- •9 Класс - ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің технология пән мұғалімі
- •Аннотация
- •Сабақ 11
- •Сабақ13
- •Сабақ 14
- •Сабақ 15
- •Сабақ16
- •Сабақ 17
- •Сабақ 18
- •Матаның құрылымын салыстыру
- •Үшкіл орамал сызбасын салу
- •Алжапқыштың нұсқау картасы
- •Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 4 «Алжапқышты негізгі сызбасы бойынша модельдеу»
- •Нұсқау карта
- •Нұсқау карта Қалтаны өңдеу
- •Нұсқау карта Қалтаны алжапқыштың төменгі бөлігіне қосу
- •Алжапқыштың етек және жан тігістерін жабық қиықты тігіспен өңдеу
- •Алжапқыштың төменгі бөлігінбелбеумен қосып тігу және өңдеу.
- •Жүн және жібек матадан тігілген киімдерге күтім жасау.
- •Аяқ киімге күтім жасау
- •10. Мата қай жіп бойына қарай көбірек созылады?
- •5 Класқа арналған бақылау сұрақтары:
- •Тест сұрақтары 6-класс Мататану тарауы.
- •Бақылау жұмысы 6-класс Тамақ әзірлеу технологиясы
- •7 Класс Сабақ 1
- •Сабақ 3
- •«Жигсо» немесе «Зигзаг» әдісі
- •Сабақ 5
- •«Жигсо» немесе «Зигзаг» әдісі
- •2.Кубизм стратегиясы
- •Сабақ 7
- •2.Кубизм стратегиясы
- •Бағдарлау – мотивациялық кезең
- •2. Операциялық - орындаушылық кезең
- •3. Рефлексиялық – бағалау кезеңі
- •2. «Жуан – жіңішке сұрақтар»
- •Сабақ 10
- •1.Ұйымдастыру бөлімі:
- •«Қазақтың ұлттық киімдері»
- •Сабақ 14
- •Ұйымдастыру бөлімі
- •Мойын, жаға туралы айту
- •Қызығушылықты ояту.
- •2. Өткен сабақты қайталау:
- •3. Жаңа сабақ
- •4.Сабақты беіту
- •2. Өткен сабақты қайталау:
- •1. «Жуан – жіңішке сұрақтар»
- •Бағдарлау – мотивациялық кезең
- •2. Операциялық - орындаушылық кезең
- •3. Рефлексиялық – бағалау кезеңі
- •Қызығушылықты ояту.
- •2.Жұмысты бастамас бұрын құрал-жабдықты реттеп алу.
- •3.Жұмыс барысы. (оқушы ойы)
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •8 Класс - ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің технология пән мұғалімі
- •9 Класс - ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің технология пән мұғалімі
- •10 Класс - №24 лингвистикалық мектебінің технология пән мұғалімі
- •8 Класс
- •Ұйымдастыру кезеңі:
- •2.Тамақтанудың негізгі ережелері
- •3.Тамақтану процесінің принциптері
- •Дайындау тәсілі:
- •Дайындау тәсілі
- •Сабақ № 4
- •I. Ұйымдастыру кезені
- •II. Үй тапсырмасын тексеру.
- •III. Жаңа сабақ.
- •Бисквит қамыры
- •Үгілген бисквит қамыры
- •Үгілмелі қамыр (песочное тесто)
- •Ашытқысыз тәсіл
- •Ашыған қамырдан жасалған самса
- •Қабаттама қамыр (Слоеное тесто)
- •Әзірлеудің бірінші тәсілі
- •Әзірлеудің екінші тәсілі
- •III. Сарамандық жұмыс
- •Ыдыс және құрал-жабдық
- •Консервілерді стерилдеу
- •III. Сарамандық жұмыс (мүмкіндіктеріне қарай)
- •III. Сарамандық жұмыс (мүмкіндіктеріне қарай)
- •Сабақ № 9
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Жоспар-үлгісі
- •I .Ұйымдастыру кезеңі
- •Сабақ № 12
- •I .Ұйымдастыру кезеңі
- •Сабақ № 13
- •Сабақ № 14
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 15
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 16
- •I .Ұйымдастыру кезеңі
- •Сабақ № 17
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 19
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 20 /
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйдің интерьері. Үйді жиһаздау. Қазақ халқының киіз және тоқылған кілемдер. Жарнамалық уәде. Арзан баға.
