Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-9 шыгару енбек.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.39 Mб
Скачать

III. Сарамандық жұмыс (мүмкіндіктеріне қарай)

Кіріспе нұсқау

  • қауіпсіздік ережелерін, санитарлық гигиеналық талаптарды сақтау

  • түсіндіру

  • практикалық жұмысқа дайындығын тексеру

  • нұсқаулық бойынша жұмыс, топ басшының, кезекшінің мідеттерін айту.

Ағымдағы нұсқау:

  • Кіріспе нұсқауға және нұсқау карталарына сай тапсырмалардың орындалу ретіне бақылау жасау.

  • Дайындау технологиясының сақталуына, шикізат мөлшерінің дұрыс салынуына назар аудару, қажет жерінде практикалық көмек көрсету.

  • Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау.

Қорытынды нұсқау:

  • Дайын тағамдардың дәмін, сапасын тексеру

  • Әр бөлімшеге бір-бірінің дайындаған тағамдарына сараптама жасап, өз ойларын айту.Әрбір оқушының жұмыстағы жетістектері мен кемшіліктеріне талдау жасау, қажет деген кейбір жұмыс тәсілдерін көрсету.

Қорыту сұрақтар. Бағалау.

ІҮ. Э және ҚСН. Жеке кәсіпкер немен айналысу тиіс?

Жеке кәсіпкер болу үшін не істеу керек?

Егер Сіз жеке кәсіпкерлікті заңды тұлға ретінде тіркелмей немесе  заңды тұлға ретінде тіркелу арқылы бастағыңыз келсе, онда осы екі жағдайдың екеуінде де Сізге тиісті үлгіде тіркеуден өтуге тура келеді. Жеке кәсіпкерлікті іске асыру үшін тіркеуді жүзеге асыратын аймақтық салық басқармасы болып табылады.

Жеке кәсіпкерлік жеке және бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады: 1. Жеке кәсіпкерлік өзінің құқықтық иелігіне жататын мүлік базасында өз бетінше қызмет ететін бір ғана жеке тұлғадан  құрылады.  Некеде тұратын жеке тұлғаның жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы үшін  жұбайынан келісім алуының қажеті жоқ. Тек жеке кәсіпкерлікті іске асыру үшін жеке тұлға жұбайы екеуінің ортақ мүлкін пайдаланар болса ғана, екіншісінің келісімін алуы қажет болады. 2. Бірлескен кәсіпкерлік өздеріне тиесілі ортақ меншік құқығына жататын мүлік базасында жұмыс істейтін бірнеше жеке тұлғалардан (жеке кәсіпкерлер) тұрады.  Бірлескен кәсіпкерлік барысында жеке кәсіпкерлікке байланысты барлық мәмілелер жасалады, құқықтар мен міндеттер белгіленіп, ол бірлескен кәсіпорынның барлық қатысушылары арқылы іске асырылады.

Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары туралы:

  • адамның еңбекпен қамтамасыз етілу және ақша табу проблемаларын шешеді;

  • қымбат емес әрі тез арада тіркеуге болады;

  • мемлекеттік реттеуге аз ұшырайды;

  • тым көп құжаттар жүргізуді қажет етпейді.

Жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері:

  • мұраға қалмайды;

  • алғашқы капитал жинау қиындығы;

  • кәсіпкер жеке мүлкін тәуекелге тігеді:  

«Жеке кәсіпкерлер өз міндеттемелері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, өндіріп алуға жатпайтын мүліктерін қоспағанда,  өзінің бар мүлкімен  жауапкершілікте болады».

Жеке кәсіпкерлік субъектісін тіркеу жұмыстарын әділет департаменті, статистика басқармасы және аумақтық салық басқармасы жүзеге асырады.  Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өтпей, қызмет етуге рұқсат етілмейді. Одан бөлек бұл заңмен қудаланады, мұндай жолмен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жатқызылады. Заңды тұлға ретінде тіркелу үшін құрылтай құжаттарын әзірлеу: жарғы (егер тіркеу кезінде типтік үлгідегі жарғы ұсынылмаған болса) және де заңды тұлға бір тұлғадан көп адамнан құрылатын болса, құрылтай келісімшарты қажет болады. Қазақстан Республикасы заңнамаларындағы кіші кәсіпкерлік субъектілер үшін, оның ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында тіркелетін заңды тұлғалар үшін  жасалған айтарлықтай мәні бар, жақында ғана күшіне енген өзгерістердің бірі бастапқы жарғылық капиталдың айтарлықтай төмендетілуі болып табылады. Бүгінгі күні бұл 100 теңгені құрайды. Кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғалар ғана іске асыруы керек, ал ұйымдар мемлекеттік тіркеу көмегімен шаруашылық субъектісі ретінде заңдастырылады. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік тіркеуден өткізбей іске асыру құқық бұзушылық болып табылады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің    357-1-бабында: «Тиісті тіркеусіз әрекеттер (операциялар) жасау, сондай-ақ, кәсіпкерлік немесе басқа да қызметтермен айналысу жеке тұлғаларға жиырмаға дейінгі, шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға отыздан қырыққа дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге апарып соғады…» делінген. Қорыту. Үйге тапсырма беру: тестке дайындалу, қайталау, «Сенің ойын, жас кәсіпкер немен айналысу керек?» эссе жазып келу.