Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-9 шыгару енбек.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.39 Mб
Скачать

Алжапқыштың төменгі бөлігінбелбеумен қосып тігу және өңдеу.

Жұмыстың жасалу реттілігі

Суреті

1.Алжапқыштың төменгі бөлігінің оң бетіне белбеуді қойып,белбеудің ортасына алжапқыштың жоғарғы тігісінің ортасын біріктіру. Түйреуішпен бір бетіне белбеуді біріктіру.

2. Алжапқыштың төменгі бөлігіні жағынан белбеуді қиықтан 8 мм қашықтықта тепшіп тігу. Түйреуішті алып, белгіленген сызық бойымен белбеу жағынан машина тігісімен қосып тігу. Уақытша тігістерді алып тастау.

3.Жоғарғы тігіске қосымша қалдыру және белбеуді бүктеу.Белбеуді екінші қиық бойымен теріс бетінен 8 ммбүктеужәне жөрмеу, тігісті жауып 2 мм-де қосып тігу.

4.Алжапқыштың төменгі бөлігінің оң бетінен белбеуге қосып тігу.Көктеу тігістерді алып тастаужәне үтіктеу.

5. Дайын бұйымды үтіктеу.

Жұмыс барысында нұсқаулықтарды еске түсіріп,жалғастыру.

  • Сабақты қорытындылау.

  • Қателіктермен жұмыс.

  • Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 11 «ІІ-өлшеу. Әсемдеу, әрлеу тігістері»

Сабақтың мақсаты: -Оқушыларға дайын бұйымның түрі мен пішініне,түсіне ерекше мән берілетін ескерте отырып, бұйымды эстетикалық талапқа сай әрлеу,әсемдеу туралы мағлұматтар беру.

  • Бейнелі ой-өрістерін, танымдылық белсенділіктерін дамыту.

  • Әседілікке, шеберлікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдісі:практикалық,нұсқаулық,түсіндірмелі.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі;

ІІ .Өткен сабақты қорытындылау.

ІІІ.Жаңа сабақты баяндау;

ІV. Практикалық жұмыс.

V.Үйге тапсырма

Оқушылармен амандасып, түгендеп,жұмыс құралдарын тексергеннен кейін,өткен сабақты пысықтау мақсатында оқушылардың бұйымдарын қарап,олқылықтарын тексеріп,түзету.

Дайын бұйымды әсемдеу,әрлеу үшін әр түрлі ленталар мен жапсырмалар,тесьмалармен әшекейлеуге болатын ескертіп,суреттерін,дайын коллекцияларды көрсету.

Әр түрлі тігіспен,монншақтарды да ескерту.

Әрлеу кезінде оқушыға қалай әсемдеуге,бұйымына келетіні туралы толық нұсқау беру керек.

-Сабақты қорытындылау.

-Жіберген қателіктерін еске түсіру.

- Жұмысты бастаудан қорықпауға баулу.

Бағалау.Үйге тапсырма беру.

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 12 «Орамалды өңдеу технологиясы»

Сабақтың мақсаты: -Оқушыларды орамалды өңдеу технологиясымен таныстыру.

  • Теориядан алған білімдерін практикамен ұштастыра білуіне мән беру.Икем, дағды,біліктерін қалыптастыру.

  • Шеберлікке, ептілікке. Ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі;

ІІ.Жаңа сабақты баяндау;

ІІІ.Практикалық жұмыс

ІV.Үйге тапсырма

Материалдар және құрал-жабдықтар. Үшкіл орамал пішімі, әрлеу сызбасы, жіптер, қайшы, оймақ, оқулық.

1. Үшкіл орамалды түзу қиықтың шетін ішке қайырып, бүгіп тігу тігісімен өңдеңдер.

2. Қиғаш қиықты әрлеу ызбасымен өңдеңдер.

3. Инешаншымдарды алып тастап, ылғалды жылумен өңдеу жұмысын жүргізіңдер.

4. Дайын бұйымның сапасын тексеріңдер

Оқулықтағы 12 кестені бағытқа аламыз.

Соңғы нұсқаулық .

  • Сабақты қорытындылау.

  • Қателіктермен жұмыс.

  • Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 13 «Бұйымды соңғы өңдеуден өткізу. ЫЖӨ» Қорытынды жұмыстар. Сынақ.

