- •9 Класс - ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің технология пән мұғалімі
- •Аннотация
- •Сабақ 11
- •Сабақ13
- •Сабақ 14
- •Сабақ 15
- •Сабақ16
- •Сабақ 17
- •Сабақ 18
- •Матаның құрылымын салыстыру
- •Үшкіл орамал сызбасын салу
- •Алжапқыштың нұсқау картасы
- •Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 4 «Алжапқышты негізгі сызбасы бойынша модельдеу»
- •Нұсқау карта
- •Нұсқау карта Қалтаны өңдеу
- •Нұсқау карта Қалтаны алжапқыштың төменгі бөлігіне қосу
- •Алжапқыштың етек және жан тігістерін жабық қиықты тігіспен өңдеу
- •Алжапқыштың төменгі бөлігінбелбеумен қосып тігу және өңдеу.
- •Жүн және жібек матадан тігілген киімдерге күтім жасау.
- •Аяқ киімге күтім жасау
- •10. Мата қай жіп бойына қарай көбірек созылады?
- •5 Класқа арналған бақылау сұрақтары:
- •Тест сұрақтары 6-класс Мататану тарауы.
- •Бақылау жұмысы 6-класс Тамақ әзірлеу технологиясы
- •7 Класс Сабақ 1
- •Сабақ 3
- •«Жигсо» немесе «Зигзаг» әдісі
- •Сабақ 5
- •«Жигсо» немесе «Зигзаг» әдісі
- •2.Кубизм стратегиясы
- •Сабақ 7
- •2.Кубизм стратегиясы
- •Бағдарлау – мотивациялық кезең
- •2. Операциялық - орындаушылық кезең
- •3. Рефлексиялық – бағалау кезеңі
- •2. «Жуан – жіңішке сұрақтар»
- •Сабақ 10
- •1.Ұйымдастыру бөлімі:
- •«Қазақтың ұлттық киімдері»
- •Сабақ 14
- •Ұйымдастыру бөлімі
- •Мойын, жаға туралы айту
- •Қызығушылықты ояту.
- •2. Өткен сабақты қайталау:
- •3. Жаңа сабақ
- •4.Сабақты беіту
- •2. Өткен сабақты қайталау:
- •1. «Жуан – жіңішке сұрақтар»
- •Бағдарлау – мотивациялық кезең
- •2. Операциялық - орындаушылық кезең
- •3. Рефлексиялық – бағалау кезеңі
- •Қызығушылықты ояту.
- •2.Жұмысты бастамас бұрын құрал-жабдықты реттеп алу.
- •3.Жұмыс барысы. (оқушы ойы)
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •8 Класс - ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің технология пән мұғалімі
- •9 Класс - ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің технология пән мұғалімі
- •10 Класс - №24 лингвистикалық мектебінің технология пән мұғалімі
- •8 Класс
- •Ұйымдастыру кезеңі:
- •2.Тамақтанудың негізгі ережелері
- •3.Тамақтану процесінің принциптері
- •Дайындау тәсілі:
- •Дайындау тәсілі
- •Сабақ № 4
- •I. Ұйымдастыру кезені
- •II. Үй тапсырмасын тексеру.
- •III. Жаңа сабақ.
- •Бисквит қамыры
- •Үгілген бисквит қамыры
- •Үгілмелі қамыр (песочное тесто)
- •Ашытқысыз тәсіл
- •Ашыған қамырдан жасалған самса
- •Қабаттама қамыр (Слоеное тесто)
- •Әзірлеудің бірінші тәсілі
- •Әзірлеудің екінші тәсілі
- •III. Сарамандық жұмыс
- •Ыдыс және құрал-жабдық
- •Консервілерді стерилдеу
- •III. Сарамандық жұмыс (мүмкіндіктеріне қарай)
- •III. Сарамандық жұмыс (мүмкіндіктеріне қарай)
- •Сабақ № 9
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Жоспар-үлгісі
- •I .Ұйымдастыру кезеңі
- •Сабақ № 12
- •I .Ұйымдастыру кезеңі
- •Сабақ № 13
- •Сабақ № 14
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 15
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 16
- •I .Ұйымдастыру кезеңі
- •Сабақ № 17
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 19
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 20 /
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйдің интерьері. Үйді жиһаздау. Қазақ халқының киіз және тоқылған кілемдер. Жарнамалық уәде. Арзан баға.
