- •9 Класс - ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің технология пән мұғалімі
- •Аннотация
- •Сабақ 11
- •Сабақ13
- •Сабақ 14
- •Сабақ 15
- •Сабақ16
- •Сабақ 17
- •Сабақ 18
- •Матаның құрылымын салыстыру
- •Үшкіл орамал сызбасын салу
- •Алжапқыштың нұсқау картасы
- •Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 4 «Алжапқышты негізгі сызбасы бойынша модельдеу»
- •Нұсқау карта
- •Нұсқау карта Қалтаны өңдеу
- •Нұсқау карта Қалтаны алжапқыштың төменгі бөлігіне қосу
- •Алжапқыштың етек және жан тігістерін жабық қиықты тігіспен өңдеу
- •Алжапқыштың төменгі бөлігінбелбеумен қосып тігу және өңдеу.
- •Жүн және жібек матадан тігілген киімдерге күтім жасау.
- •Аяқ киімге күтім жасау
- •10. Мата қай жіп бойына қарай көбірек созылады?
- •5 Класқа арналған бақылау сұрақтары:
- •Тест сұрақтары 6-класс Мататану тарауы.
- •Бақылау жұмысы 6-класс Тамақ әзірлеу технологиясы
- •7 Класс Сабақ 1
- •Сабақ 3
- •«Жигсо» немесе «Зигзаг» әдісі
- •Сабақ 5
- •«Жигсо» немесе «Зигзаг» әдісі
- •2.Кубизм стратегиясы
- •Сабақ 7
- •2.Кубизм стратегиясы
- •Бағдарлау – мотивациялық кезең
- •2. Операциялық - орындаушылық кезең
- •3. Рефлексиялық – бағалау кезеңі
- •2. «Жуан – жіңішке сұрақтар»
- •Сабақ 10
- •1.Ұйымдастыру бөлімі:
- •«Қазақтың ұлттық киімдері»
- •Сабақ 14
- •Ұйымдастыру бөлімі
- •Мойын, жаға туралы айту
- •Қызығушылықты ояту.
- •2. Өткен сабақты қайталау:
- •3. Жаңа сабақ
- •4.Сабақты беіту
- •2. Өткен сабақты қайталау:
- •1. «Жуан – жіңішке сұрақтар»
- •Бағдарлау – мотивациялық кезең
- •2. Операциялық - орындаушылық кезең
- •3. Рефлексиялық – бағалау кезеңі
- •Қызығушылықты ояту.
- •2.Жұмысты бастамас бұрын құрал-жабдықты реттеп алу.
- •3.Жұмыс барысы. (оқушы ойы)
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •8 Класс - ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің технология пән мұғалімі
- •9 Класс - ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің технология пән мұғалімі
- •10 Класс - №24 лингвистикалық мектебінің технология пән мұғалімі
- •8 Класс
- •Ұйымдастыру кезеңі:
- •2.Тамақтанудың негізгі ережелері
- •3.Тамақтану процесінің принциптері
- •Дайындау тәсілі:
- •Дайындау тәсілі
- •Сабақ № 4
- •I. Ұйымдастыру кезені
- •II. Үй тапсырмасын тексеру.
- •III. Жаңа сабақ.
- •Бисквит қамыры
- •Үгілген бисквит қамыры
- •Үгілмелі қамыр (песочное тесто)
- •Ашытқысыз тәсіл
- •Ашыған қамырдан жасалған самса
- •Қабаттама қамыр (Слоеное тесто)
- •Әзірлеудің бірінші тәсілі
- •Әзірлеудің екінші тәсілі
- •III. Сарамандық жұмыс
- •Ыдыс және құрал-жабдық
- •Консервілерді стерилдеу
- •III. Сарамандық жұмыс (мүмкіндіктеріне қарай)
- •III. Сарамандық жұмыс (мүмкіндіктеріне қарай)
- •Сабақ № 9
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Жоспар-үлгісі
- •I .Ұйымдастыру кезеңі
- •Сабақ № 12
- •I .Ұйымдастыру кезеңі
- •Сабақ № 13
- •Сабақ № 14
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 15
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 16
- •I .Ұйымдастыру кезеңі
- •Сабақ № 17
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 19
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 20 /
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйдің интерьері. Үйді жиһаздау. Қазақ халқының киіз және тоқылған кілемдер. Жарнамалық уәде. Арзан баға.