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 24
- •Сабақ № 25 / 26
- •Сабақ № 27 / 28
- •III. Практикалық жұмыс (мүмкіндіктеріне қарай)
- •Сабақ № 29
- •Қызығушылықты ояту
- •Шығармашылық тапсырма
- •6 Қалпақтың ой-әдісі.
- •Мағынаны ашу
- •6 Қалпақтың ой-әдісі.
- •Ой толғаныс
- •І Ұйымдастыру кезеңі
- •Шалбар тігу үшін матаны пішу.
- •Шалбардың алдыңғы жартысын өңдеу
- •Шалбардың артқы жартысын өңдеу
- •Шалбарды көктеу.
- •І Ұйымдастыру кезеңі
- •Іі Ағымды нұсқау.
- •І Ұйымдастыру кезеңі
- •Сабақты бекіту:
Сабақ № 9
Сабақтың тақырыбы. Машинатану элементтері. Тігін бұйымдарын жобалау және дайындау.( белдемше) Тігін машинасына арналған айлабұйымдар. Техникалық талаптар. Машина тігістерінің терминологиясы. Қауіпсіздік ережелері. Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың теориялық білімдері мен практикалық іс іскерліктерін ұштастыра отырып, өздігінен жұмыс жасауға, тігін өнеріне қызығушылығын арттыру.
Тігін машинада жұмыс орындау кезінде еңбек қауіпсіздігін сақтауға, жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру.
оқушылардың ой-өрісін, көргендерін еске сақтап , оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету
Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, көрсету, Сабақтың көрнекілігі: тігін машинасы, суреттер, тест, логикалық тапсырмалар, Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Өткен материалды бекіту (тест немесе логикалық тапсырмалары арқылы)
«Аспаздық әліппесі» тақырыбының сұрақтары. Жас аспаз қайнап жатқан ет сорпасының үстіне үстемелеп су құйды, ол дұрыс істеді ме? (Жоқ) Картопты қайнату уақыты шамамен қанша? (20 - 30минут) Етті қайнатуда тұзды қашан салады? (Қайнағаннан кейін 15 минуттан соң) Көп май құйып қуыру не деп аталады? (Фритюр)
«Ұлттық тамақ» тақырыбының сұрақтары. Ең дәмді спагетти қай елде дайындалады? (Италияда) Палау қай елде дәмді дайындалады? (Өзбекстанда) Халқымыздың қонаққа беретін дәстүрлі тағамы. (Ет асу) Суши қай елдің тағамы? (Күн батыс елдерінің) Шипалы, емдік қасиеті жоғары ұлттық сусын қалай аталады.( Қымыз)
«Тамақ және ауру» тақырыбының сұрақтары. Жеміс - жидек пен көкөністі міндетті түрде қандай сумен жуу қажет.(Қайнаған сумен) Ағзада қандай элемент жетіспесе қан аздық (анемия) пайда болады?(Темір) Кез келген уақытта тамақ ішу асқазан қышқылын көбейтіп, қандай ауруға әкелуі мүмкін. (Асқазан жарасы ауруына) Көшеде тамақ пісіріп сатып тұрған сатушыдан не себепті тамақ алып жеуге болмайды? (Санитарлық талап сақталмауы мүмкін, тамақтан улану, ішек инфекциясына ұшырау қаупі жоғары болғандықтан) Ағзада қандай элементтің жетіспеуінен тіс ауруы –тіс жегісі пайда болады? (Фтор)
«Ойлан тап»
1. Қамырдың барлық түрін әзірлеудің негізгі шикізаты, тағамдық құндылығы дәндік сапасына байланысты. Қамырды әзірлеу алдында жылы орынға қойса, пісіргенде қамыр жақсы көтеріледі. Оны електен өткізеді. Құрғақ орында сақтайды. (Ұн) 2. Ақ түстес, иіссіз әрі дәмсіз ұнтақ өнім. Картоптан, жүгеріден, күріштен және бидайдан жасалады. Суық суда ерімейді, ыстық суда желімге айналады. Құрғақ жерде және жағымсыз иісі бар өнімдерінен аулақ сақтаған жөн. (Крахмал) 3. Өнімдердің ішіндегі ең қолайлы азық - түлік. Пісірілген бұйымдардың калориясын арттырады және олардың үгілуін