білімдеріне және практикалық іскерліктеріне сүйене отыра, шығармашылық жобаның тақырыбын таңдатып, өздігінен жұмыс жасауға, ізденуге, жан-жақты орындауға үйрету. Шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, дәлелдікке, өз ойын жеткізуге, іскерлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, баяндау, практикалық, шығармашылық, өзіндік жұмыстар, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: шығармашылық жобаның жоспары, үлгілері, қосымша материалдар, әдебиеттер, оқулықтар т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (жобаның жоспары тақырыбына байланысты өзгере береді)

ІІ. Жаңа сабақ

Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы. Әрине жасалатын жобаның сапасы сенің біліктілігіңе, технология пөнінен алған біліміңе, оқулықтағы материалды қалай меңгергеніңе тікелей байланысты. Жоба әр түрлі бөлімдерден, арнайы сызбалардан, суреттерден, нобайлардан және жасалатын бүйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымды жасаған кезде есептер, экономикалық немесе экологиялық дәлелділік, түсінік хаттарда пайдаланылады. Жобаның бірнеше нүсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың т.б. көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды. Бұл жағдайда оқушы жобаны қалай дәлелдейді? Ол үшін әр оқушы өзінің жасайтын жұмысын таңдау қажет. Сонымен, шығармашылық жоба бұл оқушының мұғалімнің басқарумен орындалған өзіндік шығармашылық (жоба) жұмысы. Оның мақсаты:

  1. Шығармашылық жоба барысында өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуге, іскерлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

  2. Күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару.

  3. Ұмыт болған халкымыздың қолөнерін жандандыру. Оны жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білуге үйрету, тұтыну бүйымдарын еңбек объектісі ретінде пайдалана отырып, танып білу.

Шығармашылық жобаны орындау жүйесі

 Ұйымдастыру, дайындык, іздену кезеңі. - Проблеманы шешу; - Үлгі тандау. Жасалатын бүйымның үлгі сұлбасын сызу, суретін салу;  - Материалдар мен керекті-құрал жабдықтар дайындау;  - Жұмыс орнын ұйымдастыру. Техникалык кезең. - Техникалық жұмыстарды орындау;  - Еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау, . Қорытындылау кезеңі жүйелеу. Дайын бұйымды бағалау;  Шикізат шығынын есептеу;  Шығармашьшық жобаны қорғау.

Шығармашылық жобаға қойылатын негізгі талаптар. Өзіндік қызығушылығы; Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың сәйкестігі, күрделілігі,  Оқу кабинетінін материалдық техиикалық базасына сай болуы;  Өзіндік кәсіптік айқьшдалуы;  Өз мүмкіндігін ескеру;  Өз өнімдерін іске асыру, тұтыну.

Жобаны жарнамалау. Өнім белгісі; Өндірістің аты; Бұйымның аты, қолдану;  Жарнамалау. Шыгармашылық жобаны қорғау. Бағалау. Оқушы өзіннің дайындаған шығармашылық жобасын қорғап, жұмысын қортындылайды, сұрақтарыға жауап береді. ІІІ. Э және ҚСН

  1. Тұтынушыға қойылатын аран.

  2. «Өз бизнесіңді баста»

  3. «Өз жобасын тұсау кесу рәсімі»

  4. Қорытынды сабақ

  • түсіндіру

  • өткен материлды қайталау

  • бекіту сұрақтары.

ІҮ. Қорытынды тест тапсырмаларын орындау. Бағалау.

Үйге тапсырма беру: қолөнер бұйымдарын жасау.

Сабақтың тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі Санитарлық – гигиеналық талаптар: Тамақтану мәдениеті. Қой етін мүшелеу және әзірлеу. Экономика тарихы. Экономикадағы басты мәселелер.

Сабақтың мақсаты:

Техника қауіпсіздігі мен таныстыру, еске түсіру. Дұрыс тамақтанудың маңызын ұғындыру, экономикалық білімін жетілдіру.

Сабақтың міндеті:

  1. Ет тағамдарының құндылығы жөнінде түсінік беру.

  2. Эстетикалық талғамын арттыру отырып, тазалыққа ұқыптылыққа, икемділікке, тәрбиелеу.

  3. Адам өміріндегі тамақтанудың маңыздылығын, ет тағамдарының даярлау технологиясымен таныстыру арқылы білімін арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: әңгімелеу, түсіндірмелі.