- •I .Ұйымдастыру кезеңі.
- •Сабақ № 24
- •Сабақ № 25 / 26
- •Сабақ № 27 / 28
- •III. Практикалық жұмыс (мүмкіндіктеріне қарай)
- •Сабақ № 29
- •Қызығушылықты ояту
- •Шығармашылық тапсырма
- •6 Қалпақтың ой-әдісі.
- •Мағынаны ашу
- •6 Қалпақтың ой-әдісі.
- •Ой толғаныс
- •І Ұйымдастыру кезеңі
- •Шалбар тігу үшін матаны пішу.
- •Шалбардың алдыңғы жартысын өңдеу
- •Шалбардың артқы жартысын өңдеу
- •Шалбарды көктеу.
- •І Ұйымдастыру кезеңі
- •Іі Ағымды нұсқау.
- •І Ұйымдастыру кезеңі
- •Сабақты бекіту:
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Обслуживающие труд- 4 класс, Москва «Просвещение»1989
2.Трудовое обучение- 4 класс, Москва «Просвещение»1988
3.Технология -5 класс, -Алматы:Атамұра,2001ж.
4. Технология -5 класс, -Алматы:Жазушы,2011ж
5.Технология -5 класс, -Алматы: Мектеп 2010ж.
6.Технология –5 класс, Москва, Издательский центр «Вентана-Граф»2008
7.Технология- 6класс,- Алматы «Атамұра»2002ж.
8.Технология - 6класс,- Көкшетау«Келешек-2030»
9.Технология - 6класс,- әдістемелік нұсқау.
10.Трудовое обучение- 6 класс,Москва «Просвещение»1988
11.Экономикалық білім негіздері, Алматы,«Жазушы»,2000ж
12.Әлемдік экономика -7сынып, Алматы 2006
13.Бизнес-Мансап-8 сынып, Алматы 2006
14.Қолданбалы экономика, Алматы,1997
15. Мектептегі технология» журналы
16.Ғаламтор
17. «Іс тіге біл» ,Алматы «Рауан»1993
18.Вторая жизнь вещей : Книга для учащихся.М.:Просвещение,1993
19. «Сыни тұрғыда ойлау мен жазу» журналы 2005-2009 жж.
20.«Успехи и вызови сегодняшнего дня «RWWCT»под редакцей КазАЧ
21. «Дауыс және көрініс» журналдары 2004-2006ж
22.Педогогика М.Жумабаев
23. «Сыни тұрғыдан ойлау арқылы шығармашылыққа баулу» О.Ерниязова,Алматы,2000ж
Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған
Құрастырған:
8 Класс - ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің технология пән мұғалімі
Матаева Бакыт Зулхарнаевна
9 Класс - ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің технология пән мұғалімі
Сатыбалдина Задагул Тулемисовна
10 Класс - №24 лингвистикалық мектебінің технология пән мұғалімі
Базылдина Дариға Есентемировна
Пікір жазғандар: Б.К. Бухарбаев -
Жаңа технологиялар және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы
Г.Т. Ескалиева -
Ақтөбе қаласындағы қалалық білім бөлімі,
қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері
Бұл әдістемелік нұсқаулықта 8-10 кластарына арналған күнделікті жоспарлар жинақталып жүйеленген. Пән мұғалімдері өздерінің іс тәжірибелерінен өткізіп, жаңа технологияларының тиімді әдіс-тәсілдерін қолданып жазылған құрал. Оқушылардың теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін сабақтан сабаққа арттыра отырып, экономикалық білімдерін дамыта отырып, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында құрастырылған.
Әдістемелік нұсқаулықты технология пән мұғалімдері, жоғарғы оқу орындарының студенттері көмекші құрал ретінде қолдана алады.