Сабақтың мақсаты: - Оқушыларға соңғы және ылғалды- жылулық өңдеу жолдары түсінік беру.

  • Дүниетанымын ,ойлау қабілеттерн қалыптастыру.

  • Пәнге деген қызығушулығын арттыру, бұйымды эстетикалық талғаммен дайындай білуге баулу.

Сабақтың түрі :аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру,репредуктивті.

Сабақтың барысы: :І.Ұйымдастыру бөлімі;

ІІ .Өткен сабақты қорытындылау.

ІІІ.Жаңа сабақты баяндау;

ІV. Практикалық жұмыс.

V.Үйге тапсырма

Ылғалды-жылулық өңдеу – тігін бұйымдарын дайындауда маңызды орын алады. Өңделген бұйымдардың тігістерін қайыра, жатқыза , баса үтіктеу арқылы бұйымға қажет пішін беруге болады. Қажет пішінді бекіту үшін матаны құрғағанша үтіктеу керек, әйтпесе мата бұрыңғы күйіне қайта келуі мүмкін.

Үтіктеу арқылы мата қыртысын жазады, т.б.

1.Бұйымды ылғалды-жылулық өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін оқулықта § 9-та

2.Бұйымды ылғалды-жылулық өңдеу жұмысында 7-кестедегі терминдер қолданылады.

3.Ылғалды-жылулық өңдеу жұмысына қойылатын талаптарын оқулықта § 9-та

*Дикатирлеу – тігер алдында мата отырмас үшін, яғни апшымау үшін булау, жуу.

Термин

Жұмыс мазмұны

Қолданылуы

Баса үтіктеу

Бөлшек шеттерін немесе тігісін үтіктеу.

Қалта, белбеу, бұйым шеттерін баса үтіктеу.

Жатқыза үтіктеу

Тігіс қосымшасын жатқызу және сол күйінде бекіте үтіктеу.

Өңделген қиықтағы қатпарларды, қосымшаларды жатқыза үтіктеу.

Айыра үтіктеу

Тігіс қосымшаларын екі жағына жатқызып айыра үтіктеу және сол күйінде бекіту.

Белдіктегі, желбіршектегі сырма тігісті айыра үтіктеу.

Декатирлеу*

Бұйымда отыруды, апшуды болдырмау үшін материалды ылғалды – жылулық өңдеу.

Матаны пішу алдында декатирлеу.

Әрлеп үтіктеу

Бұйымдағы қыртыстарды кетіріп, ылғалды-жылулық өңдеу.

Дайын бұйымды әрлеп үтіктеу.

Нұсқаулықтарды ескере отырып, сабақты қорытындылау.Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Интерьердегі композиция туралы түсінік. Тұрғын үй жарығы. Тұрғын үй гигиенасы. Экономикадағы тұтынушы

Сабақтың мақсаты : -Оқушыларға интерьер,композиция, тұрғын үй жарығы туралы мағлұматтар беру.

  • Дүниетанымын, білім, білік деңгейлерін,ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

  • Әсемдікке,әдемілікке, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,плакаттар.

Сабақтың барысы: І. «Қызығушылығын ояту»этапындаББҮ стратегиясын қолдану.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

-Сіздер интерьер,композиция туралы не білесіңдер?,соны 1 графаға ,ал бүгінгі сабақтан не білгілерің келеді? Оны 2 графаға жазыңыздар.Ал 3графаны бос қалдырыңыздар. Толтыруға 5минут беремін.

ІІ. Мағынаны ашу этапында ЖИГСО стратегиясы қолданылады.Класс төрт топқа бөлінеді.

І топ-Үй туралы мағлұматтар беру. Интерьер – орынжайлардың ішкі кеңістігін, әсемдік жайы мен түрлі жабдықтарды біртұтас үйлесімділікке жинақтауға мүмкіндік беретін жоспарлаудың сәтті шешімі.Оның негізгі мақсаты-орынжайлардың шағын көлемі жағдайында кең,композициясы біртұтас кеңістік әсерін жасау болып табылады.

Композиция(латынның соmpositioсөзінен)-құрастыру,жалғастыру,байланыстыру деген мағыналарды білдіреді. Тұрғын үй интерьерінің композициясы –тұрғындардың талаптарына сәйкес келетін барлық элементтердің өзара үйлесімділігі.

