Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-9 шыгару енбек.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.39 Mб
Скачать

Сабақ № 19

Сабақтың тақырыбы: «Отбасылық бюджетті жоспарлаудың негізі. Отбасылық шығынның негізгі баптары. Бизнесмендер өз шығындарын қалай есептейді?»

Практикалық жұмыс № 1 «Отбасылық бюджеттің есеп жүргізу формуласы. Жоспарлау – табыс негізі.

Сабақтың мақсаты:

  • оқушылардың алған теориялық білімдерін, практикалық іс іскерліктерін тексере отырып, тігін технологиясын бекіту, жаңа сабақты менгеру;

  • отбасына болашақта қамқор болуына, үй экономикасын дұрыс жүргізуіне көңіл бөлу;

  • теориялық білімдерін зертханалық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз

  • бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой - өрісін дамыту;

  • оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, репродуктивті (зертханалық) Көрнекі құралдар мен жабдықтар: зертханалық жұмыс үлгілері, анықтамалар, пайдалы кеңестер, тапсырмалар, № 34 бет 117-118 т.б. Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ Отбасылық бюджет

Демалысқа қаражат жинау, пәтер ақысын төлеу, балалардың мектептері үшін ақы төлеу және азық–түлік сатып алу – бұл біздің мемлекетіміздегі әрбір отбасының дерлік күнделікті жүгірісі. Осы отбасылардың тек кейбірі ғана осы бағытта жүре отырып, бұл «шеңберден» шығып, қаржылық тәуелсіздік алуға болатынын түсінеді. Кез–келген қаржылық тәуелсіздіктің негізі – инвестиция жасау нәтижесінде ақша әкелетін резидуальді немесе пассивті табыспен сәйкестендірілген дұрыс қаржылық жоспарлау.

- Неден бастау керек?!

- Мақсаттарыңыз бен оған жеткізетін міндеттерді белгілеу:

1) қаржыны тұрмыстық деңгейде басқару туралы білімді жүйелендіру;  2) қысқа мерзім ішінде отбасылық бюджетті жоспарлауға және бақылауға үйрену;  3) тіпті аз табыс алғанның өзінде ақшаны Сіз үшін жұмыс істету.

Қаржылық жоспарлау немесе қарапайым сөздермен айтатын болсақ – табысты қалай жоспарлаған дұрыс, шығын табыстан көп болғанда қалай қарызға кіріп кетпеу керек.

Бюджетті жоспарлау туралы кеңестер, неден бастау керек:

Өткен айлардың мәліметтерінен бастаңыз. Ол үшін отбасылық бюджеттің есебін жүргізіп отыру қажет.

Одан кейін жақында келе жатқан ақшалай шығынды қажет ететін жағдайлар туралы білу керек, мәселен, жақындарыңыздың туған күндері, демалыс, түрлі мерекелер, салық төлемдері, несиелер және басқалары. Біз Сіздерге «Үй бухгалтериясы» атты арнайы бағдарлама ұсынамыз. Бұл бағдарлама Сізге шығындарыңыз бен табысыңыздың есебін жүргізуге көмектеседі және қаржылық жоспарлауда ыңғайлы құрал болмақ.

Мерзімділікті ескеру керек екенін ұмыт қалдырмаңыз. Мәселен, Жаңа жыл, 8 наурыз және т.с.с. түрлі мерекелер қарсаңында дүкендер мен супермаркеттер азық–түліктің бағасын көтереді. Көптеген автокөлікпен жүруді сүйетін азаматтар өздерінің темір тұлпарларын мініп, демалысқа шыққанды ұнататындықтан, жазға қарсы, әдетте, жанармай қымбаттай түседі. Ал күздің кезінде мектеп оқушылары мен студенттерге шығатын шығын көбейе түседі.

Қаржылық жоспарлау дан не шығады?!

Қаржылық жоспарлау алға қойған мақсаттарға жетуге көмектеседі.

Бюджетпен Сіз өз ақшаңызды басқарасыз, ақша Сізді басқармайды.

Дұрыс құрылған бюджет бос қаражат табуға көмектеседі.

Қаржылық жоспарлау күтпеген жағдайларға дайын болуға көмектеседі.

Қаржылық жоспарлау Сізге қарызға кірмей өмір сүруге, немесе қарызыңызды тез өтеуге көмектеседі.

Реттелген отбасылық бюджет – отбасылық қарым–қатынасқа әсер ететін факторлардың бірі.

Үй экономикасындағы міндет пен мақсат - оқулықпен жұмыс (№34 бет 117-118 ) оқу, дәптерге жазу. ІІІ. Зертханалық жұмыс Оқушылардың теориялық білімдерін бекіте отырып, ізденіске зерттеуге бағыттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  1. Отбасылық бюджетті зерттеу.

  2. Кіріс пен шығысты есептеу.

  3. Оқушының бір күнде, аптасында, оқу жылынжа жұмсалатын ақшасын есептеу. (бір отбасында бірнеше бала болса, есеп шығару)

ІҮ. Э және ҚСН. Бизнесмендер өз шығындарын не үшін есептейді? тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастыру. Әр оқушыны тыңдауға тырысу.

Қорытынды. Бағалау. Әр оқушының жұмысын бағалау.

Үйге тапсырма беру: эссе жазып келу «Үй экономикасы. Бюджет», «Отбасыма көмегім»,

«Әке, шеше және мен», зертханалық жұмыстар.