Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-9 шыгару енбек.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.39 Mб
Скачать

Сабақ № 20 /

Сабақтың тақырыбы: «Кәсіпкерлік: мәні, мақсаты, міндеті, принциптері. Бизнесті жоспарлау. Бизнес формалары» .Бизнес-жоспар.

Сабақтың мақсаты:

  • оқушылардың алған теориялық білімдеріне сүйене отыра, жаңа сабақты менгеру;

  • оқушыларды өз кәсібін ашуына бағыт бере отырып, бизнес- жоспарды құруға көмектесу, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой - өрісін дамыту;

  • оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас Сабақттың әдісі: түсіндірмелі-суретті, әңгімелесу. Көрнекі құралдар мен жабдықтар: анықтамалар, пайдалы кеңестер, тапсырмалар № 28-30, № 31-33 бет 102-117 т.б. Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ 1.Қосымша мәтінмен таныстыру, мәтінді таратып беру..

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де кәсіпкерлік зор рөл атқарады. Кәсіпкерлік нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудын әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор. Кәсіпкер - бұл нарық экономикасының белсеңді субъекті. Оның жаңа тауарлар жасау және пайда табу мақсатымен өндіріс ресурстары мен факторларының жаңа комбинациясын жасауға қажетті барлық мүмкіндігі болады. Кәсіпкер болжамсыз жағдайда тәуекелдікпен іс-әрекет жасайтын және өз еркімен қабылданған шешімдерге жауап беретін адам. Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы (1991), Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы (1992)заңы сияқты заңдар түрткі болды.1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты. Қазіргі жағдайдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бірлесе отырып, жеке кәспкерлерді қосқанда шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарына мемлекеттік банктер мен екінші деңгейделі банктерде мемлекеттің қатысуымен ақысыз шоттардың ашылуын қамтамасыз ететін сәйкес шешімдер мен шаралар қабылдауды көздеп отыр. Кәсіпорын – бұл өнім өндіру үшін құрылған дербес шаруашылық жүргізетін субъект, өндірілген өінміне иелік етеді, пайда табады, салық төлемінен қалған пайданы жаратады. Кәсіпорын өз міндетін атқару үшін мүлкі болу керек.  Кәсіпкерлікті экономикалық негізі экономикалы ресурстарды: адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік және материалдық ресурстар – жер, мұның табиғи байлығы мен капиталды тиімді пайдаланып, меншік иелері: жұмысшы – еңбек ақысын, капитал иелері – жер иелері - өнімін алуы тиіс.  Шағын бизнес біздің өміріміздің барлық салаларын қамтиды: өнеркәсіп және сауда, денсаулық сақтау және білім беру.  Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлік жетілдіру болып табылады. Экономикасы нарықтық бағытта дамып келе жатқан Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегінде көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы ролінің өте маңыздылығын дәлелдейді.  Қазақстан Республикасының Конститутциясында былай деп жазылған «әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы факторларды жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.  Жалпы өркениетті елдердің қай-қайсысын алсақта өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуге кәсіпкерлікке арқа сүйеді. Себебі кәсіпкерлік халықтық әл-ауқатын арттыруымен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады. Кәсіпкерліктің түрлі формаларын өзара тиімді ынтымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне олай бейімделеді. Соандай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізумен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты табысына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді. Кәсіпкерлік нарықта консалтингтік, рокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зеттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсету мен қамтамасыз етіліп, белсенді ролб атқарады. Кәсіпкерлер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге бейім тұрады. Бұл жағдайда ортақ бір тұтас кәсіпорын құрамына жекелеген кәсіпкер өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды. Дегенімен, серіктестіктерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары құрал-жабдық және басқа да мүлікті толық немесе шынара біріктіреді. Жеке кәсіпкерліктің болу мүмкіндігі бизнесті дамытушы күш маңызды фактор болып есептеледі.  Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: 1) Белгілі бір істің түрі . Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу, ол адамның еркін өмір сүру түрі – белсенділігі және іскерлігі. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Экономикалық белсенділік бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табу. 2) Сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. Кәсіпкерліктің субъектісі – жеке тұлғалар, заңды тұлғалар – біріккен серіктестіктер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, корпарациялар т.б. Кәсіпкерліктің ерекшеліктері: дербестік, тәуелсіздік, экономикалық ынтымақ, тәуекелділік, жеке жауапкершілік және жаңашылдық. Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез құлқы типтерімен байланысты адамдардың қандай типтері белсенді, іскер болар екен? Өздеріңіз ойлаңызшы: холерик пе, сангвинник пе, флегматик пе, миланхолик пе? Сан есебінен алған да белсенділік өте азғантай энергетикалық шығыннан, шыдамай тыс энергия шығынына дейін, кейде қоғамдық идеалды іске асыруға дейін баруы мүмкін. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонисттік қоғамда, ол адамды қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады. Экономикалық белсенділік – бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы табуымен байланысты.Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін (іскерлігін) талап етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек. Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қолөнершілер. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Талқылау (жалпы, өмірмен байланыстыру)

