Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-9 шыгару енбек.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.39 Mб
Скачать

Технология пәнінен 5-10 кластарға арналған әдістемелік нұсқау.

(күнделікті жоспарлар)

Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ғылыми-әдістемелік кеңесінде баспаға ұсынылған

Жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндері оқыту әдістемесі кафедрасы

Пікір жазғандар:

Ескалиева Г.Т. – Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері

Бұхарбаев Б.К. – жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндері оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы

Құрастырушылар:

Салекина Рауза Мукановна - Ақтөбе қаласы №36 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі

Туралина Таланды – Ақтөбе қаласы №36 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі

Смагулова Майра Б - Ақтөбе қаласы №36 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі

Технология пәнінен 5, 6, 7 кластарға арналған әдістемелік нұсқау – Ақтөбе:

ред-баспа бөлімі «Өрлеу» БАҰО филиалы – 2014. – 86 б.

Әдістемелік нұсқау 5-6-7 кластарға араналған. Бағдарлама бойынша теориялық, практикалық және тест сұрақтары қамтылағн. Бұл көмекші құрал жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен жас мамандарына, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттеріне арналған.

Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған

Құрастырған:

8 класс - Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің технология пән мұғалімі

Матаева Бакыт Зулхарнаевна

9 Класс - ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің технология пән мұғалімі

Сатыбалдина Задагул Тулемисовна

10 класс - №24 лингвистикалық мектебінің технология пән мұғалімі

Базылдина Дариға Есентемировна

Пікір жазғандар: Б.К. Бухарбаев -

Жаңа технологиялар және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы

Г.Т. Ескалиева -

Ақтөбе қаласындағы қалалық білім бөлімі,

қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері

Технология пәнінен 5, 6, 7 кластарға арналған әдістемелік нұсқау

Ақтөбе: ред-баспа бөлімі «Өрлеу» БАҰО филиалы – 2014. – 106 б.

Бұл әдістемелік нұсқаулықта 8-10 кластарына арналған күнделікті жоспарлар жинақталып жүйеленген. Пән мұғалімдері өздерінің іс тәжірибелерінен өткізіп, жаңа технологияларының тиімді әдіс-тәсілдерін қолданып жазылған құрал. Оқушылардың теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін сабақтан сабаққа арттыра отырып, экономикалық білімдерін дамыта отырып, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында құрастырылған.

Әдістемелік нұсқаулықты технология пән мұғалімдері, жоғарғы оқу орындарының студенттері көмекші құрал ретінде қолдана алады.

© АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Құрастырушылар :

5- класс – Ақтөбе қаласы №36 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі –Туралина Таланды,

6-класс- Ақтөбе қаласы №36 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі-Салекина Рауза Мукановна

7-класс- Ақтөбе қаласы №31 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі-Смагулова Майра Бекмурзаевна

Пікір берушілер: 1.Ақтөбе қалалық ғылыми –әдістемелік орталығының әдіскері Г.Т.Ескалиева.

2. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының әдіскері,жаңа технологиялар және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы: Бұхарбаев Б.К.

Аннотация

Әдістемелік нұсқау 5-6-7 кластарға арналған.Бағдарлама бойынша теориялық,практикалық және тест сұрақтары қамтылған.Бұл көмекші құрал жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен жас мамандарына , жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студентеріне арналған.

Алғы сөз

Еліміздің қазіргі білім жүйесіндегі қазақ тілінде оқытатын мектептің алатын орны,ауылдағы қазақ мектептерінің мәселелері—біртұтас қазақ елінің ХХІ ғасырдағы мемлекеттік деңгейдегі басты мәселесі.

Бүгінгі қазақ мектебінде республика атымен аталатын халықтың келешегін,арманын, ар-ұжданын сеніп тапсырған ұрпағы білім алып, тәрбиеленіп отыр.Қазіргі білім беру жүйесінде жаңалық басым. Білім беру құрылымының мазмұны мен қалыптасуы жаңа қағидаларға бейім болуы шарт. Сондықтан да білім мазмұны жаңарту мен меңгеру ұстаздар алдындағы өзекті мәселе болып отыр.

Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өріс жаңашыл, шығармашылыққа деңгейде қызмет ете алатын, дүниетанымы жоғары, білімдік бәсекеге қабілетті жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Ал, біздің ұстаздардың міндеті - осы реформадағы оң өзгерістерді шығармашылықпен іске асыру.

Жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, олардың өзіне деген сенімін нығайту, бір сөзбен айтқанда, өмірде өз жолын өзі таңдауына түрткі болу – ұстаздар қауымының бүгінгі таңдаған абыройлы борышы. Олай болса, ауыл мектептеріндегі сапалы білім негізін қалыптастыруға көптеген проблемалардың жиынтығы кері әсерін тигізіп жатыр деуге болады.

Осы замаңғы мектептің қай мәселесін алсақ та, оларды шешу, ең алдымен, мұғалімге, оның идеялық танымына, мамандық білгірлігіне, ой-өрісінің молдығына, педагогикалық шеберлігіне байланысты. Ал, оқушыға берілетін білімнің мазмұны мен сапасы, оны меңгертудегі көрсеткіш мұғалімнің іскерлік қабілетінің басты бейнесі табылады.

Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді.

Жеке тұлғаға бағытталған сабақ – оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілеттері қалыптасуы тиіс.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беру стандартты, жалпы орта білім беретін мектептің технология пәнінен бағдарламасын басшылыққа ала отырып, экономика және қаржылық сауаттылық пәнінкіріктіру арқылы тақырыптық жүйедегі 6-класқажасалды.

Әдістемелік нұсқау бағдарламаға сәйкес 5-6-7 кластарға, аптасына 1 сағат, оқу жылына 34 сағат, оның ішінде теориялық – 8,практикалық жұмыс– 26 сағатқа жасалған.Жобаның 5 сағатына бір бағыт берілді.Экономика және қаржылық сауаттылық пәнінің 17 сағаты кіріктіріліп жасалды.