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 24
- •Сабақ № 25 / 26
- •Сабақ № 27 / 28
- •III. Практикалық жұмыс (мүмкіндіктеріне қарай)
- •Сабақ № 29
- •Қызығушылықты ояту
- •Шығармашылық тапсырма
- •6 Қалпақтың ой-әдісі.
- •Мағынаны ашу
- •6 Қалпақтың ой-әдісі.
- •Ой толғаныс
- •І Ұйымдастыру кезеңі
- •Шалбар тігу үшін матаны пішу.
- •Шалбардың алдыңғы жартысын өңдеу
- •Шалбардың артқы жартысын өңдеу
- •Шалбарды көктеу.
- •І Ұйымдастыру кезеңі
- •Іі Ағымды нұсқау.
- •І Ұйымдастыру кезеңі
- •Сабақты бекіту:
Сабақ № 4
Сабақтың тақырыбы. Практикалық жұмыс № 2 «Еттен кеспе, сорпа дайындау» Еңбек рыногы. Мақсаты: Аспаздық жұмыстарды дұрыс орындауға ет және ет тағамдарын дұрыс өңдеуге, тұрмыста аспаздық жұмыстарды орындау кезінде еңбек қауіпсіздігін сақтауға, тазалық талаптарын орындауға және ет тағамдарын дайындау технологиясын үйренуге оқушыларды дайындау.Оқушылардың өз жұмысына деген қызығушылығын арттыру, Күнделікті алған білімдерін практикада қолдануды арттырып, қол шеберліктерін, іскерліктерін дамыту аспаздық шеберлігін дамыту. Дастархан мәзірін жасау барысында, тазалыққа, ұқыптылыққа ұйымшылдыққа, шалттыққа, өзара көмек беруге, ас дайындау өнеріне тәрбиелеу.Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, практикалық Сабақтың көрнекілігі: жұмыс форма, азық-түліктер, құрал-жабдықтар, нұсқау карта, ас үй жабдықтары, аспазшылық әдебиеттері, дәмді және денсаулыққа пайдалы тағам туралы кітап. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі 1.Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау. 2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. 3. Арнайы формасын түгелдеу. 4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 5. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгелдеу. ІІ. Жаңа сабақ Кеспелер мен сорпалар.
Дәмді сорпа дайындау
Қайнаған кезде сорпаға майсыз табада қуырылған пияз салсаңыз, сорпаңыз алтын түстес реңге ие болады.
Қайнаған сорпаға бір шөкім кепкен ірімшік (сыр) салсаңыз, дәміне дәм қосылады.
Тауық сорпасына ешқандай сөл қосуға болмайды, өйткені ол дәмін жоғалтады. Тек пияз бен сәбіз қосқан дұрыс.
Сорпаға салатын пиязды текшелеп кесу керек, сөйткенде тамақтың түрі де, дәмі де кіреді.
Сақиналап кескен пиязбен салыстырғанда текшелеп туралған пияз қуырған кезде нәзік дәмін сақтап қалады.
Петрушканы, укропты, жасыл пиязды, сарымсақты бірінші, екінші тамақтарда тек дастарқанға қояр алдында салу керек. Бұлар-ды қайнатуға болмайды – түсінен, дәмінен айрылып қалады. Астың қанды көбігі сор-паның түбіне тұнып қалса, оған бір кесе салқын су құйыңыз. Сонда көбік сорпа бетіне қалқып шығады. Қонақтарға берілетін, үй ішінің өзі ішетін сорпасында көбік болмауға тиісті.