2. Оқулықпен жұмыс.

Тест тапсырмаларын орындау «Егер сен бизнесмен болсаң», «Шыдамдылық», «Қарым-қатынас дағдысы» (беті 103-104, 116-117)

1-4 тапсырмаларды орындау (беті 107-108, 111-116)

ІІІ. Бизнес-жоспар. № 31-33 (оқулықпен жұмыс)

Бизнес бастаушыларға пайдалы кеңес

Бизнес,бизнес және бизнес...

 Бизнес  ағылшын тілінен алынған болып, “іс, іскерлік” дегенді білдіреді. Яғни бұл бизнес тек ғана қарын тоқ, қайғы жоқ, таңның атуы күннің батуы бір жалақыға қарап, дүйсенбі келсе қайғырып, жұма келсе қуанып, өмір бойы зейнет жасын күтіп, жұмыс істеу емес, керісінше өз ісіңді бастап, өз-өзіңе қожайын болу деген сөз. 

Бизнес-жоспар деген не?

Бизнес-жоспар көптеген графиктері мен кестелері бар қалың бетті, түрлі түсті құжат болуы да, бір бетке қолымен жазылған парақ та болуы мүмкін.

Бастысы оның қандай қағаз екендігінде емес, бастысы ол ТАБЫС әкелетін ЖОСПАР болуы керек. Бизнес те осы мақсатта басталады.

Бизнес-ой (идея)

Кез-келген жоспардың негізі – бизнестің ойына негізделеді. Ой – әзірге немен шұғылдану керектігі туралы жалпы көріністі береді.

Оны бір сөзбен де айтуға болады: «Мен үйде отырып, теріден тақия тігемін!»

Бизнес-ой – бизнес-жоспардың бастама жолы, барлық жетістіктер осы бизнес-ойдың дұрыс таңдалғанына байланысты. Тек білімді және тәжірибесі мол бизнесмен ғана кез-келген бизнес-ойдан табыс таба алады. Ал жаңа бастап жатқандарға жақсы бизнес-ой таңдай білу керек.

Бизнес-ой жақсы болуы үшін қандай болу керек?

Ол бизнесмен үшін әлеуетті табысты және лайықты болу керек.

Табысты бизнес-ой

Табысты бизнес-ой деп бірінші кезекте нарықта бос орынды иемдене алатын, яғни ерекше ойды айтады.

Ал осы ерекше ойларды қайдан табамыз?

Ерекше ойлар біздің әрқайсымыздың ойымызға келеді. Бірақ біз оны ақылға қонымсыз деп керек етпейміз. Қазір теледидардан көптеген тауарларды жарнамалайды. Ол тауарлардың қайсысы болмасын, қарапайым, әрі ерекше ойға негізделген. Мысалы, жақында ғана сүлгісін ұстамай-ақ сығуға болатын еден жуғыштар шықты. Еш қиыны жоқ сияқты. Әрқайсымыз осындай еден жуғыш болса екен деп армандайтынбыз, алайда бір-ақ адам жасауға кірісті.

 Табысты ой мынаны ұстану керек:

·  Сатып алушы сіздің тауарыңызға мұқтаж болу керек, мұқтаж болмаса – бизнес жоқ. Кей жағдайда сатып алушы сіздің тауарыңыз туралы білмей, бірақ тауардың  оған қажеттілігін түсінуі  керек. Мысалы, сатып алушы қандай да бір дәрінің бар екенін білмесе де, оның қажеттілігін білу керек.

