Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-9 шыгару енбек.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.39 Mб
Скачать

Жұмыстың орындалу реті

  1. Сән үлгісін ақ беттің сол жағына жапсыру.

  2. Жоспар-үлгісі бойынша сипаттау.

  3. Ұқыпты орындау.

Жоспар-үлгісі

  1. Кімге және неше жасқа арналған?

  2. Сәннің сырт көрінісін сипаттау.

  3. Стиль (классикалық, романтикалық, фольклорлық, спорттық).

  4. Киімнің түрі (тұрмыстық, спорттық, сахналық, арнайы, техникалық).

  5. Силуэт (тік, сонақ, Х-силуэт, трапеция, қынамалы, жартылай жайтанған).

  6. Пішімі (қиял, қатал).

  7. Ілгегі – бір өңірлі, екі өңірлі, түймемен ілгектенеді, ысырма ілгек.

  8. Жеңнің пішілуі – қондырмалы, реглан, тұтас пішілген, аралас, ұзын, қысқа, 3/4.

  9. Жаға – өңірі ашық, қайырмалы, тік, шальді, апаш.

  10. Мойындық (төртбұрышты, үшбұрышты, дөңгелене, фигуралы т.б.) көрсет.

  11. Қалта – жапсырмалы, тілікті, «рамкалы» т.б.

  12. Етегі – кеңейтілген, «годэ», тік, аралас, әшекейленген.

  13. Әшекейлеуі – желбіршек, кесте, жіптер, таспа, түйме, бүрме, бедер, қатпарлар, қапсырмалар.

  14. Қандай матадан тігілген?

Ү. Сабақты бекіту. Бағалау.

Үйге тапсырма беру: құралдар, 4 стильде сәннің сырт көрінісін сипаттап келу, см. таспа, сән журналдар, «линейка закройщика» т.б.

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №1 «Белдемше үлгісінің нұсқау картасын дайындау. Өлшемдерді алу. Есептеу» Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бұйым сызбасын құруға арналған өлшем алу жөніндегі тапсырманы меңгеруін қамтамасыз ету. Дәстүрлі, сән журналдарынан арқылы пішім жасап үйрету. Өлшем алу біліктерін жетілдіру, сантиметрлік лентаны дұрыс қолдана білуді үйрету. Адам мүсіні бойындағы бағдарлық нүктелер арқылы өтетін кеңестік линияларды ойша жүргізе білуді дамытуға жағдай жасау. Жұмыс жасау кезінде зейінділікке, жауапкершілікке, дәлдікке тәрбиелеуге жағдай жасау.  Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, практикалық Көрнекі құралдар мен жабдықтар: сән журналдары, белдемшенің нұсқау картасы, сантиметрлік таспа, клеенка, құралдар. Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.. Үй тапсырмасын тексеру. (тест тапсырмалары арқылы тексеру)

1.Белдікті бұйымдарға қандай киімдер жатады?

а) шалбар, белдемше ә) көйлек, блузка,шалбар б) белдемше, камзол, баскиім

2.Табиғи талшықтарды ата?

а) жібек, капрон ә) жүн, жібек б) лавсан, шифон

3.Қолдану мақсатына қарай киім түрлерінің бөлінуі?

а) тұрмыстық, өндірістік, формалық ә) жазғы,қысқы б) сырткиім,баскиім

4.Маусымдық қолданысына қарай киімдер?

а) жазғы, қыстық, көктем мен күз ә) эстетикалық, гигиеналық б) классикалық, романтикалық

5.Киімге қойылатын гигеналық талаптар?

а) бағасының қымбат болмауы ә)химиялық тазалауларға төзімділігі б) ылғалсіңіргіштік, ауаөткізгіштігі, жылусақтағыштығы

6. Киімге қойылатын экономикалық талаптар?

а) сапасы жоғары, бағасы қымбат болмауы ә)сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғауы б) жуу құралдарына төзімділігі

7.Өлшем алғанда пайдаланатын құрал?