Міндеттері:

  • Қыз балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, технология пәнінің тиімді жолдарын сараптап, анықтау;

  • Жаңа технологияларды тиімді пайдалана отырып, оқушылардың интелектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Пән бойынша базалық білімді меңгеру;

  • Алған білімді жүйелеу;

  • Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру;

  • Оқу процесін ұйымдастыруда қауіпсіздік ережелерін, жеке гигиеналық және санитарлық, өрттен сақтану қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету;

  • Технология-шеберлік, іскерлік және білгірлік мектебі дей отырып, тамақ әзірлеу технологиясын меңгеруге, үй шаруашылығын жүргізуге, отбасылық бюджетті ұйымдастыруға үйрету;

  • Сән журналдарынан модель таңдай отырып, эстетикалық талғамын, қабілетін, ұлттық нақыштарын, салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу;

  • Шығармашылық жоба арқылы оқушылардың өз ойын ортаға салып, талқылауға, дәлелдеуге, жүйелі түрде айтып жеткізе алуды үйрете отырып, алған білімдерін, іскерліктерін мен дағдыларын қолдануды меңгерту;

  • Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

  • Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру т.б.

Күтілетін нәтиже:

  • Экономика және қаржылық сауатталық пәнін кіріктіре оқыту арқылы мұғалімдердің уақыты үнемделеді;

  • Білім мазмұны жүйеленіп беріледі;

  • Технология сабағынан алған білім, білік, дағды, іскерлік қыз баланың болашағында өз үлесін тигізеді;

  • Өз кәсіби өмір жолын, мамандығын таңдауға көмектеседі;

  • Жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін сабақ өткен сайын дамытады;

  • Этикалық, эстетикалық тәрбие бере отырып, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелейді т.б.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері:

  • еңбекті ұйымдастырудың ұжымдық формалары;

  • оқушылардың жас ерекшелігіне қарай жеке тапсырмалары;

  • өзін-өзі басқаруы, топтық жұмыстар;

  • шығармашылық жұмыстар;

  • сызбалар, технологиялық тапсырмалар;

  • тест тапсырмалары;

  • өзіндік жұмыстар, практикалық жұмыстар;

  • эссе, мәнжазбалар, пікір-талас, дебат;

  • жаңа технологиялардың тиімді әдіс-тәсілдері т.б.

Сабақ - 1

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Еңбектің қауіпсіздік ережесі.

Санитарлық-гигиеналық талаптар. Экономика және қаржы сауаттылық негіздері.

Сабақтың мақсаты: ♦ Оқушыларға еңбектің қауіпсіздік ережесі мен

санитарлық-гигиеналық талаптар туралы түсінік беру;

♦ Оқушылардың дүние танымын көзқарасын қалыптастыру.

♦ Еңбекті сүюге, өз еңбегін бағалауға,ұқыптылыққа, қауіпсіз

еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың жабдықталуы: суреттер, плакаттар.

Сабақтың құрылысы: І. Ұйымдастыру бөлімі;

ІІ. Жаңа сабақты хабарлау;

ІІІ. жаңа сабақты түсіндіру;

ІV. жазба жұмысы;

V. асханаға экскурсия;

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу,жоқ оқушыларды түгелдеу.

Оқушыларға оқу пәні және тараулар туралы қысқаша мәлімет беру. Оқушылармен танысу.

2. Жаңа сабақты хабарлау:тақырыпты тақтаға жазу.

3. Жаңа сабақты түсіндіру:

-Еңбектің қауіпсіздік ережесі мен санитарлық-гигиеналық талаптар- бұл біздің өмір

қауіпсіздігіміз болып табылады. Қай жерде жүрсекте, біз осы көптеген ережелерді сақтауымыз керек.

Санитарлық - гигиеналық талаптар:

1. Асханаға ас әзірлеуге келгенде міндетті түрде 2 - ші аяқ киім, алжапқыш,орамал болу керек.

2. Шашымыз көзімізге,жасап жатқан тағамымызға түспес үшін басымызға ормал таңуымыз керек.

3. Ас әзірлемес бұрын қолымызды және пайдаланатын көкөніс т.б тағам түрлерін ыдыс аяқтарды мұқият жуып алуымыз керек.

4. Тырнақты өсіруге болмайды.

5. Тағам қалдықтарын шелекке салып, уақытында сыртқа шығарып төгу керек.

6. Газдың үстіне төгілген тағам немесе басқадай нәрселерді сабақ соңында жинап жуып алу керек.

7. Кезекшілер сабақ соңында кабинетті мұқият жинап кету керек.

Еңбектің қауіпсіздік ережесі:

1. Кабинеттегі электр плитасымен жұмыс істегенде өте мұқият болу керек.

2. Мұғалімнің көмегінсіз токқа қосуға болмайды.

3. Шнурды токқа қосарда оның жарамды-жарамсыздығын тексеріп алу керек.

4. Шнурды ылғал қолмен ұстауға болмайды.

5. Шнурды ток көзінен ажыратарда бір қолмен корпустан ұстап, екінші қолмен суыру

керек.

6. Ток көзінен от жарқылы пайда болса,онда дереу мұғалімді шақыру керек. Отты су

шашып сөндіруге болмайды.

7. Электр плитасының үстіне тағам төгілмеуіне мұқият болу керек.

8. Ыдысқа суды қайнатқанда өте толтырмау керек. Ыстық ыдысты тек қана

тұтқышпен ұстау керек.

Пышақпен жұмыс:

1. Пышақпен жұмыс істегенде де қауіпсіздікпен қатар тәртіпті де, сақтау керек.

Пышақтар қалай болса, солай жатпау керек.

2. Пышақты және өткір ұшты бұйымды ұсынғанда сабымен беру керек.

3. Пышақты лақтырып жіберуге болмайды.

4. Пышақты жуғанда абайлап шүберекпен жуу керек.

