Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-9 шыгару енбек.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.39 Mб
Скачать

Сабақ 15

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 7. ״Жапсырма өрнекті торлау тігісімен өңдеу.״

Сабақтың мақсаты: өрнекті торлап тігу әдісін және өңдеу барысында, тігістің дұрыс түсуі мен орналасуын меңгерту. Эстетикалық талғамын қалыптастыру. Әдемілікке, еңбек мәдениетіне баулу.

Сабақтың түрі: сарамандық;

Сабақтың әдісі: үлгімен жұмыс, әңгімелеу, суреттеу.

Сабақтың көрнекілігі: үлгі, оюлы бұйымдар

Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру бөлімі;

Өткен сабаққа шолу;

Жаңа сабақты меңгеру,

Практикалық бөлім;

Сабақты бекіту;

І. Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындықтарын тексеру;

ІІ. Өткен сабақ бойынша сұрақтар беру: ою-өрнектің қандай түрлерін білесіңдер?

− Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?

− Кестелі бұйымдарға не жатады?

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалім оқушыларға ою-өрнекті жапсыра торлап тігу әдісін көрсетпес бұрын, алдымен матаға назар аударады. Мата жеңіл, қалыңдығы бірдей және бір түсті болғаны жөн. Ою ойылатын мата басқа түстен алынады және түс үйлесімділігі сақталады. Мата түрлері: мақта матасы, жүн араласқан зығыр матасы, драп, кашемир т.б. Ине мен жіпті де дұрыс таңдау керек. Еңбектің қауіпсіздік ережесі ескертіліп, жұмыстың барысы түсіндіріледі.

Практикалық бөлім: Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Мата бетіне ою-өрнек жапсыру арқылы тігілетіндіктен, мата көлемі мен ою көлеміне ерекше назар аудару керек екендігі айтылады. Жұмыстың жоспары:

  • Матаны шаршылап қию;

− Екінші түсті матадан оюды ойып қиып алу;

  • Мата бетіне оюды дұрыс орналастыру, уақытша бекіту;

  • Шаршы матаны торлап тігу;

  • Оюдың сағақтары мен иірімдерін торлау тігісімен тігу;

Оқушылардың жұмысын бақылау, тиісті жерінде кеңес, ескрту беру.

Сабақты бекіту: торлау тігісі қандай тігіске жатады? ( шеттіктеу, әрлеу, әсемдік тігіс)

Оқушылардың жұмысын тексеру, бағалау.

Үйге тапсырма: қатемен жұмыс, жұмысты аяқтау.

Сабақ16

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №8. «Композиция құрастыру» ( өрнектеу, әшекейлеу, раппорт, кестелеу)

Сабақтың мақсаты: Ою-өрнекті құрастырып, біріктіру, компазициялау. Ұлттық нақышпен бұйымды кестелеуді үйрену. Оқушылардың іскерлік-дағдысын қалыптастыру, шығармашылығын ояту. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: практикалық;

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, үлгімен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: үлгілер, бұйымдар

Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру бөлімі;

Үй тапсырмасын тексеру;

Жаңа сабақты меңгеру;

Сабақты бекіту; үйге тапсырма беру;

Оқушылармен амандасып, құрал-жабдықтарын, сабаққа дайындығын тексеру. Үйге берілген тапсырманы сұрау. Өткен сабақ бойынша сұрақ: торлап тігу әдісі: тігіс қай жақтан басталады? Мата бетіндегі оюды неге жапсырып тігіп аламыз?

Сабақтың барысы: жаңа сабақтың тақырыбы хабарланып, мақсаты мен жоспары айтылады. Еңбектің қауіпсіздік ережесі сақталуы ескертіледі. Жұмыс үстелі сабаққа дайындалып, ұйымдастырылады.

Композиция (латынның composition сөзінен) – құрастыру, жалғастыру, байланыстыру деген мағыналарды білдіреді.

Композицияның ішінде басты және екінші кезектегі деген ұғымдар бар. Басты –дегеніміз бұл бірінші кезекте назар аудартатын, тақырыптың идеясын, ойын білдіретін дүние. Өрнектегі композицияда, өрнектің басты бөлшегі екінші кезектегі бөлшектермен логикалық байланысуы және теңдескен болуы керек.

Ою – өрнек – элементері белгілі бір ритмге бағынатын нақышталған әшекей. Ою-өрнектің белгілі бір қашықтықтан кейін толықтай қайталанатын бөлігі раппорт деп аталады.

Раппорт- латын тілінен аударғанда қайталау дегенді білдіреді.

Кесте тігу әрдайым тұрмыспен, еңбекпен, табиғатпен тығыз байланыста болып келді және де бұл өнер әрбір халықтың көркемдік талғамы мен шеберлігінің айнасы сияқты болды.

Оқушыларға кесте тігісінің ең қарапайым түрі көрсетіледі: тамбурлы тігіс немесе тышқан ізі деп те атауға болады. Бүгінгі жұмысты оқушылар біз кестемен немесе торлау тігісімен орындайды.

Практикалық жұмыс: оқушылар қағаз бетіне жұмыстың эскизін жасап алады. Әр оқушы эскизі бойынша мата, ине, жіп таңдап алады және жеке жұмыс түрін ұсынады. (Композиция оқушының қиялынан туған оюлы түпкиіз, гүл құмырасының астына жаятын шаршы сәндік салфетка болуы мүмкін.) Көлемі 10×15, 15×20 болуы мүмкін.

Мұғалімнің нұсқауы:

  • Мата таңдау;

  • Түсінің үйлесімділігін сақтау;

  • Ине мен жіп таңдау;

  • Тігістің түрін таңдау;

  • Бұйымды алғашқы өңдеу: орналастыру, бекіту, кестелеу;

Оқушылардың жұмысын бақылау, кеңес, ескерту беру. Жұмыстарын алдымен өзі сонан соң, бірін-бірі тексеру

. Аяқталмаған жұмысты үйге беру, жұмыс орнын жинастыру.