Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-9 шыгару енбек.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.39 Mб
Скачать

Жүн және жібек матадан тігілген киімдерге күтім жасау.

Символ

Символдың мәні

Матаның (немесе бұйымның) түрі

40°С-тан жоғары емес t-да қысқа мерзім ішінде қолмен жуылады, бұйымды шайғаннан соң бұрамай, жеңіл сығып алу керек.

Жібек,жүн

95°С температурада жууға болады.

Жууға болмайды

Астары бар жүннен жасалған бұйым

Іліп қойып кептіру керек.

Жүн,жібек маталар

Дымқыл бұйымдар жазып кептіріледі.

Жүннен жасалған кейбір бұйымдар

200°С –ден жоғары емес t-да үтіктеледі.

Жүн маталар

150 °С-ден жоғары емес t-да үтіктеледі.

Жібек маталар

Бұйымды химиялық тазалауға болады.

Жүн маталар

Бұйымды химиялық тазалауға болмайды.40 °С –ден жоғары емес t-да қолмен жуылады.

Жібек матлар

Ағартуға болмайды.

Жібек,жүн маталарды

Аяқ киімге күтім жасау

Бір жұп аяқ киімді бір жыл немесе тіпті үш жыл да киюге болады. Мұның барлығы оғанжасалатын күтімге байланысты.

Жаңа аяқ киімді киместен бұрын оны түссіз креммен майлап және шүберекпен жылтыратып ысқылау керек. Жаңа аяқ киімдіалғаш рет жаңбырлы күні кимеу керек. Егерде ондай жағдай болатын болса,кептірер алдында аяқ киім сыртына глицерин немесе аяқ киім жылтырын,не болмаса кәдуілгі косметикалық крем жаққаннан соң,ішіне газет қағазын жұмарлап салып қою керек.

Былғары аяқ киімді түрлі майлармен(кастор,балық майы) ұдайы өңдеп тұру аяқ киімнің жақсы ажарын ұзағырақ сақтауға көмектеседі,былғарысы жұмсағырақ, созылғыш бола түседі және қызмет мерзімі ұзарады. Былғары аяқ киімді шешкеннен соң бірден тазалау керек,себебі саз бен шаң оны қатайтады және су сіңіргіш қылады.

Лакталған аяқ киімді ланолин косметикалық кремімен. Глицеринмен немесе сүтпен өңдеу керек.

Лакталған аяқ киімді күнде киюге болмайды,себебі аяқ терлейді және ісініп кетеді.Мұндай аяқ киімді бөлме температурасында сақтайды.

Резеңке аяқ киімді тек жауынды күндері ғана киеді. Егерде оны күн сайын киетін болса,аяқ терісінің демалу процесі бұзылады,аяқ ісініп кетіп ауыратын болады.

Күдері аяқ киімді мүсәтір спиртінің сулы ерітіндісіне(1:1) батырылған тампонмен сүртеді,резеңке щеткамен ,өшіргішпен немесе майды зімпара қағазбен тазартады. Егерде кұдері туфли жылтырап тұратын болса,оны сіріңке қорабының күкіртті бүйірімен ысқылайды.

Сабақтың тақырыбы: Жобаны таңдау және негіздеу.Тақырыпты таңдау.Жобаның орындалу бірізділігі. Іздену кезеңі. Нарықтағы тепе-теңдік

Сабақтың мақсаты: - Оқушыларға шығармашылық жоба туралы мағлұматтар беру арқылы, жобаны дұрыс таңдай білуге үйрету.

  • Оқушылардың теориядан алғн білімдерін практикада қолдана алуына бағыт бере отырып,дүниетанымын қалаптастыру.

  • -Оқушыларды үнемдеушілікке,шеберлікке, ептілікке, тазалыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: әңгімелесу,түсіндіру,білімдерін жинқтау.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі;

ІІ .Өткен сабақты қорытындылау.

ІІІ.Жаңа сабақты баяндау;

ІV. Практикалық жұмыс.