Ережелер мен талаптарды балалар жаттау үшін дәптерлеріне жаздыру. Кабинеттегі ас жабдығымен оқушыларды таныстыру.

Оқушыларды топқа бөлу, міндеттерін белгілеу.

Қорытынды бөлім: Оқушыларға жалпы бөлім туралы айта кетіп,олардың ой-пікірлерін бөлісу, тапсырма беру.

Экономика бөлімі:

Экономика- деген сөз гректің "эйкос"- үй, шаруашылық, "номос"-заң деген құралған, "экономика" ертедегі грекше "үй шаруашылығын жүргізу" дегенді білдіреді.

Алғашқы мәнін сақтай отырып, экономика термині қазіргі кезде кең қолданылады. Қазір экономика деп үй шаруашылығын ғана емес, кәсіпорын шаруашылығын, мемлекет шаруашылығын және барлық әлемдік,шаруашылықты да атайды. Дәл осы мағынада фирма экономикасы, ел экономикасы, әлемдік экономика, түсініктері қолданылады. Экономика-адамның өзгертумен, өндірумен және еңбек өнімдерін айырбастаумен байланысты саналы іс-әрекеттерінің бірі. Сонымен бірге, экономика деп адамдар арасындағы игіліктерді өндіруде, айырбастау мен тұтынуда қалыптасатын қарым-қатынаста ұғынылады.

Ал шаруашылық пен шаруашылық іс-эрекетті және бұл әс-әрекет барысында адамдардың арасында қалыптасатын қарым-қатынасты зерттейтін ғылымды да экономика

дейді.

Қаржы- экономикалық қызмет үшін қажет ақша қаражаты.

Бағалау: Сабаққа белсене араласқан оқушыларды атап, бағалау

Үйге тапсырма: Оқып келу

Сабақ -2

Сабақтың тақыры: Тамақтану физиологиясы. Тамақтанудағы

көкөністердің рөлі. Қазақстанның ресурстары.

Сабақтың мақсаты: ♦ Оқушыларға тамақтану физиологиясы, мәдениеті және көкөністердің тағамдар туралы мағлұмат беру.

♦ Оқушылардың жалпы дүниетанымын, ойлау әрекетін қалыптастыру.

♦ Еңбексүйгіштікке, талғампаздыққа, ұқыпты лыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелеу, көрнекілік

Сабақтың жабдықталуы: суретті плакаттар, альбом жинағы, буклеттер

Пән аралық байланыс: биология, әдебиет, экономика.

Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру бөлімі;

Өткен сабаққа шолу;

Жаңа сабақты хабарлау;

Жаңа сабақты меңгеру;

Қорытындылау.

1.Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын, құрал-жабдығын тексеру.

2. Өткен сабаққа шолу; Санитарлық-гигиеналық талаптар мен еңбектің қауіпсіздік ережесі туралы сұрау.

3.Жаңа сабақты хабарлап мақсат-міндетін қою.

4. Сабақ барысы: Оқушылардың назарына көрнекіліктер ұсыну. Тақырыпқа байланысты сұрақтар қою:

- Тамақтану және тамақтану мәдениетін қалай түсінесің?

- Көкөністердің адам ағзасына қандай пайдасы бар?

Жаңа сабақты меңгерту;

-Тамақтану дегеніміз- организмнің тіршілігін, денсаулығын және еңбекке қабілеттілігін сақтау үшін қажетті қоректік заттарды сіңіру процесі.

Адам ағзасы тамақпен бірге тіршілік әрекетіне қажет нәруыздар, майлар, көмірсуларды, сондай-ақ, биологиялық белсенді заттар-дәрумендер мен минералды тұздарды алады.

Адам өмірінде дұрыс және тиімді тамақтану маңызды рөл атқарады. Тамақ алуан түрлі болуы керек: еттен және балықтан, жасалған тағамдар, сүт тағамдары, көкөністер мен жеміс-жидектер, өсімдіктекті және жануартекті майлар.

Тамақтану мәдениеті дегеніміз - бір қалыпты тамақтану, тағамдардың әр түрлі болуы, мөлшермен тамақтану. Көкөністердің қазіргі кезде адам ағзасы үшін зор пайдасы бар екеніне ешкім күманданбайды. Біздің елімізде көкөністің көптеген түрлері өсіріледі.

Көкөніс азықтарында бәрінен де углеводтар көп болады, аздаған мөлшерде белок пен май бар.

Көкөніс дәрумендердің қайнар көзі, әсіресе аскорбин қышқылына бай.

Сонымен қоса, оның құрамында минералдық заттар бар. Көкөністер өздігінше тағам ретінде, сонымен қатар, майлы етке, балыққа гарнир түрінде

ұсынылады. Көкөністер мен олардан жасалған салат, тағамының тез қорытылуын қамтамасыз етеді. Оқушылар дәптерлеріне қажетті мағлұматтарды жазып алады.

Материалды бекіту;

Пысықтауға арналған сұрақтар:

- Күнделікті адам тағамында қандай азықтар болу керек?

- Мөлшерден тыс тамақтану неге әкеп соғады?

- Көкөністерден қандай тағам түрлерін дайындауға болады?

Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма: Көкөністердің адам ағзасына пайдасы. (мәнжазба) «Сенің сүйікті асың» (көкөніс қосылған тағам түрі)

Экономика бөлімі: Қазақстанның экономикалық әлеуеті өте жоғары. Бұл қажетті ресурстардың барлық түрлерінің болуына, экономикалық жетістіктердің даму болашағына, еліміздің бәсекелестікке қабілетінің негізін нығайтуға, өндіріс пен тұтынуды қамтамасыз етуге дәлелді міндеттер қоюға мүмкіндік береді.

Кез-келген елдің, оның ішінде Қазақстанның да табиғи ортасы табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарынан тұрады.