Технология пәнінен 5 -10 кластарына арналған күнделікті жоспарлардың
әдістемелік нұсқаулығына
П І К І Р
Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы екені даусыз. Дамыған елдердегі сияқты біздің елімізде де ұрпаққа саналы білім беруде түбегейлі өзгерістер жасалуда. Ондағы мақсаты - алған білімнің негізінде өз ойын еркін бағамдай алатын, өзін дамыта білетін, қазіргі тез өзгеріп отыратын өмірде өз бетінше дұрыс шешімді қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру.
Технология – мұғалімнің оқушыларға техникалық, технологиялық білім мен білік беретін, оқу мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын, балаларды перспективалық технологиямен таныстырып, олардың перспективалық көзқарасын қалыптастыратын оқу үлгісі. Технологиялық еңбек сабақтарын жоспарлау оқу үрдісін ұйымдастырудағы нақтылықты, бағдарламада қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға, шеберханаларды ұтымды пайдалануға, сапасы жоғары өнім дайындауды қамтамасыз етеді. Оқушылар сабақта еңбекке қатысты нақты білім мен білікті игереді. Игеру ісі мұғалім тарапынан техникалық – технологиялық мағлұмат беру белгілі бір техникалық операциялардың орындалу әдістерін көрсету кезінде жүзеге асады.
Сабақ — бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Сабақтың негізгі міндеті — мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттер қалыптастыру.
Сабақ сапасын артыру – барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруі, бұған оқушыларды тарта білуі, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі - міндет. Ұтымды ұйымдастырылған жаңа әдіс-тәсілдер сабақты жандандырады, оқушылардың білімге қызығушылығын арттырады, оқу үрдісін жетілдіре түседі. Білім берудің негізгі мақсаты – білім сапасын көтеру болса, бұл ретте мақсатқа жетудің басты шарты - өзара белсенді ұйымдастырылған сабақ.
5-10 кластарына арналған күнделікті жоспарлардың әдістемелік нұсқауда сабақтың құрылымы,оқулықтан тыс материалдармен жабдықталған, жаңа ақпараттық технологияларды қолданған. Оқушылардың білімін тексеру мақсатында тест тапсырмалары,бақылау жұмыстары мен өз бетінше жұмыстары қамтылған. Жаңа білімді оқушының өз бетімен алуына бағытталған дамытушылық сипаттағы сабақ үлгілері технология пән мұғалімдері өздерінің жеке іс-тәжірибелерінен өткізілген әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Жаңа технологиялар және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы: Б.К. Бухарбаев
Технология пәнінен 5 -10 кластарына арналған күнделікті жоспарлардың
әдістемелік нұсқаулығына
П І К І Р
Технология пәнін оқытуда –еңбек етудің алғы шарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым –қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жіктейді.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі мақсатымыз –Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.
Технология сабағы – логикалық ептілік пен іскерлік дағдыны, шығармашылық шабытты қажет ететін сабақ, сондықтан мұғалім оқушылар талабының тынысын бақылап, дұрыс шешім қабылдауы, логикалық жүйеде ой - пікір түзе білуі қажет. Сонда ғана оқушылардың эстетикалық талғамы дамып, ойлау қабілеті, еңбекке деген құштарлығы арттырылады. Бүгінгі таңда пән мұғалімдері оқушыларға технология сабағын кіріктіріліп экономикалық тұрғыдан да білім беруде. Экономикалық білім берудің бастауы – үнем мен ұқыптылық. Мектеппен қоса отбасында да экономикалық білім беру баланы еңбекке саналы түрде қарауға, еңбекті тиімді түрде ұйымдастыра білуге, табыс пен пайданы анықтай алуға осы әдістемелік нұсқауда үйретеді. Оқушыларға тапқан табысты кәдеге жаратуды, қоғамдық тұтыну қорларын пайдалануды үйрету керек. Сондай –ақ оқушыларға өмір сүру үшін табыстың қайдан келетінін түсіндіру шарт.
8-10 кластыран арналған күнделікті жоспарларында тақырыптық материалдар оқулықпен шектелмей, ұстаздардың тәжірибелік ізденіс аясында, жан-жақты жасақталған. Яғни, оқушылардың теориялық білімді практикамен ұштастыруына мүмкіндік жасалып, олардың еңбекке баулуда ізденісін, шығармашылық қабілетін оятуға бағытталған.