V.Үйге тапсырма

Шығармашылық жоба- өздеріңіздің армандаған мақсаттарыңызды іске асыруға көмектесетін жолдың бірі. Бұл сіздердің жыл бойғы алған білімдеріңіздің қорытындыс деуге де болады.Шығармашылық жобаның тақырыбын өз қалауларыңыз бойынша алуларыңызға болады.

Шығармашылық жобаны үш этапқа бөлуге болады:

І.Іздену этапы:

  • Өзектілігін анықтау.

  • Тақырыпты таңдау,бұйымды дайындау материалына мән беру.

  • Бұйымға қойылатын талаптарды анықтау.

  • Бұйымның бірнеше эскизін дайындап, біріуін таңдау.

ІІ . Технологиялық этап

  • Бұйымның дайындалу технолгиясын ойластыру.

  • Дайындалу реттілігін таңдау.

  • Керекті құрал-жабдықтарды таңдау.

  • Жұмыс орнын ұйымдастыру.

  • Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып,бұйымды жасу.

ІІІ. Аналитикалық этап

  • Бұйымды дайындап,жұмыс жасап көру.

  • Сараптама жасап көру.,дұрыс па,әлде..

  • Жобаны қорғауға дайындау.

Технологиялық этапында бұйымның конструкциясын дайындау үшін,әр түрлі кітаптар, журналдар, жоьаның пайда болу идеялары қолданылады.

Соңғы керекті нұсқаның графикалық суретін және сызбаларын,оларға керекті материалдарды есептеу керек.

Аналитикалық этапында дайын бұйымды бақылау,тексеріп көру,экономикалық шығынды есептеп көру керек.

Экономика. Сұраныс пен ұсыныс кестелерінен біріншісінен тұтынушылардың әртүрлі бағада қанша тауар сатып алатындығын,ал екіншісінен сатушылардың сатуға бағамен қанша тауар шығаратынын көрдік.Алайда ,ол екі графиктің әрқайсысынан нақты сауда қандай бағада болатын айта алмайды. Осы екі күшті біріктірсек,яғни,сұраныс пен ұсынысты бірге қарастырсақ, онда тепе-теңдік бағасын, яғни нарықтық бағаны анықтауға мүмкіндік туады..Тауар және қызмет көрсетулер толық ақшаға айырбасталатын бағаны нарықтық баға дейміз.Нарықтық немесе тепе-теңдік баға –сұраныс клемі ұсынысқа нақты тең болатын баға.

5- класқа арналған технология пәнінен тест сұрақтары:

  1. Калория дегеніміз не?

а) ағзадағы қоректік заттардың тотығуы;

ә) ағзадағы энергия қажеттілігі;

б) тамақтағы қоректік заттардың мөлшері.

2. Тамыржемістілерге жататын көкөністі тап:

а) сәбіз, шалғам;

ә) қияр, асқабақ;

б) екпе жуа, сарымсақ;

3. Матаның сапасы мен қасиеті неге байланысты?

а) жібіне;

ә) талшығына;

б) қалың, жұқалығына;

4. Декатирлеу дегеніміз не?

а) қыртыстарды тегістеу мақсатында матаға Ы.Ж.Ө;

ә) матаның тарқатылуының алдын алу;

б) матаның апшуының алдын алу;

5 Жапсырып тігу дегеніміз не?

а) әрлеу заттарын бұйымға бекіту (фурнитура)

ә) қалтаны қондыру;

б) кішкентай бөлшектерді үлкен бөлшекке қосып тігу;

6. Қайсысы уақытша тігіске жатады?

а) сырып тігу;

ә) көктеу;

б) бастыра тігу;

7. Қайсысы машина тігісіне жатпайды?

а) көшірме тігіс;

ә) ирек тігіс;

б) сырып тігу;

8. Тігін машинасының қазіргі заманғы негізін ойлап тапқан кім?

а) Леонардо да Винчи;

ә) Исаак Зингер;

б) Уолтер Хант;

9. Тігін машинасының топқа бөлінуі:

а) тұрмыстық, өндірістік;

ә) көпсалалы, әмбебап;

б) механикалық, электрлік;