Табиғат жағдайы дегеніміз- табиғат күштері мен нысандары, оның сапасы. Табиғат жағдайына белгілі бір жердің шаруашылыққа әсер ету тұрғысынан алып жатқан аумағы, материктегі орны және көлемі, климаты мен су режімі, топырақ жамылғысы жатады.

Табиғат ресурстары− бұл шаруашылықтың дамуына қажетті табиғи қор. Табиғат ресурстары шаруашылықты дамытуда тікелей қолданылады. Пайдалы қазбалар, жер, су ауа, жел, топырақ, өсімдіктер әлемі және жануарлар дүнисі табиғат ресурстарын құрайды.

Табиғат ресурстары қоғамдық өндірістің энергетикалық және шикізат базасы болып табылады.

Табиғат ресурстарының сарқылатын және сарқылмайтын түрлері болады.

Сарқылатын : қалпына келетін, қалпына келмейтін минералды ресурстар болып бөлінеді.

Қалпына келетін ресурстарға: су ресурстары, жер және биологиялық ресурстар жатады.

Қалпына келмейтін ресурстарға: энергетикалық (көмір, мұнай, газ, жанғыш тақтатас), металдық (темір, марганец, түсті метелдар), химиялық (фосфор, калий тұзы).

Сарқылмайтын: күн энергиясы, климаттық қор, жел, теңіздің толысу және қайту, су ағыны энергиясы.

Өндірістік факторлар- тауар мен қызмет көрсету өндірісі үшін қажетті ресурстар. Олар дәстүрлі түрде мынадай бөліктерге бөлінеді:

  • Еңбек ресурстары немесе еңбек;

  • Инвестициялық ресурстар немесе капитал;

  • Жер ресурстары немесе жер;

  • Кәсіпкерлік талап немесе кәсіпкерлік қабілет;

  • Ақпарат немесе технология.

Өндіріс – бұл тұтыну үшін табиғат ресурстарын өңдеу процесі. Міне, барлық ресурстар адам, мемлекет өмірімен тығыз байланысты болады. Яғни, ресурстар- мемлекеттің, адамның игілігі.

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №1. «Көкөністерді алғашқы өңдеу. Жас көкөністерден тамақ дайындау.

Сабақтың мақсаты: ♦ Көкөністерді алғашқы өңдеу жолдары мен көкөністен әзірленетін тағам туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру. Ресурстарды үнемдеу туралы қысқаша мағлұмат беру.

♦ Көкөністерді өңдеуде іскерлік-дағдысын, икемділіктерін қалыптастыру.

♦ Үнемшілдікке, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: сарамандық;

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, демонстрациялау;

Көрнекілігі: «Көкөністі өңдеу жолдары» суретті нұсқаулық

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

ІІ. Өткен сабаққа шолу;

  • Көкөністердің азықтық құндылығы;

  • Көкөністерден дайындалатын тағам түрлері;

ІІІ. Негізгі бөлім: Жаңа сабақ тақырыбын хабарлау. Оқушылардың жұмыс орнының дұрыс орналасуын тексеру. Еңбектің қауіпсіздік ережесі мен санитарлық-гигиеналық талаптарды қайталау, ескерту. Оқушылардың назарын кестеге аудару. «Көкөністерді алғашқы өңдеу». Кез-келген тағам үшін көкөністерді алғашқы өңдеуден өткізеді.

  1. Сұрыптау; Көкөністер сапасына, піскеніне, көлеміне қарай бөлінеді;

  2. Жуып-тазалау. Топырақ қалдықтарынан, химикаттардан тазартылады;

  3. Тазалау; Зақымдалған жерлерін кесіп тастайды;

  4. Қайтара жуып тазалау; (шаю);

  5. Турау;

Тазаланған көкөністерді әзірленетін тағам түріне қарай, турайды;

Көкөністерді тураудың түрлері: тілімдеу, дөңгелектеу, кесекшелеп, текшелеп, жіңішке тілімдеп. (Тақтада нұсқау картада ілулі тұрады: «Көкөністерді тураудың әдісі»). Осы мағлұмат бойынша жас көкөністен салат дайындау.

Практикалық кезең: Орамжапырақтан дайындалған дәруменді салат.

Құрамы:

Дайындалу жолы:

Оқушыларға нұсқау карта таратылып, тапсырма беріледі. Жұмыс жұппен орындалады. Әр жұп өзінің жұмысын ортаға шығарып, жасалу жолын баяндайды. Салаттың құрамына кіргізілетін тағам түрлері, көкөністерді басқа азық-түліктермен қосып аз әзірлеу, салат дайындаудың жалпы ережесі туралы әңгіме жүргізіледі.

Бағалау: тағамның сыртқы көрінісі, дәмі, безендірілуі, оқушының іс-әрекеті: ережелер мен талаптарды орындауы.

Оқушылармен әңгімелесу:

Экономика. Ресурс-кәсіпорынның, адамның немесе мемлекеттің бар мүмкіншілігі, қоры.

Табиғат-экономика қазынасы. Жер оның қойнауы, пайдалы қазбалар, су,ауа,орман, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі табиғат байлығын құрайды. Осылардан экономика адам қажет ететіннің барлығын жасау үшін керек қор алады.

Сан мыңдаған жылдар бойы жер бетінде адам өмір сүріп келеді және осы уақыт аралығында оның қойнауындағы байлығын мүмкіндігінше пайдалануда. Табиғат байлығы шектеулі. Адам табиғаттан орнын толтырмай алуын көбейткен сайын, табиғат қоры азая түседі.

Мысалы, орнына бір тал екпей кесілген ағаштар орманды сиретеді. Бірақ орны толмайтын және өндірілмейтін де қорлар болады. Мысалы, мұнай құбыры таусылғанда, орнын толтыру мүмкін емес. Сөйтіп табиғи қорлар аз болсын, көп болсын олар әрқашан шектеулі.

Адамдарға қажетті игіліктерді туғызатын нәрсенің барлығы қорлар деп аталады. Өмірде қорлар әрқашан шектеулі. Бұл қорлардың адам қажетінің барлық түрлерін толық қанағаттандыруға жетпейтінін көрсетеді.