·  Сатып алушылар сіздің тауарыңыздың құнын төлей алу керек. Егер сіз экологиялық таза қаймақ шығарып, аласыздар ма деп сұрасаңыз, он адамның оны иә дейді. Ал оған екі есе қымбат ақша төлейсіздер ме десеңіздер, жауабы сіздің көңіліңізден шықпауы мүмкін.

 

Табысты ойдың кезекті шарты: тәуекел аз болған сайын, жетістікке жету мүмкіндігі көбірек.

Салымыңызды мұздатқыш тартпаға салу, яғни жаз кезінде балмұздақ сатумен айналысу қызықты естіледі, алайда жаз жаңбырлы болса, табысқа жете алмайсыз. Ал нан сатумен айналысу, әр кез тиімді.

Лайықты бизнес-ой

Лайықты бизнес-ой дегеніміз – бизнесменнің мүмкіндіктері, яғни оның  тәжірибесі мен біліміне сүйенеді.

Бизнес-ойдың сізге лайықты екенін  қайдан білуге болады?

Оп-оңай: бұл бизнес басқаларына қарағанда, неліктен дәл сіздің қолыңыздан келеді.

Ең бірінші, өзіңіздің кәсіби деңгейіңіздің қаншалылықты екенін анықтау. Осы салада, яғни айналысайын деп отырған бизнесіңізде, қаншалықты білімді екеніңізді білу.

Кейде бизнестің сізге лайық екені жеке бастың қасиетіне байланысты анықталады. Мысалы,  машинада жазуды басу шыдамдылық пен ұқыптылықты қажет етеді. Бұл жұмысқа тез, бірақ көп қате жазатын адамға қарағанда, шыдамды, ұқыпты адам көбірек сай келеді. Адамдармен араласқанды ұнатпайтын және жалғыз теледидардың алдында отыруды жақтырмайтын жанға саудагер болудың қажеті жоқ.

Бизнес лайық болады, егер сіздің қолыңызда  қандай да бір жабдықтар, сай келетін бөлмеңіз болса.

Сонымен қорытындыласақ: сіздің ерекшеліктеріңіз – білім мен ептілік,  жеке бастың қасиеттері, бизнес бастауға мүмкіндік беретін – дүниелеріңіз.

 

         

Бизнес-ойдан бизнес-жоспарға

Бір параққа жазылған бизнес-ой керемет болса да, онда жатқан миллиондарды қалай алу керектігі түсініксіз. Бизнестің өнері,  тек жақсы таңдалған бизнес-ой емес, оның сауатты жүзеге асуында.

Табысты бизнесті ұйымдастыру,  жақсы үй салумен бірдей сияқты. Сіздер жете, нақты жоспарсыз үй тұрғызар ма едіңіз?

Жоспарды жасау нақтылықты, майда-шүйделеріне дейін зерттелуді талап етеді. Егер сіз жоспарланған бизнесіңізге не кедергі не пайдалы екенін ажырата алсаңыз, бірінші қадам жасалды. Егер бұл бизнес неліктен сізге лайық деген сұраққа жауап бере алсаңыз, екінші бір қадам жасалды.

Енді «Бұны қалай жүзеге асырамын?» деген сұраққа жауап беру керек.

Клиентпен жұмыс

Cіздің клиенттеріңіз – сіздің бизнесіңіздің негізі. Тауар қаншалықты ғажап болса да, егер клиент төлемеймін десе, табысқа жету тек арман болып қала бермек.

Бірінші және негізгі жаңа бастап жатқан бизнесмендердің қателігін мына сөзбен айтсақ болады: «Барлығы менің ағаш қасығымды сатып алады, өйткені олар ең жақсысы!»

Шын мәнісінде сатып алушыларға ағаш қасық емес, олардың қажеттіліктері өтелу керек. Тауар қаншалықты көп қажеттіліктерді қамтамасыз етсе, соншалықты өтімді болады.