Мазмұны мен дидактикалық мақсатына орай сабақтарды технология пән мұғалімдері оқу жылы басындағы кіріспе сабақтар, бағдарламаның күрделі тақырыптарын оқып-үйренудегі кіріспе сабақтар, аралас сабақтар, жаңа білімді меңгеру сабақтары, білімді іс жүзінде қолдану сабақтары, қайталау-қорытындылау сабақтары, есепке алу-тексеру сабақтары, оқу жылын аяқтайтын қорытынды сабақтар түрінде құрастырып, өз жеке іс-тәжірибелерінен өткізіп, жинақтап, жүйелеп әдістемелік нұсқаулық ретінде ұсынып отыр.
Ақтөбе қаласындағы қалалық білім бөлімі,
қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері: Г.Т. Ескалиева
Алғы сөз
Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы екені даусыз. Дамыған елдердегі сияқты біздің елімізде де ұрпаққа саналы білім беруде түбегейлі өзгерістер жасалуда. Ондағы мақсаты - алған білімнің негізінде өз ойын еркін бағамдай алатын, өзін дамыта білетін, қазіргі тез өзгеріп отыратын өмірде өз бетінше дұрыс шешімді қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру. Осы бағытта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан ұстазға жүктелетін міндет – ауыр» деген болатын. Технология сабағы – логикалық ептілік пен іскерлік дағдыны, шығармашылық шабытты қажет ететін сабақ, сондықтан мұғалім оқушылар талабының тынысын бақылап, дұрыс шешім қабылдауы, логикалық жүйеде ой - пікір түзе білуі қажет. Сонда ғана оқушылардың эстетикалық талғамы дамып, ойлау қабілеті, еңбекке деген құштарлығы арттырылады. Технология сабағы - тәрбие мен сүйіспеншілікті туғызатын сабақ. Халқымыз ғылым мен білімді игермесе де, өз тұрмысында сұлулық пен әсемдікті, яғни қолөнерін мұрат тұтқан халық. Қолөнер шеберлері шеберліктің сан қырлы сырларын ұқыптылықпен өрнектей білген.
Технология – мұғалімнің оқушыларға техникалық, технологиялық білім мен білік беретін, оқу мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын, балаларды перспективалық технологиямен таныстырып, олардың перспективалық көзқарасын қалыптастыратын оқу үлгісі. Технологиялық еңбек сабақтарын жоспарлау оқу үрдісін ұйымдастырудағы нақтылықты, бағдарламада қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға, шеберханаларды ұтымды пайдалануға, сапасы жоғары өнім дайындауды қамтамасыз етеді. Оқушылар сабақта еңбекке қатысты нақты білім мен білікті игереді. Игеру ісі мұғалім тарапынан техникалық – технологиялық мағлұмат беру белгілі бір техникалық операциялардың орындалу әдістерін көрсету кезінде жүзеге асады.
Сабақ — бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Сабақтың негізгі міндеті — мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттер қалыптастыру.
Мазмұны мен дидактикалық мақсатына орай сабақ мынандай түрлерге бөлінеді: оқу жылы басындағы кіріспе сабақтар; бағдарламаның күрделі тақырыптарын оқып-үйренудегі кіріспе сабақтар; аралас сабақтар; жаңа білімді меңгеру сабақтары; білімді іс жүзінде қолдану сабақтары; қайталау-қорытындылау сабақтары; есепке алу-тексеру сабақтары; оқу жылын аяқтайтын қорытынды сабақтар.
Сабаққа қойылатын негізгі талаптар:
І. Оқу материалының ғылымилығы
ІІ. Сабақ барысында берілетін мәліметтерді айырықша тексеріп барып пайдалану. Материал сенімді, дәлелді болуы керек. Негізгі айтылар ой алдын ала саралану керек.
ІІІ. Сабақтың тәрбиелік мәні төмендегі тәрбие түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін қамтиды (ақыл-ой тәрбиесі, адамгершлілік тәрбиесі, саяси-идеялық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, әсемдік тәрбиесі, дене тәрбиесі, құқық тәрбиесі, экологиялық тәрбиесі, экономикалық тәрбиесі, отбасы тәрбиесі)
ІV. Сабаққа қойылатын дидактикалық материалдар. Бұл талаптар негізгі сабақ жұмыстарында көрсетіледі. Сабақ мерзімі, тақырыбы, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсат, көрнекілік, қолданылатын әдістер жүйесі. Өткен сабақпен байланыс, проблемалық жағдайларды шешу жолдары да көрсетіледі.
V. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар. Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, дұрыс көңіл-күйі, балалармен ұстаздық этикаға сай қатынаста болуы.
VІ. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар. Бұл балалардың артық шаршамауы, сергіту сәттері, ойын элементтерін дұрыс қолдану. Класс бөлмесі, кабинеттердің, шеберханалардың талапқа сай болуы.
Дәстүрлі сабақ мына кезеңдерге бөлінеді: - ұйымдастырушылық (3-5 мин.) - сәлемдесу, орын-жайдың сабаққа әзірлігі, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, келмегендерді белгілеу, белсенді іс-әрекетке тарту; - үй тапсырмасын тексеру (5-7 мин.) - үй тапсырмаларының орындалуын сынып бойынша талқылау, күрделі тұстардың орындалмау себептерін анықтап, айқындау, қателерді түзету; - оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға даярлау (3–5 мин.) –оқушылармен бірге өтілетін жаңа материалдың мақсаты мен міндеттерін белгілеу; - жаңа материалды ұсыну немесе жаңа білімді игеру, тақырып мазмұнына әдепкі ену, оқулықпен, графикалық кестемен немесе тақырып жоспарымен жұмыс жүргізу (15-20 мин.); - жаңа білімді бекіту, шәкірттердің оқу материалын тереңдей зерделеуін ұйымдастыру (10–15 мин.).
Сабақтың құрылымы - сабақты үйлестірудің әр түрлі нұсқаларында оның негізгі сипаттамаларының сақталуы мен тұтастығын қамтитын сабақ элементтерінің жиынтығы. Бұл элементтерге мыналар жатады: сабақтың басталуын ұйымдастыру, сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою, түсіндіру, бекіту, қайталау, үйге тапсырма беру, сабақтың қорытындысын шығару. Сабақтың типі құрылымдық бөліктерінің бар болуымен және олардың дәйектілігімен белгіленеді.
Мұғалім сабаққа дайындық барысында оның мақсатын, мазмұнын, құрылымын жоспарлайды, оқытудың әдістері мен түрлерін қарастырады. Осының бәрін қамтитын сабақ жоспары мынадай элементтерден тұрады:
* Сабақтың тақырыбы (оқушыларға берілетін техникалық-технологиялық білім мен біліктіліктің көлемін қамтиды)
* Сабақтың мақсаты (білім, тәрбие мен даму аспектілерін қамтитын міндеттердің кешенімен таныстырады)
* Материалдық – техникалық базасы (жабдықтар, саймандар, материалдар, көрнекі құралдар, технологиялық карталар).
Технология сабағында оқушыларды еңбекке баулу, олардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі.Оқу материалының мазмұны қазіргі заман талабына сай ғылыми – техникалық жетістіктердің даму деңгейіне жақындатылған болуы тиіс.Оқу материалы оқушыға түсінікті болуы тиіс. Ол үшін әртүрлі әдістемелік құралдарды жиі қолдану керек.Оқушылардың жүктемесін олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып берген дұрыс әрі ол қарапайым болғаны дұрыс.
Мұғалімнің негзгі міндеттерінің бірі – оқушылардың үш тоқсан бойы алған білімдерінің және төртінші тоқсанда орындаған шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін қорыту.
Мұғалім оқушылардың бойында еңбек сүйгіштік қасиетін және еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады.
Мұғалім оқушыларды еңбектенуге, алға қойған мақсатына қол жеткізуге және өз еңбегінің нәтижелерін көре білуге үйретуі тиіс. Мұнсыз қандай еңбек болмасын өз мағынасынан айырылады.
Мұғалім оқушыларды ептілікке, аспаптармен жұмыс істей білуге, бірлесіп жасаған еңбекті бағалауға үйретеді. Жұмыс кезінде бір – біріне көмектесу керектігін түсіндіреді.