Мұнан шығатын қорытынды: Табиғат қорларын сақтау керек, олардың орнын толтыруға қамқорлық жасау керек.

Үйге тапсырма: Табиғат ресурстарын қалай қорғаймыз? Мәнжазба.

Сабақтың тақырыбы: Практиклық жұмыс №2. Жұмыртқадан жасалатын тағамдар. Бутербродтар. Ыстық сусындар. Өндіруші мен өңдеуші.

Сабақтың мақсаты: ♦ Тағам және тағам әзірлеудің жолдары, ыстық сусындар және олардың түрлері туралы оқушылардың білімдерін кеңейту. Өндіруші мен өңдеуші туралы қысқаша мағлұмат беру. ♦ Ас әзірлеуде икемділіктерін қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Экономика тарапынан түсініктерін дамыту. ♦ Еңбекке деген қызығушылығын туғызу, еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас, сарамандық;

Сабақтың әдісі: ой-бөліс, әңгімелеу, технологиялық картамен жұмыс.

Көрнекілігі: Кестелер, буклеттер,

Сабақтың құрылысы: І. Ұйымдастыру бөлімі: Қызығушылығын ояту;

ІІ. Негізгі бөлім; Мағынаны тану.

ІІІ. Қорытынды бөлім; Ой-бөліс.(сұрақ-жауап)

І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа қатысымы мен дайындығын тексеру; Үйге берілген тапсырманы сұрау; Оқушыларды 3 топқа бөлу.

ІІ. Оқушыларға тақырыпты хабарлау, мақсат-міндетін айту; Е.Қ. Е мен С.Г.Т.қайталау.

Оқушыларға тақырып бойынша 3 мәтін бөліп беру.

  • Бутерброд;

  • Ыстық сусындар;

  • Жұмыртқа.

Әр топқа мәтінді оқуға 5 минут, талдауға 5 минут беріледі.

Мұғалім оқушылардың назарына «Бутербродтың түрлері», «Бутербродтың сапасына қойылатын талаптар», «Жұмыртқаны пісіру әдістері», «Жұмыртқа сапасына қойылатын талаптар», «Ыстық сусындар және олардың түрлері», «Ыстық сусындарға қойылатын талаптар» кестесін ұсынады.

Әр топтан бір-бір оқушы шығып өз тақырыптары бойынша әңгімелейді. Тапсырма беріледі.

Практикалық кезең: Оқушылар Е.Қ.Е мен С.Г.Т ескере отырып, берілген тапсырманы орындайды. Топ оқушылар жеке немесе жұп болып жұмыс жасайды. Дастарқанды безендіреді. Оқушылардың іс-әрекетін бақылау, тиісті жерінде кеңес беру,ескерту айту.

Жұмыс барысында тағамдардың азықтық құндылығы туралы әңгіме жүргізу. Жұмыс соңында әр топтан өз жұмыстарын қорғайды.

Сабақты бекіту; Пысықтауға арналған сұрақтар:

  • Бутерброд нешеге бөлінеді?

  • Бутербрдтың түрлері?

  • Жұмыртқаға қойылатын талаптар

  • Ыстық сусындар және олардың түрлері.

Оқушыларды бағалау, жұмыс орнын жинау. Оқушылармен әңгімелесу.

Экономика. Экономика адамның жеңіл, қызықты өмір сүруіне бағытталған. Бізге керекті нәрсенің барлығын азық-түлікті, үйлерді, тұрмыстық заттарды қайдан аламыз? Әрине, мұның барлығын жасау керек, яғни өндіру керек. Қажет заттарсыз, азық-түліксіз адам өмір сүре алмайды. Тіпті ежелгі адамдардың өзі де өмір сүруге бейімделе отырып, жеуге жарамды өсімдіктер мен мал өсірудің қажеттілігін ұғынды. Содан кейін ыдыс-аяққа қажеттілік туды. Нәтижесінде қыш құмыра, қол өнері пайда болды. Еңбек құралдары өзгеріп, жетілдірілді, адамдар өмірі де жақсы жағына өзгерді. Әр түрлі тұрмыс заттарын көп өндіруге мүмкіндік туды. Адамдар өздеріне қажет игіліктердің барлығын табиғаттан дайын күйінде ала-алмайтындықтан, қажет игіліктердің көп бөлігін өзі өндіруіне тура келді.

Сөйтіп, қоғам дамып алға жылжыды, техника дамыды. Адамдардың өндіретін өнімдерін техника көмегімен өндіретін болды, әрине адамның басшылығымен.

Соңғы кезде, компьютерлендіру арқылы өнім шығару жаппай қолданысқа ене бастады. Әрине мұның барлығы адамзаттың мүмкіншілігі болып табылады.

Үйге тапсырма: Өнім және өндіруші туралы мәлімет.

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №3. «Таңғы асқа дастарқан жасау. Дастарқан басында өзін ұстай білу мәдениеті». Экономика қандай болады?

Сабақтың мақсаты: ♦ Дастарқан жабдықтау және дастарқан басында отыру мәдениеті туралы түсініктерін кеңейту; ♦ Оқушылардың этикет туралы ой-өрісін, талғамын қалыптастыру; ♦Үй мәдениетіне, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас;

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, ой-бөліс; СТО стратегиясы

Сабақтың жабдықталуы: суретті плакат, буклет;

Сабақтың құрылысы: І. Ұйымдастыру бөлімі;

ІІ. Негізгі бөлім;

ІІІ. Қорытынды бөлім.

І. Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу. Кластың жалпы сабаққа дайындығын тексеру.

Өткен сабаққа шолу;

  • Жұмыртқаның адам ағзасына пайдасы;

  • Бутербродтың түрлері;

  • Тағам әзірлеуде қойылатын талаптар.

ІІ. Жаңа тақырыпты хабарлау; Оқушылардың назарына «Таңғы асқа арналған дастарқан», Майлықтар мен сулықтардың бүктелу пішімі туралы суретті буклет.

