Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MKDaulet-standart.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.68 Mб
Скачать

1 Қаңқаның конструктивтік сұлбасын жобалау

1.1 Ұстындар торын бөлу

Ұстындар торы дегеніміз - олардың жобада орналасуы. Ұстындардың цехқа тік жағындағы қашықтығын (аралықты) және цехтың ұзына бойынша қадымы өндірістің технологиялық жағдайында байланысты және «Модуль» системаның бірлігіне (1) сәйкес қабылданады. Температураның өзгеруінен қаңқа элементтерінде өте үлкен кернеулер пайда болмас үшін, аса үлкен өлшемді ғимараттарда температуралық жікті жобалау қажет. Олардың орналасуы құрылыс салынатын ауданның ауа- райына, ең төменгі температурасына, ғимараттың пайдалану жағдайына байланысты. Температуралық жіктің шектік өлшемдері (2) келтірілген. Ғимараттың жобасы 1-суретте келтірілген. Ғимараттың аралығы 21 метр. Цехта жүккөтергіштігі 32т орта режимді бір көпірлік кран жұмыс істейді. Ғимарат ұзындығы - 84м, рельс басының деңгейі - 11м және ғимараттың жабын түрі жылытылмаған.

Құрылыс орны- Астана қаласы.

Ұстын адымы – 6м.

1-сурет-Ұстындар торы

1.2 Байланыстар

1.2.1 Байланыстың негізгі қызметтері

- Қаңқаның геометриялық тұрақтылығын және қысылған элементтердің орнықтылығын қамтамасыз ету;

- Пайдалану кезінде қаңқаның қажетті өатаңдығын сақтау;

- Желдің, көпірлік кранның инерциялық әсерлерін қабылдау және оны қаңқаның негізгі жүккөтергіш элементтеріне беру;

- Ғимарат элементтерін өте сапалы, қатерсіз және оңай монтаждауды қамтамасыз ету.

1.2.2 Шатырдың байланыстары

Шатыр байланыстарының құрамына төменде келтірілгендер кіреді:

ферманың жоғарғы белдеулерінің байланыстары;

а)

б)

2-сурет-Фермалар арасындағы көлденең байланыстар

а-ферманың жоғарғы белдеулеріндегі көлденең байланыстар, б-ферманың төменгі белдеуіндегілері.

Ферманың төменгі белдеулерінің байланыстары;

3-сурет-Ұстындар мен фермалар арасындағы тік байланыстар

ферманың тік байланыстары;

күн тартардың байланыстары.

1.3 Байланыстардың көлденең қимасын табу

Байланыстардың көлденең қимасы шектік иілгіштік арқылы есептеп табуға болады. Шектік иілгіштіктің (2)-ден алынады.

Қиманың керекті ең төменгі инерция раиусы:

rmin = , (1)

мұндағы - элемент ұзындығы; - элементтің шектік иілгіштігі.

Табылған инерция радиусына сәйкес ең төменгі нөмірде прокаттық қима анықталады. Байланыстардың созылатын элементтері үшін жеке бұрыштар, ал сығылатын байланыстар үшін дөңгелек, төртбұрыш және крест тәрізді қималар қабылданады.

Мысалы : Көлденең байланыстар үшін:rmin = = =4,23 см

Қабылдағанымыз тең бұрыш ∟140x10, ал инерция радиусы-4,33см.

Тік байланыстар үшін:rmin = = =3,25см.

Қабылдағанымыз тең бұрыш ∟110x8 , ал инерция радиусы -3,39см

1.4 Ұстындар байланыстары

Ұстындардың тік байланыстары болат қаңқаның бойлық бойынша өзгермеуін және ғимарат бойынша әсер ететін жүктерді қабылдауды қамтамасыз етеді . Ұстындар байланыстары кранасты арқалығынан жоғары (жоғарғы байланыстар) және кранасты арқалығынан төменгі (төменгі байланыстар) байланыстарға бөлінеді. Жоғарғы байланыстар ғимарат бүйірінен және температуралық бөлім бүйірінен орналасады, ал төменгі байланыстар ғимараттың температуралық бөлімдердің ортасынан қойылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]