Пәтер белгілі бір өмірлік процестері өтетін жекелеген учаскелері функционалдық аумақдеп аталады.

Интерьерде жарықпен әсемдеу ,сәндік жабдықтар,көгалдандыру,жабдықтардың формасы,сыртқы беттерді әсемдеу, заттарды орналастыру маңызды рол атқарады.

Эстетикалық әсемдеу - заттар мен кеңістік үйлесімділігі болып табылады.

Интерьер тұрғын үйдің жасауына ұлттық нақыш беруге,жалпы ерекшеліктеріне жекеше стиль енгізуге мүмкіндік береді:

  • Тұрғын үйдің жобалануы(орынжайлардың өзара байланыуы),

  • Жиһаздардың орналастырылуы,

  • Жиһаз стилі,оны көркемдеп –әсемдеуі,

  • Тұрмыстық электр құралдары,

  • Жасанды жарық құралдары сияқты.

ІІ топ- Тұрғын үй жарығы. Бөлмеге жасанды жарық түсіру оның декорациялық сапасын жақсы айқындап көрсетеді және үй жабдықтарының қызықты қырларын көрсетуге септеседі. Шырақ таңдауға ерекше көңіл бөлінеді. Шырақтар жалпы,жергілікті,құрамдастырылған, бағыттап жарық түсіретін және декорациялық болады.

Жалпы жарық түсіру ең басты жарық беру түрі болып саналады. Қолданылатын шырақтар- плафондар мен шамдар төбе ортасында орнатылады.

Құрастырылған жарық шағын аудандар үшін ыңғайлы.(кіреберіс).

Жасырын тұрған шырақпен кешке қарай терезе шымылдығына әдемі сәуле түсіріп, жарық сәулесімен картиналарды, гүлдерді бөле көрсетіп қоюға болады. Мұндай жарық түрі экспозициялық-акценттік(бағыттаушы) деп аталады.

Декорациялық жарық жалпы эстетикалық түпкі ойға ерекше назар аудартып тұрады. Мұндай шырақтар түсті әйнек,пластмассадан,керамикадан,қызықты жарық –көлеңкелік әсерлер жасайтын түрлі сәуле шашыратқыштардан жасалынады. Оларды жалпы және жұмыс жарығы үшін қодану қалыптаспаған.

Түнгі уақытта орынжайлар ішінде бағдар алу үшін түнгі шырақтар қолданылады. Олар минималды жарық беріп қана тұрады.

Бөлме түрлері

Түсірілетін жарық түрі

Ауыз үй

Бір лампылы төбе шыраған немесе люминесценттік шырақ

Жалпы бөлме

Шамдал,бра,торшер,үстел шырақтары.

Балалар бөлмесі

Жалпы және арнайы жарық

Ұйықтайтын бөлме

Бра, торшер, түнгі шамдар.

Ас үй

Жалпы жарық,асішетін аумаққа жарық

Ванналық бөлме

Әйнекпен жабылған плафондар,бралар.

Дәретханаға

Қабырға шырағы

ІІІ топ Тұрғын үй гигиенасы. Пәтер ластанбауы үшін оны ұдайы тазалық пен тәртіпте ұстау керек. Үйді жинастыру үй ішін желдетуден басталады. Ас үй едені күн сайын дымқыл шүберекпен сүртіп алынады.

Ыдыс –аяқ ас ішіп болғаннан кейін бірден жуылады. Ас қалдықтары уақытылы шығарылып отырады.Ванна әрбір қолданғаннан кейін жуылады,ал унитаз күн сайын тазалап жуылып отырады.Ас үйдегі плита мен ыдыс жуу орны және ванна бөлмесіндегі раковина ластану дәрежесіне байланысты арнайы құралдармен жуылады.

Ылғалды жуу көптеген аурудың алдын алады. Ылғалды жуу аптасына бір рет жүргізіледі. Ал отбасында жас балалар болса –күн сайын жүргізіледі. Дымқыл шүберекпен жылу батареялары,терезе тақтайлары,сырланған жиһаздар сүртіп алынады.Есіктер мен терезелер сүртіледі. Суды жиі ауыстырып отыру керек. Сумен жууды ретсіз жүргізе беруге болмайды, себебі су қуыстарға тигенде жиһаздардың, бұйымдардың жабындыларын бұзады.

