Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-9 шыгару енбек.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.39 Mб
Скачать

2. Операциялық - орындаушылық кезең

2.1 Оқушылар мәтін бойынша өз түсініктерін баяндайды. Оқушылар өз пікірлер қосады. Мұғалім бекітеді.

    1. Практикалық сәт. Мұғалім көмегімен тігістің бірнеше түрлері технологиясын меңгереді.

    1. Жеке жұмыстар орындау мұғалім көмек беріп отырады

3. Рефлексиялық – бағалау кезеңі

    1. Тақырып бойынша білімді жинақтап қорыту негізінде оқушылар өз жұмыстарын тақтаға апарып іліп, галерия жасайды. Мұғалім көмегімен қорытындылайды.

Сабақ 9

Сабақ тақырыбы: Иық бұйымдарының түрлері. Модельдеу

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың иықты бұйымдар туралы толық мағлұмат беру арқылы эстетикалық талғамын ашу

Күтілетін нәтиже:

            1. Иық бұйымдарының қарапайым түрлерінің жасалу жолын үйрету

            2. Өз талғамын таниды

            3. Талғамдық ізденуге қалыптасады

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы стратегиялары

Оқушылар не арқылы бағаланады: Жұптық жұмыс - идеяны толықтыру немесе жинау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру,

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

              1. Қандай киім түрлерін білетіндіктерін сұрау?

              2. Киімді неге пайдаланамыз?

ІІ. Жаңа сабақ:

А) «Қызығушылықты ояту»

Тақтаға бас киім, иықтық бұйымдардың суреттері ілінеді

«Болжау кестесі»

Не болуы мүмкін?

Сіздің алғашқы аргументіңіз?

Не болды?

Оқушылар тақтада ілінген суреттер бойынша жұмыс жасайды, яғни өзара байланыстарын дәптерге түртіп алып отырады

Оқушылар өз білгендерін дұрыс пікір болсын, бұрыс пікір болсын толық жазады

Мысалы:

-Иыққа жабылатын зат

-Иыққа киілетін бұйым

-Шарф, орамал

-Бұл заттардың бір – біріне қатысы жоқ т.б.

Мұғалім көмегімен оқушылар өздерінің сабақтан ілгендерін толық жазады.

Мысалы: Иық пен бұйым бір – біріне өте байланысты екенін, киімнің 80 – 85%ы иық арқылы киілетінін біледі

Ә) «Мағынаны ашу»

1. ЖИГСО стратегиясы бойынша оқушылар 1,2-ге саналады

Қолдарына мәтін таратылады, 5 минуттан кейін 2 топтың бірлері бір жаққа, екілері бір жаққа жиналады. 5 минут өткенше бір – біріне мәтін бойынша түсінік береді. Уақыт өткеннен кейін әркім өз тобына келіп, танысып келген хабарларын ортаға салады. Әр топтан 1,2 оқушы тұрып баяндайды. Бірін – бірі толықтырады. Сұрақ – жауап алады

2. «Жуан – жіңішке сұрақтар»

Оқушылар бір – біріне сұрақтар қойып, толық жауап алғанша топтасып, жұптасып, жеке жауап береді. Бұл жерде оқушылардан толық жауап алғанша сұрақ қайталана береді.

ІІІ. Оқушылар бағалау

Жұптық жұмыс – идеяны толықтыру немесе жинақтау (оқушылар өз жұмыстарын өздері тексереді)

ІY. Сабақты аяқтау