Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-9 шыгару енбек.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.39 Mб
Скачать

Сабақ № 17

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 7 «Бұйымның белі мен етегін өңдеу»

Сабақтың мақсаты:

  • оқушылардың алған теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін арттыра отырып, тігу технологиясын менгеру;

  • бұйымның тігілу технологиясын үйрете отырып, тігіннің сапасына көңіл бөлу;

  • теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой - өрісін дамыту;

  • оқушыларды әсемдікке, сәндікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, практикалық Көрнекі құралдар мен жабдықтар: тігін бөліктері, құралдар, сән журналдар, жеке жұмыстар. Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ. Белдемшенің оң жағынан белдік бөлшегін инемен бекітеді. Егер белдіктің ішкі жағы матаның тарқатылмайтын жағы болса,ашық қиық ішкі жағына қалатындай етіп белдікті бүктейді. Жоғарғы тігіс белдіктің бүктелген сызығына жақындатып тігіледі. Егер белдіктің екі жағы да жөрмелмесе, онда белдікті белдемшенің іш жағына келтіріп , жабық жөрмеп тігу. Тігісті шетіне көктеп, сонан кейін машина тігісімен тігу.  Белдемшенің төменгі бөлігін өңдеудің тәсілін таңдап, оқушы белдемше тігуді аяқтайды. 

Бұйымның етегін өңдеу - ашық немесе жабық түрлегі бүгіп тігу әдісімен өңделеді. Ашық түрдегі әдіспен өңдеу үшін етек қимасын, ең алдымен,торлау тігісімен тігіп, әдіпке берілген өң бойынша бүгіп, машина тігісімен немесе жасырын тігісімен тігеді. Ал ашық түрдегі әдіспен өңдеу үшін етек қимасын ішке қарата екі қайыра бүгіп, машина тігісімен тігеді.

Кіріспе нұсқау

  • қауіпсіздік ережелерін сақтау

  • түсіндіру

  • практикалық жұмысқа дайындығын тексеру

  • нұсқаулық бойынша жұмыс

  • түйреуіштерді алып тастап, бұйымға тексеріс өткізу.

Ағымдағы нұсқау:

  • Кіріспе нұсқауға және нұсқау карталарына сай тапсырмалардың орындалу ретіне бақылау жасау.

  • Жұмыстың орындалуына назар аудару, қажет жерінде практикалық көмек көрсету.

  • Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау.

Қорытынды нұсқау:

  • Орныдалған жұмысының сапасын тексеру

  • Әр жұмысына сараптама жасап, өз ойларын айту.

  • Әрбір оқушының жұмыстағы жетісті ктері мен кемшіліктеріне талдау жасау, қажет деген кейбір жұмыс тәсілдерін көрсету.

ІІІ.Қорытынды Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау. Жұмыс жасау барысындағы жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды мақтау. Бағалау. Әр оқушының жұмысын бағалау. Үйге тапсырма беру: жеке жұмыстар, құралдар.

Сабақ № 18

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 8 «Бұйымды соңғы рет өңдеу. ЫЖӨ»

Сабақтың мақсаты:

  • оқушылардың алған теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін арттыра отырып, тігу технологиясын менгеру;

  • бұйымның тігілу технологиясын тексере отырып, тігіннің сапасына көңіл бөлу;

  • теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге

  • дағдыландыру, олардың ой - өрісін дамыту;

  • оқушыларды әсемдікке, сәндікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, практикалық Көрнекі құралдар мен жабдықтар: тігін бөліктері, құралдар, сән журналдар, жеке жұмыстар. Сабақтың барысы: