- •9 Класс - ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің технология пән мұғалімі
- •Аннотация
- •Сабақ 11
- •Сабақ13
- •Сабақ 14
- •Сабақ 15
- •Сабақ16
- •Сабақ 17
- •Сабақ 18
- •Матаның құрылымын салыстыру
- •Үшкіл орамал сызбасын салу
- •Алжапқыштың нұсқау картасы
- •Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 4 «Алжапқышты негізгі сызбасы бойынша модельдеу»
- •Нұсқау карта
- •Нұсқау карта Қалтаны өңдеу
- •Нұсқау карта Қалтаны алжапқыштың төменгі бөлігіне қосу
- •Алжапқыштың етек және жан тігістерін жабық қиықты тігіспен өңдеу
- •Алжапқыштың төменгі бөлігінбелбеумен қосып тігу және өңдеу.
- •Жүн және жібек матадан тігілген киімдерге күтім жасау.
- •Аяқ киімге күтім жасау
- •10. Мата қай жіп бойына қарай көбірек созылады?
- •5 Класқа арналған бақылау сұрақтары:
- •Тест сұрақтары 6-класс Мататану тарауы.
- •Бақылау жұмысы 6-класс Тамақ әзірлеу технологиясы
- •7 Класс Сабақ 1
- •Сабақ 3
- •«Жигсо» немесе «Зигзаг» әдісі
- •Сабақ 5
- •«Жигсо» немесе «Зигзаг» әдісі
- •2.Кубизм стратегиясы
- •Сабақ 7
- •2.Кубизм стратегиясы
- •Бағдарлау – мотивациялық кезең
- •2. Операциялық - орындаушылық кезең
- •3. Рефлексиялық – бағалау кезеңі
- •2. «Жуан – жіңішке сұрақтар»
- •Сабақ 10
- •1.Ұйымдастыру бөлімі:
- •«Қазақтың ұлттық киімдері»
- •Сабақ 14
- •Ұйымдастыру бөлімі
- •Мойын, жаға туралы айту
- •Қызығушылықты ояту.
- •2. Өткен сабақты қайталау:
- •3. Жаңа сабақ
- •4.Сабақты беіту
- •2. Өткен сабақты қайталау:
- •1. «Жуан – жіңішке сұрақтар»
- •Бағдарлау – мотивациялық кезең
- •2. Операциялық - орындаушылық кезең
- •3. Рефлексиялық – бағалау кезеңі
- •Қызығушылықты ояту.
- •2.Жұмысты бастамас бұрын құрал-жабдықты реттеп алу.
- •3.Жұмыс барысы. (оқушы ойы)
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •8 Класс - ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің технология пән мұғалімі
- •9 Класс - ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің технология пән мұғалімі
- •10 Класс - №24 лингвистикалық мектебінің технология пән мұғалімі
- •8 Класс
- •Ұйымдастыру кезеңі:
- •2.Тамақтанудың негізгі ережелері
- •3.Тамақтану процесінің принциптері
- •Дайындау тәсілі:
- •Дайындау тәсілі
- •Сабақ № 4
- •I. Ұйымдастыру кезені
- •II. Үй тапсырмасын тексеру.
- •III. Жаңа сабақ.
- •Бисквит қамыры
- •Үгілген бисквит қамыры
- •Үгілмелі қамыр (песочное тесто)
- •Ашытқысыз тәсіл
- •Ашыған қамырдан жасалған самса
- •Қабаттама қамыр (Слоеное тесто)
- •Әзірлеудің бірінші тәсілі
- •Әзірлеудің екінші тәсілі
- •III. Сарамандық жұмыс
- •Ыдыс және құрал-жабдық
- •Консервілерді стерилдеу
- •III. Сарамандық жұмыс (мүмкіндіктеріне қарай)
- •III. Сарамандық жұмыс (мүмкіндіктеріне қарай)
- •Сабақ № 9
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Жоспар-үлгісі
- •I .Ұйымдастыру кезеңі
- •Сабақ № 12
- •I .Ұйымдастыру кезеңі
- •Сабақ № 13
- •Сабақ № 14
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 15
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 16
- •I .Ұйымдастыру кезеңі
- •Сабақ № 17
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 19
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 20 /
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйдің интерьері. Үйді жиһаздау. Қазақ халқының киіз және тоқылған кілемдер. Жарнамалық уәде. Арзан баға.
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 24
- •Сабақ № 25 / 26
- •Сабақ № 27 / 28
- •III. Практикалық жұмыс (мүмкіндіктеріне қарай)
- •Сабақ № 29
- •Қызығушылықты ояту
- •Шығармашылық тапсырма
- •6 Қалпақтың ой-әдісі.
- •Мағынаны ашу
- •6 Қалпақтың ой-әдісі.
- •Ой толғаныс
- •І Ұйымдастыру кезеңі
- •Шалбар тігу үшін матаны пішу.
- •Шалбардың алдыңғы жартысын өңдеу
- •Шалбардың артқы жартысын өңдеу
- •Шалбарды көктеу.
- •І Ұйымдастыру кезеңі
- •Іі Ағымды нұсқау.
- •І Ұйымдастыру кезеңі
- •Сабақты бекіту:
Сабақ № 12
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 2 «Белдемшенің сызбасын тұрғызу. М1:4, М1:1» Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бұйым сызбасын құруға, сызуға, есептеуге, «линейка закройщика» дұрыс қолдана білуді, өздігінен жұмыс жасауға үйрету. Белдемшенің сызбасын М1:4, М1:1 тұрғызу. Практикалық іскерліктерін арттыра отырып, жұмыс жасау кезінде зейінділікке, жауапкершілікке, дәлдікке тәрбиелеуге жағдай жасау. Сабақтың түрі: практикалық Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, практикалық Көрнекі құралдар мен жабдықтар: сән журналдары, белдемшенің нұсқауламалық картасы, «линейка закройщика», плакат немесе тұсқағаз, құралдар. Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Практикалық жұмыс
Кіріспе нұсқау
қауіпсіздік ережелерін сақтау
түсіндіру
практикалық жұмысқа дайындығын тексеру
нұсқаулық бойынша жұмыс
сызбаның құрылымын жасау (формула мен есептеу бойынша)
1–ші топ.Дәстүрлі тор сызба арқылы тік белдемшенің сызбасын жасайды.
2-ші топ.Сән журналдарынан белдемшенің пішім сызбасын алады.
Ағымдағы нұсқау:
Кіріспе нұсқауға және нұсқау карталарына сай тапсырмалардың орындалу ретіне бақылау жасау.
Сызбаны тұрғызу М 1:4, кейін М1:1 және оны орындалуына назар аудару, қажет жерінде практикалық көмек көрсету.
Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау.
1. Дәстүрлі тор сызба арқылы тік белдемшенің сызбасын (М 1:4), кейін тексеріп М1:1 бастап жасату.
2.Сән
журналынан пішім сызбасын алу
1.Сән журналынан қалаған модель үлгісін таңдау
2.Өңдеу күрделілігіне, модель нөмеріне назар аудару
3.Алынған өлшемдер бойынша нақты өлшемін анықтау
4.Үлгі парағын, сызық түсін, бөліктер санын анықтау
5.Үлгіні маркермен сызып шығу
6.Кленкаға пішімді бастырып алу
7.Үлгіні қию
Қорытынды нұсқау:
Орындалған жұмысының сапасын тексеру
Әр жұмысына сараптама жасап, өз ойларын айту.
Әрбір оқушының жұмыстағы жетісті ктері мен кемшіліктеріне талдау жасау, қажет деген кейбір жұмыс тәсілдерін көрсету.
Қорытынды. Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру: құралдар, М 1:1 сызбаны плакатқа сызып келу, мата 80см – 1 м
Сабақ № 13
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 3 «Белдемшені модельдеу» Сабақтың мақсаты:
белдемшені модельдеу әдістерімен таныстыру, таңдап алған белдемше фасонын модельдеуге үйрету;
тақырып бойынша материалды меңгерулерін қамтамасыз ету;
модельдеу саласында алған білімдерін дамыту, жұмыс істеу әдіс-дағдыларын дамыту; қиялындағы фасонды қағаз бетіне сурет қиып түсіре білуге, қиялдай білуге үйрету;
жұмыс тәртібін сақтау; еңбекті бағалауға үйрету;
еңбек және тұрмыс гигиенасы ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу;
өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-суретті, практикалық
Құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: модельдеу бойынша кестелер, үлгілер, түрлі түсті қағаз, А-3 формат ақ қағаз, құралдар. Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың білімін тексеруге арналған сұрақтар. А) Сендер «модельдеу» терминін қайдан кездестірдіндер және ол нені білдіреді? Б) «Фасон» дегеніміз не? Мысалдар келтіріндер. В) Бұйымдарды қалай өңдейді? С) Бұйымдардың бөлшектерімен пішіні және түр-түсі өзара үйлесуі керек пе ? Мысалдар келтіріндер. II. Жаңа материалды баяндау.
Оқушылар жасалған сызбалар базасында маусымдық сән үрдестеріне сәйкес модельдеу дағдыларын жетілдіреді. Түрлі киім модельдерін (сән журналдарын), маталарды, киімге арналған фурнитураларды пайдалана отырып, сәндегі бағыттарды көрсетеді. Киімнің дамуы өндірістің, техниканың дамуымен, қоғамның әлеуметтік жағдайымен байланысты екендігін атап айту. Алдыңғы бөлшек, артқы бөлшек, белдік және т. б. пішіндерін қалай өзгертуге болатынын түсіндіру және көрсету. Киімді модельдеудегі үш негізгі принципі 1. Киімнің адамның сыртқы және ішкі кескініне сәйкес болуы; 2. Арнаулы киімдердің мақсатқа сай, қолдануға ыңғайлы болуы; 3. Киімнің қолданылатын аясына, түріне пайдаланылатын материалдың сәйкес болуы. Киімді модельдеу – бұл эскиз бойынша жасалған бұйымның үлгісі. Киімді модельдеумен суретші-модельер айналысады. Модельер адамның денебітімін, оның пропорциялары мен пластикаларын, сондай-ақ костюмнің бөлек бөлшектерінің үйлесімдік заңдары мен ережелерін, пішім сызықтарын, әрлеуді білуі керек. Қосымшалар мен безендірулерді, сондай-ақ тігін ісінің технологиясын жақсы ажырата алуы қажет. Модельдеудің мақсаты және міндеті – қоғамның дамуына сәйкес әдемі, қолайлы киімдер жасау. Сән мен костюм әрқашанда стиль мен дәуірді бейнелейді. Бұйым дайындалатын үлгіні жасап шығаруды «модельдеу» дейді. Ертеректе модельдеуді сәнмүсінге (манекенге) немесе тұлғаға (фигураларға бөлшектерді шындау) өлшеп жасаған. Алайда мұндай модельдеуге мата көп жұмсалатындықтан ол өте тиімсіз болды. Оның үстіне адамдардың бәрінің тұлғалары бірдей емес, ауытқулар бар, сәнмүсінде ол ескерілмейді. Дегенмен сәнмүсінде модельдеу арқылы матаның адам денесіне, бет-бейнесіне қонымдылығын, үйлесімділігін алдына ала білуге болады. Модельдегенде матаның қасиетін ескеру керек. Өйткені қатпарлау мен