С0000000орпаны тұщыту былай жасалады: тұзы ащы сорпаның үстіне таза шүберекке түйілген ұн немесе жуылған күріш салып, шамалы уақыт қайнатады да, шүберекті сүзіп алып тастайды. Артық тұзды ұн немесе күріш өзіне сорып алады.
ІІІ. Сарамандық жұмыс.
Кіріспе нұсқау
қауіпсіздік ережелерін, санитарлық гигиеналық талаптарды сақтау
түсіндіру
практикалық жұмысқа дайындығын тексеру
нұсқаулық бойынша жұмыс, топ басшының, кезекшінің мідеттерін айту.
Етпен кеспе дайындау.
Қажетті ыдыс-аяқтар: кастрөл ет кесетін тақтайша, асханалық пышақтар, кепсер, шұңқыр тәрелке, қасық, шөміш.
Азық түлік: сұйықтық үшін: 40 г сәбіз,40г пияз, 20г май, 950г сорпа. Кеспе үшін:75г ұн, жұмыртқа, 14г су, 2 г тұз.
Дайындау технологиясы: — қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған сәбізбен пиязды қосып 2-3мин, содан кейін кеспе салып 10-12 минут қайнатады, соңында тұз бен дәмдеуш заттарды қосамыз
Ағымдағы нұсқау:
Кіріспе нұсқауға және нұсқау карталарына сай тапсырмалардың орындалу ретіне бақылау жасау.
Дайындау технологиясының сақталуына, шикізат мөлшерінің дұрыс салынуына назар аудару, қажет жерінде практикалық көмек көрсету.
Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау.
Жұмыс барысы
1. Кеспеге арналған қамырды жұмыртқа, тұз, су қосып илейді.
2. Сәбіз бен пиязды шашақтап турап, қуырады.
3. Сорпаны отқа қояды.
4. Қамырды қалындығын 1 мм етіп жаю, жайылған қамырды шашақтап кесу.
5. Қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған көкөністерді салып, 2-3 минут қайнату, дәміне қарай тұз, дәмдеуштер қосып, кеспені салып 10-12 минут қайнату.
6. Дайын тағамды оттан алып, көжені тәрелкелерге бөліп құю, аскөк сеуіп безендіру.
7. Ұсынар алдында сорпада бөлек қайнатылған етті кеспенің үстіне салады.
Қорытынды нұсқау:
Дайын тағамдардың дәмін, сапасын тексеру. Әр бөлімшеге бір-бірінің дайындаған тағамдарына сараптама жасап, өз ойларын айту.Әрбір оқушының жұмыстағы жетістектері мен кемшіліктеріне талдау жасау, қажет деген кейбір жұмыс тәсілдерін көрсету.
ІҮ. Э және ҚСН Еңбек рыногы. Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі.
Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар түрінде сатып-сатуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификациялы еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді, осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейеді. Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде іріктеу тән. Ол жалқауларды, әлсіздерді және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалылығына, қозғалысына, ширақтығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің сатып алушылары болады. Бір сөзбен айтқанда, еңбек нарығын мойындау жұмыс күшінің әлеуметтік-экономикалық табиғатын және оның өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Қазірде біздің қоғамымызда жұмыс күшінің тауар табиғаты жөніндегі ғылыми дау негізінен аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының әрекет ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады, ол оны өндіріс құрал-жабдықтарымен қосу нарықтық тәсілмен сату, сатып алу арқылы жүзеге асады. Егер де жұмыс күші тауар болса, онда оның құны туралы сұрақ туады. Ол қалай анықталады және қазіргі оның шамасы қандай ? Жұмыс күшінің құны, оны қайта өндіруге қажетті өмір сүру құралдарының құнымен анықталады. Әзірше, дүние жүзінің көптеген елдеріне қарағанда біздің елімізде адамның еңбегі, оның жұмыс күші төмен бағаланады. Мысалы, Швейцарияда бір сағаттық еңбек – 30, Францияда – 15, Германияда- 28, Австрияда -22 доллар тұрады. Біздің есебіміз бойынша бұл көрсеткіш қазіргі таңда Қазақстанда орта шамамен 0,10 доллар (әрине бұл арада инфляцияның деңгейін ескеру қажет) құрайды. Еңбек нарығы барынша күрделі және жетілмеген нарық түрі болып табылады. Өзінің жұмыс күшін ұсынатындар әдетте олар еңбегіне деген сұранымнан хабарлар бола бермейді, олар тіпті өздерінің тұратын қала шеңберіндегі бос жұмыс орны туралы да білмейуі мүмкін. Ал басқа аймақтардағы жұмыс орны туралы одан да аз біледі. Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары (тұрғындарды жұмыспен қамту қызметі) айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уақыт өте келе және еңбек қатынастарының дамуына сәйкес, оның мақсатымен және атқаратын қызметтері өзгереді. Еңбек биржасы – бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұрақты жұмыс істейтін мекеме. Бұрынғы КСРО-да ең соңғы еңбек биржасы 1932 жылы жабылған болатын. Қазіргі нақты жағдай – еңбек нарығының барлық элементтерін қайта жаңғыртудың қажеттілігін көрсетіп отыр. 1991 жылдың 1-ші шілдесінен бастап Қазақстанда барлық жерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей бастады. Еңбек биржаларының негізгі атқаратын қызметтері мыналар: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау, жұмыссыздарды есепке алу және бос жұмыс орындарын тіркеу; жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек білдіретін адамдарға ақпарат беру; жұмыс іздеп жүрген кадрларды оқыту мен қайта дайындауға ұйымдастыру; жастар арасында кәсіптік беру жұмысын жүргізу; адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсету және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы тағайындау. Мемлекет кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы еңбек нарығына әсер етеді. Еңбек биржасы беретін жұмысқа жалдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды, ол тек қана ұсынымдылық сипатта болады, себебі олардың жұмыскерлерді еркін түрде таңдауға құқы бар және оны өздерінің кадр бөлімі арқылы жүзеге асыруға тырысады. Қазіргі еңбек биржасында, жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным туралы мағлұматтар банкісі болуы қажет. Осы бағытта АҚШ-та, мысалы, аймақты және жергілікті деңгейде жұмыс күшінің электронды банкілер құрылған. Онда жұмысқа орналасқан кезде жоғары сапалы консультациялық көмек көрсетіледі. Нәтижесінде барлық мамандық топтарындағы жұмыссыздардың 40 пайызы бір айдың ішінде жұмысқа орналасады. Сондай-ақ, жұмыссыздарды қаржыландырудың жаңа бағдарламасы енгізілген. Әсіресе, Вашингтон штатында федералдық үкімет тиісті білім, жұмыс тәжірибесі бар және өз ісінің маманы болғысы келген 400 жұмыссыз адамға белгілі бір уақытқа дейін мүмкіндік беріп, алдын ала жәрдемақы төлейді. Бұның өзі, олардың жұмыс жобасының экономикалық дәлелі бар, әдейі курстарды өткен, сондай-ақ жаңа істі консультант көмегімен бастаған жұмыссыздарға беріледі.
Қорытынды. Бағалау.
Үйге тапсырма беру: № 22 бет 67-72 оқу, Э және ҚСН б/ша терминологиясын, лекция жазу.
Сабақ № 5
Сабақ тақырыбы: Қамырдан жасалған өнімдер. Қамырдың түрлері. Жалақы жүйелері.
Сабақ мақсаты:
қамырдан жасалған өнімдері мен қамырдың түрлері туралы мағлұмат бере отырып, білім-білік дағдыларын қалыптастыру;
теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой - өрісін дамыту;
оқушыларды әсемдікке, сәндікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас Сабақ әдісі: түсіндірмелі-суретті, бекіту, топтастыру, Сабақтық көрнекілігі: үлгілер, дайын ұннан жасалатын тағамдардың суреттері, рецептурасы, форма т.б.
Сабақ барысы
