Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЫНЫС АЛУ БИОФИЗИКАСЫ Лаб жмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.71 Кб
Скачать

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тыныс алу биофизикасы

Жұмысқа қажетті құралдар:

  1. Спирометр (1 сурет).

  2. Секундомер.

  3. Спирт.

  4. Мақта.

  5. ӨӨС нормативтері (кесте).

1

2

1 - сурет. 1- спирометр, 2- мүштек

Жұмыстың мақсаты: Студентті тыныс алу үрдісінің параметрлерін анықтау әдістерімен таныстыру.

Тақырыптың өзектілігі:

Тірі ағзалардың оттегіні жұтып көмірқышқыл газын бөлуі тыныс алудың негізін құрайды. Тыныс алу үрдісі қалыпты тыныс алу көлемі (ҚТА), қалдық ауа көлемі (ҚА), өкпенің жалпы сыйымдылығы (ӨЖС), өкпенің тіршілік сиымдылығы (ӨТС) және т.б. шамалармен сипатталады және оларды спирометр арқылы анықтауға болады. Бұл шамалар бір – бірімен тығыз байланысты, яғни біреуін анықтау арқылы екіншісін табуға болады. Тыныс алу үрдісінің параметрлері өкпенің функциональдық қалпын анықтауда жақсы диагностикалық көрсеткіш болып табылады.

Студент білу керек:

  1. Тыныс алу үрдісінің маңызын.

  2. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамын.

  3. Тыныс алу үрдісін сипаттайтын шамаларды.

  4. Тыныс алуды сипаттайтын шамалар арасындағы өз ара байланыс.

  5. Тыныс алу үрдісінің параметрлерін анықтау әдістері мен құралдары.

Студенттің меңгеруі керек:

  1. Спирометрмен жұмыс істей алуды.

  2. Тыныс алу үрдісінің параметрлерін спирометр көмегімен анықтай алуды.

  3. Тыныс алу үрдісінің параметрлерін формулалар арқылы есептеді.

  4. Тыныс алу параметрлерінің нормадан ауытқуын анықтай алдуы.

  5. Пневмограммдан тыныс алу үрдісінің параметрлерін анықтай алуды.

Жұмыстың орындалу тәртібі:

1- Тапсырма.

Тыныс алу жиілігін анықтау.

  1. Саусақтарыңызды кең ашып қолыңызды көкірегіңіздің үстіне қойып, 1 минуттағы

тыныс алуды санаңыз.

  1. Тәжірибені бес рет қайталаңыз.

  2. Өлшеудің орташа мәнін анықтаңыз.

  3. Алынған нәтижені № 1 кестеге енгізіңіз.

Кесте № 1

Тыныс алу жиілігі,

мин-1

Орташа мәні.

2 - Тапсырма.

Спирометр көмегімен тыныс алу параметрлерін анықтау.

а) Қалыпты тыныс алу көлемін (ҚТА) анықтау.

  1. Спирометр тілін нольге орнатыңыз.

  2. Бір қалыпты дем алыңыз, онан соң спирометр арқылы бір қалыпты дем шығарыңыз.

  3. Спирометр шкаласының көрсетуін белгілеп қойыңыз.

  4. Тәжірибені үш (бес) рет қайталап, ҚТА орташа мәнін анықтаңыз.

  5. Алынған нәтижені 2 кестеге енгізіңіз.

б) Резервті дем шығару көлемін (РКДШ ) анықтау.

  1. Спирометр тілін нольге орнатыңыз.

  2. Бір қалыпты дем шығарыңыз, онан соң спирометрдің мүштегін ауызыңызға салып, өкпеде қалған ауаны терең дем шығару арқылы шығарыңыз.

  3. Спирометр шкаласының көрсеткішті белгілеп қойыңыз.

  4. Тәжірибені үш (бес) рет қайталап, РКДШ орташа мәнін анықтаңыз.

  5. Алынған нәтижені 2 кестеге енгізіңіз.

в) Өкпенің тіршілік сыйымдылығын (ӨТС) анықтау.

  1. Спирометр тілін нольге орнатыңыз.

  2. Терең дем алып, онан соң спирометрдің мүштегін ауызыңызға салып максимал терең дем шығарыңыз.

  3. Тәжірибені үш (бес) рет қайталап ӨТС орташа мәнін анықтаңыз.

  4. Алынған нәтижені 2 кестеге енгізіңіз.

г) Резервтік тыныс алу ауасын (РТАА) анықтау.

  1. Резервтік тыныс алу ауасын формула арқылы анықтаңыз:

РТАА = ӨТС – (ҚТА + РТША)

  1. Алынған нәтижені 2 кестеге енгізіңіз.

д) Өлі кеңістік көлемін (ӨКК) анықтау.

  1. Өлі кеңістік көлемін мына формула арқылы есептеңіз:

ӨКК = 1/3 ҚТА

  1. Алынған нәтижені 2 кестеге енгізіңіз.

2 Кесте.

Қалыпты тыныс алу көлемі (ҚТА), л

Резервтік тыныс шығару ауасы

(РТША), л

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы

(ӨТС), л

Резервті тыныс алу ауасы (РТААД), л

Қалдық ауа көлемі (ҚА), мл

Орта-ша мәні