Тақтаға тірек сөздер ілінеді: Таңғы ас. Сулықтар. Этикет.

Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Жұптасып отырады. Берілген сөздерді қолдана отырып, өз түсініктерін дәптерге түсіреді.

2топқа 2 түрлі мәтін таратылады. Мәтін топта түсініп оқылады, ортада талдайды. Оқушылар 2 топтан білімдерін ортаға салады. Жұптың бірі өз пікірлерімен сәйкес жерін белгілеп отырса, екіншісі өздерінде жоқ мәліметті жинақтап отырады. Бір-біріне сұрақтар қоюға болады. Сонымен қатар, мұғалім тарапынан да сұрақтар қойлады.

  • Таңғы ас қандай тағамдардан құралу керек?

  • Тағам дайындауда қойылатын талаптар.

Мұғалім дастарқан жабдығы және дастарқан басында отыру мәдниеті туралы әңгімелейді. Оқушылардың айтқан пікірлерін ескере отырып, қоғамдық тамақтану орындарында өзін ұстай білу мәдениеті туралы да баяндайды.

Практикалық кезең: 2 топ дастарқан жабдықтаудың негізгі қағидаларын басшылыққа алып, дастарқан безендіруге, дайындауға кіріседі.

Е.Қ.Е мен С.Г.Т қатаң ескере отырып, жұмыс барысын сырттай бақылау,

Бағалау критериі:

  • Дастарқанның дайындалуы мен безендірілуі;

  • Ұқыптылық, әдемілік;

  • Сыртқы көрінісі;

  • Сулықтар мен құрал-жабдықтардың дұрыс орналасуы.

Сабақты қорытындылау:

-Біздің қазақ халқының дастарқан басында отыру мәдениеті туралы не білесіңдер? (Оқушылар пікірін тыңдау)

-Біздің қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы адамгершілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге негізделген. Дастарқан басына алдымен үлкен кісілер мен қонақтар төрге отырғызылған. Үлкен адамдар отырған жерде әдептілік сақтаған. Асты алдымен үлкен кісілер бастаған, сондай-ақ, үлкендердің бата, ас қайтаруынсыз дастарқан басынан тұрмаған. Бұл үрдіс қазіргі күнге дейін сақталып, біздің ұлттық мәдениетіміз боп табылады. Бұл өз алдына бөлек әңгіме.

Үйге тапсырма: Қазақ халқының қонақжайлығы мен дастарқан мәдениеті туралы мәнжазба.

Оқушылармен әңгіме жүргізу: Экономика қандай болады?

-Өмірде адамға не қажет? Адамға ең бірінші баспана, тамақ, киім, аяқ киім қажет. Мұнан басқа демалыс, қауіпсіздік, дәрігерлік көмек, көлік және т.б көп нәрсе керек. Адамдар әрқашан өз қажеттіліктерін қанағаттандыруды жақсарту жолдарын іздестіреді.

Адам өзіне қажет игіліктердің барлығын табиғаттан дайын күйінде ала алмайтындықтан, қажет игіліктердің көп бөлігін өзі өндіруіне тура келеді.

Сондықтан, әр мемлекетте адам еңбегінің арқасында зауыттар, фабрикалар, дүкендер, ауруханалар, мектептер, театрлар, стадиондар жұмыс істеп, армия мен полиция қызмет етеді. Міне, осындай және басқа да көптеген адам өмірін қамтамасыздандыру сұрақтарымен ЭКОНОМИКА айналысады.

Экономика деген гректің «эйкос» -үй, шаруашылық, «номос» -заң деген сөздерінен құралған, яғни «экономика» ертедегі грекше «үй шаруашылығын жүргізу заңдылығы» дегенді білдіреді. Алғашқы мәнін сақтай отырып, «экономика» термині қазіргі кезде кең қолданылады. Қазір экономика деп тек үй шаруашылығын ғана емес, кәсіпорын шаруашылығын және барлық әлемдік шаруашылықты да атайды. Дәл осы мағынада "фирма экономикасы», «ел экономикасы», «әлемдік экономика» түсініктері қолданылады.

Экономика- шектеулі қорларды адамдарын қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қалай тиімді пайдалануға болатыны туралы ғылым.

Үйге тапсырма: экономика туралы жалпы түсінік.

Сабақтың тақырыбы: Тоқыма талшықтарын жіктеу. Мата дайындау технологиясы.

Сабақтың мақсаты: ♦ Талшық түрлері, мата дайындау технологиясы туралы білім беру; ♦Дүниетанымын, мататанудағы түсініктерін қалыптастыру; Өз бетімен оқып-білуге, жұмыс істеуге дағдыландыру. ♦Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, теориялық білім.

Сабақтың әдісі: баяндау, суретті көрнекілік, схемамен жұмыс

Көрнекілігі: суретті буклеттер,

Сабақтың құрылысы: І. Ұйымдастыру бөлімі;

ІІ. Негізгі бөлім;

ІІІ. Қорытынды бөлім.

І. Оқушылармен амандасу, жұмыс орнын тексеру, сабаққа қатысымды тексеру.

Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсат –міндетін айту; Оқушылардың назарына «тоқыма станогы» мен «жіп иіретін ұршық» суретін ұсына отырып таным-түсініктерін байқау үшін сұрақ қою: Бұл заттар нені білдіреді?

ІІ. Дәріс (әңгімелеу элементтері)

  • Мата дайындау процесі;

  • Иіру;

  • Талшықтардың матаға айналуы: түту немесе тарау;

  • Таспаға айналуы; жіпті иіру.

Сұрақ: Өмірде біз матаны не үшін қолданамыз? Матаның құрамы неден тұрады? Оқушылардың пікірі тыңдалғаннан кейін, схеманы қолдана отырып баяндау.