а) сызғыш ә) сантиметрлік таспа б) лекало

Дұрыс жауаптары: 1-а, 2-ә, 3-а, 4-а, 5-б, 6-а, 7-ә Оқушылар жауаптарын өздері тексереді.

Бағалау нормасы:

«5» баға – 7дұрыс жауап

«4» баға – 5-6 дұрыс жауап

«3» баға – 3-4 дұрыс жауап  ІІІ. Практикалық жұмыс 

Кіріспе нұсқау

  • қауіпсіздік ережелерін сақтау

  • түсіндіру

  • практикалық жұмысқа дайындығын тексеру

  • нұсқаулық бойынша жұмыс

Оқушылар топпен жұмыс істейді ( Әр топтан 1 оқушының өлшемі алынады) Адам киімнің өлшемін білу үшін бел шеңберін, мықын шеңберін түгел өлшеп, алынған өлшемді екіге бөлу керек. Сонда алынған цифр дененің өлшеміне сәйкес .

Белді белдікпен қынайды, жеңіл киіммен тұрғаны дұрыс. Өлшегенде см. лентаны сол қолмен үстап, өлшейтін басты нүктеге әкеледі, әйел киімін оң жақтан, еркек киімін сол жақтан өлшейді.

Жба- Белдің жартылай орамы. Көлденеңінен тұлғаны айналдыра бел деңгейінде түсіріледі. Өлшем белбеудің ұзындығын және қымтырмалардың енін есептеуге қолданылады.

Жма- мықынның жартылай орамы. Көлденеңінен жамбас тұлғасын айналдыра түсіріледі. Өлшем белдемшенің енін және қымтырманың енін анықтау үшін қолданылады.

БҰ- Бұйымның үзындығы. Артқы бойдың бел сызығынан төмен қарай қажетті үзындыққа дейін түсіріледі. Өлшем белдеменің ұзындығын анықтау үшін қолданылады

Ар.б.ұ – Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы.

Артұы - бойдың бел сызығынан мойын нүектесіне дейін түсіріледі ( жетінші мойын омыртұасы). Өлшем бел сызығына жамбас сызығынан жамбас сызығына дейінгі ара қашықтық осы өлшемнің жартысына тең болады. Ағымдағы нұсқау:

  • Кіріспе нұсқауға және нұсқау карталарына сай тапсырмалардың орындалу ретіне бақылау жасау.

  • Дұрыс өлшем алуына азар аудару, қажет жерінде практикалық көмек көрсету.

  • Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау.

1–ші топ.Дәстүрлі тор сызба арқылы тік белдемшенің сызбасын жасайды.

2-ші топ.Сән журналдарынан белдемшенің пішім сызбасын алады.

1. Дәстүрлі тор сызба арқылы тік белдемшенің сызбасын жасау  2.Сән журналынан пішім сызбасын алу

1.Сән журналынан қалаған модель үлгісін таңдау

2.Өңдеу күрделілігіне, модель нөмеріне назар аудару

3.Алынған өлшемдер бойынша нақты өлшемін анықтау

4.Үлгі парағын, сызық түсін, бөліктер санын анықтау

5.Үлгіні маркермен сызып шығу

6.Кленкаға пішімді бастырып алу

7.Үлгіні қию 

Қорытынды нұсқау:

  • Орындалған жұмысының сапасын тексеру

  • Әр жұмысына сараптама жасап, өз ойларын айту.

  • Әрбір оқушының жұмыстағы жетісті ктері мен кемшіліктеріне талдау жасау, қажет деген кейбір жұмыс тәсілдерін көрсету.

ІV.Жаңа сабақты бекіту  - Өлшемді өлшенетін адамның қай жағынан тұрып аламыз?

- Белдемше тігу үшін қандай өлшемдер алу қажет?

- Киім тігу үшін пішім жасаудың неше жолы бар?

- Стильдің неше түрі бар?

V. Қорытынды. Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру: құралдар, «линейка закройщика»