Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-9 шыгару енбек.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.39 Mб
Скачать

Бисквит қамыры

Бисквит қамырының негізі — жұмыртқа. Жоғары сортты ұн пайдаланылады. Бисквит қамырын картоп және бидай ұнының қоспасынан әзірлеуге болады, бірақ картоп ұны бисквитті құрғатады. Қант ұнтағын пайдаланбаған жөн, өйткені ол қамырлы сұйылтып жібереді, ұсақ құмшекер пайдаланған жақсы. Хош иісті етіп, дәмін келтіру үшін қамырға лимон шырынын және цедра қосады, шоколад тортын әзірлегенде ұнтақ какао пайдаланылады. Бисквитті даярлауға кіріспестен бұрын оны пісіретін қалып әзірлеу керек. Егер өрнеуі алынбалы арнаулы қалып болмаса, оның орнына қаңылтыр таба аласа алюминий кастрюль пайдалануға болады. Қалыпқа алдын ала таза қағаз (аздап сары май жағылған) төселеді, ол түбіне және ішкі қабырғаларына нығыз жабы сып тұруы қажет. Егер қағаз болмаса, қалыпқа май жағыл, еленген кепкен нан ұнтағын немесе ұн себуге болады. Жұмыртқаның шикі ақуызын сарыуыздан мұқият айырады.  Ақуызды тоңазытқышқа қояды (салқындатылған ақуыз тезірек көпіршиді). Кейде көпіршітер алдында ақуызға су (1 ақуызға1/ 2 ас қасық су есебімен) қосады. Бұл көпіршіген ақуыздың мөлшерін көбейтеді. Ақуызды көпіршіген күйінде қалдыруға болмайды, өйткені ол «басылып» қалады. Сарыуызды ағарғанға дейін құмшекермен үгіп езеді. Үгу процесі неғұрлым ұзақ болса, масса соғұрлым ағарып, мөлшері ұлғая түседі және бисквит те сапалы болады. Сарыуыз бен қант жақсы езілгеннен кейін алынған массаны ұнға араластырады, одан соң мұқият араластыра отырып, көпіршіген ақуыз қосады. Дайын болған массаны бірден қалыпқа құяды да, пісіру үшін сол бойда пешке қояды. Бисквитті 200ᵒС-тан аспайтын тұрақты температура жағдайында пісіру керек. Егер пештің температурасын анықтау мүмкін болмаса, онда қалыптық бетін дымқыл қағазбен ол бисквитке тимейтіндей етіп жабады да, 10 минуттай кейін піскенін тексереді. Егер бисквит ағарыңқы болса, қағазды алып тастауға болады. Бисквит салған қалыпты әбден піскенше қозғауға болмайды. Оның қалай пісіп жатқанын, оны отқа қойғаннан кейін 30 минут өткен соң, қалып тұрған торды немесе қаңылтыр табаны ептеп тартып қарап тексеруге болады. Даяр бисквитті алдымен қалыптан алмай бөлме температурасында салқындатады. Бисквиттен рулет, торт, пирожный және печенье жасайды.

Үгілген бисквит қамыры

Жұмыртқаның сарыуызын ақуыздан айырып алады да, құмшекер қосып, ағарғанша езеді. Одан соң кезектеп ұн және көпіршіген ақуыз (бір қасықтай) қосады, массаны араластыра отырып, қамырлы еппен аударады. Салмағы 1,5 кг тортқа арнай бисквит әзірлеу үшін 10 жұмыртқа, 250 г құмшекер, 250 г бидай ұлы керек. Келтірілген нан бисквитін әзірлеу үшін ұнның орнына түйіліп, еленген келтірілген нан пайдаланылады.

Үгілмелі қамыр (песочное тесто)

Үгілмелі қамырдай бәліш, печенье, пирожный жасауға болады. Үгілмелі қамырлы әзірлеудің көптеген рецептері бар. Оны әзірлеуге негізінен май, құмшекер, жұмыртқа, бидай ұны пайдаланылады, бірақ тағамдық түріне қарай олардың мөлшері өзгереді. Қамырға арналған сары майды (немесе маргарин) езу оңай болуы үшін оны жылы жерге қояды, бірақ отқа ерітуге мүлде болмайды; бәрінен жақсысы түнде бөлме температура жағдайындағы үйде қалдыру. Ұн құрғақ болуы тиіс, пайдаланар алдында оны елеу керек. Қамырлы тақтайға қатты нығыздамай илейді, сонда май біркелкі тарайды.

