- •Мазмұны
- •Көшпенді мәдениет пен қазақ музыкасының ерекшеліктері
- •Дәстүрлі қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •1 Тақырып Қазақ музыкасының түрлері мен жанрлары
- •2 Тақырып Үйлену той әндері
- •3 Тақырып Аза тұту әндері
- •4 Тақырып Бала тәрбиелеуге арналған әндер
- •Басқа әдет-ғұрыптар
- •5 Тақырып Тұрмыс-салт әндері
- •6 Тақырып Лирикалық әндер (қара өлең). Аңыз күйлер. Тарихи әндер мен күйлер.
- •Я пурай
- •7 Тақырып Бақсылық өнер
- •8 Тақырып Жырау-жыршылық өнер
- •9 Тақырып Ақындық өнер
- •10 Тақырып
- •11 Тақырып
- •12 Тақырып Қазақ халық аспаптары
- •12.1Ішекті ысқышты аспаптар
- •12.2.Ішекті шертпелі аспаптар
- •12.3. Үрлемелі аспаптар
- •Үскірік Саз сырнай
- •12.4.Ұрмалы, соқпалы аспаптар
- •Халық кәсіби композиторлардың шығармашылығы
- •13 Тақырып Құрманғазы (1818-1889)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Балбрауын
- •Сары-арқа
- •14 Тақырып Дәулеткерей (1820-1887)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қыз Ақжелең
- •Салық өлген
- •15 Тақырып Дина (1861-1955)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Той бастар
- •16 Тақырып Тәттімбет (1815-1862)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Сары жайлау
- •Сылқылдақ
- •Қос басар
- •17 Тақырып Біржансал (1834-1897)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Жанбота
- •Адасқақ
- •Ляйлім-шырақ
- •«Біржан-сал»
- •Теміртас
- •18 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Қараторғай
- •Б ал Хадиша
- •19 Тақырып Жаяу Мұса (1835-1929)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Ақ сиса
- •Көкаршын
- •20 Тақырып Абай (1845-1904)
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айттым сәлем, Қаламқас
- •Татьяна хаты
- •21 Тақырып
- •Өмірі мен шығармашылық жолы
- •Айнамкоз
- •Пан көйлек
- •Үлкен Айдай
- •З әуреш
- •Әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Тест сұрақтары
Той бастар
Күйдің мерекелік жарқын мінезі оның жанрлық түпнұсқасымен байланысты. Жанұялық жиын-тойларда айтылатын Той бастар әндері сияқты бұндай күйлер де әр-түрлі мейрамдарда орындалған. Дина Нұрпейісованың «Той бастары»Қазақстан республикасының 30 жылдық мерейтойына арналған.
3 тактіден тұратын бас буында күйдің жалпы марш тәрізді ырғағы қалыптасады, кейін ол жеке бөлімдердің арасында қайталанып отырып күйдің тұрақты формуласына айналады.
К
үйдің
негізгі әуені орта буынбөліміндегі
«ля-ми» дыбыстар аумағында басталады
да, екінші октавадағы «ля» деңгейіне
барып қайтады:
Бас буынның әуеніне негізделген күйдің шарықтау шегі шағын, қысқартылған түрде берілген. Сағадан кейін музыканың үрдісі бәсеңдей бастайды да, соңында негізгі әуені тағы бір рет қайталанады.
Бұлбұл
«Бұлбұл» атты күйлер Құрманғазы мен Дәулеткерейдің шығармашылығында да кездеседі.Бұл күйлер ырғақтақ-әуендікқұрылымы мен орындаушылықтәсілдері жағынан Динаның «Бұлбұлына» өте жақын. Соған қарап, домбыра музыкасындаосы тақырыпқа арналған өзіндік дәстүр қалыптасқан деуге болады. Динаның «Бұлбұлы» Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерімен салыстырғанда тереңмазмұндылығымен, әсемәуенімен, композициялық құрылымының үйлесімділігімен ерекше көзге түседі.
Күйдің
бас буыны кіріспе рөлін ғана атқарып
қоймай, шығарманың әрі қарай даму
үрдісіндегі қарым-қайшылықтарды
байқатады. Орта буындағы негізгі әуен
екі рет қайталанады, біріншісінде ол
«ля-ми»аралығында жүрсе, екіншісінде
бұл квинта аралығы жоғарғы «фа» дыбысымен
кеңейтілген.
Музыканың дамуы бара-бара бірінші сағаның биіктігіне жетеді. Бірақ ол бұл аумақта көп кідірмей дәстүрлі секвенциялар арқылы бас буынға қайта оралады. Екінші рет музыканың үрдісі үлкен саға деңгейіне жетеді. Шығарманың соңғы бөлімінде негізгі әуен кейбір өзгерістермен тағы бір рет қайталанады.
Қорыта айтқанда, Дина Нұрпейісованың «Бұлбұлын» аспаптық музыка өнеріндегі философиялық лириканың аса көрнекті үлгісідеуге болады. Күйдің музыкалық сипаты шығыс елдерінің поэзиясында орын алған бұлбұл бейнесінің психологиялық және философиялық көріністерін айқындатады.
Әсем Қоңыр
«Әсем Қоңыр» Дина Нүрпейісованың ең жарқын күйлерінің бірі. Күйшінің айтуынша, бұл шығарманы ол өзінің сүйікті немересі Қоңырға және жаңа, бейбітшілік заманда өмір сүрген бақытты балаларға арнаған.
Шығарма өзінің көлемді құрылымына қарамастан жеңіл қабылданады.Күйдің ерекшеліктері бас буын бөлімінен-ақ байқала бастайды. Дәстүр бойынша бас буын «ре-ля» биіктігінде жүрсе, бұнда ол «ми-си» квинта аралығындаөтеді.
Күйдің келесі, орта буын бөлімінде жүретін негізгі әуен де түрлі ерекшеліктермен сипатталады, атап айтқанда, олар – дыбыстардың күрт секірістері, біріңғайжүретін ырғақтыңкенеттен «ақсақ» ырғағына ауысуы және музыканың түрлі динамикалық көрсеткіштері. Осының бәрі балалардың көңілді ойынын, сылқылдаған күлкісін бейнелеуге бағытталған.
Бұл негізгі әуен аса көп өзгерістерге ұшырамай жоғарғы кварта биіктігінде қайталанады. Шығарманың екінші бөлімі – үлкен саға деңгейінде өтетін шарықтау кезі. Күйдің үшінші бөлімінденегізгі әуен бастапқы дыбыс аумағында қысқартылған түрдеқайталанады.
Сонымен, күйдің жалпы құрылымын үш бөлімді деп белгілеуге болады. Бірақ оның ортаңғы және соңғы бөлімдерінықшам көлеміне қарай және кездесетін әуен-ырғақтық ерекшеліктеріне байланысты біріктіре қарастыруға да болады. Күй құрылымының осындай құбылмалы болуы оның әуенінің еркін дамуына жол ашады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Дина шығармашылығының ерекшеліктері.
Динаның өмірбаяны.
Неліктен Динаның шығармашылығын отанымыздың тарихнамасы деуге болады?
«Той бастар», «Бұлбұл», «Әсем Қоңыр» күйлеріне сипаттама бер.
Осы күйлерден үзінділер ойна.
