Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-9 шыгару енбек.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.39 Mб
Скачать

Тест сұрақтары 6-класс Мататану тарауы.

1. Табиғи жүн неден алынады?

а) қой, ешкі, түйе.

ә) қой, сиыр

б) ешкі, жылқы, түйе

2. Табиғи жібек қандай болады?

А) өте жуан

Ә)орташа

Б) өте жіңішке, орташа

3. Қуыршақтағы жібек жібінің ұзындығы қандай?

А) 700-800 м

Ә)600-700 м

Б)800-900 м

4. Жібек шикізаты деп не айтады?

А)бірнеше қуыршақтың жібін біріктіру

Ә)құрт қуыршағы

5. Табиғи жібек неден алынады?

А)қой жүнінен

Ә)тұт жібек құртынан

Б)арнайы жібектен

6.Матаның сапасы неге байланысты?

А) талшықтардың құрылысына

Ә)талшықтардың құрамына

Б)талшықтың қасиетіне

7. Жүн талшығының ұзындығы қандай?

А) 10-250 мм

Ә)15-200 мм

Б) 5-200 мм

8. Физикалық-механикалық құрамына нелер жатады?

А)беріктігі, қыртыстану, төзімділігі

Ә)ауа өткізгіштігі, жылу сақтағыштығы

Б)отыруы, сетінеуі, ыдырауы

9.Гигиеналық құрамына қандай қасиеттер жатады?

А)беріктігі, қыртыстануы

Ә)ылғал,шаң өткізгіштігі, жылу сақтағыштығы

Б)отыруы, сетінеуі, жіптің ыдырауы

10. Технологиялық қасиеттеріне нелер жатады?

А)беріктігі, қыртыстану

Ә)ылғал, шаң өткізгіштігі, жылу сақтағыштығы

Б)отыруы, етінеуі, жіптің ыдырауы

Бақылау жұмысы 6-класс Тамақ әзірлеу технологиясы

1. Қауіпсіздік ережелерін еске түсір?

2. Электр плитамен жұмыс істеу?

3. Санитарлық – гигиеналық талаптар қандай?

4. Тағам даярлаудың негізгі әдістері?

5. Тағам даярлаудың қандай әдісі пайдалы деп саналады?

6. Көкөніс тағамдардың сапасына қойылатын талаптар?

7. Қыздырылып пісірілген көкөністер мен қуырылған тағамдардың айырмашылығы неде?

8. Макарон өнімдерінің пісіру уақыты қанша?

9. Сүт тағамдардың үй құрылысында қауіпсіздік ережесі?

10. Ботқаның сапасына қойылатын талаптар.

7 Класс Сабақ 1

Сабақ тақырыбы: ТҚ және этикет ережелері. Қаржы сауаттылығы мақсаты

Сабақ мақсаты: Қауіпсіздік ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар. Қазақстан халықтарының дәстүрлі тағамдары. Этикет ережелері. Балық пен теңіз өнімдерінің құндылығын, экономика негіздері және қаржы сауаттылығы пәні, мақсат, міндетін анықтай білуге үйрету.

Көрнекіліктер:мата түрлері, кеспе қағаздар, суреттер, слайдтар

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы ассоциация, түртіп алу,

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. /1-2 минут/

І. Қызығушылықты ояту.

Оқушылар қауіпсіздік ереже туралы не білетінін сұрап, этикет деген не? Қызығушылығын туғызу. Оқушылардан сұрақтар жиналады. Нені білгісі келетіні туралы себептер айтылады. Немесе белгілі бір алынып отырған тақырып, мәселе төңірегінде не білгенінде жинақтап тізім жасау. Сосын топпен ой алмасу. Оқушылардың өздері таңдап алған белгілердің түріне қарай оқушылар 4 топқа бөлініп отырады.

Оқушы

Мұғалім

Әр оқушы өз білетіндерін еркін айтады.

Өз лидерін анықтайды.

Әр оқушы жеке-жеке белгілеп, лидерге ұсынады.

Өздерін-өздері бағалайды.

Оқушылардың топқа дұрыс бөлінуін қадағалайды.

Бағалау парағын таратады.

Еске түсіру үшін оқушыларға сұрақтар береді.

Ассоциация құрастыру.

Жүзеге асыру қадамдары:

Прямая со стрелкой 39 1-қадам: шеңбер сызып, ортасына тақырыптың атын жазу, мысалы, «Этикет» немесе «Қаржы»

Овал 35 Прямая со стрелкой 40

Этикет немесе қаржы

Прямая со стрелкой 36 Прямая со стрелкой 37 Прямая со стрелкой 38

2-қадам: дәптерлеріне «Этикет» тақырыбына байланысты өздері білетін ақпараттарды жазу – жеке, нәтижесін әуелі жұпта талқылау, сосын шағын топта талқылау.

3-қадам: барлық топтардың «Қаржы» тақырыбына жазғандары бойынша класта презентация жасау.