Сабақ көрнекілігі : қой мүшелері , техникалық қауіпсіздігінің плакаты

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу, жаңа оқу жылымен құттықтау.

  • Бағдарламамен таныстыру

  • Техникалық қауіпсіздігін еске түсіру, журналға қол қойдыру.

  • Тазалық-гигиеналық талаптар мен таныстыру.

ІІ Жаңа сабақ.

  1. «Адам дені сау болып туады, ал көптеген аурулар ауыздағы ас арқылы келеді» .

Гиппократ

  1. «Тамақтану мәдениеті дегенміз не?» қысқаша 5 минуттық ЭССЕ жазу.

  • Адам денмаслығының құндылығы –оны дұрыс сақтау , денсаулықты нығайту және қалыптастыру мен анықталады,мәдениетін қалыптастырады.Маңызды компоненттер: Өзіндік білім, өзін-өзі тану, дамыту, дұрыс тамақтану, дене шынықтыру белсенділігі, дұрыс тынығу, зиянды әрекеттерден бас тарту .Денсаулық сақтаудың негізгі мәселесі жоғары сапалы тағам өнімдерін пайдалану ғана емес, сонымен бірге олардың сапасына, уақытына құрамына және қауіпсіздігіне қарай дұрыс пайдалану.

  • Қандай ет түрлері жоғары бағаланады.

  • Қандай табақ түрлерін білесіздер?

  • Қандай мүшелерге бөлінеді.

Мүше-той дастарханына тартылатын қой ұшасының жақсы бөліктері .

Қой ұшасының бөліктері:

Сан, жауырын, мойын , мойынның жоғарғы бөлігі бел омыртқа ,шандыр.

  • Ет құрамындағы пайдалы заттар: Аққуыз, май,дәрумен, минералды заттар.

Азықтық құндылығы:

  1. Сиыр еті-18-20 % нәруыз

  2. Қой еті-15-20 % ағуыз

  3. 4-9 %майдан тұратын ет адам денсаулығына пайдалы , 10 % дан асатын майлы еттер дене ембегімен белсенді араласатын адамдарға ұсынылады, ал 2 % төмен болса, сіңір тартылыстарын төмендетеді.

  • 1 кг еттен 600 гр піскен ет алынады

  • Өңдеу тәсілдері: қуру,пісіру, бұқтыру

  • Ет дайындау технологиясының сызбасын дайындау.

ІҮ .Жаңа сабақты бекіту:

  1. Ет тағамдарының азықтық құндылығы.

  2. Өңдеу тәсілдері

  3. Дайындау технологиясы.

Ү. бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: т/қ жаттау . Э және ҚСН туралы өз бетінше іздену.

Э және ҚСН

Экономика тарихы туралы еркін әңгіме өткізу.

9кл

  1. Сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Шалаөнімдер. Етті механикалық және жылулық өңдеу. Еттен дайындалатын тағамдардың классификациясы. ҚР-ның экокономикасы.

Сабақтың мақсаты:

Етен дайындалатын шалаөнімдер түрлерімен таныстыру, экономикалық білімін жетілдіру.

Сабақтың міндеті:

1. Етті өңдеу жолдарымен таныстыру.

2. Эстетикалық талғамын арттыра отырып, тазалыққа ұқыптылыққа, икемділікке, енбек тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

3. Өңдеу, дайындау технологиясымен таныстыра отырып, азықтық құндылығын сақтау жолдарын менгерту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақ әдісі: СТО технологиясы

Сабақ көрнекілігі : қой мүшелері , техникалық қауіпсіздігінің плакаты

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Дастарқан мәзірін құру (бір мезгілге)

  • Бағалау.

ІІ Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту

Қандай ет туралы мақал-мәтелдер бар?

Қандай шалаөнімдерді білесіңдер?

Сонымен шалаөнімдер әрі қарай өңдеуді қажет ететін өнімдер.

Мағынаны ашу

Мәтінмен жұмыс (кітаптағы)

І-топ Шалаөнімдер.Шалаөнім сапасына қойылатын талаптар.

П-топ Етті механикалық және жылулық өңдеу. Жылулық өңдеудің негізгі тәсілдері.

Ш-топ Еттен дайындалатын тағамдардың классификациясы.

ІV-топ ҚР-ның экокономикасы.

БҮҮ кестесін толтыру:

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

1 . Кестені дәптерге сызу.