күшейтеді. (Май) 4. Ағының көбіктенетін қасиеті бар, жақсы көтеріледі, бірнеше есе ұлғайып кетеді. Әр түрлі қамырды жұмсарту және кремдерді әзірлеу үшін пайдаланылады. Сарысы әр түрлі қамырды илеуге және пісірілетін бұйымдардың сыртына жағуға жұмсалады. (Жұмыртқа) 5. Кристалды, ақ түстес, иісі жоқ, дәмі тәтті өнім. Тағамның құндылығын арттырады, оған тиісті дәм мен ылғалдылық береді. (Құмшекер) 6. Жоғары тағамдық сапасы, татымдық дәмі және хош иісі жағынан ерекшеленеді. (Бал) 7. Таза, тазартылған және құрғақ күйінде (повидло, джем, тосап) тәтті тағам ретінде пайдаланылады. Пюре әзірлейді, кондитер бұйымдарды әшекейлейді. (Жеміс-жидектер) 8 Бағалы әрі тәтті өнім, 40 - 70% май мен белок бар. Кондитер бұйымдарына дәм мен хош иіс береді. (Жаңғақ) 9 Ақ түстес химиялық қопсытқыш, суда тез ериді, қамырды жұмсартады, қопсытады. (Ас содасы) 10 Өте күшті жағымды иісі бар, ақ түстес кристал ұнтақ, қамырға өте аз мөлшерде әрі ерітінді немесе қатты қант күйінде қосады. (Ванилин)
ІІ. Жаңа сабақ Тарау: Машинатану элементтері. Тігін бұйымдарын жобалау және дайындау.( белдемше)
Тігін машинасына арналған айлабұйымдар. Техникалық талаптар. Машина тігістерінің терминологиясы. Қауіпсіздік ережелері.
Тігін машиналарымен жұмыс барысында сақталатын қауіпсіздік ережелерін қайталау.
Тігін машинасының шығу тарихы.
Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына жалпы құрылымына, құрылысына тоқтала өтейк.
Қашан? |
Кім? |
Еңбектері |
XV – ғасыр |
Леонардо да Винчи |
тігін машинасының жобасын ұсынды. |
1755 жыл |
Карл Вайзенталь |
бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты. |
1834 жылы |
Уолтер Хант |
шөрнекті машина жасады |
1844-1845 жылы |
Элиос Хоу |
бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды |
1850-1851 жылы |
Ален Уилсон мен Исаак Зингер |
қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі дүниеге келді |
1870 жылы |
Исаак Зингер |
АҚШ-та “Зингер” фирмасын ашты. |
1900 жылы |
Исаак Зингер |
Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты. |
1917 жылы |
|
Кезес елінде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыт іске қосылды. Машинаның сыртқы дизаиндары жасалып, фирманың белгісін жазатын болды. |
Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ. Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері бар.
Тігін машинасына арналған айлабұйымдар.
Оқулықпен жұмыс (8 кл бет 4-8), дәптерге түсіру.
р/с |
Айлабұйымның аталуы |
Сипаттамасы |
|
|
|
Техникалық талаптар. Машина тігістерінің түрлері, терминологиясы (8 класс, беті 6-11) Оқулықпен жұмыс (8 класс, беті 6-11), дәптерге түсіру.
р/с |
Машина тігістерінің түрлері |
Сипаттамасы |
|
|
|
ІҮ. Сабақты бекіту. 1.Қай ғасырда тігін машинасының жобасы ұсынылды? 2.Тігін машинасы не үшін қажет? 3.Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ата 4.Қандай машина тігістерінің түрлері бар? Бағалау. Үйге тапсырма беру: № 1-3 бет 4-11 оқу, құралдар, машина тігістерін тігіп альбомға жапсырып келу.
«Тамақ әзірлеу технологнясы»
1. Технология пәнінің қай тарауында тазалык-гигиекалық талаптарды міндетті түрде сақталуы кажет?
а) тігін бұйымдарын модельдеу;
э) мататану элементтері;
б) тамак әзірлеу технологиясы;
в) үй мәдениеті және тұрмыстық техника.