Жыл сайын төрт рет (қыс,көктем,жаз,күз) үйді мұқият жуып –тазалау ұсынылады: есік-терезелерді,шамдалдарды жуу,матрацтарды.көрпе-жастықтарды,кілемдерді қағып алу жұмыстарын атқару керек.

Жыл сайын екі рет күрделі жуып-жинау жұмысы жүргізіледі.

ІV топ –Экономикадағы тұтынушы.

Тұтыну –қажеттілікті қанағаттандыру процесінде тауарлар мен қызмет көрсетуларді пайдалану.

Жарнама тұтынушыға арналған және тұтынушылар нарығында тәртібі туралы шешім қабылдауына әсерін тигізуге бағытталған,ол ұсынатын қызмет көрсетулер мен оны ұйымдастыру мәселерімен кеңірек танысу пайдалы болады.

Жарнаманың құндылықтары негізінен тұтынушы мен экономиканың мүддесіне қызмет етеді.Себептері:

  • Тұтынушыларға баға, нарықтағы соңғы жетілдірілген және жаңа тауарлармен қызмет көрсетулер туралы мәлімет береді.

  • Жарнама жиі бағаның төмендеуіне әкеледі.

  • Бәсеклестікті дамытады,бұдан тұтынушылар ұтады.Бір фирманың жарнамасы осы саладағы басқа қалған кәсіпорындарды кем дегенде сондай сапа деңгейіне жетуге ұмтылады.

Жарнаманың кемшіліктері :жарнама қоғамға тек қана пайда келтіреді дегенге әркім сене бермейді.

  • Жарнамалар мазмұны жиі таяз болып,тұтынушыларды жаңылдыруы мүмкін.

  • Жарнама көп қаржы шығынын талап етіп,тауардың бағасын көтереді.

  • Тұтынушыларды қызықтырып,олардың керек емес тауарлар сатып алып,артық ақша жұмсауына себеп болады.

  • Көпшілік ақпарпат құралдары жарнама беретіндерге тәуелді болып, ол олардың еркіндігін шектейді.

Жарнама стратегиясы.Жарнамада қолданылатын стратегиялардың ең әйгілі түрлері: ұрандар,ақыл-парасатқа шақыру,сезімге шақыру .

- М.Мәтінді оқу үшін 7минут берілді. Осы уақытта алдарыңыздағы мәтінді жақсылап оқып,қазір жанұяларыңызға барғанда осы ақпаратты жақсылап жеткізе алуларыңыз керек.

Негізгі түсінік

Қосымша түсінік

Негізгі түсінікке өздеріңнің алған мәліметтерің, ал қосымша түсінікке алған мәліметтерің жазылады.Оқушыларды өз жанұяларына қайтарып,алған мәліметерін,жұппен, топпен бөлісуі керек. Орталарынан 1 оқушы сабақ айтады.Әр топ бір-біріне жіңішке және жуан сұрақтар қоюға дайындалуы керек.

ІІІ. Ой толғаныс этапындаББҮ стратегиясындағы 3 графаны толтырамыз.

Үйге : «Өздеріңнің сүйікті бөлмелерің» туралы сурет салу немесе эссе жазу.

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 1 «Киіз үй. Тұрғын үйдің дизайны» Нарықтағы тауар мен қызмет көрсетудегі сұраныс пен ұсыныс заңы.

Сабақтың мақсаты:-Оқушыларға қазақ халқының үйлері,нарықтағы тауар мен қызмет көрсетудегі ұсыныс пен сұраныс туралы түсінік беру.

- Оқушылардың ойлау қабілеттерін.ой-өрістерін дамыту.

- Пәнге қызығушылығын ояту,эстетикалық талғаммен жасалуына мән беру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: үйлердің макеттері,суреттері,плакаттар.

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылығын ояту этапында ВЕНН диаграммасы стратегиясын қолдану.

Киіз үй Тұрғын үй

Айырмашылықтары Ұқсастықтары

Айырмашылықтары

Ұқсастықтары

Киіз үй

Тұрғын үй

Киіз үй

Тұрғын үй

1.Дөңгелек;

2.Жинамалы;

3.Бір бөлмелі....

1 Төртбұрышты;

2.Жиналмайды,салынады;

3. Бөлмелері көп....

1.Тұруға болады.

2.Жылы;

1.Тұруға болады.

