Аппаратура
Ультрадыбыс терапиясында қолданылатын аппараттар: ультрадыбысты терапиялы стационарлы (УТС-1, УТС-1М) және портативті (УТП-1, УТП-3М, УЗ-Т5, УЗТ-101, УЗТ-102, УЗТ-103, УЗТ-104, УЗТ-31, ЛОР-1А, ЛОР-2, ЛОР-3) аппараттары.
УЗТ сериялы аппараттарының әртүрлі сәулелендіргіші бар. УЗТ-101 аппараты ішкі ағзалар, сүйек-бұлшық ет және жүйке жүйесі ауруларын емдеуде, УЗТ-102 – стоматологиялық аурулар-ды, УЗТ-103 – урологиялық ауруларды, УЗТ-104 – көз аурула-рын, УЗТ-31 – гинекологиялық ауруларды емдеу үшін қолданы-лады.
ЛОР-1А, ЛОР-2, ЛОР-3 аппараттары отоларингологиялық тәжірибеде қолданылады. Ультрадыбысты терапияның барлық аппараттары қоректендіру блогі бар жоғары жиілікті электр тоғы генераторы мен пьезоэлемент пластинкасы бар ультрадыбыс сәулелендіргішке ие. Қазіргі заманда көп қолданылатын аппарат болып УЗТ-101 есептеледі, жермен байланысты талап етпейді. Ол импульсты және үздіксіз режимде жиілігі 800 кГц ультрадыбыс тербелістерін таратады.
Аппараттың басқару панелінде сәулелендіргіш кабелін қосу ұясы, жоғары кернеулі индикатор шамы, кернеу желісінің (сеть) индикатор лампашасы, желіге қосу клавишасы, сәулелендіргішті ауыстыру клавишалары, ультрадыбыстың тербеліс қарқындылығын ауыстырғыш клавишалары (барлығы бесеу – 0,05; 0,2; 0,4; 0,7; 1,0 Вт/см2), жұмыс режимін ауыстырғыш тұтқа (үздіксіз, импульсты) және процедура сағаты орналасады.
Әдістеме
Дәрігердің нұсқауымен танысқаннан соң мейірбике науқасты процедураға даындайды. Науқасты әсер ету аймағына қарай өзіне қолайлы етіп жатқызу немесе отырғызу керек. Науқасқа процедура кезінде жылу сезетіндігін ескертеді. Егер науқас ашыну немесе ауырсыну сезсе бұл процедура дұрыс жүргізілмегендіктің, ультрады-быстың қарқындылығының жоғары болғандығының немесе ультрадыбысқа сезімтал екендігінің белгісі болып табылады.
Ультрадыбыс терапиясы көбінесе контактты әдіспен жүргізіледі, яғни науқас терісіне вазелин, ланолин немесе глицерин жағып әсер етеді. Тегіс емес аймақтарға су арқылы, яғни су толтырылған ыдысқа науқас денесінің учаскесін батырып әсер етеді. Бұл кезде су температурасы 32-36қС және оны газсыздандыру үшін қайнату керек. Су арқылы әсер еткенде сәулелендіргіш пен науқас денесінің арасы 1-2 см болу керек.
Офтальмологияда контактты орталар (май, су) үшін арнайы ваннашалар болады.
Аппаратты іске қосудың алдында сәулелендіргіштің кабелін ұясына жалғайды. Одан кейін аппаратты тоққа қосып желіге қосу клавишасын басу керек, бұл кезде жасыл сигнал шамы жанады. Жұмыс режимі, сәулелендіргіш нөмірі, ультрадыбыс қарқындылығы дәрігердің нұсқауымен белгіленеді. Процедура сағатын ақырына дейін айналдырып, процедура уақытын белгілеу керек, бұл кезде жоғары кернеулі индикатор шамы жануы тиіс.
Аппаратты тоққа қосқаннан кейін оның жұмысын тексерген жөн, себебі, сәулелендіргіште орналасқан пьезоэлемент уақыт өтуімен істен шығуы мүмкіе. Сәулелендіргішті тексерудің екі әдісі бар:
1) сәулелендіргішті суы бар ыдысқа салғанда ыдыста су көпіршіктері пайда болады;
2) сәулелендіргіштің бетіне бірнеше тамшы су немесе вазелин майын тамызғанда ол “қайнау” керек.
Процедура беру тұрақты және тұрақсыз түрде болуы мүмкін. Тұрақсыз әдісте сәулелендіргішті науқас денесі бетімен жаймен, жиілігі 1-1,5 см/сек жалдамдықпен жылжытады, ал тұрақты әдісте сәулелендіргішті науқас денесіне бекітіп қояды.
Процедура аяқталған соң дыбысты сигнал беріледі және сигнал лампашасы өшеді. Аппарат тоқтан ажыратылады. Науқас денесі мен сәулелендіргіштің бетін дәкемен сүртіп, 96% спиртпен зарарсыздандырады.