Талшық----

Табиғи----

химиялық

Табиғи талшық:

Өсімдіктекті (мақта,зығыр,тұт)

Жануартекті(жүн, жібек)

Минералды(асбест

Оқушылардың назарына мақта мен зығырдың өсімдік түріндегі суретін көрсету.

Мақтаның қасиеті. Зығырдың қасиеті, түрі. Мәтінмен танысу.

Мата дайындау технологиясы.

  • Мата дайындау процесі;

  • Талшықтардың матаға айналуы;

  • Негізгі және арқау жіп;

  • Матаның ені, өңі және теріс жағы. Оқушылар бір-біріне жуан және жіңішке сұрақтар қояды.

Дәптерлеріне негізгі ұғымдарды қысқаша жазғызу.

ІІІ. Қорытынды бөлім. Сабақты бекіту:

  • Мата неден тұрады?

  • Талшық----иірімжіп----мата

  • Мата жіптерінің айқасуы, негізгі жіп, арқау жіп дегеніміз не?

  • Табиғи талшықтар неден алынады?

Үйге тапсырма: Материалды оқу. Мақта және зығыр маталарының қиындысын әкелу.

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №1. Мақта және зығыр талшықтарымен

танысу.

Сабақтың мақсаты:

♦ Оқушыларды талшық түрлерімен таныстыра отырып, оның ерекшелігін ажырата білуге, талшық қасиетін жіктей білуге үйрету.

♦ Зерттеу барысында оқушылардың өз ұстанымдарын нақты қоя білуге дағдыландыру.

♦ Еңбексүйгіштікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сарамандық;

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, демонстрациялау, зерттеу.

Пән аралық байланыс: математика, биология, әдебиет.

Көрнекілігі: үлгі-суреттер, кестелер, мата түрлерінен жинақтама, « Маталар қасиетінің салыстырмалы сипаттамасы», ұлғайтқыш шыны (лупа).

Сабақтың құрылысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:

Өткен сабаққа шолу;

ІІ. Негізгі бөлім:

Жаңа сабақты хабарлау; Дәріс;

Практикалық жұмыс;

ІІІ. Қорытынды бөлім:

Сабақты бекіту; үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру бөлімі

Өткен сабақ бойынша диктант-сұрақ:

  • Негізгі жіп, матаның жиегіне----------------орналасқан. (бойлай, параллель)

  • Арқау жіп,негізгі жіпке қарағанда--------------болады.(жуандау, қысқа)

  • Бөлек-бөлек қысқа талшықтардан тұтас жіп (иірімжіп) алу процесі-------------------- деп аталады. (иіру)

  • Жүннен шүйкелеп жіп иіруге арналған жеңіл аспап--------- деп аталады.

  • Тығыз тоқылған арқау жіп пен бойлық жіптің негізінде матаның шетін бойлай--------------- пайда болады. (жиек)

ІІ. Негізгі бөлім:

Жаңа сабақ хабарланып, мақсат-міндеті қойылады. Оқушылардың назарына мақта мен зығырдың өсімдік түрі ұсынылады.(суретті бейнесі)

Мақта мен зығырдың түрі, қасиеті туралы мәтін таратылады. Мәтінді мұқият оқу, класс ішінде талдау, талқылау (Бірлесіп оқу)

Практикалық бөлім: Оқушылар жұптасып жұмыс жасауға болады. Зығыр мен мақта мата түрінен мата қиындысы таратылып, талшықтарының айырмашылығын салыстыру. Мәтінге сүйене отырып, «Зығыр және мақта матасының құрылысы» кестесін толтыру.

ІІІ. Қорытынды бөлім: материалды бекіту;

Пысықтауға арналған сұрақтар:

Зығыр және мақта талшықтарынан қандай мата түрлерін білесіңдер?

Жауабы: зығыр матасының түрлері: кенеп, зығыр полотносы,зығыр бәтесі т.б.

Мақта матасының түрлері: шыт, бәтес, джинсалық мата, ши барқыт т.б.

Зығыр, мақта талшықтары қандай талшық түріне жатады?

Жауабы: табиғи.

Оқушыларды бағалау: сабаққа белсене араласқан оқушыларды атап, бағалау

Үйге тапсырма: талшықтардың суреттерін салып келу.

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №2. Матаның өң және терістеме жағын анықтау.

Сабақтың мақсаты: Матаның құрылымын анықтай білуге үйрету.♦ Білімдерін өмірде қолдана білуге, іскерлік-дағдысын қалыптастыру.♦ Өзара көмек көрсетуге, ынтымаққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сарамандық;

Сабақтың әдісі: демонстрациялау, көрсету, сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: үлгі-сурет, кесте, нұсқаулық;

Қажетті құрал-жабдықтар: мата үлгілері, ұлғайтқыш шыны (лупа),қайшы, желім.

Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру бөлімі;

Өткен сабаққа шолу;

Жаңа сабақты хабарлау;

Жаңа сабақты меңгеру;

Практикалық бөлім;

Сабақты бекіту, үйге тапсырма

І. Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын, құрал-жабдығын тексеру.

ІІ. Өткен сабақ бойынша сұрақ:

• Табиғи талшықты атаңдар

• Мақта-матасының қандай түрін білесіңдер?

• Зығырдың түрлері?

ІІІ.Жаңа сабақ. Сабақ барысы: Оқушыларға ой тастау:

• Матаның сыртқы көрінісі дегеніміз не?

• матаның оң жағы мен теріс жағын айыра аласың ба?

Оқушылардың назарына мата түрлерінен үлгі ұсынылады. Мата үлгілері: баспа суретті мата, біртегіс боялған мата, түкті мата, беті тегіс мата, шұбар ала мата(пестротканая ткань). Сұрақ: Бұл маталардың әр түрлі боп шығуы неге байланысты деп ойлайсыңдар?