Қамыр тақтайға жабыспаса және тегіс болса, онда даяр болғаны. Содан кейін қамыр нығыз болуы үшін оны аз уақыт тоңазытқышқа қояды. Қамырлы жайғанда оқтаулы қатты баспау керек. Егер қамырдан рулетке арналған жайма жазылатын болса, онда әуелі қолмен ұзын ширатпа жасайды, кейін оны қажетті мөлшерге қарай жаяды. Қамыр жаймаларын қаңылтыр табаға салу үшін, алдымен оларды оқтауға орайлы, содан кейін табаға салып, еппен тарқатады. Үгілмелі қамырлың майын шылқытып та, өте құрғақ етіп те даярлауды болады. Қамырдың майы көп болса, табаға немесе қалыпқа май жақпайды, ал майы аз болса, табаға май жағыл, келтірілген нанның ұнтағын немесе ұн себеді. Үгілмелі қамырға лимон немесе апельсин цедрасынваниль, талшын қосуға болады. Оған жаңғақкакао салады. Тағамға көпіршітілген ақуыз жағады. Үгілмелі қамырға, әсіресе майлы қамыр пісіретін духовканы алдын ала жақсылап қыздырады; бірқалыпты температурада (180—200ᵒС) пісіреді. Тағамның дайын болғанын оның түрінен біледі (ол қызғылт түсті болуға тиіс). Пісіп, дайын болған тағамды табадан немесе қалыптан дереу алу керек. Оны салқындағаннан кейін ғана кескен жөн.

Қорыту сұрақтар.

ІҮ. Э және ҚСН

Жалақы — еңбектің күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйлық (табыс). Еңбекақы — қаржыландыру көзіне қарамастан , ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша төлемдер, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер. Бұлардың қатарына арнаулы заңға сәйкес қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыты (жыл сайынғы еңбек демалысы, мерекелік күндер, т.б.) үшін берілетін ақша сомасы да жатады. Е-ны нормалау негізгі екі әдіс: орталықтық және келісімшарттық реттеу арқылы жүзеге асырылады. Еңбекке ақы төлеуді орталықтан реттеу дегеніміз Е. тарифтерін, қызметкерлердің барлық категорияларына Е. төлеуге арналған бірегей тарифтік кесте қолданудың негізгі шарттарын, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі бойынша сараланған разрядаралық кесімді коэффициенттерді, т.б. мемлекеттің тағайындауын білдіреді. Яғни Е-ны орталықтан реттеу мемл. нормалау тәсілі болып саналады. Сондай-ақ, Е-ны келісімшарт арқылы нормалау әдісі де қолданылады. Нарықтық қарым-қатынастардың, еңбек нарығының қалыптасу жағдайында Е. мөлшерін ұжымдық-келісімшарттық және жекеше-келісімшарттық реттеудің (ұжымдық және жеке еңбек келісімшарттары, шарттамалар) үлес салмағы артып келеді. Ал орталық реттеу тәртібі, негізінен, мемл. бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне қатысты қолданылады. Жалақының ең аз мөлшері — Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік беретін меншік түрлеріне қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға төленетін ақшалай төлемдердің ең аз мөлшері. Жалақының ең аз мөлшерін Қазақстан Республикасының Парламенті жыл сайынғы республика бюджеті бойынша анықтайды.

Мемлекет жалақының ең аз мөлшеріне кепілдік береді. Соның өзінде бұл ереже олардың қызмет саласы мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, экономиканың мемлекеттік секторының барлық кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ жекеменшік ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін қызметкерлерге де қатысты.

Еңбекақынын ең аз мөлшері жылға тиісті бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы белгіленеді және жыл сайын қайта қаралады. Мысалы, 2005 жылы еңбекақының ең аз мөлшері жеті мың теңгені құрады.

Жалақыны нормалау мемлекет орталықтандырған және шарттық деп аталатын негізгі екі әдіс бойынша жүзеге асырылады.

Жалақыны орталықтандырылған әдіспен реттеу мемлекеттік нормалау әдісін білдіреді. Ол мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты. 