Технология сабағында оқушылардың эстетикалық талғамдарын арттыру басты орын алады. Неге десеңіз, әрбір жасалған бұйым сапасы жағымен қоса эстетикасы жағынан да тартымды болуы тиіс. Оқушылар бұйымды дайындауға үлкен құлшыныспен кірісуі тиіс.
Мұғалімнің басты міндеті – оқушыларды шығармашылық жұмысқа дайындау және оларды қызықтыру.
Оқушыларды тапсырмаларды орындауға дайындау үшін педагогикалық ұйымдастыру, техникалық-экономикалық дайындық пен психологиялық-педагогикалық талаптар сияқты шарттар орындалуы тиіс.
Ұйымдастыру кезеңінде мұғалімге қойылатын талаптар:
* еркін тақырып бойынша оқушылар таңдап алған жұмыс процесін басқару;
* жұмыстың ұжымдық, топтық және жеке түрлерін жолға қою, оқушыларды қауіпсіз еңбекпен қамтамасыз ету;
* оқушылардың ой - өрісін үнемі кеңейтіп отыру;
* жұмыс орындарында санитарлық – гигиеналық нормалар мен қауіпсіздікті сақтау.
Басты талап материалдық – техникалық базаны дайындау болып табылады:
* еңбек құралдарын, өңделетін материал мен оның технологиялық процесін оңтайлы таңдау;
* жұмыс орнын тиімді жабдықтау;
* оқушы еңбегін нормалау.
* оқушы еңбегінің мазмұны.
Мұның бәрі жобалық оқытудың шығармашылық элементтеріне жатады.
Әдістемелік талаптар:
* еңбекті ұйымдастыру формаларын таңдау;
* еңбекке үйрету әдістері мен жолдары;
* оқушылар еңбегін ұйымдастыру.
Мұғалім сарамандық жұмысты оқу әдістемелік материалдардың көмегімен өткізуі тиіс. Бұл үшін ол қосымша әдебиеттерді, бағдарламаларды пайдалануы және әр түрлі ғылыми негіздер мен еңбекке үйрету бағдарламасы арасындағы өзара байланысты есепке алу керек.
Ол үшін мыналар қажет:
* жаңа жарияланымдарды пайдалану;
* оқушыларды жас ерекшеліктері мен жалпы мектеп шеберханасының жабдықталуын есепке алу;
* жұмысты алдын ала жоспарлау ( еңбек құралдарын таңдау, жұмыс уақытының және асаптар таңдаудың нақты жоспарын жасау);
* еңбекке үйретудің басқа тәрбиелік шаралармен үйлесімділігін қамтамасыз ету.
Оқушыларды еңбекке баулудың жолы сан алуан. Соның бірі – оқушыларға технология сабағымен қатар экономикалық тұрғыдан білім беру. Экономикалық білім берудің бастауы – үнем мен ұқыптылық. Мектеппен қоса отбасында да экономикалық білім беру баланы еңбекке саналы түрде қарауға, еңбекті тиімді түрде ұйымдастыра білуге, табыс пен пайданы анықтай алуға үйретеді. Оқушыларға тапқан табысты кәдеге жаратуды, қоғамдық тұтыну қорларын пайдалануды үйрету керек. Сондай –ақ оқушыларға өмір сүру үшін табыстың қайдан келетінін түсіндіру шарт.
Сабақ сапасын артыру – барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруі, бұған оқушыларды тарта білуі, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі - міндет. Ұтымды ұйымдастырылған дәстүрлі немесе дәстүрлі емес сабақты жаңа әдіс-тәсілдер жандандырады, оқушылардың білімге қызығушылығын арттырады, оқу үрдісін жетілдіре түседі. Білім берудің негізгі мақсаты – білім сапасын көтеру болса, бұл ретте мақсатқа жетудің басты шарты - өзара белсенді ұйымдастырылған сабақ. Жаңа білімді оқушының өз бетімен алуына бағытталған дамытушылық сипаттағы сабақ үлгілері пән мұғалімдер өздерінің жеке іс-тәжірибелерінен әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылып о
Технология пәнінен 8-10 кластарына арналған күнделікті жоспарлар (нұсқаулық)