2. Этикет дегеніміз не?
а) өнерін көрсете білу деген сөз;
ә) өзінді ұстай білу деген сөз;
б) іс-қағазды дұрыс толтыру деген сөз;
в) бастаған ісіңді аяқтай білу деген соз.
3. Жұқпалы аурулар неден пайда болады?
а) серуендеуге көп шықпағасын;
э) тазалықты сақтамағасын;
б) адамдармен көп сөйлескесін;
в) тамақтану тәртібі бұзылған соң.
4. Ішек-жүқпалы аурулар неден пайда болады?
а) ауа аркылы;
б) жөтел аркылы;
ә) микробтар арқылы;
в) аяқ киім аркылы.
5. Интоксикшия дегеніміз не?
а) дәрілердің бір түрі;
б) химнялык препараттың бір түрі;
ә) тағамның бір түрі;
в) уланудың бір түрі.
6. Ет кұрамында қандай топ дәрумендері бар?
а) А, Д, РР, В;
б) Д, А, С, РР;
ә) В, В]2, С, А;
в) Д, С ,В12, А.
7. Балық құрамындағы ең маңызды көрсеткіші:
а) амин қышқылы;
б) майлылық;
э) дәрумен; в) микроэлементтер.
8. Төс еті кімге тартылады?
а) келінге;
б) үлкен кісіге;
э) күйеу балаға;
в) кыз балаға
9. Қабырға, кұйымшақ кімге тартылады?
а) әжеге; б) ұзатылған кызға;
ә) ақсакалға;
в) үйленген жігітке.
10. Ашытқылар - бұл не?
а) тұздык түрі;
б) микроорганизмдер;
э) кристалды ұнтақ;
в) тамақ содасы.
11. 0тта қайнап тұрған кастрюлдің қақпағын калай ашу керек?
а) өзіңе каратып ашу керек;
э) солға карай ашу керек;
б) өзіңнен кері қарай ашу керек;
в) оңға карай ашу керек.
12. Еттің кұрамында неше % су мөлшері бар?
а) 47 % - 75 % ; б) 20 % - 37;
э) 0,5%-0,15 %
в) 45%-70%.
13. Балық құрамында неше % нәруыз бар?
а) 50 % - 80 %; б) 20 % - 30 %;
ә) 15%-10%; в) 13%-23%.
14. Адамның толық тамақтануының негізгі құрам бөлігін ата:
а) екінші тағам; б) басыткылар;
ә) бірінші тағам; в) сусындар.
15. Фарш кандай еттен дайындалады?
а) мойын етінен;
б) төс етінен;
ә) сан етінен;
в) қол етінен.
Жауаптары: 1-б, 2-ә, 3- ә, 4-ә, 5-в, 6-а, 7-б, 8-ә, 9-б, 10-б, 11-б, 12-а, 13-в, 14-ә, 15-а
Сабақ № 10
Сабақтың тақырыбы: Белдік бұйымдар. Белдемше түрлері, тарихы. Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың теориялық білімдері мен практикалық іс іскерліктерін ұштастыра отырып, пішу,тігу технологиясын менгеру, өздігінен жұмыс жасауға, тігін өнеріне қызығушылығын арттыру.
Тігін технологиясы туралы білімдерін кеңейтіп , одан әрі таным деңгейін арттыру, көру және ойлау қабілетін дамыту.
оқушылардың ой-өрісін, көргендерін еске сақтап, қолдарын жаттықтырып, өмірде қолдана білуге баулу, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету
Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, ұжымдық, практикалық жұмыс Сабақтың көрнекілігі: тігін машинасы, суреттер, Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ . Үй тапсырмасын тексеру а) тігін машинасының құрылымының негізгі бөліктерін атау . ә) тігін машинасы жетектерінің түрлерін ата. б) машина жұмысын орындауға дайындық үстінгі, астынғы жіптерін сабақтау в) тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
Қорыту. Бағалау
ІІІ. Жаңа сабақ
Белдік бұйымдар. Белдемше түрлері, тарихы.