Жалақыны шарттық әдіспен реттеу ұжымдық және жеке еңбек шартының негізінде жүргізіледі.

Айлық тарифтік ставкалар мен лауазымдық ақылар еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік тарифтер болып табылады.

Қызметкерлер мынадай топтарға бөлінген:

  • құжаттар әзірлеу және толтырумен, есеп және бақылаумен айналысатын техникалық орындаушылар

  • экономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының мамандары

  • әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсететін бөлімшелердің басшылары

  • кәсіпорындардың (мекемлердің, ұйымдардың) және өзге де құрылымдық бөлімшелердің (қызметтік және желілік) басшылары.

Жалақы түсінігі. Жалақы – бұл еңбек шарты бойынша нақты еңбек функциясын атқару үшін жұмыс үшін төленетін, тараптардың келісімімен белгіленетін, алайда, заңдарда белгіленген шектен кем болмауы тиіс ай сайынғы ақы , төлем. Қазакстан Республикасының заңдарында еңбек үшін қандай да бір кемсі тусіз жәңе заңда белгіленгеннен төмен емес ақы төлеу қағидасы белгіленген. ҚР конституциясы жәңе ҚР еңбек заңдары бірдей еңбек үшін, яғни , бірдей ұзақтықтағы, күрделіліктегі еңбек үшін жыныс, нәсіл, жас, ұлт жәңе т.б. белгілері үшін кемсітусіз бірдей ақы төлеуді кепілдейді.

Ең төмен жалақы мөлшері меншік нысананы қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға ақшмлай төлемдердің Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген ең төмен мөлшері. Ең төмен жалақы мөлшері шектелмеген, тек ол салықтармен реттелуі мүмкін. Нақты қызметкердің еңбегіне ақы төлеу жұмыс берушімен арадағы өз ара келісімнің негізінде жүзеге асырылады. Әрбір қызметкердің еңбектегі табыстары оның жеке салымына және еңбегінің соңғы нәтижелеріне байланысты болады. Еңбекке ақы төлеудің нысандары, жүйелері және тарифтері ұжымдық шарттармен және келісімдермен белгіленеді.

Бұл ретте ескеретін жайт, заңда белгіленген төмен мөлшерден кем емес ай сайынғы жалақы алу құқығын айлық кезенге есептелген еңбек нормасын орындайтын қызметкерлер ғана иеленеді.

Ең төмен жалақы мөлшеріне қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сыйақылар және де көтермелеу төлемдері еңбейді. Бұл дегеніміз, қосымша ақылардың, үстеме ақылырдың, сыйақылардың және де өзге де төлемдердің барлық түрлері негізгі жалақының құрамына иенеді, ал бұл жалақының мөлшері заңда белгіленген ең төмен мөлшерден кем болмауы тиіс.

Қорыту сұрақтар.

а) Еңбек нарығы дегеніміз не? ә) Еңбек рыногында не сатып , нені сатып аламыз? б) Жалақы деген не? Жалақы түрлері?

Бағалау.

Үйге тапсырма беру: № 23 бет 72-75оқу, рецептураны жазу, сарамандық жұмысқа дайындық жүргізу, азық-түліктер, жұмыс форма, Э және ҚСН б/ша лекцияны оқу, қосымша мағлұмат табу.

Сабақ № 6

Сабақ тақырыбы: Практикалық жұмыс № 3 «Картоп салынған пирожки, самса дайындау» Жұмыссыздық.

Сабақ мақсаты:   

  • теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой - өрісін дамыту;

  • оқушыларды әсемдікке, сәндікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

  • жұмыссыздықтың артықшылығын, кемшілігін, әлеуметтік салдарын, логикалық тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: түсіндірмелі-сіретті, практикалық Сабақтық көрнекілігі: үлгілер, дайын ұннан жасалатын тағамдардың суреттері, форма, нұсқау карта, қосымша мағлұмат, ҚР- ның статистикалық мәліметтері, логикалық сұрақтар.

және ыдыстан оңай алынатын етіп илеген жөн; ол әзір болғанда көпіршік пайда болады, қамыр сықырлап, ыдысқа жабыспайды. Иленген қамырды көтерілуі үшін 2—3 сағатқа қояды. Оның әбден бабына келгенін ашытқыдағы сияқты қамырдың басылуына қарап біледі.