күлтелеудің сипаты осыған байланысты болады. Матаның қиғаш көлденең және бойлық жіптер (долевой нити) бойымен орналасуын да осылай тексереді. Модельдеу өнерінің сәндік қолданбалы өнердің басқа түрлерінен айырмашылығы оның тікелей адамдармен байланыстылығында. Костюммен адамның сыртқы келбетін өзгертуге, неғұрлым әдемірек етіп көрсетуге, кемшілік тұстарын жасыруға болады. Матаның түр түсімен көздің, шаштың, беттің әлпетін жақсартуға да болады. Модельдеу адамдардың талғамын тәрбиелейді, адамның сұлулығын арттырады. Киім кию арқылы адам өзінің сыртқы көрінісін өзгертіп, әдемілейді, кем-кетігін жасырып, өзін тартымды, сымбатты етіп көрсете алады. Модельдеу көпшіліктің қолынан келетін іс. Кез келген адам өзінің қиялын жүзеге асырып, әдемілік туралы түсінігін жеке шеберлігі арқылы көрсетуіне болады. Өз дәуіріміздің бет-бейнесіне сай сәнді киімдер жасауға болады. Француздың белгілі суретші-модельері Пьер Карден «Мен сәнді көшеден аламын да, оны кері қайтарамын», – деген екен. Модельдеу – жаңа модельдегі киімдерді шығару, жаңа пішімдерді ойлап табу, бұрынғы киімдерге конструкциялық және әшекейлік сызықтар енгізіп өзгерту. Конструкциялық сызықтар – бөлшектің негізгі пішімін жасайтын және бұйым бөлшектерін (артқы бөлшек, алдыңғы бөлшек, белдік) қосатын сызықтар болып табылады. Әшекейлік сызықтар тек қана бұйымды әшекейлеуге арналған. Әшекейлеу сызықтарына әр түрлі өңдеу сызықтары жатады: бүкпесіндер, қатпарлар, бүрмелеу, кестелеу, шеттіктер, өңдеу тігістері, т. б. Модельдеудің екі түрі болады: көркемдік (шығармашылық); техникалық. Көркемдік модельдеумен сән үйлерінің, тігін фабрикалары эксперименттік лабораторияларының суретші-модельерлері айналысады. Олар сән бағыттарын, модельдің кімге арналғанын, оның қызметін, қандай матадан жасалатынын, өндеу түрлерін, модельдің түр түсін таңдауды, ұсақтүйекті (фурнитураны) аксессуарларды ескере отырып, бөлшектер коллекцияларын жасайды. Техникалы модельдеу дегеніміз – нобайлар, суреттер, фотографиялар бойынша модельдер жасау. Онымен инженер – конструкторлар шұғылданады. Олар модельдің нобайына байланысты сызбаның жекелеген бөлшектерін өзгертеді.
Техникалық модельдеу жұмысын бастау үшін:
модель эскизімен мұқият танысу қажет.
эскизбен сәйкес келуі үшін алдыңғы және артқы бөлщектердің қай тұстарын, сызбаның қай бөліктерін өзгерту керек екенін анықтау керек.
фасондық сызықтар енгізіп, төртіншіден, пішімдерді қию қажет.
Белдемше сызба құрылымын негізге ала отырып, әр түрлі белдемше модельдеуге болады. Сонымен, модельдеу – бұл жаңа модельдерді жасаудың шығармашылық процесі. ІІІ. Практикалық жұмыс. Белдемшені модельдеу (6 класс, 2010 жыл)
шаблон қолдану;
түрлі түсті қағазда қолдану;
А-3 форматтың ақ қағазына үлгілерді салу, әр үлгінің астына белдемшенің модельдеу жолын үйреніп, қиып жапсыру;
ІҮ. Жаңа материалды пысықтау. Модельдеу дегеніміз не? Модельдеудің қандай түрлерін білесіңдер? Белдемше бөлшектерін ауыстыруға болатын сызықтарды атап шығыңдар. Қорытынды. Бағалау.
Үйге тапсырма беру: мата, үлгі бөліктер, тігіншілік бор, ағылшын инелер, модельдеу жұмысы.