- Талшықтарына

- Жіптеріне

- Жіптерінің айқасып тоқылуына байланысты;

- Талшықтарының құрамына да байланысты;

- Жіптің боялу немесе боялмауы;

Практикалық кезең: оқушылар керек құрал-жабдықтарын алып, мұғалімнің нұсқауы бойынша, кестеге сүйеніп зерттеу жұмысын жүргізеді. Мақсаты: матаның өң беті мен теріс жағын анықтау, мата қиындысын жапсырып, ерекшелігін жазу. Өз шешімдерін өзара бөлісіп, ортада талдау.

Оқушылардың жұмысын бағалау

Үйге тапсырма беру: кездемелік мата қиындыларын әкелу.

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 3.« Матаның негізгі және арқаулық жіптерін анықтау». Тоқыма өнімдерінің қарапайым түрлерін қағаздан жасау.

Сабақтың мақсаты:♦ Оқушылардың мататану және матаның құрылымын анықтай білудегі білімдерін жетілдіру.

♦Тоқыма өрімдерінің түрін, тоқылуын, ерекшелігін көрсете отырып, материалды сараптай білуге, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.♦ Зерделілікке, еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сарамандық; теорияны практикамен ұштастыру

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, үлгімен жұмыс, ой-бөліс.

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың құрылысы: І. Ұйымдастыру бөлімі;

ІІ. Өткен материалға шолу;

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру;

ІV. Практикалық бөлім;

V. сабақты бекіту, қорытындылау,үйге тапсырма

І. Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру;

ІІ. Өткен материал бойынша сұрақ:

• Матаның құрылымына қарай қандай түрге бөлінеді?

• Матаның өң және теріс бетін қалай анықтаймыз?

Негізгі жіп матаға қалай орналасқан? Арқау жіп ше?

ІІІ. Жаңа сабақ. Дәптерлеріне сабақтың тақырыбын жазу. Жұмыс үстелін даярлау.

Оқушылардың қызығушылығын ояту: көлемді матаны көрсетіп, ені мен ұзындығын қалай білетіндіктерін сұрау?

-матаның негізгі жібі;

-матаның арқау жібі;

-матаның жиегі;

-матаның ені; Оқушылар ауызша және көрнекіліктерді пайдалана отырып, сабақты тарқатып баяндап береді.

Практикалық кезең: мұғалім басшылығымен оқушылар сарамандық жұмысқа кіріседі. Мата таңдап алынады, таратылады.

Мақсаты: матаның негізгі жібі мен арқау жібін, матаның ені мен ұзындығын анықтау.

Қағаздан жолақ қиындыларын қиып, өріп, матаның тоқылуынан үлгі жасайды.

Сабақты бекіту: сұрақ:

• Арқау жіп неге созылады?

• Арқау жіп пен негізгі жіпті не үшін анықтаймыз?

Қорытынды: Егер матаның шеткі жиегі болмаса, матаның аз ғана бөлігінен ені мен ұзындығын қалай анықтауға болады деген сұрақ туса, онда 15-20 см мата қиындысы алынып түсіндіру керек. Одан кіші көлемдегі матадан анықтау қиынырақ болады. Матаның ұзындығын тартып созу арқылы яғни, негізгі жіп созылмайды, ал арқау жіп созылатындығымен анықтауымызға болатындығын дәлелдейміз.

Оқушылардың жұмысын бағалау

Үйге тапсырма беру: түрлі-түсті қағаздан кенеп,сәтен жасап келу.

Сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қол жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орны. Техника қауіпсіздік ережелері.

Сабақтың мақсаты: ♦ Оқушыларға қол жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау тәртібімен таныстыру.♦ Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыра білуге дағдыландыру.

♦Еңбек мәдениетіне, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріспе

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұхбаттасу.

Көрнекілігі: « Қол жұмыстарына пайдаланатын құрал-саймандар» суретті плакат

Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру бөлімі;

І. Кіріспе бөлім;

ІІ. Негізгі бөлім;

ІІІ. Қорытынды бөлім

Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу. Класс бөлмесіне кезекшілікті белгілеу.

ІІ. Жұмыс орнын ұйымдастыру.

Қол жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орны- бұл өңделетін бөлшектерді, құрал-саймандар мен құрылғы аспаптарды орналастыратын жұмыс үстелі.

Оқушыларға технология сабағына қажетті құрал-жабдықтармен таныстыру және олардың үстел үстінде орналасу тәртібін айту.

Қол жұмыстарын орындаудағы дұрыс отыру тәртібі:

1. Аяқтарың еденге тіреліп, табандарың жайлы жату керек.

2. Бас сәл ғана алға иіліп, көз бен бұйым арасындағы ара-қашықтық шамамен 30 см

болуы керек.

3. Шынтақтармен үстел бетіне сүйенбе.

4. Қолдарың денеңнен 10 см шамасында арақашықтықта болсын.

Қол жұмысы барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау

Жұмыс барысындағы қауіпті жағдайлар:

-инемен, түйрегішпен немесе қайшымен, саусақты, қолды немесе көзді жарақаттап алудан сақтану керек.

Жұмыс басталғанда:

-инешекте қанша ине, қанша түйрегішбар екенін санау;

-құрал-жабдықтарды арнайы бөлінген жерге қою.

Жұмыс барысында:

-мұқият болу;

-саусақты инемен немесе түйрегішпен шаншып алмау үшін оймақ кию;

-инені, түйрегішті пайдаланғаннан кейін қайтадан инешекке немесе арнаулы қорапшаға салу;

-қайшының ұшын өзіңнен бұрып, оң жаққа қою.

Жұмыс соңында:

-инешектегі ине мен түйрегішті санау, түгелдеу;

-жұмыс аяқталғаннан кейін бұйымдарды, құрал-саймандар мен аспаптарды арнаулы орындарына жиыстырып қой.

ІІІ. Оқушылардың күнбе-күн орындалатын жұмыс кезіндегі тәртіп пен ережелерді сақтаудың негізгі шартын жасау. Кабинеттегі қауіпсіздік ережелері туралы дәптерге қол қою.

Үйге тапсырма: Өткен материалды қайталау.