Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-9 шыгару енбек.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.39 Mб
Скачать

10. Мата қай жіп бойына қарай көбірек созылады?

а) негізгі жіп бойымен;

ә) арқау жіп бойымен;

б) екі жағынан да;

5 Класқа арналған бақылау сұрақтары:

  1. Тамақтану дегеніміз не?

  1. Көкөністі алғашқы өңдеу жолдарын ата?

  1. Мата неден тұрады?

  1. Табиғи талшықтар нешеге бөлінеді, қандай?

  1. Қандай жіптерді өру арқылы мата алынады?

  1. Матаның ұзына бойына орналасқан жіп не деп аталады?

  1. Матаға арқау жіп қалай орналасқан?

  1. Матаның тарқатылмайтын шеті-----------------деп аталады.

  1. Белгіленген сызық немесе көшірмелік инешаншымдар бойымен көлемдері бірдей бір немесе бірнеше бөлшекті уақытша қосып тігу

-------------- деп аталады.

  1. Қайталанған инешаншымдар қатары----------- деп аталады.

6- класқа арналған технология пәнінен бақылау-тест сұрақтары:

  1. Қыздырып өңдеу әдістерін ата:

а) қуыру, қайнату, термиялық;

ә) негізгі, аралас, қосымша;

б) бумен, сумен, бұқтыру.

2. Дәрумендердің мөлшеріне қарай І-орында:

а) арпа, бидай жармысы;

ә) күріш пен манка жармасы;

б) қарақұмық, тары, сұлы жармасы.

3. Вегетация дегеніміз не?

а) өсімдіктердің өсуі және дамуы.

б) өсімдіктерді тамырландыру;

в) өсімдіктерді көшіру;

4. Аурудан және зиянкестерден бау-бақшаны қорғау түрлері:

а) егістікті тыңайту жолымен;

ә) топырақты жаңарту жолымен;

б) агротехникалық, химиялық, биологиялық жолымен.

5. Жануарлардан алынатын табиғи талшықтар:

а) жүн, жібек;

ә) зығыр, мақта;

б) ацетат, вискоза.

6. Тігін машинасы түрлерінің бөлінуі:

а) тұрмыстық, өндірістік

ә) тұрмыстық, көп функционалды;

б) өндірістік, әмбебап.

7. Киімге қойылатын эстетикалық талапқа қайсысы жатады:

а) киімнің жоғары сапалылығы;

ә) химиялық тазалауға төзімділігі;

б) талғамға сай әдемі, үйлесімді болуы;

8. Қолдану мақсатына қарай киім түрлерінің бөлінуі:

а) мерекелік, сәндік;

ә) тұрмыстық, өндірістік; формалық;

б) күнделікті, арнаулы, ұлттық;

9. Алжапқыштың ұзындығы қалай өлшенеді?

а) белден төмен қарай, қажетінше;

ә) кеудеден төмен қарай қажетінше;

б) иық сызығынан төмен қарай.

10. Модельдеу дегеніміз не?

а) сызбадағы пішім бөліктерін ерекшелеу.

ә) сызбаны негізгі тұтас сызықпен сызу;

б) бұйым сызбасын үлгілеу; жаңа модель жасау;

6-сынып бойынша бақылау сабағы

І. Тамақ әзірлеу технологиясы.

1. Ас даярлайтын бөлмеде қандай тәртіпті сақтауымыз керек?

2. Салқын тағамдарға қандай тағамдар жатады.

3. Көкөністердің адам ағзасына пайдасы

4. Көкөністі алғашқы өңдеуден қалай өткіземіз?

5. Тағамды топқа бөл және мысал келтір

ІІ. Мататану тарауы бойынша.

1. Талшықтар нешеге бөлінеді?

2. Мата дегеніміз не?

3. Матаның қасиетін (қалай анықтаймыз) атаңдар

4.Матаның ені мен ұзындығын қалай анықтаймыз?

5. Мататану тарауы нені оқытады?

ІІІ. Тігін бұйымдарын конструкциялау тарауы бойынша

1. Тігін бұйымдарын дайындау процесінде қандай этаптардан өтеміз?

2. Өлшем алғанда ескерілетін жайттар

3. Ұзындықтар мен өлшемдер қалай жазылады?

4. Алжапқышқа қажетті өлшемдер

5. Матаны пішу барысында ескертілетін жайттар