2. Оқушылармен мәтінді оқып шығып, алғашқы 2 бағананы толтырамыз.

3. Жаңадан алған білімдерін сызбаның соңғы бағанына толтыру.

4. Екінші баған бойынша қандай сұрақтарға жауап тапқандарын класта талқылау.

Ой- толғаныс

Жуан, жіңішке сұрақтар қою.

1.Шалаөнімдер деп нені атайды?

2.Етті механикалық өңдеудің қандай әдістері бар?

3.Ет тағамдарын әзірлеуде жылулық өңдеудің қандай түрлері қолданады ?

4.Еттің тағамдық құндылығы неге байланысты ?

5.Қуырылған табиғи өнімдерге қандай талаптар қойылады ?

6.Ақтөбе қаласының экономикасы қандай дәрежеде деп ойлайсың?ҮІ. Үйге тапсырма: § 6,7,8,9 оқу.

3-Сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Практикалық жұмыс № 1 Екінші тағамдар. Ет тағамдарына арналған тұздықтар. Жекещелендіру және мемлекет қарамағына алу. Жекешелендіру тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

Тұздық дайындап үйрену, экономикалық білімін жетілдіру.

Сабақтың міндеті:

  1. Дайындау технологиясын көрсете отырып, азықтық құндылығын сақтау жолдарын меңгерту.

  2. Эстетикалық талғамын арттыра отырып ұқыптылыққа, ептілікке, шыдамдылыққа,икемділікке тәрбиелеу

  3. Теориялық білімін практикамен ұштастыра отырып, білімін жетілдіру, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақ әдісі: практикалық, түсіндірмелі.

Сабақ көрнекілігі : тұздық түрлері, техникалық қауіпсіздігінің плакаты

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгіндеу.

  • Техникалық қауіпсіздігін еске түсіру,.

  • Тазалық-гигиеналық талаптарды еске тұсіру.

ІІ жаңа сабақ.

Кіріспе нұсқау

Жұмыс барысы; Техника қауіпсіздігін, тазалық-гиеналық талаптарды еске түсіру, нұсқау картамен тасныстыру.

Керекті құрал-жабдықтар; ток плита, тостақ, ағаш қасық,тақтайша,таба, пышақ, сұзгі.

Қажетті азық-түліктер; 1 ст. ет сорпасы, 1 ас қасық ұн, 1 ас қасық сары май,, татымдылығына қарай тұз.

Ағымды нұсқау

Дайындау технологиясы.

  1. Қыздырылған майда ұнды тез араластыру, жағымды хош иіс шықанша қыздыру ( ұнның түсі өзгермеу керек)

  2. Ет сорпасымен араластыру

  3. Тұз қосып 20 минут қайнату.

  4. Тұздықты тұздық сауытқа құю.

Қорытынды нұсқау

  1. Нұсқау карта боынша жұмыс жүргізу.

  2. Дәрумендердің сақталуын және аспаздық өңдеудің дұрыс жүргізілуіне көңіл аудару.

  3. Бағалау.

Э және ҚСН.

Жекещелендіру және мемлекет қарамағына алу жөнінде еркін әңгіме жүргізу.

Үйге тапсырма: Тұздық, гарнир дайындау технологиясын үй жағдайында дайындап үйрену. . «Жекешелендіру тәсілдері» туралы мәнжазба дайындау.

Сабақтың тақырыбы:

Практикалық жұмыс № 1 «Шала – өнімдерді дайындау»

Жекешелендіру және мемлекет қарамағынан алу

Сабақтың мақсаты:

Шала – өнімдерді дайындау технологиясымен таныстыру, экономикалық білімін жетілдіру.

Сабақтың міндеті:

  1. Ет тағамын пайдаланып салат дайындау жолдарын меңгерту.

  2. Эстетикалық талғамын арттыра отырып ұқыптылыққа, ептілікке, үнемділікке, икемділікке, енбек мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.

  3. Теориялық алған білімдерін практикамен ұштастыра отырып өз бетімен жұмыс жсауға дағдыландыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақ әдісі: СТО технологиясы, практикалык.

Сабақ көрнекілігі : слайд «салат дайындау жолдары», техникалық қауіпсіздігінің плакаты

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгіндеу,

  • Техникалық қауіпсіздігін еске түсіру,.

  • Тазалық-гигиеналық талаптарды еске түсіру..

ІІ жаңа сабақ.