Smtplib модулі
Электронды почтадағы хабарлама интернетте клиенттен серверге және серверлер арасында көбіне SMTP (Simple Mail Transfer Protocol, почтаны жіберудің қарапайым хаттамасы) хаттамасы бойынша жіберіледі. SMTP және ESMTP (SMTP кеңейтілген нұсқасы) хаттамалары RFC 821 және RFC 1869-де сипатталған. SMTP-мен жұмыс істеу үшін стандарты модулдер кітапханасында smtplib модулі бар. Электронды почта серверімен SMTP-байланысын бастау үшін, SMTP класс конструкторы көмегімен SMTP-сессиясын басқару үшін басында обьект құру керек:
smtplib.SMTP([host[, port]])
host және port параметрлері, ол арқылы почта жіберілетін, адрес және SMTP-серверінің портын береді. Үнсіз келісім бойынша port=25. Егер host берілген болса, конструктор өзі байланысты орнатады, әйтпесе connect() әдісін жеке шақыруға тура келеді. SMTP классының көшірмелері барлық таратылған SMTP-хаттамаларының командалары үшін әдістері бар, бірақ почтаны жіберу үшін конструкторды және sendmail() және quit() әдістерін шақыру жеткілікті:
# -*- coding: cp1251 -*-
from smtplib import SMTP
fromaddr = "student@mail.ru" # Кімнен
toaddr = "rnd@onego.ru" # Кімге
message = """From: Student <%(fromaddr)s>
To: Lecturer <%(toaddr)s>
Subject: From Python course student
MIME-Version: 1.0
Content-Type: text/plain; charset=Windows-1251
Content-Transfer-Encoding: 8bit
Сәлеметсіздерме!Мен Python тілін үйренудемін.
"""
connect = SMTP('mail.onego.ru')
connect.set_debuglevel(1)
connect.sendmail(fromaddr, toaddr, message % vars())
connect.quit()
129-ға келдім