Бизнесті жаңадан бастап жатқандардың тағы бір қателігі – неліктен дәл өз тауарын клиенттер сатып алатындығын білуі. «Әйелдер неге дәл  менің шаштаразыма келетіндерін білемін, өйткені мен тамаша қырқамын!», – дейді шаштараз. Бірақ клиенттен сұрасақ, олардың жауабы әр түрлі болады:

·  Тиімді баға

·  Шебермен сөйлескен ұнайды

·  Шаштараздың ішкі көрінісі ұнайды

·  Бұл жерге бастығым келеді

·  Салон үшінші қабатта орналасқан, сондықтан өткен-кеткендер терезеге қарай алмайды

·  Тағы басқалар 

Клиентке тиімді қызмет көрсету, оның қажеттіліктерін өтеу үшін бағытталады. Ал бұл қажеттіліктерді қайдан білеміз? 

Біріншіден, орташа клиенттің портретін салу.

Екіншіден, клиенттің айтқанына назар салып тыңдау. Клиентті тыңдаңыздар, не қажет екенін өзі-ақ айтады. 

Сіз хрустальдарды сатумен айналысам деп шештіңіз, егер сіздің бәсекелестеріңіз – фарфор және әшекей бұйымдарын сататындар болады десек, таңғалған боларсыздар. Ал хрусталь ылғи да сыйлық ретінде ұсынылатынын еске түсірсеңіз, онда: сыйлық ол тек – сервис пен сақина емес, асханалық комбайн мен галстуктар жататынын түсінесіздер. Бәсекелестер ортасы, біз ойлағаннан да кеңірек болып шықты.

 

Бәсекелестік

Бизнесті жоспарлау барысында жолығатын бәсекелестер деңгейін бағалап,  «бәсекелестерді жеңу» тармағын белгілеп қою керек.

Бәсекелестігі өте жоғары қызмет түрін білген жөн. Мысалы, картоп сатумен айналысу. Картопты өндірушілер мен сатушылар көп болғандықтан, бағасының арзандауына апарады.

Жоғары бәсекелестік кезінде, сатушылар сатып алушыларды төмен бағамен тартады. Ал бұл өз кезегінде табысты бизнес болмайды.

Мүмкіндігінше, тауардың бағасына әсер ететін бизнестен аулақ болу. Ең дұрысы – тікелей бәскелестері жоқ бизнес. Бірақ бұл ерекше бизнес болса ғана мүмкін болады.

 

Бәсекелестікпен жолыққан жағдайда не істеуге болады?

Шешім біреу ғана – сатып алушылардың алдында басқа сатушыларға қарағанда ерекше әсер қалдыру. Егер сатып алушының алдында біркелкі тауарлар қатары тұрса, сатып алушы бағасына қарайды. Кімде-кім сатып алушыға ерекше әсер қалдыра алса, онда сатып алушы өзіндік баға белгілейді. Сатып алушы оны басқа сатушылардың бағасымен салыстырмайды.

Ерекше болудың әр түрлі жолдары бар:

·         Шынымен тауарды не қызмет көрсетуді өзгерту (мысалы, кейбір химиялық тазалаулар тазаланған және үтіктелген киімдерді ілгішімен бірге береді; химиялық тазартқыштардың бұған кеткен қосымша шығындары азғантай, өйткені толайым сатып алынған бұл бұйымдар өте арзанға түседі, бірақ клиенттер бұл сатушыларды басқалардан ерекшелейді.).

·         Тауарды өзгертпей-ақ, сатып алушылардың назарын тауардың қасиеттеріне аудару (мысалы «Аристон» кір жуатын машинасы ұқыпты жууға арналған деп жарияланатын болса, «Индезит» берік  деп, ал  «Самсунг» тыныш; бұл жағдайда тыныштықты жақсы көретіндер, «Аристоннан қымбат болса да», «Самсунг»  кір жуғыш машинасын таңдайды.).

Болашақ бизнесіңіздің бәсекелестікке қабілеттілігін бағалау үшін және бәсекелестік жоспарын жасау үшін өзіңіздің бәсекелестік басымдықтарыңызды жазу керексіз.

 

Тәуекел

Тәуекел – бизнесменге бағынышты емес жағдайлар және ол бизнестің нашарлануына, бизнестің нашарлауы, клиенттерін жоғалту, одан әрі қызметтің тоқтауына әкелуі мүмкін.