4-қадам: жалпы класқа тақырып бойынша алынған бүкіл ақпараттың тізімін жасау.

ІІ. Мағынаны ашу. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпараттармен, пікірлермен таныса бастайды. Бұл қадамда әр топ өздеріне берілген мәтінді оқиды. Тақырыптқа байланысты деректі фильм көру, лекция тыңдау, тәжірибе немесе эксперимент жасауға болады. Оқушы өз бетімен осы тақырып бойынша жұмыс жасау керек.

Мәтінмен жұмыс. Түртіп алу немесе Инсерт.

Тақырыбы: «Қаржы сауаттылығы». Мәтіннің жоспары:

1.Қаржы деген не?

2. Қаржы қайдан алынады?

3.Еліміздің экономикасы туралы не білесіз?

4.Қауіпсіздік ережесе неге керек?

Мәтінді оқи отырып, бұрыннан білетін және жаңалықтармен таныса отырып, өзіне әлі де тереңірек білгісі келетін белгілерді қояды. Осыдан кейін әр топ өздерінің ойларын біріктіре отырып талдау жасайды. Бір-біріне сұрақтар қояды. Бұл кездегі оқушы мен мұғалімнің әрекеттері.

Оқушы

Мұғалім

Мәтінді оқиды. Топқа жеке, бәрі бірігіп шарты белгілер қойып, талдау жасайды.

Әр топтан біреуі жауап береді. Негізгі жауапты таңдауға үйренеді. Бір-бірін тыңдауға үйренеді.

Мәтінді оқуға 10 минут уақыт береді. Ойлауға, пікір айтуға уақыт береді. Әр топтың тапсырмасын мұқият орындауын қадағалайды. Жолдастарының жауаптарын тыңдауын, толықтыруын, дұрыс жауап беруін қадағалайды.

ІІІ. Ой- толғаныс. Соңғы маңызды бөлім. Алған білімдерін қорытындылайтын кезең. Бұрын не білетінін, қазір не білгенін салыстырады.Өздері қойған сұрақтарына қаншалықты жауап алғанын бағалайды. Алған білімдерінің ұнағанын ортаға салады.

Бұл кездегі оқушы мен мұғалімнің әрекеттері.

Оқушы

Мұғалім

.

Еркін сөйлейді.

3 дәлел келтіріп, сөзін дәлелдеп береді.

Уақыт береді.

Нақты жауаппен дәлелдеуін талап етеді.

Үйге тапсырма: Этикет туралы іздену

Сабақ 2

Сабақ тақырыбы: «Балықты алғашқы өңдеу. Балықты еріту мен бөлу»

Қоғамдық тауар және қызмет

Сабақ мақсаты: Балық тағамдарының дайындалу технологиясын білу. Білімділік: Оқушыларға балықтан жасалатын тамақ өнімдерін дайындау жолдарын үйрету. Сабақ түрі: Аралас сабақ. Әдіс – тәсілдері: Баяндау, сұрақ - жауап, сарамандық сабақ. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:Сәлемдесу, оқушыларды журналмен тексеру. Жаңа сабақты түсіндіру. 1 Балықтың қандай пайдасы бар? 2. Сапасыз балықты қалай анықтауға болады? Сабақты баяндау сабақты биология пәнімен байланыстырсақ :балықтар – негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар, өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Теңіз балықтары тұщы су балықтарыннан әдетте ірілеу болып келеді. Балықтар (лат. Pіsces) – хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Балықтардың 22000 - нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бір бөлігі тұщы суда өмір сүреді. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз (миксинасияқты), шеміршекті (акулалар және тұтасқанаттар) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. Балық – өте бағалы өнім. Балық етінде ақуыз, минералдық заттар, майлар мен дәрумендер бар.Майлылығына қарай балықтарды 3 топқа бөледі. - арықтауы: нәлі балық (треска) хек; - орташа майлы: теңіз алабұғасы, камбала, скумбрия; - майлысы: майшабақтар. Балықтардың минералдық құрамы әр алуан. Теңіз балықтары иодқа бай. Балық тез бұзылады, сондықтан оны тоңазытқышта ұстайды, тұздайды. Балықты қуыру 1. Балықты ұнға немесе дүкендерде сатылатын ұнға аунатылған кепкен нанға аунатады. Сарамандық жұмыс Балықты тұздау Балықты 3 операциялық карта бойынша тұздау. Өнімдер мөлшері Жас скумбрия балығы – 500 г. Жасыл көк (аскөк), сарымсақ – 2 бас, тұз – 1 ас қасық, дәмдеуіш. Сұрақтар қою 1 Балықта қандай дәрумен бар? 2. Балықты өңдеу жолын атаңыз? 3. Балық ты қалай сақтауға болады?

Қоғамдық тауар және қызмет бұл тақырыпта қоғамдық тауар кімге қызмет етеді? Тауардың қызметі неде? Қоғам, қызмет деген не? Деген сұрақтарға жауап береіледі Үйге тапсырма Балықтан котлет жасау жолын жазып әкелу