2.Жылы;

ІІ. Мағынаны тану этапында ІІІ топқа бөліп, үш мәтін беремін.

І топқа- Киіз үй дизайны;

ІІ топқа –Тұрғын үй дизайны;

ІІІ топқа –Нарықтағы тауар мен қызмет көрсетудегі сұраныс пен ұсыныс заңы .

Мәтінді оқуға 10 минут беріледі. Осы уақытта алдарыңыздағы ақпаратты қазір өз жанұяларыңа барғанда жеткізе алатын болыңыздар.

Әр топ орталарынан бір оқушы шығарып,түсініктерін айтады. Келесі оқушы толықтыруға болады.

Бір-біріне жіңішке және жуан сұрақтар қойып,сабақты бекіту.

ІІІ. Ой толғаныс этапында «Қабырға газеті» стратегиясын қолдану.

Экономика.Сұраныс заңы-ол,тұтынушының белгілі бір жерде және белглі уақытта өнім,әлде қызмет көрсетудегі сатып алуға тілегі және мүмкіндігі. Егер сіздің модельді аяқ киім сатып алу ойыңызда болып,бірақ оны сатып алуға қаражатыңыз болмаса,онда экономистер мұны сұраныс демейді,оны тілек деп атайды.Ал сіздің дәл осы мақсатта жұмсай алатын ақшаңыз болса,онда тілек сұранысқа айналады. Сұраныс заңы әрбір қойылған бағада сатылып алынған тауарлар мен қызмет көрсетулердің санымен бағасының арасындағы байланысты баяндайды.Яғни,ол барлығы бірдей жағдайда төмен бағалы тауарларды көбірек сатуға болатындығын айтады.

Ұсыныс заңы. Экономистер сатушының белгілі бір жерде, белгілі уақытта тұтынушыға сата алатын заттарының санын ұсыныс деп атайды.Осындай мәліметтерді жинақтап көрсететін таблица –ұсыныс кестесі деп аталады.Ұсыныс заңы бойынша сатушылар жоғары бағамен көп тауар және төмен бағамен аз тауар сатуға ұсынады.

Сабақты оқушылардың суреттері арқылы бекіту,бағалау.

Үйге: «Киіз және тұрғын үйдің дизайны» туралы эссе жазу.

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 2 «Киім мен аяқкиімге күтім жасау» Сұраныс пен ұсыныс шамасы

Сабақтың мақсаты: - Оқушыларға киім және аяқ киім туралы мағлұматтар беру.

  • Оқушыларды киген киімдеріне талдау жасай және таза кию жолдарына мән бере білуге,оларға талдау жасай білуге,икем,дағдыларын қалыптастыру.

  • Тазалыққа, әдемілікке,әсемдікке баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы

Сабақтың барысы: І.Қызығушылығын ояту этапында«Ассоцация» стратегиясын қолдану.

Аяқ

Бас Сырт

Тұрмыстық

Кешкі

Өндірістік

Арнаулы

ІІ .Мағынаны тану этапында «ЖиГСо» стратегиясы қолданылады.

Класс ІІІ топқа бөлінеді.

І топ-Киімге қойылатын талаптар.оқулықта,187 бетте.

ІІ топ- Киімге пайдаланылатын пайдалы кеңестер ,оқулықта 191 бетте 27 кесте

ІІІ топ- Сұраныс пен ұсыныс шамасы.

Мәтінді оқу үшін 7минут берілді. Осы уақытта алдарыңыздағы мәтінді жақсылап оқып,қазір жанұяларыңызға барғанда осы ақпаратты жақсылап жеткізе алуларыңыз керек.

Негізгі түсінік

Қосымша түсінік

Негізгі түсінікке өздеріңнің алған мәліметтерің, ал қосымша түсінікке алған мәліметтерің жазылады.Оқушыларды өз жанұяларына қайтарып,алған мәліметерін,жұппен, топпен бөлісуі керек. Орталарынан 1 оқушы сабақ айтады.Әр топ бір-біріне жіңішке және жуан сұрақтар қоюға дайындалуы керек.

ІІІ. Ой толғаныс этапында «Кластер» стратегиясын қолдану.

Талаптар Пайдалы кеңестер

Сұраныстар Ұсыныстар

Экономика,

Сабақты бекіту.бағалау.

Қосымша материалдар