Алдын-ала тәуекел туғызатын жағдайларды жазу:

·   Жоспарланған бизнестің көрсеткіштері оң нәтиже бермеу (кіріс, клиенттер саны)

·   Алдын-ала неден қауіп төнетіндігі туралы біліп,  қалай келеңсіз жағдайларды бейтараптандыруды жасау.

Ең маңызды тәуекел бүліну тәуекелі. Оны жүйелі профилактика және ұқыптылықтың нәтижесінде азайтуға болады. Тәуекелді азайту үшін  бизнесті қалай өзгерту туралы ойланыңыздар.

Бизнестің бастамасы

Клиенттердің, бәсекелестердің, тәуекелдің негізіне сүйене отырып, бизнесті жүзеге асыратын толық жоспар жасау керек. Оған бастамаға негіз болатын барлық нәрсе кіру керек: алаң, құрал-жабдықтар, оқытылу,  тіркеу

Кіріс және шығыс

Дайындық кезеңінің ұзақтығы мен бағасын анықтағаннан кейін,  ағымдағы қаржылық көрсеткіштерді есептеуге кірісу керек.

Бірінші кезекте, айлық кірісті бағалау  керек. Ол екі жолмен жүзеге асырылады.

·    Ұқсас шарттар бойынша жұмыс істейтін бәсекелестерден саудадан түсетін ақшаны сұрастыру (егер басқа ауданнан осымен айналысам десеңіздер, саудагерлер күндік ақшасын жасырмайды).

·    Клиенттер санын анықтап, орташа бағаны белгілеп, айлық кірісті шамалап анықтау (клиенттердің санын және орташа түсетін ақшаны бәсекелестердің жұмысын бірнеше сағат бақылағанда анықтауға болады)

Кірістің бағасын бір нәрсемен қуаттау керек. Сұрастырып, бақылаудан жалықпаңыздар. Ең басты сәтсіздік – күтілетін кірістердің жоғарғы көрсеткішін белгілеу. Сізге күніне 100 адам көп көрінбеуі мүмкін. Ол сіздің пайымдауыңыз жексенбі күні барған кездегі нарықтағы адамдардың санына байланысты болуы. Жай күндері адам ондай көп болмайтындығын ұмытпаңыздар.

Егер сіз бірнеше қызмет және бірнеше тауар түрін шығарумен айналыссаңыз, онда олардың әрқайсысына деген сұранысты есептеу керек. Бұл шығыстарды санау үшін керек.

Шығыстарды мына түрлері бойынша топтау керек. Мысалы:

·   Шикізат пен материалдар

·    Тауарларды сатып алу

·    Арендалық төлем

·    Жалданбалы жұмысшылардың еңбек ақысы

·    Жұмысшылар жалақысынан әлеуметтік сақтандыру төлемдері

·    Коммуналды төлемдер

·    Жабдықтарды жөндеу

·    Тағы басқалар

Барлық айлық шығыстарды есептейміз. Егер айлық кірістен айлық шығысты алып тастайтын болсақ, пайда қалады. Бірақ бұл пайда салық өндірушілеріне дейінгі пайда.

Ал салық өндірушілерге жұмсалатын ақшаны жылдық кіріс-шығыс кезінде есптесе болады. Ең дұрысы оны мамандарға есептету.

Рәсімдеу

Бизнес-жоспар сіздің бизнесіңізбен таныс емес адамдарды есепке алу негізінде жазылады.. Бизнес-жоспар екі сұраққа жауап бере алу керек:

·   Неліктен бұл бизнес-жоспар тіршілік қабілетіне ие?

·   Қаншалықты табысты?

Назарларыңызды бизнестің сипатына, клиенттерге және олардың қажеттіліктеріне аударыңыз. Әр кезеңдегі қорлар мен атқарылуға тиіс мерзімдегі жұмыстың реттілігі анық байқалып тұруы тиіс. 

Бәсекелестік пен тәуекелді сипаттап жазу,  таңдаған қызметті жақсы зерттегендіктің белгісі болмақ.

ІҮ. Қорытынды. Терминологияны дәптерлерге түсіру.

Бағалау: Сабаққа белсене араласқан оқушыларды атап, бағалау.

Үйге тапсырма беру: № 28-33 оқу, тестке дайындалу, зертханалық жұмыс, тапсырмаларды аяқтап келу, эссе т.б.