Белдемшенің шығу тарихы Белдемше- әйелдердің сәнді киімі. 19 ғасырдың аяғына дейін әйелдер оны ойын-сауық кезінде көйлек сыртынан киген. Белдемшенің алдыңғы өңірлері бір-біріне түйісіп тұрады да, белінен төмен қарай кеңи береді. Белдемше барқыттан, әр түрлі жібекматалардан тігіліп, жиегі айнала кестемен немесе құндыз терісімен көмкеріледі, түрлі әшекейлермен безендіріліп, белі қапсырмамен түймеленеді. Белдемшені көйлектің етегін түгел жаппайтындай етіп тігеді. Белдемше — үй шаруасында жүргенде алға байлап алатын алжапқышты да “белдемше” деп атайды. Оны жалаң қабат күйінде, түрлі-түсті шыттан тігіп, малсауғанда, тамақ даярлағанда тазалық үшін киеді. Стиль түрлері • Классикалық • Романтикалық • Спортық • Фольклорлық ( этникалық)
Әр
түрлі киімге жататын бұйымдарды екі
негізгі топқа бөлуге болады. Белдікті
және иықты. Белдемше, шалбар, белдемше
шорты, шалбар-белдікті топты бұйымдар,
көйлек, блуза, қамзол, халат және басқалар
- иықты топты бұйымдар. Белдікті бұйымдарда
белдемше ең көп топты құрайды. Белдемше
костюмның бөлігі, өзіндік бұйым немесе
көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Силуэт
бойынша белдемшелерді тіке, етегіне
кеңейе түскен және енсіз келген болады.
Олар пішуіне қарай үш топқа бөлінеді:
тіке, қиықты және клеш. Тіке белдемшелер
қынамалы бір, екі немесе үш тігісті,
складкамен немесе оларсыз, кең, бүрмелі
немесе резеңкеде болуы мүмкін. Тіке
белдемшелерде негізгі жіптер бұйымның
ұзындығында орналасады.
Клеш
белдемшелердің пішу негізін толық
дөңгелек немесе оның бөлігін құрайды.
Оларды кеңею сатысына қарай негізгі
жеті топқа бөледі: клеш, үлкен клеш,
кішкене, орташа, үлкен «колокол»,
«полусолнце» және «солнце». Бел, жамбас,
етек сызықтары дөңгелектің бөлігін
құрайды. Бұл белдемшелердің негізгі
және арқау жіптердің бағыты әр түрлі
бөліктерінде біркелкі емес. алдының
ортасында негізгі жіп ұзындығымен
орналасады, ал қалған бөліктерінде
басқаша. Қиық белдемшелер 4, 6, 8, 10 және
12 қиықтан тұрады, төменге қарай кеңейе
түскен. Әр қиықтың кеңеюі қиық белдемшелерге
складкалардың орналасуына өзіндік түр
береді. Негізгі жіп мұндай белдемшелерде
әр қиықтың орта сызығының ұзындығымен
жатады. Белдемшеге мата таңдағанда, оны
немен киетіндігін шешіп алу керек:
блузкамен, жемпірмен, қамзолмен. Мата
таңдауы бұйымның қолданылуына қарай
(күнделікті, үйге киюге), мезгілге (жаз,
қыс), сәнге және пішінінің ерекшелігіне
байланысты. Тіке белдемшелерге ауыр
және тығыз мата үсынылады (жүн, джинсы
матасы). Әр түсті, сызықша немесе шатраш.
Төменге қарай кеңейе түскен белдемшелерді
жеңіл маталардан тігеді: мақта, зығыр,
жүн және жібек. Клеш және қиық белдемшелерді
тігуге жақсы драпталатын маталар лайық
мақта, жібек немесе жеңіл жүн. Белдемшенің
сәні матаның еніне қарай таңдауға әсер
етеді. Тіке белдемшелерді пішуге енді
және енсіз матаны, ал етегіне қарай
кеңейе түскен немесе складкадары болса,
енді матадан тікекен ыңғайлы. Кез келген
киімнің пішімін жасаудың бірнеше түрі
бар. Олар дәстүрлі сызба, сән журналынан
сызба алу және компьютерлік бағдарлама
арқылы киім сызбасын жасау.
ІҮ. Шығармашылық жұмыс (оқушылар өздері таңдау керек, осыған байланысты жоспар өзгереді)
Сән журналынан белдемше таңдау.
Белдемшенің сызбасын жасау.
Сән таңдау (төрт стильде). Сәннің сырт көрінісін сипаттау.
